Әубәкір Ахметжанұлы Диваевтан


Мұхтар Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиеті туралы еңбектері



бет3/3
Дата10.11.2023
өлшемі19.65 Kb.
#482917
1   2   3
СӨЖ 19 ғасыр әдебиеті Балауса 307

4.2. Мұхтар Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиеті туралы еңбектері
М.Әуезов “Әдебиет тарихында” қазақ әдебиеті тарихын жасаудың қисындарын алғаш рет мақсатты түрде алға тартып, ғылыми дүйенің үлгі негізін ұсынды. “Әдебиет тарихындағы”, “Тарихи жырлар”, “Зар заман әдебиеті”, “Айтыстардың” елеулі арнасы - ХІХ ғасыр әдебиетінің екінші жартысына тән. Сонымен бірге, ХІХ ғасырда ауызша әдебиеттің байырғы үлгілері де қатар жасап отырғанын ескіргенде, “Әдебиет тарихының” барлық бөлімінің ХІХ ғасыр әдебиетіне қатысы бар екенін аңғарамыз.
1927 жылғы “Әдебиет тарихы” оқулығындағы зар заман ақындарына байланысты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ХІХ ғасыр әдебиетін әлеуметшілдік, ісшілдік, дән мен мәдениет иісі шыға бастаған кезеңдер аясында қарастырылған. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік сипаттарын, негізгі даму бағыттарын, көркемдік ағымдарды қарастыру әр уақытта да назарда болды.
Мұхтар Әуезов – Махамбеттің қазақ әдебиеті тарихындағы орнын, Махамбет поэзиясының биігін теориялық жақтан алғаш толық негіздеген зерттеуші. Мұхтар Әуезовтің махамбеттанудың өрісін ұзартқан зерттеулері әуелде “Әдебиет тарихындағы” (1927), “Тарихи жырлар”, “Зар заман ақындары” тарауларында берілді. М. Әуезов Махамбеттің әдебиет тарихындағы орнын “Бұхарадан соңғы Зар заман ақындарының басы Махамбет” деп “Зар заман дәуірінің екінші, ісшілдік кезеңі Махамбеттің тұсы”, т.б. көрсетті. М. Әуезов 1933 жылғы “Қазақ әдебиеті” оқулығында Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, шығармашылық мұрасынан толымды мәлімет бере отырып, Махамбет поэзиясының көркемдік сипатын алғаш рет теориялық негізде кең қамтып қарастырады.
Зар заман әдебиетіне М.Әуезов ХІХ ғасырда болған ақындардың бәрін де қосады. Махамбетті оның басы санап, аяғын Ы.Алтынсаринге тірейді. Аралықта нағыз зар заман әдебиеті ақындары ретінде мойындалған Шортанбай, Мұрат, екі ғасыр шекарасында өмір кешкен Нарманбет шығармаларына талдау береді. Айтыс ақындарынан осы топқа Шернияз, Досқожа, Күдеріқожа, тарихи жыр айтушылардан Нысанбай мен Ығылманды қоса қарастырады. Махамбеттің көтеріліс жалауын көтеріп, тар заманда елді күреске үгіттеген өлеңдерін талдау тұсында ғалым онда алдан күткен үміт, тілек барын, соған жетем деген екпін, жалын барын атайды.
Зар заман ақындарының шығуын М.Әуезов ХІХ ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысынан кейінгі кезеңге жатқызады. Бұл кезеңмен Абылай заманының арасындағы тарихи байланыстарға лайық әдебиеттегі Кенесары жорығының артынан шыққан зар заман ақындарымен Абылай дәуіріндегі ақындардың арасынан сондайлық үзілмейтін жалғастық табады. Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі топқа бөледі: бірі – келер күннің жұмбағын шешіп беріп, елге өсиет айтатын қария, екіншісі – толғау айтқан жырау. Екеуінің де көпке айтар сөздері өлең күйінде айтылып, тақпақ, толғау болып келеді. Олар – елдің ақылшы кемеңгері, заман сыншысы, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Қауым тіршілігінде саяси салмағы зор ақындардың аузынан шыққан сөзі де қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр өтімді болған.


Мұхтар Әуезов қысталаңы көп қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің арғы төркін, өз кезеңіндегі бағыты, келешек бағдары туралы тұтас ғылыми концепция жасап, сол өрісте зерттеулер жүргізуші маман әдебиеттанушылардың лек-лек мектебін қалыптастыруда аса ықпалды, орталық тұлға болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет