Әуеайлақтың жасанды төсемдерінің беріктігін және ТҰҚЖ-ның
салмақ көтергіштік қабілетін бағалау әдістемесі
35. ҚР АА ӘПЖН-ның 49, 50, 51, 52, 53, 54-тармақтарына қатысты. Әуеайлақ элементтерінің жасанды төсемдерінің беріктігін есептеу жаңадан салынған әуеайлақты (немесе әуеайлақтың жекелеген элементтерін) пайдалануға беру кезінде не әуеайлақ төсемдерін қайта жаңартудан (күшейтуден) кейін жүргізіледі.
Жасанды төсемдердің жіктемелік сандары (бұдан әрі – PCN) осы СБӘ-нің 8-қосымшасының 1 және 2-суреті бойынша анықталады. Төрт дөңгелекті стандартты тірекке түсетін нормативтік жүктеме (бұдан әрі – Fн) АА-да қолданыстағы әдістемелерге сәйкес (есептер, төсемнің сипаттамалары мен ерекшеліктерін немесе ӘК-ні пайдалану тәжірибесін қолдана отырып тексеру) килоньютондарда (тонна-күштерде) анықталады.
Әуеайлақ төсемдерінің алынған жіктемелік сандарының негізінде ACN-PCN әдісі бойынша Әуеайлақтық төсемдердің беріктігі туралы қорытынды жасалады, онда осы әуеайлақта пайдаланылатын ӘК-нің типтері және шектеулері бар ӘК-ні пайдалану режимі көрсетіледі. Беріктік туралы қорытынды бес жылда кем дегенде бір рет жаңартылып отырады.
36. Топырақты тығыздауды бақылау Ұшу алаңының жай-күйі журналының негізінде жүзеге асырылады. Топырақтың беріктігінің көрсеткіші ӘК-нің ұшуы басталар алдында, топырақтың беріктігі өзгерген әрбір жағдайда, көктемде және күзде лайсаң кезінде, жазда жаңбыр жауған кезеңде, жөндеу жұмыстарынан кейін тұрақты бақылануы тиіс.
Әуеайлақтық төсемдердің беріктігіне бағалау жүргізу кезінде әуеайлақтың жасанды төсемдерінің және топырақтық элементтерінің беріктігі мен жай-күйі сәйкестігінің кестесі толтырылады (осы СБӘ-нің 3.9-кестесі).
3.9-кестесін толтыру тәртібі мынадай:
1-баған – ҚР АА ӘПЖН тармақтары реті бойынша көрсетіледі;
2-баған – жасанды төсемі бар әуеайлақ элементтері көрсетіледі және төсемдердің үстіңгі бетінің жай-күйін сипаттау жүргізіледі;
3-баған – әуеайлақтың әрбір элементі бойынша жасанды төсемнің беріктігі есебінің нәтижелері келтіріледі (әуеайлақтың қандай да бір элементінде PCN-тің әр түрлі сандары бар төсем учаскелері болған кезде кестеге Fн-нің ең төменгі мәніне сәйкес келетін PCN-нің саны енгізіледі);
4-баған – 3-бағанда көрсетілген төсемнің типімен және негізінің беріктік санатына сәйкес (ҰЖН-ға сәйкес әуеайлақтың осы элементінде пайдаланылатын) ACN ӘК-нің жіктемелік сандары келтіріледі;
5-баған – Растау құжатының реттік нөмірі көрсетіледі. Растау құжаты ретінде:
ӘАНП немесе ӘҰЖН;
Әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру актісі;
Мамандандырылған ұйым берген беріктік туралы қорытынды және т.б. қолданылуы мүмкін.
Ескертпе. Растау құжаттарының тізбесі сәйкестік кестесінің соңында көрсетіледі;
6-баған – тексеру және сынау нәтижелерін (3- және 4-баған) ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіледі және:
бағаланатын параметр ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда «Сәйкес келеді»;
ҚР АА ӘПЖН талаптарынан бас тартқан кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалық деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда «Баламалы түрде сәйкес келеді»;
бағаланатын параметрі ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда айтылған «Қорытынды» болмаған жағдайда «Сәйкес келмейді» деген жазбалар жазылады;
7-баған - ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болған жағдайда азаматтық авиация ұйымдары осыларға сәйкес АА ұйымдары ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттардың нөмірлері, күні мен атаулары, сондай-ақ PCN 3.9-кестені толтыру үлгісі осы СБӘ-нің 9-қосымшасында келтірілген.
Әуеайлақтың жасанды төсемі мен топырақтың үстіңгі беттері
жай-күйінің сәйкестігін бағалау әдістемесі
37. ҚР АА ӘПЖН-ның 56, 59, 61-тармақтарына қатысты. Бөтен заттардың немесе төсемді бұзатын өнімдердің, арматураның жалаң өзекшелерінің, ЖҰҚЖ, РЖ, перрон, ЖҰҚЖ-ның шетжақтарына жанасатын ҰЖ және ТШЖ-ның бекітілген учаскелерінің, бүйірлік қауіпсіздік жолақтарының немесе ЖҰҚЖ мен РЖ-ның бекітілген жиектерінің қабыршақтану учаскелерінің, сондай-ақ ЖҰҚЖ төсемінің үстіңгі бетінің тұйықталған төмендеулерінің болуы визуалды анықталады.
ҰЖ-ның бекітілген учаскелерінің перроны мен ЖҰҚЖ-ның шетшақтарына жанасатын ҰЖ және ТШЖ-ның бекітілген учаскелерінің және ЖҰҚЖ-ның шетжақтарына және ЖҰҚЖ мен РЖ-ның бүйірлік қауіпсіздік жолақтарына жанасатын іргелес плиталардың немесе жарықтардың жиектері арасындағы жіктер кертпелерінің, ЖҰҚЖ, РЖ-ның жасанды төсемдерінің бүкіл үстіңгі бетіндегі мастиканың балқымалы қатпарлары, плиталар жиектерінің ойықтары мен жарықшақтарының өлшемдері (осы СБӘ-нің 10-қосымшасы) сызығыштың көмегімен анықталады.
Толқынтәрізді түзілімдер бүкіл ЖҰҚЖ-ның үстіңгі бетінде үш метрлік сырықтың және өлшегіштің (сызғыштың) көмегімен өлшенеді.
38. ҚР АА ӘПЖН-ның 58, 60, 62-тармақтарына қатысты. ӘК дөңгелектері жолтабандарының, тегістелмеген учаскелердің, микротегіссіздіктердің, топырақтың ойықтары мен шұңқыларының болуы визуалды немесе автомобильдің жүріп өтуі арқылы анықталады. Микротегіссіздік мәндері үш метрлік сырықтың және өлшегіштің (сызғыштың) көмегімен өлшенеді.
Бөтен заттардың болуы визуалды анықталады.
Мезотегіссіздіктердің болуы және олардың көлемдері ақаулы учаскеде бір немесе екі сипаттағы бағыттар бойынша пішінді нивелирлі түсіру бойынша анықталады.
Әуеайлақтың жасанды төсемдері мен топырақты элементтерінің үстіңгі бетінің нақты жай-күйін тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Нәтижелері Әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру актісімен ресімделеді.
39. Әуеайлақ төсемі тегістілігінің критерийі R ЖҰҚЖ-ның осьтік сызығына қатарлас және соңғысынан тиісінше екі жағына қарай 3 – 5 м қашықтықта болатын ЖҰҚЖ-ның екі ұзына бойғы қималары үшін анықталады.
Тегістіліктің көрсеткішін анықтау үшін бастапқы деректер ретінде өкілетті ұйым орындаған ЖҰҚЖ ұзына бойғы пішіндерін 0,5 м қадаммен геодезиялық түсіру (нивелирлеу) нәтижелері, немесе арнайы зертеухана-ұшақтары жабдықтарының құрамына кіретін (аэродромдық төсем бетінің тегістілігін өлшегіш) АТБТӨ/ИРПАП тегістілік өлшегішінің (арнайы арбашаның) көмегімен алынған деректер болып табылады.
АТБТӨ/ИРПАП арнайы арбашасының көмегімен нивелирлеу мен өлшеулер жоғарыда көрсетілген қималарда жүргізілуі тиіс.
Қималардың әрқайсысы үшін әуеайлақ төсемнің R тегістілік критерийі есептеу бағдарламасы бойынша жүргізілетін есептеулердің нәтижесінде анықталуы тиіс. Бұл бағдарламаның ұстаушылары мамандандырылған ұйымдар болып табылады.
R тегістілік критерийінің соңғы мәні ретінде (әр түрлі қималар үшін) екі анықталған мәндердің неғұрлым төменін қабылдау қажет.
Төсемнің тегістілігі:
қанағаттанарлықсыз (R тегістілік критерийінің мәні 2-ден неғұрлым төмен кезде);
қанағаттанарлық (R 2-ден 5-ке дейін қоса алғанда);
жақсы (R мәні 5-тен жоғары болған кезде) болуы мүмкін.
ЖҰҚЖ-ның үстінгі бетінің тегістілігін тексеру және бағалау бес жылда кем дегенде бір рет жүзеге асырылуы тиіс.
Егер R тегістілігінің көрсеткіші 3-тен аспаса, онда бағалауды жүргізген ұйым ЖҰҚЖ-ның әуеайлақтық төсемдерінің тегістілігін жақсарту жөнінде қажетті ұсыным беруі тиіс. Бұл ретте R 2 және 3 шекараларын қамтитын кесіндінің шегінде тұрғандығы белгіленген жағдайларда тиісті ЖҰҚЖ үшін осы критерийдің келесі бағалауын 2 жылдан кешіктірмей жүргізу қажет.
R тегістілігінің көрсеткіші 2-ден кем болған жағдайда төсемдердің тегістілігін талап етілетін тегістілікке дейін жеткізу мақсатында тегістілік көрсеткішін кейіннен бағалай отырып, төсемдердің тегістілігін жақсарту үшін көрсетілген ұсынымдардың орындалуын жүзеге асыру қажет.
Төсемнің тегістілігін бағалау нәтижелері 3.3-кестеге енгізіледі. Растау құжаты ретінде ЖҰҚЖ төсемдері тегістілігінің бағалауын (R көрсеткішін есептеу) жүргізген ұйымның қорытындысы болып табылады.
Кедергілерді анықтау
Әуеайлақты пайдалану қауіпсіздігі мен тиімділігі едәуір дәрежеде әуеайлақтағы және оның айналасындағы жасанды және табиғи объектілерге байланысты болады. Олар ұшу мен қонудың минимумдарына, әуе кемелерінің ұшу салмағына, сондай-ақ әуеайлақ ауданындағы ұшу бағыттарына ықпал етеді. Осыған байланысты әуеайлақтың айналасындағы әуе кеңістігінің белгілі бір аудандарын оның ажырамас бөлігі ретінде қарау керек, ал азаматтық авиация ұйымы осы аудандардағы кедергілерді тиімді бақылауға алуы қажет.
ҚР АА ӘПЖН-ның 7, 8 және 9-тарауларындағы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін:
1) кедергілер туралы деректер алу;
2) кедергілерді шектеу және жою жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) ұшу және қонуға бет алу сұлбаларын белгілеу кезінде кедергілерді ескеру;
4) кедергілер туралы ақпаратты Әуеайлақ ауданында ұшу жөніндегі нұсқаулыққа (немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына) және аэронавигациялық ақпараттың тиісті құжаттарына енгізу қажет.
АА ұйымы мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) Әуеайлақ ауданында кедергілерді тексеру актісі (бұдан әрі – Тексеру актісі) осы СБӘ-нің 11-қосымшасында келтірілген нысанға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы АА ӘПЖН-ның талаптарына кедергілердің сәйкестігі кестесі (3.3-кесте). Оны толтыру үлгісі осы СБӘ-нің 12-қосымшасында келтірілген.
40. Кедергілердің биіктігі мен орналасуы туралы деректерді осы СБӘ-нің 13-қосымшасының ережелерін ескере отырып азаматтық авиация ұйымы алуы тиіс. Геодезиялық жұмыстарды орындайтын мамандандырылған ұйымдарды тарту ұсынылады.
Әуеайлақ пен оның айналасындағы кедергілердің нақты жай-күйін мерзімді тексеру нәтижелерін ескере отырып кедергілер туралы деректерді алғаннан кейін ҚР АА ӘПЖН-ның 63-тармағы бойынша 3.3-сәйкестік кестесінде (осы СБӘ-нің 12-қосымшасы) көрсетілетіндер:
2-бағанда – «Кедергілердің биіктігі мен орналасуы туралы деректер алынды»;
3-бағанда – растау құжаты ретінде:
Әуеайлақ ауданындағы кедергілерді топографиялық түсіру жөніндегі есебі;
Тексеру актісі;
4-бағанда – «Сәйкес келеді».
Кедергілерді шектеу
41. ҚР АА ӘПЖН-ның 64–71-тармақтарының талаптарына сәйкестікті бағалау үшін кедергіні шектеу бетінен шығып тұрған кедергілер тізбесін анықтау қажет: ішкі көлденең, конусты, қонуға бет алу және өтпелік. Бұл тізбе есептеу кестелерінің және беттер жоспарларының көмегімен жасалады. Бұдан басқа, беттер жоспарлары әуеайлақ ауданында жаңа кедергілер құрылысына жол беру және қолда бар кедергілердің биіктігін ұлғайту мүмкіндігін бағалау кезінде пайдаланылады.
Жоспарлар мен есептеу кестелері Тексеру актісінің құрамына енгізіледі. Шектеу беттері жоспарларын және есептеу кестелерін дайындау әдістемесі осы СБӘ-нің 14-қосымшасында келтірілген.
3.3-сәйкестік кестесінде (осы СБӘ-нің 12-қосымшасы) ҚР АА
ӘПЖН-ның 64–71 тармақтары бойынша көрсетілетіндер:
2-бағанда – «Шектеу беттері аймақтарындағы қауіпті кедергілердің тізбесі айқындалды (қонуға бет алу, өтпелік, ішкі көлденең және конусты) және оларды жою бойынша шаралар белгіленді;
қонуға бет алу бетінің, өтпелік, конусты және ішкі колденең беттерден биік тұрған кедергілердің таңбалауы мен жарықпен қоршалуы бар және ескерілген.
Қонуға бет алу бетінің, өтпелік, ішкі көлденең және конустық беттердің аймақтарында қауіпті кедергілер санын ұлғайту шектелген.»;
3-бағанда – растау құжаты ретінде Кедергілерді тексеру актісі пайдаланылуы мүмкін;
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
5-бағанда – қосымша ретінде «Әуеайлақ бойынша қауіпті кедергілер» 3.5-кестесі қолданылады.
42. ҚР АА ӘПЖН-ның 72, 73, 74, 75, 76, 77-тармақтарына қатысты.
3.3-сәйкестік кестесінде (осы СБӘ-нің 12-қосымшасы) ҚР АА ӘПЖН-ның 72 – 77-тармақтары бойынша көрсетіледі:
2-бағанда – «Шектеу беттері аймақтарындағы қауіпті кедергілер тізбесі анықталды (қонуға бет алу, өтпелік, ішкі көлденең және конусты) және оларды жою бойынша шаралар белгіленеді.
Қонуға бет алудың ішкі бетінен, ішкі өтпелік беттерден және үзілген қону бетінен биік тұрған кедергілер жоқ.
Қонуға бет алу бетінен, өтпелік, конусты және ішкі көлденең беттерден биік тұрған кедергілер таңбаланған, жарықпен қоршалған және ескерілген.
Қонуға бет алу бетінің, өтпелік, ішкі көлденең, конусты беттердің, сыртқы көлденең беттердің аймақтарында қауіпті кедергілер санын ұлғайту шектелген»;
3-бағанда – растау құжаты ретінде Кедергілерді тексеру актісі пайдаланылуы мүмкін;
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
5-бағанда – қосымша ретінде Әуеайлақ бойынша қауіпті кедергілер 3.5-кестесі қолданылады.
43. ҚР АА ӘПЖН-ның 78, 79, 80, 81-тармақтарына қатысты. Нормалардың аталған тармақтары бойынша сәйкестік кестесінде мыналар көрсетіледі:
2-бағанда – «Ұшып-көтерілу беттерінің аймағындағы қауіпті кедергілер тізбесі айқындалды және оларды жою бойынша шаралар белгіленді.
Ұшып-көтерілу бетінен биік тұрған кедергілердің таңбалауы, жарықпен қоршауы бар және ұшу сұлбаларын белгілеу кезінде ескерілген.
Ұшып-көтерілу беттерінің аймақтарында қауіпті кедергілер санын ұлғайтуға болмайды»;
3-бағанда – растау құжаты ретінде кедергілерді тексеру актісі пайдаланыла алады.
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
5-бағанда – қосымша ретінде «Әуеайлақ бойынша қауіпті кедергілер» 3.5-кестесі қолданылады.
Кедергілерді есепке алу және жою
44. Кедергілерді есепке алу бөлігінде азаматтық авиацияны ұйымдастыру ұшу және қонуға бет алу маршруттарын (сызбаларын) әзірлеу және осы сызбалардың барлық кезеңдері бойынша тиісті ең төменгі қауіпсіз биіктікті, сондай-ақ әуеайлақ ауданында MSA секторында ұшудың ең төменгі қауіпсіз биіктіктерін (ЕҚБ-нің ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы MSA) белгілеу қамтамасыз етіледі.
Кедергілерді есепке алу аймақтары, кедергілерді бағалау беттері және ұшу, қонуға бет алу сызбаларын әзірлеу, осы сызбалардың барлық кезеңдері бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігін белгілеу кезінде пайдаланылатын басқа да критерийлер (Әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелерінде (бұдан әрі – ҰНЕ/ОПП), Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 14 және 15-қосымшасы мен «ӘК ұшуларын жүргізу» Doc 8168 OPS/611 (PANS-OPS) ИКАО құжатында, «Ұшып-көтерілу және қону үшін әуеайлақтардың минимумдерін айқындаудың бірыңғай әдістемесінде» және ұшып шығу сұлбаларын белгілеу кезінде кедергілерді есепке алу бойынша талаптарда), жалпы жағдайда ҚР АА ӘПЖН-да белгіленген кедергілерді шектеу аймақтарынан және беттерінен ерекшеленеді. Сондықтан, кедергілерді есепке алған кезде тек шектеу беттерінен биік тұрған кедергілерді ғана емес, Тексеру актісінде көрсетілген барлық кедергілерді қарау қажет.
Осы талаптарды орындаған кезде 3.3-сәйкестік кестесінде мыналар көрсетіледі:
2-бағанда – «ҚР АА ӘПЖН-ге және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 14 және 15-қосымшаларына сәйкес анықталған кедергілер қонуға бет алу сызбаларын және кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі қауіпсіз биіктігі мен әуеайлақ ауданынан ұшу сызбаларын белгілеген жағдайда ескерілген.»;
3-бағанда – ҰЖН;
4-бағанда – «Сәйкес келеді».
45. Ұшулар жөніндегі нұсқаулыққа Кедергілерді тексеру актісінен «Кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі қауіпсіз биіктігі» 3.8-кестесі енгізілуі тиіс. Бұдан басқа, 3.8-кестеде келтірілген кедергілер туралы деректер халықаралық әуеайлақтар бойынша ААЖ-ға енгізілетін «А» түріндегі картаға енгізіледі. Осындай кедергілер туралы деректерді «А» түріндегі картаға енгізу ережесі ИКАО-дың 4-қосымшасының 3-тарауында (№ 8697-AN 889/2 ИКАО құжаты) «Аэронавигациялық карталар» және «Аэронавигациялық карталар жөніндегі басшылықта» айтылған.
3.3 – сәйкестік кестесінде мыналар көрсетіледі:
2-бағанда – «Кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі қауіпсіз биіктігі ҰЖН-да, ұшу жинақтарында және «А» түріндегі картада ҚР ААЖ-ында көрсетілген;
3-бағанда – ҰЖН, ААЖ;
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
5-бағанда – қосымша ретінде кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі қауіпсіз биіктігі 3.8-кестесі қолданылады.
46. Нормалардың аталған тармағы бойынша сәйкестік кестесінде мыналар көрсетіледі:
2-бағанда – алғашқы 3000 м шегінде қонуға бет алудың беттерінің аймағында және МҚК__о мен МҚК__о өтпелі беттерінің аймағында қауіпті кедергілердің санын ұлғайтуға болмайды;
3-бағанда – Тексеру актісі;
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
47. Халықаралық әуеайлақтарға арналатын ААЖ-ға Ұшу жөніндегі нұсқаулықта ұшып-көтерілудің әрбір жеке бағыты бойынша істен шыққан қозғалтқышпен ұшып-көтерілген кезде ұшақтардың барынша жоғары ұшып-көтерілу массасын анықтау кезінде ұшып-көтерілу беті аймағының шекараларында (1,2% еңістігі бар беттің үстінен немесе 100 м биіктіктен жоғары тұрған кедергілер, қайсысы төменірек болуына байланысты) есепке алуға жататын кедергілер туралы деректер берілуі тиіс. Сондай-ақ, кедергілер бойынша деректер жергілікті өңір мен кедергілер туралы электрондық деректердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуі тиіс.
Кедергілерді көлегейлеу ережесі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 14-қосымшасында және «Әуежай қызметтері жөніндегі нұсқау» Doc 9137 6-бөлімінде берілген.
Осы талаптарды орындаған кезде Сәйкестік кестесінде мыналар көрсетіледі:
2-бағанда – Ұшып-көтерілу бетінің шекара шегінде орналасқан және ұшып-көтерілу бетімен ортақ басталуы және 1,2% еңістігі бар немесе ұшып-көтерілу бетінің төменгі шегінің деңгейіне қатысты биіктігі 100 м-ге ие көлегейленбеген кедергілер ҰЖН-ға (АНПА), ААЖ-ға және жергілікті өңір мен кедергілер туралы электрондық деректердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген.»;
3-бағанда – ҰЖН, ҚР ААЖ, жергілікті өңір мен кедергілер туралы электрондық деректердің мемлекеттік тізілімі;
4-бағанда – «Сәйкес келеді»;
5-бағанда – қосымша ретінде «Әуеайлақта ӘК-нің барынша жоғары ұшу массасын айқындау кезінде ескерілуі қажетті кедергілер» 3.7-кестесі қолданылады.
3. Визуалды құралдардың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Жалпы талаптарға сәйкестікті бағалау әдістемесі
48. ҚР АА ӘПЖН-ның 86, 93, 95-тармақтарына қатысты. Сәйкестікті бағалау әуеайлақты тексеру кезінде визуалды жүргізеді.
49. Жарық-сигналдық жабдық (ЖСЖ) жүйесіне кіретін оттардың құрамы, олардың мақсаты бойынша ҚР АА ӘПЖН-ның 8 және 26-қосымшаларына сәйкестігі тұрғысынан салыстырылады.
Жоғары қарқынды оттар (бұдан әрі – ЖҚО) санаты формуляр және жарамдылық куәлігі бойынша, ал қонудың пайдаланылатын бағытының санаты – Аэронавигациялық ақпараттар жинағы (ААЖ/САИ) бойынша айқындалады. ЖҚО санаты пайдаланылатын қону бағытының санатынан төмен болмауы тиіс.
50. ICAO және/немесе ХАК-тің сәйкестік сертификаттарының болуы мен қолдану мерзімі тексеріледі.
51. Нақты жағдайларға байланысты оттардың қарқындылығын түзетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ЖҚО-I, ЖҚО-II, ЖҚО-III оттары жүйесінің жарығын реттеу құралдарының болуы тексеріледі.
52. ҚР АА ӘПЖН-ның 91-тармағына қатысты. Жарық көрінісінің сақталуы және оттар жүйесінің іске жарамдылығы тексеріледі.
Командалық ақпараттың сақтанымдылығын тексеру былай жүргізіледі: қону диспетчерінің жедел басқару панелінен бұдан әрі – ЖБП/ПОУ) жарық-сигналдық жабдықты қосу командалары беріледі; жабдық іске қосылғаннан кейін, командалық-диспетчерлік пункттегі (бұдан әрі – КДП) қашықтан басқару аппаратурасының қоректендірілуі ажыратылады. Бұл ретте, жарық-сигналдық құралдар, басқару аппаратурасы іске қосылмай тұрып берілген командамен қосылған күйінде қалуы керек.
53. ҚР АА ӘПЖН-ның 95-тармағына қатысты. Сыртқы байқау процесінде оттар арматураларының түрлері, жарық көрсеткіштері мен көздері салыстырылады және олардың орнатылған жабдықтың техникалық құжаттамасына сәйкестігі тексеріледі.
Әуеайлақтарды, кедергілер мен объектілерді таңбалау
сәйкестігін бағалау
54. ҚР АА ӘПЖН-ның 98-тармағына қатысты. ЖҰҚЖ төсемдерін таңбалау сәйкестігін бағалау визуалды да, сондай-ақ өлшеу құралдарының көмегімен аспаптық түрде де жүргізіледі. Сәйкестікті тексеру процесінде белгілердің болуы, саны мен мөлшері, сондай-ақ өзара орналасуы айқындалады: ҰҚЖ табалдырығының, тіркеліп белгіленген қашықтық пен жерге қону аймақтарының белгілері, магниттік қону жолы бұрыштарының (бұдан әрі – МҚЖБ/ПМПУ) және жолақтың ұзына бойғы осінің белгіленуі.
ЖҰҚЖ табалдырығын белгілеудің таңбалау жолақтарының қажетті санын айқындау үшін ЖҰҚЖ еніне байланысты есептің келесі нәтижелерін басшылыққа алу мақсатқа лайық:
ЖҰҚЖ ені, м.................60 және одан жоғарғы 45 42 35 28 21
Табалдырығының таңбалау жолақтарының саны 14 10 10 8 6 4
Қатарлас ЖҰҚЖ кезінде «L» және «R» белгілерінің болуы визуалды айқындалады және табалдырық белгілері мен МҚЖБ арасындағы қашықтық өлшенеді.
55. ЖҰҚЖ қиылысу орындарында басты ЖҰҚЖ таңбалауының сақталуы және қосалқы ЖҰҚЖ таңбалауының үзілуі тексеріледі.
56. ЖҰҚЖ табалдырығының тұрақты немесе уақытша ығыстырылған кезінде мыналар айқындалады: ығыстырылған табалдырықты белгілейтін көлденең сызықтың; осьтік жолақтың ескі таңбалауынан түрлендірілген көрсеткіш нұсқағыштардың болуы, өлшемдері және орналасуы. Сондай-ақ ЖҰҚЖ-ның пайдаланылмайтын учаскесінде барлық қалған таңбалау белгілерінің жойылғанына көз жеткізу қажет.
57. А, Б, В дәрежелі ЖҰҚЖ-да (қажет болған жағдайда) және I, II немесе III санаты бойынша қонуға дәл бет алу ЖҰҚЖ-да ЖҰҚЖ шетінің таңбалауы болуын, оның өлшемін (енін), және орналасуын анықтайды, сондай ақ РЖ-ның ҰҚЖ-ға жанасу орындарында және ЖҰҚЖ қиылысу орындарында шетінің таңбалауы үзілетінін айқындайды.
58. ЖҰҚЖ-ның барлық таңбалау белгілерінің түсі визуалды бағаланады.
59. РЖ таңбалауының сәйкестігін бағалау кезінде ұзына бойғы осьтің таңбалау белгілерінің, РЖ-дағы күту орындарының және бүйірлік таңбалау жолақтарының болуы, өлшемдері мен орналасуы (қажет болған жағдайда) визуалды және аспаппен белгіленеді.
Бүйірлік таңбалау жолақтары РЖ-ның көтергіш емес төсемдерін, сондай-ақ РЖ-ның өзіндегі төсемдерден РЖ жиектерінің ажыратуға қиын төсемдерін ажыратып белгілеу үшін салынады.
60. РЖ осьтік желісінің таңбалау жолағының ені өлшенеді.
Әуеайлақты тексеру кезінде, бұдан басқа, қисық сызықты учаскелерде және РЖ қиылыстарында РЖ таңбалау сызығының жинақтау радиусы өлшенеді. Кейбір типтегі ӘК бұрылыстарының ең төменгі радиустарының мәні осы СБӘ-нің 16-қосымшасында көрсетілген.
РЖ-ның осьтік таңбалау сызығының нақты жинақталу радиусын осы СБӘ-нің 43-тармағында айтылған әдістеме бойынша заттық тексеру кезінде айқындау қажет.
61. ҰҚЖ осіне қатарласа жалғасқан РЖ осінің таңбалау сызығының ұзақтығы аспаппен айқындалады (осы СБӘ-нің 17-қосымшасы).
62. ҚР АА ӘПЖН-ның 106, 107-тармақтарына қатысты. Жабдықталған және жабдықталмаған ҰҚЖ-дан РЖ-дағы күту орны таңбалауының алшақтығы өлшеу аспаптарының көмегімен айқындалады. Өлшеулер ҰҚЖ-ның осьтік желісіне перпендикулярлы жүргізіледі.
63. ҚР АА ӘПЖН-ның 108–111, 114-тармақтарына қатысты. РЖ төсемдерінен РЖ БҚЖ-ының көтергіш емес төсемдерін бөлетін бүйірлік рульдеу таңбалау жолақтарының өлшемдері мен орналасуы, сондай-ақ РЖ қиылысу орнын таңбалау аспаппен айқындалады.
64. РЖ-ның барлық таңбалау белгілерінің түсі визуалды бағаланады.
65. ҚР АА ӘПЖН-ның 113, 115-тармақтарына қатысты. Перронның таңбалауының сәйкестігін тексеру – таңбалау белгілерінің түсі бойынша визуалды да, сондай-ақ белгілердің өлшемдері мен өзара орналасуы бойынша аспаппен де жүргізіледі.
66. ҚР АА ӘПЖН-ның 116–120-тармақтарына қатысты. ЖҰҚЖ-ның таңбалау белгілерінің сәйкестігін бағалау: «Т» қону белгісінің, бұрыштық және осьтік таңбалау белгілерінің сәйкестігін бағалау визуалды да, өлшеу аспаптарының көмегімен де жүргізіледі. Сәйкестікті тексеру үдерісінде белгілердің болуы, орналасуы, саны, өлшемдері және түсі айқындалады.
67. ҚР АА ӘПЖН-ның 121–125-тармақтарына қатысты. ҰҚЖ, РЖ немесе олардың жекелеген учаскелерінің қозғалыс үшін жабықтығын таңбалау сәйкестігін бағалау визуалды да, өлшеу аспаптарының көмегімен, аспаппен жүргізіледі. Сәйкестікті тексеру үдерісінде таңбалаудың болуы, орналасуы, саны, өлшемдері мен түсі айқындалады.
68. ҚР АА ӘПЖН-ның 126, 127-тармақтарына қатысты. ҚР АА ӘПЖН-ның 126-тармағының талаптарына сәйкес таңбалануы тиіс барлық жылжымайтын тұрақты және уақытша объектілер мен құрылыстарда таңбалаудың болуы тексеріледі.
69. ҚР АА ӘПЖН-ның 128–130-тармақтарына қатысты. Әуеайлақ қоршауы шегінде орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету, радионавигация және қондыру объектілерінде, әуеайлақтың жұмыс алаңында тұрған көлік құралдарында және жылжымалы объектілерде, сондай-ақ таңбалауға жататын коммуникация желілерінде таңбалаудың болуы тексеріледі.
70. ҚР АА ӘПЖН-ның 131–137-тармақтарына қатысты. Объектілер мен құрылыстардағы таңбалау белгілерінің түсі, тік төртбұрышты пішіндегі объектілерде және биік объектілердегі таңбалау белгілерінің пішіні мен орналасу дұрыстығы визуалды бағаланады.
71. ҚР АА ӘПЖН-ның 138–140-тармақтарына қатысты. VOR әуеайлақ пунктінің таңбалау сызықтарының өлшемдері мен ені өлшенеді. Таңбалау сызықтарының түсі визуалды бағаланады.
Төсемдер таңбалауының және кедергілер мен объектілер таңбалауының сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстардың нәтижелері физикалық сипаттамалар сәйкестігінің және әуеайлақ элементтерінің күндізгі таңбалауы сәйкестігінің кестесіне енгізіледі. (осы СБӘ-нің 4-тарауы 3-бөлімінің 3.2-кестесін қараңыз).
Төсемдер мен кедергілер таңбалауын тексеру кем дегенде жылына бір рет, ал кедергілер мен объектілердің таңбалау белгілері өлшемдерінің сәйкестігін бағалау таңбалауды салу немесе жаңарту кезінде жүргізіледі.
Осы СБӘ-нің 96–140-тармақтары бойынша тексерулер қорытындылары Әуеайлақ пен оның элементтерін тексеру актісіне енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |