Әуе кемесiн ұшуда пайдалану



Дата12.06.2016
өлшемі175.18 Kb.
#129857
"Әуе кемесiн ұшуда пайдалану" кәсiби стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 20 қарашадағы № 913 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8992 тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Әуе кемесiн ұшуда пайдалану» кәсiби стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Кадр және әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Әдiлет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға көшiрмесiн жiберудi;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

      «КЕЛIСIЛДI»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтiк қорғау министрiнiң
      мiндетiн атқарушы
      _____________ Қ. Әбсаттаров
      2013 жылғы 04 қараша

Қазақстан Республикасы      


Көлiк және коммуникация министрiнiң
2013 жылғы «20» қарашадағы    
№ 913 бұйрығымен бекiтiлген  

«Әуе кемесiн ұшу пайдалану» кәсiби стандарты

1. Жалпы бөлiм

      1. «Әуе кемесiн ұшу пайдалану» кәсiби стандарты (бұдан әрi - КС) «Әуе кемесi саласындағы қызмет» кәсiби қызмет саласындағы бiлiктiлiк деңгейiне, құзыретiне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және:


      1) еңбек саласы мен кәсiби бiлiм беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және кәсiби қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезiнде жұмысшылардың құзыреттерiн бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негiзгi пайдаланушылары:
      1) бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары;
      3) бiлiм берудiң мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлейтiн мамандар;
      4) мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiгiне сәйкестiгiн растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негiзiнде бiлiктiлiк сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгiлiк оқыту бағдарламалары, үлгiлiк оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзiрленедi.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) бiлiктiлiк – қызметкердiң еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрi шеңберiнде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) бiлiктiлiк деңгейi – күрделiлiгi, еңбек қызметтерiнiң стандартты еместiгi, жауапкершiлiгi және дербестiлiгi параметрлерi бойынша жүктелетiн қызметкерлердiң құзыретiне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгiлi бiр еңбек құралдарының көмегiмен өнiм жасау мақсатында қызметкердiң iс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнiмге айналдыру үшiн пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметiнiң түрi – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсiби қызмет саласының құрамдас бөлiгi;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдерiспен анықталатын және оларды орындауға қажеттi құзыреттердiң болуын болжамайтын еңбек қызметiнiң бiрiктiрiлген және дербес жиынтығын көрсететiн еңбек қызметi түрлерiнiң бiр бөлiгi;
      7) кәсiби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
      8) кәсiби стандарттың бiрлiгi – осы қызмет түрi үшiн тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсiби стандарттың құрылымдық элементi;
      9) кәсiп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжiрибесiнiң нәтижесiнде пайда болған арнайы теориялық бiлiм мен практикалық дағдылар кешенiн бiлудi талап ететiн еңбек қызметiнiң түрi;
      10) құзыреттiлiк – еңбек қызметiнде бiлiмiн, бiлiгi және тәжiрибесiн қолдану қабiлетi;
      11) лауазым – лауазымдық уәкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер шеңберiн жүктейтiн жұмыс берушiнiң құрылымдық бiрлiгi;
      12) мiндет – нақты бiр еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын iске асырумен және нәтижеге қол жеткiзумен байланысты iс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндiретiн өнiм, өндiрiс технологиясы, негiзгi қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсiби бiлiктерi ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық бiлiктiлiк шеңберi (бұдан әрi - СБШ) – салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiнiң құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi (бұдан әрi - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiнiң құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберiнде белгiлi бiр қызмет түрiн орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:


      1) экономикалық қызмет түрi (кәсiптiк қызмет саласы):
      Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеушi (бұдан әрi – 03-2007 ҚР МЖ) «51.10 Әуе жолаушылар көлiгi»;
      2) экономикалық қызмет түрiнiң (кәсiптiк қызмет саласының) негiзгi мақсаты:
      әуе көлiгiмен тасымалдауға жататын қызметтi қамтамасыз ету;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша еңбек қызметiнiң (кәсiптiң) түрлерi.

3. Еңбек қызметi түрлерiнiң (кәсiптiң) карточкалары

1-параграф «Коммерциялық пилот»

      6. Еңбек қызмет түрiнiң (кәсiптiң) карточкасы мынадан тұрады:


      1) бiлiктiлiк деңгейi: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрi – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 «Ұшақ командирлерi, пилоттары және ұқсас кәсiптер мамандары»;
      3) лауазымның (кәсiптiң) ықтимал атаулары: пилот;
      4) атқарылатын еңбек қызметiнiң жиынтық сипаттамасы - әуе кемесiн басқару процесiн жүзеге асыру;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсiптiк бiлiмi мен оқуына қойылатын талаптар, бiлiктiлiктi растайтын сертификаттардың қажеттiлiгi, практикалық жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудiң ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсiп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Коммерциялық пилоттың» еңбек жағдайына, бiлiмi және жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар» деген 1-кестесiнде келтiрiлген.

2-параграф «Желiлiк пилот»

      7. Еңбек қызмет түрiнiң (кәсiптiң) карточкасы мынадан тұрады:


      1) бiлiктiлiк деңгейi: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрi – ҚР 01-2005 МЖ): 3143 «Ұшақ командирлерi, пилоттары және ұқсас кәсiптер мамандары»;
      3) лауазымның (кәсiптiң) ықтимал атаулары: пилот;
      4) атқарылатын еңбек қызметiнiң жиынтық сипаттамасы - әуе кемесiн басқару процесiн жүзеге асыру;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсiптiк бiлiмi мен оқуына қойылатын талаптар, бiлiктiлiктi растайтын сертификаттардың қажеттiлiгi, практикалық жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудiң ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсiп бойынша ықтимал жұмыс орындары. «Желiлiк пилоттың» еңбек жағдайына, бiлiмi және жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар» 2-кестесiнде келтiрiлген.

4. КС бiрлiктерiнiң тiзбесi

      8. КС бiрлiктерiнiң тiзiмi осы КС 3-қосымшасының 1,  2-кестелерiнде келтiрiлген және шифр мен КС бiрлiктерi атауларынан тұрады.



5. КС бiрлiктерiнiң сипаттамасы

      9. КС бiрлiктерiнiң сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1,  2-кестелерiнде келтiрiлген.



6. Осы КС негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi

      10. Осы КС негiзiнде мамандардың кәсiптiк дайындығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар берiледi.


      11. Осы КС негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi сертификат алу үшiн игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бiрлiктерiнiң тiзбесiне сәйкес анықталады.

7. КС әзiрлеушiлерi, келiсу парағы, сараптамасы және тiркелуi

      12. КС әзiрлеушiсi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi болып табылады.


      13. КС келiсу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетiлген.

«Ұшу пайдалану»  


кәсiби стандартына
1-қосымша    

Бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша еңбек қызметiнiң
(кәсiптiң) түрлерi


р/с

Қызмет түрiнiң атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсiптiң атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсiптiң атауы

ҰБШ бiлiктiлiк деңгейi

БТБА бойынша разряды

1.

ӘК басқару

Коммерциялық пилот

Пилот

5

-

2.

Желiлiк пилот

Желiлiк пилот
Пилот
Аға пилот
Екiншi пилот

5

-

      Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы;
      ӘК – әуе кемесi.

«Ұшу пайдалану»  


кәсiби стандартына
2-қосымша    

1-кесте


1. Кәсiбi бойынша ықтимал жұмыс орындары. Коммерциялық
пилоттың еңбек жағдайларына, бiлiмiне және тәжiрибесiне
қойылатын талаптар

Кәсiбi бойынша ықтимал жұмыс орындары

Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауiптi еңбек жағдайлары

Жоғары деңгейдегi авиациялық шуылдар;
дiрiлдiң жоғары деңгейi;
ұшу, қону, биiктiкке бет алу және қонуға төмендеу барысындағы атмосфералық қысымның тербелiсi;
АЖЖ – сәулелену;
радиациялық (табиғи) сәулелендiру;
түнгi уақыттағы жұмыс;
еңбек қауырттығы;
сағаттық белдеудiң күрт iлгерiлеуi және климаттық аймақтардың тез ауысуы

Жұмысқа рұқсат берудiң ерекше жағдайлары

Жасы – 18 жастан кiшi емес;
бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;
пилоттың қолданыстағы куәлiгi (ATPL, CPL)

СБШ бiлiктiлiк деңгейi

Кәсiби бiлiм алу және оқыту деңгейi

Талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесi

5

Кәсiби бiлiм

Ұшақта кемiнде 200 сағат ұшуы немесе ұшақ пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өту барысында кемiнде 150 сағат ұшуы болуы тиiс.
Тiкұшақта кемiнде 150 сағат ұшуы немесе тiкұшақ пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өту барысында кемiнде 100 сағат ұшуы болуы тиiс

2-кесте

2. Кәсiбi бойынша ықтимал жұмыс орындары. Желiлiк пилоттың
еңбек жағдайларына, бiлiмiне және тәжiрибесiне
қойылатын талаптар

Кәсiбi бойынша ықтимал жұмыс орындары

Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауiптi еңбек жағдайлары

Жоғары деңгейдегi авиациялық шуылдар;
дiрiлдiң жоғары деңгейi;
ұшу, қону, биiктiкке бет алу және қонуға төмендеу барысындағы атмосфералық қысымның тербелiсi;
АЖЖ – сәулелену;
радиациялық (табиғи) сәулелендiру;
түнгi уақыттағы жұмыс;
еңбек қауырттығы;
сағаттық белдеудiң күрт iлгерiлеуi және климаттық аймақтардың тез ауысуы

Жұмысқа рұқсат берудiң ерекше жағдайлары

Жасы – 21 жастан кiшi емес;
бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;
«ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилот (ATPL) куәлiгiнiң болуы;
«тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилот (ATPL) куәлiгiнiң болуы

СБШ бiлiктiлiк деңгейi

Кәсiби бiлiм алу және оқыту деңгейi

Талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесi

5

Кәсiби бiлiм

Тренажерде 100 сағаттан аспайтын ұшуды қоса алғанда, ұшақ пилоты ретiнде ұшақта кемiнде 1500 сағат ұшуы;
Тренажерде 100 сағаттан аспайтын ұшуды қоса алғанда, тiкұшақ пилоты ретiнде тiкұшақта кемiнде 1000 сағат ұшуы;

«Ұшу пайдалану»  
кәсiби стандартына
3-қосымша    

КС бiрлiктерiнiң тiзiмi

1-кесте


1. «Коммерциялық пилот» еңбек қызметiнiң (кәсiптiң) түрi

Шифр

Еңбек функциясының (кәсiби стандарт бiрлiгiнiң) атауы

Ф 1

ӘК басқару

2-кесте

2. Еңбек қызметiнiң (кәсiбiнiң) түрi
«Желiлiк пилот»

Шифр

Еңбек функциясының (кәсiби стандарт бiрлiгiнiң) атауы

Ф 1

ӘК басқару

      Ескертпе: Ф – функция.

«Ұшу пайдалану» 


кәсiби стандартына
4-қосымша   

КС бiрлiктерiнiң сипаты

1-кесте


1. «Коммерциялық пилот» еңбек қызметiнiң (кәсiбiнiң) түрi

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Мiндеттер

Шеберлiгi және дағдылары

Бiлiмi

Ф1

ӘК

ӘК басқаруға қатысты ережелер мен қағидалар;
ӘК қызмет көрсету ережелерi;
ӘК, тиiстi түрдегi әуе кемелерiнiң жүйелерi мен қозғалтқышт рына техникалық қызмет көрсету ережелерi;
Аэронавигациялық карталар, аспаптар және навигациялық құралдар;

М 1-1 ӘК басқару

Жабдықтың және әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерi жүйелерiнiң жарамдылығын тексеру машықтары;
Ұшу алды дайындық жасау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы № 1512 «Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы» Қаулысымен бекiтiлген Жолаушыларға қызмет көрсету ережелерi» бойынша ұшуларды орындау машықтары,
Ұшу жоспарларын дайындау әрi толтыру барысында маршрут бойынша ұшуды жоспарлау машықтары;
Пайдалану жағдайында қауiп-қатер факторлары мен қателердi анықтау және бақылау машықтары;

Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шiлдесiндегi «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Заңын бiлу;
Коммерциялық авиация пилотына қатысты қағидалар мен ережелер, пилоттар және әуе қозғалысына қызмет көрсету қағидаларын бiлу;
Қозғалтқыштардың, жүйелердiң және аспаптық жабдықтардың пайдаланылуы және жұмыс принциптерiн бiлу;
Әуе кемелерiнiң және қозғалтқыштардың тиiстi түрлерiнiң пайдаланылу шектеулерiн қамтитын құжаттарды бiлу (ұшу пайдалануы бойынша нұсқау);
Әуе кемелерiне, әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiнiң жүйелерi мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету қағидаларын бiлу;

 
 

 
 

 
 

 
 


Барлық маневрлердi бiр қалыпты және дәл орындау машықтары;
ұшуда бақылауды және қадағалауды бiлiктi жүзеге асыру машықтары;
әуе кемесiн басқаруды ұшу немесе маневр жасау схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететiндей түрде үнемi жүзеге асыру;
авиациялық, метеорологиялық ақпарларды, карталар мен болжамдарды қолдану;
аэронавигациялық ақпаратты (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар мен қысқартуларды қолдану.

Жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуiн бiлу;
Әуе қозғалысына қызмет көрсету ережелерiн бiлу;
Биiктiк өлшеуiштi орнату тәртiбiн бiлу;
Қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау принциптерiн қоса алғандағы адамның мүмкiндiктерiн бiлу;
Авиациялық метеорология; тиiстi аудандардың климатологиясы және оның авиацияға, төмен және жоғары қысым аудандарының ауысуына, атмосфералық фронттардың құрылымына, маршрут бойынша ұшу, ұшып шығу және қону шарттарына әсер ететiн ерекше ауа райы құбылыстарының туындауы мен сипаттамаларына тигiзетiн әсерiн бiлу;
Мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өтудi бiлу;
Аэронавигациялық карталар, аспаптар және навигациялық құралдар, тиiстi навигациялық жүйелердiң, борттық қызмет көрсету жабдығы жұмыстарының принциптерi мен сипаттамаларын бiлу; Пайдаланылу жағдайында қауiп-қатер

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


факторларын және қателердi бақылау әдiстерiн бiлу;
Аэронавигациялық ақпарат (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар және қысқартуларды бiлу;
Сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы iс-қимылдарды бiлу;
Жүктердi тасымалдаудың пайдалану ережелерi, қауiптi жүктердi тасымалдаудың ықтимал қатерлерiн бiлу;
Әуе кемесiне отырғызу және одан түсiру барысындағы сақтық шараларын қоса алғанда, жолаушыларға қойылатын қауiпсiздiк бойынша талаптар және нұсқаулық тәжiрибесiн бiлу;
Ұшу негiздерiн бiлу;
Шолып ұшу барысында байланыс жасау және фразеология жүргiзу қағидалары, байланыс iстен шыққан кездегi iс-қимылдар;
Тiкұшақтар үшiн – сыртқы аспадағы жүктердiң әсерi;
Тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

2-кесте

2. «Желiлiк пилот» еңбек қызметiнiң (кәсiбiнiң) түрi

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Мiндеттер

Шеберлiгi және дағдылары

Бiлiмi

Ф 1

ӘК

ӘК басқаруға қатысты ережелер мен қағидалар;
ӘК қызмет көрсету ережелерi;
ӘК, тиiстi түрдегi әуе кемелерiнiң жүйелерi мен қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету ережелерi;
Аэронавигациялық карталар, спаптар және навигациялық құралдар;

М 1-1 ӘК басқару

Жабдықтың және әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерi жүйелерiнiң жарамдылығын тексеру машықтары;
Ұшудың пайдалану жоспарын әзiрлеу және ӘҚҚ ұшу жоспарын тапсыру машықтары;
Ұшудың барлық кезеңдерiнде ұшулар мен маневрлердi орындау машықтары;
Ерекше және авариялық жағдайларда iс-қимылдар әрi жабдықтың iстен шығуымен және жарамсыздықтарымен байланысты маневрлердi орындау машықтары;
метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану машықтары; биiктiктi өлшеу; ұшу алдында және ұшу кезiнде пилоттық етудi, экипаж мүшелерiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру бойынша мiндеттердi бөлудi және бақылау карталарын пайдалануды қосқанда, экипажда өзара әрекеттесу машықтары;
Қауiп-қатер факторларын мен

Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 15 шiлдесiндегi «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Заңын бiлу;
Электрлiк, гидравликалық жүйелердiң, ауа үрлеу жүйелерiнiң және әуе кемесiнiң басқа жүйелерiнiң, жалпы сипаттамалары және шектеулерiн бiлу, автопилот және автотұрақтандыруды қоса алғанда, ұшуды басқару жүйелерi;
Әуе кемелерi қозғалтқыштарының жұмыс принциптерi, пайдалану ережелерi және шектеулерiн бiлу;
Атмосфералық жағдайлардың қозғалтқыштардың сипаттамаларына тигiзетiн әсерiн бiлу;
Пилотаждық аспаптар, компастар, бұрылыс қателiгi және жеделдету әсерiнiң салдарынан жiберiлген қателiктер; гироскопиялық аспаптар, пайдалану шектеулерi және прецессияның әсер етуiн бiлу;
Түрлi пилотаждық аспаптар мен электрондық индикаторлар iстен

 
 

 
 

 
 

 
 


қателердi анықтау және бақылау;
Ұшақты қолмен басқаруды бiрқалыпты әрi мүлтiксiз жүзеге асыру машықтары;
Ұшақты ұшудың тиiстi кезеңiне сәйкес автоматтандыру режимiнде жүргiзу машықтары;
Ұшудың барлық кезеңдерiнде әуе кемесiн қалыпты, ерекше және авариялық жағдайларда жүргiзу машықтары;
авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану машықтары; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпараттар алу және пайдалану машықтары;
аэронавигациялық ақпаратты пайдалану машықтары;
Ұшу, қону параметрлерiн және басқа сипаттамаларды пайдалану және iс жүзiнде қолдану машықтары;
Ұшу алдында ұшуды жоспарлау және маршрут бойынша жедел жоспарлау, ұшу жоспарларын дайындау және тапсыру машықтары;
Әуе кемесiн және навигацияны

шыққан кездегi ережелер мен iс-қимылдар тәртiбiн бiлу;
Жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуiн бiлу;
Ұшып көтерiлу, қону және басқа сипаттамалардың параметрлерi;
Қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi; Авиациялық метрология, климатология,төмен және жоғары қысымды аудандарды, ағындардың құрылымдарын араластыру, көтерiлiп ұшу, маршрут бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамаларын бiлу;
Мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
Аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелердi, ұзақтығы үлкен маршруттар бойынша ұшуға қатысты ерекше навигациялық талаптар,

 
 

 
 

 
 

 
 


басқаруға қажеттi авиациялық электрондық және аспаптық жабдықты пайдалану машықтары;
Ұшу, маршрут бойынша ұшу, қонуға төмендеу және қону кезеңiнде қолданылатын навигациялық жүйелердi пайдалану машықтары;
Аэронавигациялық құжаттаманы (AIP, NOTAM), авиациялық кодтарды және қысқартуларды түсiну және пайдалану машықтары.

Әуе кемесiн және навигацияны басқару үшiн қажеттi авиациялық электрондық және аспаптық жабдықтың пайдаланылу сенiмдiлiгi;
Ұшып көтерiлу, маршрут бойынша ұшу, қонуға төмендеу және қону кезеңiнде қолданылатын навигациялық жүйелердiң дәлдiгi және сенiмдiлiгi;
Автономды навигациялық жүйелердiң және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердiң қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдықтардың жұмыстары;
Пайдаланылу жағдайындағы қауiп-қатер факторлары мен қателердi бақылау әдiстерi;
Аэронавигациялық ақпарат (AIP, NOTAM), авиациялық кодтар және қысқартулар;
Сақтық шаралары және авариялық жағдайдағы iс-қимылдар, ұшудың қауiпсiздiк ережелерi;
Жүк тасымалдарының және қауiптi жүктердi тасымалдаудың пайдалану ережелерi;
Әуе кемесiне отырғызу және одан түсiру барысындағы сақтық шараларын қоса алғанда, жолаушыларға қойылатын қауiпсiздiк бойынша талаптар және нұсқаулық тәжiрибесi;
Тiкұшақтар үшiн – «құйынды шеңбер»

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Сыртқы iлiнудегi жүктердiң басқару сипаттамасына әсерi;
Ұшу негiздерi;
Байланыс жасау және фразеология жүргiзу қағидалары, байланыс бұзылған кездегi iс-қимылдар;
Экипаж мүшелерiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту жағдайындағы iс-қимылдар.

      Ескертпе: М – мiндет.

«Ұшу пайдалану»  


кәсiби стандартына
5-қосымша    

Келiсу парағы

Ұйымның атауы

Келiсiлген мерзiмi

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

 
 


Осы КС ____________________________________________________ тiркелдi.
Кәсiптiк стандарттардың реестрiне № _______________________ тiркелдi.
Хат (хаттама) № ___________ Күнi __________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет