Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы



бет11/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Кедергілер туралы деректер алу
      1. Биіктігі мынадай көрсеткіштерден асатын кедергілер анықталуға тиіс:
      а) жарық сигналды жүйенің жарықтарынан, курстық радиомаяктың бақылау антеннасынан, жеңіл және сыңғақ конструкциясы бар ШРЛ-дың бұрыштық шағылыстырушылардан басқа ұшу жолағы немесе ҰҚЖ+ЕА («А» аймағы) шегіндегі жер деңгейі;
      б) GSS'G' және LTT'L' учаскелерінде (“Б” аймағы) 0,8 % еңісімен үстіңгі беттің биіктігі (1-сурет). Үстіңгі беттің биіктігін санаудың басталуы қайсысы ҰҚЖ-дан алысырақ орналасқандығына байланысты ҰЖ немесе ЕА-ның аяғында ҰҚЖ-ның ось сызығы бойындағы жер бедерінің биіктігі болып табылады;
      в) GSTL және G'S'T'L' учаскелерінде (“В” аймағы) 2% еңісімен үстіңгі беттің биіктігі (1-сурет). Үстіңгі беттің биіктігін санаудың басталуы қайсысы ҰҚЖ-дан алысырақ орналасқандығына байланысты ҰЖ немесе ЕА-ның шегінде ҰҚЖ-ның осі профилінің немесе ось жалғасының ең жақын тұрған нүктесінің биіктігі болып табылады;
      г) ВЕЕ'В' аймағында (“Г” аймағы) ҰҚЖ-ның ең төменгі шегінің деңгейіне қатысты 50 м (1-сурет);
      д) ӘБН орталығында радиусы 50 км шеңбердің аясында ҰҚЖ-ның ең төменгі шегі деңгейіне қатысты 100 м («Д» аймағы) (1-сурет).
      Егер шеңбердің кейбір учаскесінде (учаскелерінде) ұшуға тыйым салынған болса, онда осы учаскенің аясында кедергілерді анықтау ең жоғары кедергіні (кедергілерді) анықтаумен шектеледі.
      Сонымен қатар, әуеайлақты пайдаланушының пікірінше, ұшуды орындау үшін қауіп төндіруі мүмкін кедергілердің биіктігі мен орналасуы туралы мәліметтер алынуы тиіс.
      Ескертпе. Егер б), в), г) және д) тармақшаларында көрсетілген биіктіктер бір-біріне жақын орналасқан кедергілердің (жер бедері, қалалық құрылыстар және т.б.) басым санынан артылса, онда ең биік кедергілер немесе ҰҚЖ-ға жақын орналасқан кедергілер ғана анықталуға тиіс. Ұшып кетудің үстіңгі бетінің аймағы аясында б) және г) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштерден асатын барлық объектілер анықталуға тиіс (жер бедерімен «көлеңкеленген» объектілерден басқа).
      2. Кедергілер туралы мәлімет алу үшін:
      а) 1-суретте көрсетілген аймақтар аясында табиғи және жасанды кедергілердің топографиялық түсірілімін (жердің бедері туралы мәліметтерді алу үшін тиісті топографиялық карталарды пайдалануға болады) жасау керек.
      Ескертпе. Жеңілдету мақсатында 1-суретте оған тиісті аймақтары бар бір ҰҚЖ көрсетілген. Бірнеше ҰҚЖ бар әуеайлақтарында олардың әрқайсысына тиісті аймақтар орнатылады.
      б) ӘБН орталығында радиусы 50 км шеңберінің аясында кедергілер туралы кез келген тиімді мәліметтер көзін (түсірілім, карта мәліметтері, құрылысты келісу жөніндегі актілер және т.б.) пайдалану тиіс.
 

1-сурет. Кедергілерді анықтау үшін аймақтар мен үстіңгі беттер
      3. Координаталар мен кедергілер биіктігін анықтаудың дәлдігі мыналардан төмен болмауы тиіс (1-сурет):
      а) GSS'G' және TLLT' (“Б”) аймақтарында: деңгейлес қашықтықтар – қашықтықтардан бастап тиісінше SS' және ТТ' сызықтарына дейінгі 1/500 пропорциядағы дәлдіктің одан кейін төмендеуімен SS' және ТТ' сызықтарында 5 м;
      кедергілердің биіктігі – қашықтықтардан бастап тиісінше SS' және ТТ' сызықтарына дейінгі 1/1000 пропорциядағы нақтылықтың кейінгі төмендетілуімен SS' және ТТ' сызықтарының алғашқы 300 м-дегі 0,5 м;
      б) GLTS, G’L’T’S’ (“В”) және BEE’B’(“Г”) аймақтарында (1-сурет):
      көлденең қашықтықтар – ӘБН-нан 5000 м және осы қашықтықтың шегінен тыс 12 м аясында 5 м; кедергілердің биіктігі қашықтықтан ӘБН-ге дейінгі 1/1000 пропорциядағы дәлдіктің одан кейін төмендеуімен ӘБН-нен 2000 м аясында 1 м, бірақ барлық жағдайларда 10 м-ден төмен емес;
      в) BEE'B' (“Д”) аймағынан тыс шеңбер аясында (1-сурет);
      көлденең қашықтықтар – 50 м, кедергілер биіктігі – 10 м.
      4. Кедергілердің орналасуы координаталардың тікбұрышты және полярлық жүйелерінде, әуенавигациялық ақпарат құжаттары үшін WGS-84 Бүкіләлемдік геодезиялық координаталар жүйесінде белгіленеді.
      Әуеайлақ бойынша кедергілер туралы мәліметтерді тапсыру үшін ӘБН-да басталатын (2-сурет) және ӘБН-нан өтетін нағыз меридианнан саналып қоятын азимуттардың полярлық жүйесі ең қолайлы жүйе болып табылады.
      Есептік кестелерді дайындау барысында XOY координаталардың тікбұрышты жүйесі пайдаланылады. ҰҚЖ-ның тиісті шегінің орта нүктесі оның бастауы болып табылады (3-сурет).
      ОХ және OY осьтері көлденең орналасады, сонымен қатар ОХ осі ҰҚЖ осінің жалғасы бойынша бағытталып, ОХ осі бойынша жағымды мәндер қонуға кірудің бағытына қарама-қарсы бағыт бойынша, ал OY осі бойынша жағымды мәндер қонуға кірудің бағытына қатысты оң жағы бойынша есептеледі.
      Әуеайлақ сызбаларын дайындауда және есептеуде әуеайлаққа қону және оның аумағынан шығу үшін геодезиялық жүйедегі WGS-84 географиялық координаталар қолданылады, нақтылық, рұқсат беруі және тұтастығы халықаралық азаматтық авиация конвенциясының және icaodoc 9674 «дүние-жүзілік геодезиялық жүйе WGS-84» 14 және 15-қосымшасына сәйкес келіп, 1.2. «әуеайлақ кедергілерінің тізімі» қосымшасының кестесіне енгізіледі.
      Кедергілердің биіктігі теңіздің орта деңгейіне қатысты (абсолюттік белгілерде) көрсетіледі.
      Кедергілердің полярлық координаталардың тікбұрышты координаталарға өзгертілуі мынадай формулалар бойынша орындалады:
      Хп = + Sn соs (Ап –Аұқж) + Хәбн:
      Yn = - Sn sin (Ап -Авпп) + Укта;
      мұнда Xn; Yn – кедергінің тікбұрышты координаталары;
      Sn – ӘБН-нен кедергіге дейінгі қашықтық;
      An – кедергіге қатысты ӘБН-мен нағыз азимуты;
      Авпп - XOY координаталардың бастауы ретінде таңдалған ҰҚЖ шегінің бағыты бойынша ҰҚЖ-ның нағыз азимуты;
      Хкта; Укта – XOY координаталардың таңдалған жүйесінде ӘБН-ның тікбұрышты координаталары.
 

2-сурет. Координаталардың полярлық және тікбұрышты жүйелерінің өзара орналасуы
 

3-сурет. XOY координаталары бастауының орналасуы: а - ҰҚЖ-ның жылжытылған шегі кезінде; б – ҰҚЖ-ның басындағы шегі кезінде
      Кедергілердің тікбұрышты координаталарының (Хп, Уп) полярлық координаталарына (Sп, Ап) өзгерілуі мынадай тәртіп бойынша орындалады:
      Ең алдымен ӘБН-нен кедергіге дейінгі қашықтық анықталады:

      Кедергінің нағыз азимуты Ап функциялардың белгілеріне байланысты анықталады
  және мыналарды құрайды:


      5. Кедергілерді анықтау кезінде радиотехникалық және метеорологиялық жабдықтардың антенналары мен құрылыстары сияқты объектілерге, сондай-ақ уақытша және жылжымалы объектілерге (мысалы, РЖ-да, тұрақ орындары мен алдын ала старттағы әуе кемелері, автомобиль немесе темір жолдарымен жүретін көлік құралдары, ірі габаритті механизмдер, қойма крандары) ерекше назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ құрылыстарды салу кезіндегі олардың биіктіктері мен құрылыс жабдықтардың (мысалы, құрылыс крандары) биіктіктерінің өгерістерін ескеру қажет. Салынып жатқан құрылыстардың биіктіктері, пайдаланылатын құрылыс жабдықтарының биіктіктері мен орналасуы өзгерген кезде Тексеру актісіне тиісті нақтылаулар енгізіледі.
      5.17 Объектіні тапқан жағдайда, ILS негізгі бетінің кез келген нүктесі арқылы еніп және кедергіге үстемдік етіп, бірақ аэронавигациялық талаптардың мақсатын өзінің функцианалдық мақсатын сақтап, есептеу барысында ең аз абсалютті/қатысты биіктікте қауіпсіз ұшу ОСА/Н (ОСА/Н ағылшын тілінен қысқыртылған сөз) кедергілері келесі нақты жағдайларда ықыласқа алынбайды:өкілетті орындарға сәйкес бекітіліп, беті арқылы енетін кандайда бір бөлім, ең аз салмақты, сынғыш бекітпе және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне сәтсіздік көрсетпейді.
      6. Кедергілерді анықтау кезінде нүктелі және созылмалы кедергілерді ажырату керек. Біріншілерге діңгектер, құбырлар, жеке ағаштар және т.б., екіншілерге – ғимараттар, төбелер, электр желілері, жолдар, орман алқаптары және т.б. жатады.
      Нүктелі кедергі оның төбесінің абсолюттік биіктігімен және тікбұрышты координаталар жүйесінде Хп, Уп екі координатаның және/немесе полярлық координаталар жүйесінде Sп, Aп координаталарымен белгіленеді.
      Авианавигация тұрғысынан кішігірім сызықтық көлемдерінің созылыңқы кедергісі нүктелі кедергіде ретінде белгіленеді.
      Егер кедергінің біршама ұзындығы болса немесе созылмалы кедергіні нүктелі кедергі ретінде берілуі дәлелсіз пайдаланушылық шектеулерге әкеп соғатын болса, мұндай кедергі бірнеше нүктелі кедергілер ретінде беріледі.
      Мұндай нүктелі кедергілердің саны, орналасуы мен биіктігі созылмалы кедергінің нысанын толықтай көрсете алатындай болуы тиіс.
      I, II және III санат бойынша қонуға нақты кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ бағыттары үшін ұшу жолағының жанында орналасқан созылмалы кедергілер нүктелі кедергілер жиынтығы ретінде беріледі, олардың арасындағы қашықтық төмендегідей көрсеткіштерден аспауға тиіс:
      - Y осі бойынша 60 м;
      - Х осі бойынша 100 м.
      Төменде кейбір жиі кездесетін созылмалы кедергілердің нүктелі кедергілермен берілуіне жалпы тәсіл сипатталып отыр:
      а) Ғимараттар. Бұл үлгідегі кедергілер оның ең жоғары нүктесінің абсолюттік биіктігімен және ҰҚЖ-ның ось сызығына немесе оның жалғасына ең жақын орналасқан ғимараттың нүктесінің координаталарымен (Хп, Уп және/немесе Sп, Ап) белгіленеді. Егер ғимарат ҰҚЖ-ның ось сызығының жалғасында орналасқан болса, Х координатасы ғимарат бөлігінің ҰҚЖ шегіне жақын нүктесімен анықталып, ал Уп=0.
      б) Қыраттар. Егер қыраттың төбесі 3.4а-суретінде көрсетілген BEE'B' аймағында орналасқан болса, кедергілер туралы деректер құрамына төбеден басқа, екі тігінен орналасқан жазықтықпен қиылған нысан ретінде қыраттың бөктері енгізіледі. Бұл жазықтықтың біреуі ҰҚЖ-ның ось сызығының жалғасына перпендикулярлы, ал екіншісі параллельді орналасқан. Қырат бөктері нүктелі кедергілер қатарымен берілген, олардың әрқайсысының биіктігі 4-суретте көрсетілгендей, көрші бөктердің биіктігінен 10 немесе 20 м (топографиялық карталарда немесе басқа геодезиялық материалдардағы горизонтальдарға сәйкес) биік орналасқан.
      Алысырақ орналасқан қыраттар үшін биіктік бойынша бөлуде үлкен аралықтар, мысалы, 40 немесе 50 м, пайдаланылуы мүмкін. Егер қыраттың төбесі ҰҚЖ-ның ось сызығының жалғасында орналасқан болса, деректерге қыраттың төбесі мен ҰҚЖ осінің жалғасы бойынша қыраттың қиылған орнына сәйкес келетін нүктелі кедергілер қатары енгізіледі. Егер қыраттың бөктері ҰҚЖ осінің жалғасын қиып өтетін болса, қыраттың төбесінен бастап ҰҚЖ ось сызығының жалғасына дейін орналасқан бөктерінің бөлігі бойынша деректер алынады.
      Қыратта орман немесе бұталар болған және олардың биіктігі туралы деректер берілмеген жағдайда барлық тиісті биіктіктер 20 м-ге ұлғаяды.
      Ескертпе. 4-суретте көрсетілген қыраттың бөктері нүктелі кедергілер ретінде берілгенде дәлелсіз пайдаланушылық шектеулер пайда болса, қыраттың бөктерінің нысандарын нақтырақ айқындау мақсатында биіктік бойынша бөлу аралықтарын қысқарту жөн.

4-сурет



Атауы

Xn, м

Yn, м

Habc, м

232-төбе

9200

890

232

232-1-төбе

8850

890

232

232-2-төбе

8609

890

220

232-3-төбе

8250

890

200

232-4-төбе

7200

890

180

232-төбе

9200

890

232

232-1-төбе

9200

790

232

232-2-төбе

9200

720

220

232-3-төбе

9200

640

200

232-4-төбе

9200

550

180

      Қыраттың берілуі


      3) Электр қуатын беру желілері. Электр қуатын беру желілері бірнеше учаскелерге, мысалы, тіректердің саны бойынша бөлінеді. Әр кедергінің (ЭҚЖ учаскесінің) орналасуы туралы деректер 5-суретке сәйкес беріледі. Әр кедергінің биіктігі тиісті учаскеде ЭҚЖ-ның ең үлкен биіктігі болып табылады. Дәлелсіз пайдаланушылық шектеулердің пайда болған жағдайда ЭҚЖ учаскелерге бөлу аралықтарын қысқартуға тиіс, бұл осы түрдегі кедергілерді нақты анықтауға мүмкіндік береді.
      4) Жол. Электр қуатын беру желісі сияқты жол да бірнеше учаскелерге бөлінеді. Әр нүктелі кедергінің (жол учаскесі) координаталары электр қуатын беру желісі жағдайына ұқсас беріледі (5-сурет), ал нүктелі кедергінің биіктігі төмендегілерге тең болып қабылданады:
      - осы учаскедегі автокөлік жолы төсемінің ең жоғары биіктігі плюс 5 м;
      - осы учаскедегі темір жолы төсемінің ең жоғары биіктігі және 5,5 м.
      Ескертпе. Автомобиль жолдарының жарық беру тіректері немесе темір жолдың байланыс аспаларының тіректері тиісінше жекелеген нүктелі кедергілер және электр қуатын беру желілері ретінде берілген. Көлік биіктігі (тиіссінше 5 және 5,5 м) бұл жағдайда ескерілмейді.
      5) Орман алқабы. Орман алқабы туралы деректер 3.4 а-суретте көрсетілген BEE'B' аймағы шегінде орналасқан жағдайда ғана көрсетіледі. Жазық жердегі орман алқаптары ҰҚЖ-ға немесе оның осінің жалғасына ең жақын орналасқан шегімен белгіленеді. Орман алқабының шегі көлденең де, тігінен де (бөлу аралықтары 50-100 м болып немесе биіктік пен бағыт бойынша маңызды өзгерістері орын алмаған жағдайда одан да көп аралықпен белгіленеді) оның сипатын толықтай көрсететін учаскелерге бөлінеді (6-сурет). Әр нүктелі кедергінің (орман шегінің учаскесі) биіктігі ағаштар төбелерінің ең жоғары биіктігі болып табылады. Егер орман алқабы биіктікте орналасқан болса, онда деректер 5 б тармағы-ережелеріне сәйкес беріледі.
      7. Кедергілерді айқындау және олардың координаталары мен биіктіктерін анықтау бойынша жүргізілген топографиялық-геодезиялық жұмыстардың нәтижелері мыналарды қамтуы тиіс:
      1) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттар көрсетілетін жалпы бөлігі, аспаптар, бастапқы тармақтар тізбесі, сондай-ақ камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылған материалдар көрсетіледі;
      2) координаталарды және кедергілер биіктіктерін анықтаудың, оның ішінде кедергілер туралы деректерді беру үшін модельдерді сипаттаудың әдістері көрсетіледі;
      3) кедергілердің полярлық, тікбұрышты және географиялық координаталары мен абсолюттік биіктіктері көрсетілген кедергілердің тізбесі;
      4) ҰҚЖ шектеріне, ҰҚЖ ұзақтығына, жылжытылған шектеріне дейінгі қашықтықтарға қатысты ҰҚЖ-ның нағыз азимуты, ӘБН-ның тікбұрышты координаталары туралы деректер;
 




Атауы

Xn, м

Yn, м

Habc, м

ЭҚЖ-1

ЭҚЖ-2


ЭҚЖ-3

ЭҚЖ-4


ЭҚЖ-5

ЭҚЖ-6


ЭҚЖ-7

3870

3670


3450

3200


2875

2675


2600

650

701


752

810


870

890


950

485

480


490

510


520

520


520

5-сурет. ЭҚЖ берілуі


 




Атауы

Xn, м

Yn, м

Habc, м

Орман-1
Орман-2
Орман-3
(және орман алқабының шегі бойында нүктелер бойынша ары қарай)

1800
890
2780

520
1060
-990

362
358
365

6-сурет. Орман алқабының берілуі


      5) ҰҚЖ осі мен оның жалғасы бойынша, ӘБН және ҰҚЖ шектерінің орналасуы бойынша, қажет болған жағдайда ҰҚЖ-ға қатысты кедергілер бойынша ҰЖ және ЕА (бар болған жағдайда) бейінін белгілеу арқылы графикалық материал.
      Кедергілер координаталары мен биіктіктер тізбелері, ҰҚЖ, ӘБН, ЕА туралы деректер, сондай-ақ тиісті графикалық материалды ашық материал түрінде рәсімдеу ұсынылады.
      8. Топографиялық-геодезиялық жұмыстарының нәтижелері негізінде авиакәсіпорын Тексеру актісін дайындайды, оған ҚР ӘПЖН 63-тармағына сәйкес айқындалуға тиісті кедергілер туралы деректер енгізіледі.
      Авиакәсіпорын белгілі мерзімде (шамамен жылына кем дегенде екі реттен кем емес) Тексеру актісінің әуеайлақта және оның жанындағы кедергілердің нақты жағдайына сәйкестігі тексеріледі. Тексерудің орындалуы Тексеру актісінің тіркеу парағында тіркеледі. Тексеруді жүргізген авиакәсіпорынның мамандары еркін нысандағы хаттаманы толтырады, оны авиакәсіпорынның басшысы бекітннен кейін Тексеру актісіне қосымша ретінде тіркеледі.
      Кедергілердің саны өзгерген кезде (бар кедергілерді жою, жаңа кедергілердің пайда болуы), олардың координаталары мен биіктіктері өзгерген жағдайда (бар кедергілердің, әуе кемелер тұрағының орындарының тасымалдануы немесе ауысуы, ҰҚЖ шегі қалыпының өзгертілуі және т.б.) растайтын құжаттарға (мысалы, құрылысты келісу, РТҚ-ны ауыстыру, құрылыс жабдықтарды орнату құжаттамасы) немесе жүргізілген өлшемдерге сілтеме жасалған тиісті деректер хаттамаға енгізіледі.
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
14-қосымша      
Шектеу беттері жоспарларын және есептеу кестелерін дайындау әдістемесі
Жабдықталмаған ҰҚЖ және аспаптар бойынша қонуға кіру ҰҚЖ
      1. Әрбір әуеайлақ үшін ішкі көлденең және конусты беттерінің бір жоспары дайындалады. Қонуға кіру беттері мен ауыспалы беттерінің жоспарлар саны әуеайлақтағы аспаптар бойынша қонуға кіру бағыттарының санымен анықталады.
      Жоспарлардың масштабы нақты әуеайлақтың ерекшеліктері ескеріле отырып таңдалады (ҰҚЖ саны мен ұзындығы, кедергілер саны мен олардың орналасу тығыздығы және т.б.), бірақ барлық жағдайда масштаб мынадай көрсеткіштерден кем болмауы тиіс: 1:100000 - сыртқы көлденең бет үшін; 1:50000 - ішкі көлденең, конусты, қонуға кіру және ауыспалы бет үшін.
      Жоспарларда шектеу кедергілерден биік орналасқан, олардың нөмірлері көрсетілген барлық кедергілер көрсетілуі тиіс.
      2. Ішкі көлденең және конусты беттерінің сыртқы шектерінің салынуы 1 және 2-суретте көрсетілген.
      Әртүрлі класстағы ҰҚЖ әуеайлақтары үшін ішкі көлденең бет әр ҰҚЖ-ның класына сәйкес келетін радиустарымен анықталады. Мұндай әуеайлақтардағы конустық беттің биіктігі ең жоғары класстағы ҰҚЖ үшін ҚР ӘПЖН белгілейтін конустық беттің биіктігімен анықталады.
      Конустық беттің сыртқы шегін жоспарға енгізу үшін ішкі көлденең беттің радиустарын мыналарға арттыру қажет:
             100 м
      r = -------- = 2000 м
             0,05
      А, Б, В және Г кластағы ҰҚЖ бар әуеайлақтар үшін немесе
             60 м
      r = -------- = 1200 м
             0,05
      А, Б, В және Г кластағы ҰҚЖ жоқ әуеайлақтар үшін.
      Жоспарларға шектеу беттердің биіктіктерін анықтау формулалары жазылуы тиіс. Бұл формулалар 1 және 2-суретте келтірілген формулаларға әуеайлақ биіктігі мен нақты мәндерін және r радиусын қою арқылы шығарылады.
 

      Белгілер: Н - кедергілерді шектеу бетінің биіктігі; На - әуеайлақ биіктігі;
      L - шектер арасындағы қашықтық; r = 4000 м - А, Б, В және Г кластағы әуеайлақтар;
      r = 3500 м - Д, Е кластағы әуеайлақтар; r = 2000 м - А, Б, В, Г кластағы әуеайлақтар;
      r = 1200 м - Д және Е кластағы әуеайлақтар.
      1-сурет. Бір ҰҚЖ бар әуеайлақтың ішкі көлденең және конустық беттерінің жоспары (масштабта орындалмаған)
      

      Белгілер: Н - кедергілерді шектеу бетінің биіктігі; На - әуеайлақ биіктігі; L - масштаб ескерілген жоспар бойынша анықталады;
      r = 4000 м - А, Б, В және Г кластағы әуеайлақтар; r = 3500 м - Д, Е кластағы әуеайлақтар
      2-сурет. Екі ҰҚЖ бар әуеайлақтың ішкі көлденең және конустық беттерінің жоспары (масштабта орындалмаған)
      Мысалы, На = 100 м және r = 4000 м үшін ішкі көлденең бетінің биіктігі мыналарға тең болады:
      Н = На + 50 = 100 + 50 = 150 м
      Жоспарға: "Н = 150 м" жазылады.
      ҰҚЖ шегі жағынан орналасқан конустық беттің бөлігі үшін осыған ұқсас:

      Жоспарға:

      3. Қонуға кіру беті мен ауыспалы беттің жоспарлары 3-сурет және 4-суретте көрсетілген.
      ҰЖ жанынан (3.12 және 3.13-суреттегі АБ сызығы) орналасқан ауыспалы беті аймағы бөлігінің сыртқы шегі қисық сызықты, өйткені АБ сызығының әр нүктесінен ҰЖ ось сызығына дейінгі қашықтық ҰЖ бойлық бейініне байланысты болады.
      ҰҚЖ ось сызығының немесе оның жалғасынан бастап осы шектің нүктесіне дейінгі қашықтық мыналарға тең болады:
      500 + 7 (На - Но) - А, Б, В немесе Г кластағы ҰҚЖ үшін,
      325 + 5 (На - Но) - Д немесе Е кластағы ҰҚЖ үшін,
      мұнда:
      На - әуеайлақтың абсолюттік биіктігі;
      Но - ауыспалы беттің шегіндегі нүктенің Х координатасына сәйкес келетін ҰҚЖ ось сызығының немесе оның жалғасының абсолюттік биіктігі.
      3 және 4-суреттерге сәйкес жоспарларды құру кезінде бұл сызық А және В нүктелерін қосатын тік сызық болып көрсетілуі мүмкін.
      А, Б, В немесе Г кластағы ҰҚЖ қонуға кіру бетінің екінші және көлденең орналасқан секторларының ұзындығы төмендегілерге тең болатын көлденең орналасқан сектор (Нг) биіктігіне байланысты болады
                         Нг = Hа + 150 м,
      егер қонуға кіру аймағындағы ең жоғарғы кедергінің абсолюттік биіктігі (Нп max) На + 150 м сомасынан арттырылмаса;
                           Нг = Нп max,
      егер Hп max На + 150 м сомасынан артық болса.
 

      3-сурет. А, Б, В және Г кластағы ҰҚЖ үшін қонуға кіру беті және ауыспалы беттерінің жоспары
 

      4-сурет. Д және Е сыныбындағы ҰҚЖ үшін қонуға кіру беті және ауыспалы беттердің жоспары
      3-суретте көрсетілген, ауыспалы беттің аймағы аяқталатын С нүктесі На әуеайлақтың биіктігі мен (H1) ҰҚЖ шегінің арақатынасына байланысты қонуға кіру бетінің бірінші, сондай-ақ екінші секторының ұзындығы шеңберінде орналасуы мүмкін.
      Қонуға кіру беті мен ауыспалы беттің жоспарында ҰҚЖ шегімен байланысты болған және ҰҚЖ бағытында қонуға кіру жүзеге асырылатын XOY координаталардың тікбұрышты жүйесі ғана пайдаланылады. Координаталардың тиісті осьтері жоспарда белгіленеді (3 және 4-сурет).
      Бұл жоспарларға шектеу беттердің биіктігін анықтау формулаларын енгізу ұсынылады. Бұл формулалар ҰҚЖ шегінің биіктігі (Н 1 ), әуеайлақ биіктігі (Н а ) және қонуға кіру аймағындағы ең жоғары кедергінің биіктігінің (Н п   max ) нақты мәндерін 3 және 4-суреттерде көрсетілген формулаларға қою арқылы шығарылады.
      4. Қонуға кіру беті және ішкі деңгейлес немесе конустық беттердің ортақ аймақтары болуы мүмкін. Қонуға кіру бетінде, сонымен қатар ішкі деңгейлес немесе конустық беттерінде де орналасқан кедергілерді жою және шектеу үшін кедергі орналасқан жерде ең төмен биіктігі бар беті пайдалануы тиіс.
      Кедергілердің биіктігін есепке ала отырып, оларды шектеу беттерінің өзара орналасу үлгісі 5 және 6-суретте көрсетілген.
      Кедергілердің орналасуын анығырақ көрсету және әуеайлақ аумағында биік объектілерді салуды келісу барысында шешім қабылдауды жеңілдету мақсатында қонудың барлық бағыттары үшін М 1:100000 картасында 6-суретте көрсетілген жоспарлар сияқты жоспарларды құру ұсынылады. Мұндай жоспарлар Кедергілерді тексеру актісіне енгізілуі мүмкін.
      5. Әрбір әуеайлақ үшін әрқайсысына түрі жағынан бірдей мынадай есептік кестелер толтырылады (3.4-кесте):
      а) сыртқы деңгейлес, ішкі деңгейлес және конустық беттері үшін есептік кесте (бір кесте);
      б) қонуға кіру және ауыспалы беттері үшін есептік кесте (қонуға кіру бойынша әр бағытқа бір кестеден).
      3.4-Есептік кестені толтыру тәртібі (мынадай):
      - кестенің атауында әуеайлақтың атауы және осы есептік кесте толтырылатын кедергілерді шектеу беттерінің атауы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда ұшудың бағыты да көрсетіледі (МБ = ...). Сондай-ақ, кестенің атауында ХОУ координаталарды есептеудің бастауы ретінде таңдалған ҰҚЖ шегі көрсетіледі («Координаталардың басталуы - МБ = ... болатын ҰҚЖ шегі»);
      - 1-ден 6-шы бағанға дейінгі тиісті беттер аймақтарында орналасқан кедергілер туралы мәлімет беріледі. Егер сондай кедергі бірнеше беттер аймақтарына түсетін болса, ол тиісті есептік кестелерге енгізіледі;
 

 

      6-сурет. А, Б, В және Г класындағы ҰҚЖ үшін беттердің шектелуінің өзара орналасу үлгісі.
      - 6-бағанда ұшу жолағы осінің екі жағынан да ені ± 750 м құрайтын аймағында орналасқан кедергілердің «Х» координатасына сәйкес келетін ҰЖ аясында ҰҚЖ ось сызығы мен оның жалғасының биіктігі көрсетіледі;
      - 7-бағанда кедергілерді шектеудің тиісті бетінің белгісі қойылады:
      СД – сыртқы деңгейлес, К – конустық, ІД – ішкі деңгейлес, ҚК – қонуға кіру, А – ауыспалы;
      - 8-бағанда кедергінің Х және Y координаталарын сәкес келетін Х және Y координаталар мәндері үшін 1-3-суреттерде көрсетілген формулалар бойынша есептелген кедергінің абсолюттік биіктігі (Н) көрсетіледі.
      Ескертпе. Бірнеше ҰҚЖ-сы бар әуеайлақтарда конустық беттің формасының маңызды күрделілігі салдарынан оның биіктігі кедергі орнатылған жерде жоспардың көмегімен анықталады. Ол үшін жоспарда кедергіден бастап (перпендикуляр бойынша) Ішкі деңгейлес шегіне (L) дейін қысқа қашықтық есептеліп, тіркеледі. Конустық беттің биіктігі кедергілер орналасқан жерде мынадай формулаға тең болады:
Н = 0,05 L + 50 м;
      - 9-бағанда кедергінің биіктігі (Нп) мен шектеуші бетінің биіктігі (Н) арасындағы әртүрлілігі (Нп - Н) көрсетіледі;
      - 10-бағанда шектеуші кедергіден биік орналасқан кедергілер үшін «Қауіпті кедергі» деп көрсетіледі, кедергі мынадай жағдайлардан басқа:
      а) басқа жылжымайтын кедергілермен «көлеңкеленген» («көлеңкелі» кедергілерді анықтау қағидалары 15-қосымшада көрсетілген).
      Бұл жағдайда «Қауіпті емес, N кедергісімен көлеңкелінген...», деп көрсетіледі;
      б) ауыспалы беттен биік орналасқан, бірақ ауыспалы бетпен шектеу бойынша талаптар ескерілмейтін объектілер санына жатады:
      - ҰҚЖ жанында орналасуы тиіс навигациялық құралдар (бұл жағдайда «Функционалдық мәні бойынша қауіпті емес» деп көрсетіледі),
      - РЖ-да әуе кемелері (бұл жағдайда «Қауіпті емес, бекітілген бағыт бойынша жүретін ӘК» деп көрсетіледі);
      - қозғалыстағы әуеайлақтық көлік құралдары (бұл жағдайда «қауіпті емес, бекітілген бағыт бойынша жүретін әуеайлақтық көлік құралы» деп көрсетіледі);
      в) сыртқы деңгейлес беттен биік болады, оның талаптары жаңадан салынған объектілерге ғана қойылады. Бұл жағдайда «Қауіпті емес» деп көрсетіледі.
      Бұл есептік кестелерде Х, У координаталары (3, 4-бағандар) және кедергілер биіктіктері (5-баған) Кедергілерді тексеру актісінің мәліметтеріне сәйкес белгіленеді, ал кедергілерді шектеу бетінің биіктігі (8-баған) 0,1 м-ге дейін жеткізіліп көрсетіледі.
      Шектеу бетінен кедергіні асыру (9-баған) 1 м-ге дейін жеткізіліп көрсетіледі.
      Шектеу беттерінен асатын барлық кедергілер Кедергілерді тексеру актісінің 1.3.- П. (11-қосымша) жинақ кестесінде көрсетіледі.
      6. Барлық есептік кестелерде қауіпті кедергі деп белгіленген кедергілер «...әуеайлақ бойынша (әуеайлақтың аты көрсетіледі) қауіпті кедергілер» бірыңғай кестеге (3.5-кесте) жинақталады. Бұл кесте Кедергілерді тексеру актісіне енгізіледі (11-қосымшаны қараңыз).
      3.5-кесте мынадай тәртіппен толтырылады:
      - 1-бағаннан бастап 5-бағанға дейін қауіпті кедергілердің орналасуы мен биіктігі туралы мәліметтер көрсетіледі, бұл кедергілердің орналасуы координаталардың полярлық жүйесінде белгіленеді, өйткені бұл кесте әуеайлақ бойынша ортақ кесте болып табылады. Бұл кестедегі кедергілердің нөмірі мен атауы Тексеру актісіне сәйкес белгіленеді;
      - 6-бағанда шектеуші бет көрсетіледі. Егер кедергі бір уақытта бірнеше бетті қиып өтсе және қауіпті кедергі болып табылса, 6-бағанда осы беттердің әрқайсысы белгіленеді;
      - 7-бағанда әр шектеуші беттен биік орналасқан кедергінің биіктігі өлшемі көрсетіледі;
      - 8-бағанда орын алған кедергілерді жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
      7. Қауіпті кедергілерді жою көптеген жағдайда қиындық келтіреді.
      Әр қауіпті кедергінің ұшудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ету дәрежесін анықтау үшін арнайы аэронавигациялық тексеруді жүргізу қажет. Бұл тексеруді жүргізу үшін осы әуеайлақ әуе кемелерін пайдалануы көзделіп отырған әуеайлақ қызметтерінің мамандарын және авиакомпаниялардың, авиажасақтардың өкілдерін тарту қажет. Бұл орайда ұшу бағытына қатысты әр кедергінің орналасуы ескеріліп, оның ұшуы мен қонуы үшін минимумдарына, әуе кемелерінің едәуір коммерциялық жүктелуіне әсері және тағы басқалары бағаланады. Алайда тек қауіпті кедергілерді ғана жою немесе белгілі бір аймақтарда ұшу мүмкіндігін болдырмау қажет екендігін назарға алу керек, өйткені әр қауіпті кедергі ұшу қауіпсіздігіне әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін, мысалы, түнгі ұшу кезінде әсіресе бұл кедергілер ұшып кету немесе қону аймағында орналасқан болса кедергілерді жарықтандырудан бас тартуға немесе күндізгі ұшу кезінде пилоттың каркасты құрылғыларды немесе мачталарды көре алмағанынан байланысты.
      8. Қауіпті кедергілерді және оларды жою бойынша іс-шараларды анықтау (3.5-кесте) орын алған кедергілерге қатысты ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкестігі болып табылады.
      9. Орын алған жаңа және көлемі ұлғайған объектілерді шектеу бөлігінде ҚР ӘПЖН 8-тарауы §1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкестігі жаңа объектілерді салуды немесе бар объектілерді қайта жаңартуды келісу кезеңінде қамтамасыз етіледі. Алайда жоғарыда аталған кедергілердің көптеген әуеайлақтарда ұшу тиімділігіне, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін жаңа немесе көлемі ұлғайған орын алып отырған объектілерді шектеу үшін кедергілерді шектеу жеткілікті емес. Мұндай жағдайларда жаңа және көлемі ұлғайған орын алып отырған объектілерді шектеу үшін сыртқы деңгейлес бетті қабылдау ұсынылады.
      Сыртқы деңгейлес беттің көлемдері әуеайлақтың ауданында маневр жасау схемаларын құру үшін пайдаланылатын кедергілерді есепке алу аймақтарының көлеміне сәйкес орналастыру ұсынылады. Сыртқы деңгейлес бетті А, Б, В, Г кластағы әуеайлақтар үшін ортасы ӘБН-да орналасқан және 15 000 м радиусы бар және Д және Е кластағы әуеайлақтар үшін 8 000 м шеңбер ретінде қабылдауға болады (7-сурет).
      Сыртқы деңгейлес беті конустық беттің жоғарғы шегінің биіктігінде, яғни А, Б, В, Г кластағы әуеайлақтардың деңгейінен 150 м және Д және Е кластағы әуеайлақтардың деңгейінен 110 м биіктікте орналасқан.
      Сыртқы деңгейлес бетті қиып өтетін кедергілер қауіпті кедергілерге жатпайтындығына қарамастан оларға қатысты да 7-тармақта аталып кеткен аэронавигациялық тексеруді өткізу тиіс.
      Қолданыстағы жаңа және көлемі ұлғайған объектілерді шектеу бөлігінде ҚР ӘПЖН 8-тарауы §1 және 2-тармақтарының талаптарын орындау кезінде сәйкестік кестесінде (2-қосымша) мыналар көрсетіледі:
      2-бағанда «Алғашқы 3000 м аясындағы қонуға кіру бетінің аймағында және ауыспалы беттің аймағында қауіпті кедергілер санының ұлғаюы мүмкін емес. Ішкі деңгейлес және конустық беттер, сыртқы деңгейлес беттер (бар болған жағдайда) аймақтарында және қонуға кіру беті аймағының басталуынан 3 000 м қашықтықта кедергілер санының ұлғаюы шектелген» ескерілмеген;
      4-бағанда – «Сәйкес келеді».
 



Н = На + 150 м - А, Б, В, Г кластағы ә/а
Н = На + 100 м - Д, Е кластағы ә/а



      Белгілер: СДБ – сыртқы деңгейлес бет;
      R - А, Б, В, Г класындағы әуеайлақтар үшін 15000 м;
      R - Д, Е класындағы әуеайлақтар үшін 8000 м;
      В – ұшу беті;
      ЗП – қонуға кіру беті
      Ескертпе: Сыртқы деңгейлес бет қолданыстағы жаңа немесе көлемі ұлғайған объектілерді шектеуге ғана арналған. Әуеайлақты пайдаланушы қажет болған жағдайда ұлғайтылатын беттің ең төмен көлемдері көрсетілген.
      7-сурет. Ұшып кету және қонуға кіру беттеріне қатысты сыртқы деңгейлес бет және оның орналасуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет