Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Кедергілерді «көлеңкелеу» қағидалары



бет13/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Кедергілерді «көлеңкелеу» қағидалары
1. Жалпы ережелер.
      «Көлеңкеленген» болып «көлеңке» аймағында орналасқан «көлеңкелейтін» кедергінің шыңынан өтетін «көлеңкелі» бетті қиып өтпейтін кедергі есептеледі.
      «Көлеңке» аймағы жеңіл және сынғыш кедергі болып табылмайтын жылжымайтын кедергілер арқылы пайда болады.
      Егер созылмалы кедергі «көлеңкелі» аймағында жартылай ғана орналасқан болса, оның қалған бөлігі «көлеңке» ережелері пайдаланбайтын жай кедергі ретінде қаралуы тиіс.
2. Ішкі деңгейлес және конустық беттер.
      Ішкі деңгейлес және конустық беттер шегінде орналасқан нүктелі кедергілерден «көлеңкелі» аймағы кедергі орналасқан нүктенің ортасында 100 м радиусты шеңбер ретінде белгіленген. «Көлеңке етуші» бет төмен түсетін 15 % еңіспен кедергінің шыңынан өтеді (1-сурет).
      Ішкі деңгейлес және конустық беттері шегінде орналасқан созылған кедергілерден «көлеңке» аймағы кедергінің периметрі бойынша ені 100 м жолақ болып табылады. «Көлеңке» беті төмен түсетін  15 % еңіспен кедергінің үстінен өтеді (1-суретті қараңыз).
      Қонуға кіру, ауыспалы немесе ұшып көтерілу беттерінің шектері жанында орналасқан кедергілерден түсетін «көлеңке» бұл кедергілердің аймақтарына таратылмайды (1-суретті қараңыз).
      «Көлеңке етуші» кедергіден L қашықтықта орналасқан «көлеңкелі» беттің биіктігі төмендегілерге тең болады:
      (H=HП—0,15L),
      мұнда (НП)— «көлеңкелі» кедергінің биіктігі;
      L — «көлеңкелі» кедергіден қашықтық.
      L қашықтығы ішкі деңгейлес және конустық беттің жоспары бойынша анықталады. Алайда нүктелі кедергілер үшін бұл қашықтық төмендегілерге тең болады:

      мұнда (ХП, YП)— «көлеңке етуші» нүктелі кедергінің тік бұрышты координаталары;
      X, У — «көлеңке етуші» беттің биіктігін анықтауға қажет нүктенің тікбұрышты координаталары.
      L қашықтығын анықтау үшін тікбұрышты координаталар өз белгілермен формулаларға қойылады.
 

      1-сурет. Ішкі деңгейлес және конустық беттер шегінде орналасқан кедергілермен «көлеңке» аймағының құрылуына:
      1 – кедергі; 2 – «көлеңке» аймағы; 5, 6 – «көлеңке» аймағындағы кедергілер;
      3, 4, 7, 8 – шектеуші беттер.
3. Қонуға бет алу.
      Қонуға кіру бетінің шеңберінде орналасқан нүктелі кедергілері «көлеңке етуші» кедергілер ретінде қаралмайды.
      Қонуға кіру бетінің жоспарында (2-сурет) созылған кедергілерден «көлеңкелеу» аймағын сызу үшін «көлеңке етуші» кедергіден қонуға кіру бетінің екі жақтағы шектеріне параллельді сызықтар жүргізіледі.
      «Көлеңке етуші» бет екі жазықтық арқылы құрылады. Оның біреуі ҰҚЖ бағытында төмен түсетін 15 % еңіспен «көлеңке етуші» кедергінің жоғары жағынан өтсе, екіншісі – ҰҚЖ бағытына көлденең өтеді (2-суретті қараңыз). «Көлеңке етуші» бет қонуға кіру бетімен қиылысу нүктесіне дейін немесе «көлеңке етуші» кедергінің шеттерінен өткізілген сызықтар («көлеңкелеу» аймағын құрайтын сызықтар) қиылысатын нүктесіне дейін созылады. Бұл «көлеңке етуші» кедергіге жақын орналасқан нүктесіне байланысты болады (2-суретті қараңыз).
      ҰҚЖ бағытындағы «көлеңке етуші» беттің биіктігі мыналарға тең болады
      H = HП - 0,15L.
      ҰҚЖ-дан бағытындағы «көлеңке етуші» кедергінің биіктігі Н=НП. тең болады.
 

      П.3.2-сурет. Қонуға кіру бетінің шеңберінде үздіксіз кедергілер арқылы аймақтың құрылуына:
      1 - кедергі; 2 - «көлеңкелеу» аймағы
4. Ұшып көтерілу беті.
       Ұшып көтерілу шегінде «көлеңкелеу» аймағы ұшып көтерілу беті үшін көлбеу бетін 1,6%-ға және ақпараттық бет үшін – 1,2% артық кез келген жылжымайтын (нүктелі немесе созылмалы, бірақ жеңіл және сыңғыш емес) кедергі арқылы құрылады.
      Оның ішкі шегі «көлеңке етуші» кедергінің жоғары жағы арқылы ұшып көтерілу беті аймағының осіне перпендикуляр орналасқан сызығынан басталады. «Көлеңке етуші» бет аймақтың ішкі шегінен ҰҚЖ бағытында тиісті жағдайда 1,6 % немесе 1,2% еңіспен ұшып кету бетімен қиылысқан жеріне дейін көлденең өткізілген жазықтықпен құрылады (3-сурет).
      «Көлеңке етуші» беттің биіктігі Н=Нп тең болады.
 

      3-сурет. Ұшып көтерілу бет шегінде «көлеңкелеу» аймағының жасалуына:
      1 - кедергі, 2, 4 - шектеу беттері, 3 - «көлеңке етуші» бет;
      5 - «көлеңкелеу» аймағы.
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
16-қосымша      
ӘК бұрылуының ең төмен радиустарының мәндері



ӘК түрі

Ил-18

Ил-62

Ил-76

Ил-86

Ту-134

Ту-154

Ан-12

Ан-24(26)

Ан-28

Як-40

Як-42

Л-410

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

ӘК бұрылуының ең төмен радиусы, м

19

30

12,7

24,5

16

22

15

12

6,4

10

18

4,8

Әуеайлақтардың (тікұшақ 


айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
17-қосымша      
РЖ-ның осьтік таңбалау желісінің ҰҚЖ ось желісімен
түйіндесудің (А) ақтығын анықтау схемасы

Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
18-қосымша      
ПАПИ/АПАПИ жүйелерінде шамдарды орнату жеріне дейінгі
D қашықтығын анықтау
      1. ПАПИ/АПАПИ (Dном қашықтығы) номиналды орны анықталады, ПАПИ/АПАПИ шамдары ҰҚЖ ось желісінің тиісті нүктесімен бір деңгейде орналасып, ал бұл деңгей ҰҚЖ шегінің деңгейіне сәйкес келеді.
      а) Жабдықталмаған ҰҚЖ:
      dhom= Нм / tg ( - 0002') - ПАПИ жүйесі үшін;
      dhom= Нм / tg ( - 0002') - АПАПИ жүйесі үшін.
      мұнда Нм – ұшқыш көз деңгейі мен шасси дөңгелегінің төменгі нүктесі (1-кестенің 1-бағаны) арасындағы тік қашықтық және ең үлкен ӘК ҰҚЖ шегінен жоғары осы нүктенің биіктігі (1-кестенің 2 немесе 3-бағаны) сомасына тең ең төмен биіктік;
       - ПАПИ жүйесіндегі 2-ші шамның шоқ сәулесінің биікке көтерілу бұрышы (1-сурет);
       - АПАПИ жүйесінде 1-шамның шоқ сәулесінің биікке көтерілу бұрышы (2-сурет).
      ә) Жабдықталған ҰҚЖ:
      dhom = (Нот + Н) / tg Ө - ILS (СП) жүйесімен жабдықталған ҰҚЖ,
      dhom = 15 м / tg Ө - ҚРЛ немесе ҚЖЖ, ЖЖРС, ВОР, ВОР/ДМЕ жүйесімен жабдықталған ҰҚЖ.
      Нот – осы әуеайлақтың ILS (СП) тірек нүктенің биіктігі;
      Н – осы әуеайлақ тұрақты түрде пайдаланатын ең үлкен ӘК (ең ұзақ DН қашықтығы бар) ILS борттық глиссадты антеннасы мен ұшқыш көзінің деңгейі арасындағы тік қашықтық;
      Ө - глиссаданың еңіс бұрышы.
1-кесте



Қонуға кіру конфигурациясындағы ұшқыш көзінің деңгейі мен ұшақ шассиі дөңгелегінің арасындағы тік қашықтық, ма)

ҰҚЖ шегінің үстінде шасси дөңгелегінің төменгі нүктесі биіктігінің қалаулы қоры, м б),в)

ҰҚЖ шегінің үстінде шасси дөңгелегінің төменгі нүктесі биіктігінің ең төмен қоры, м г)

3-дейін

3-тен 5-ке дейін

5-тен 8-ге дейін

8-ден 14-ке дейін



6

9

9



9

3д)

4

5



6

      а) Тік қашықтықтар тобын таңдау кезінде осы ҰҚЖ-ны тұрақты түрде пайдаланатын ұшақтар ғана қарастырылады. Осы ұшақтардың ішінде ең үлкен ұшақтар ұшқыштың көздері деңгейі мен шасси дөңгелектерінің төменгі нүктесі арасындағы тік қашықтықтар тобын анықтайды.


      б) Әдеттегідей, (2) бағанда көрсетілген ҰҚЖ шегінің үстінде шасси дөңгелектерінің төменгі нүктесі биіктігінің қалаулы қоры қамтамасыз етілуі тиіс.
      в) Жеке жағдайларда егер биіктік қорының төмендетілген мәндері тиімді екендігі расталатын болса, (2) бағанда көрсетілген ҰҚЖ шегінің үстінде шасси дөңгелектерінің төменгі нүктесі биіктігі қорының мәндері (3) бағандағы мәндеріне дейін (бірақ бұл мәндерден төмен емес) төмендетілуі мүмкін.
      г) ҰҚЖ-ның жылжытылған шегінің үстінен шасси дөңгелектерінің төменгі нүктесі биіктігінің ең төмен қорын пайдалану кезінде ұшқыш көзінің деңгейі мен шасси дөңгелектерінің төменгі нүктесі арасындағы тік қашықтықтардың таңдалған тобындағы ең жоғары мәнді ұшақ ҰҚЖ жағынан ұшып өткен кезінде (2) бағанда көрсетілген тиісті қалаулы қор қамтамасыз етілген жағдайда қамтамасыз етіледі.
      д) ҰҚЖ шегінің үстінен дөңгелектердің төменгі нүктесі биіктігінің бұл қоры жеңіл турбореактивті емес ұшақтар пайдаланатын ҰҚЖ-да 1,5 м-ге дейін төмендетілуі мүмкін.
      2. Төмендегідей жағдайларда dhom қашықтығын түзету қажет:
      dhom қашықтығына сәйкес келетін ҰҚЖ осінің биіктігі ҰҚЖ шегінің деңгейінен 0,3 м-ден артық болса;
      ПАПИ/АПАПИ орналасуына сәйкес келетін ҰҚЖ осінің биіктігінен 0,3 м-ге артық болса ПАПИ/АПАПИ шамдарының (линзалардың) биіктігі.
      ҰҚЖ осінің биіктігі бойынша (dhom) қашықтығын түзету үшін мыналарға тең келетін D1 түзетуі анықталады:
      (D1 = (Но - Н) / tgM);
      мұндағы М = (-0002') - ПАПИ үшін;
      М = (-0002') – АПАПИ үшін;
      Но – ҰҚЖ шегінің биіктігі;
      Н – dhom қашықтығына сәйкес келетін ҰҚЖ ось желісінің биіктігі.
      Түзетілген қашықтық:
      D’ном = Dhom + DD1. тең болады.
      (D1) өз белгісімен қосылады, яғни Но < Н болғанда шамдарды D1 өлшеміне дейін ҰҚЖ шегіне қарай, ал Но > Н болғанда – ҰҚЖ шегінен жылжыту керек.
      (D'ном) жаңа мәні кезінде ҰҚЖ осі биіктігі ҰҚЖ шегінің деңгейінен 0,3 м-ге дейін арттылса, қайта түзету жүргізіліп, биіктіктердегі айырма 0,3 м-ден кем түспегенше түзетуді қайта-қайта өткізу керек болады.
      3. Шамдар (линзалар) биіктігі бойынша түзетуді енгізу үшін төмендегілерге тең болатын (D2) түзету анықталады:
      (D2 = (Н - h) / tg M);
      мұнда М = ( - 0002') – ПАПИ үшін;
      М = ( - 0002') – АПАПИ үшін;
      h – D'ном қашықтықтағы ҰҚЖ ось желісінің деңгейінен шамдар (линзалардың) биіктігі;
      Н – D'ном қашықтықтағы ҰҚЖ ось желісінің биіктігі.
      Түзетілген қашықтық:
      D" ном = D'ном + D2. тең болады.
      (D2) түзетуі D1 түзетуі сияқты да өз белгісімен қосылады. Барлық жағдайларда нәтижелі қашықтық ПАПИ/АПАПИ жүйесін пайдаланатын едәуір үлкен ӘК үшін 1-кестеде қарастырылған ҰҚЖ шегінің үстінен шасси дөңгелегінің биіктігі қорын қамтамасыз ету қажет.
      4. D қашықтығын есептеудің толық үлгісі ИКАО Doc 9157 - AN/901 «Әуеайлақтарды жобалау бойынша нұсқаулығында» берілген, 4-бөлімі «Көзбен шолу құралдары» үшінші басылым, 1993 ж.
      5. ПАПИ/АПАПИ глиссаданың ILS глиссадасымен сәйкестігін қамтамасыз ету кезінде ILS (СП) глиссаданың номиналды бұрышы үшін I және II санаттарының жүйелері үшін ± 0,075 9 және ІІІ санаттағы жүйесі үшін ± 0,040 6 рұқсат етіледі. 9=30 бұрышы үшін сәйкесінше ± 13,5' және ± 7,2' бұрышы үшін сәйкесінше рұқсат етілген. Стандартты орнатылғыш ПАПИ бұрыштары ±10' шамасында глиссаданы қамтамасыз етеді, ал бұл глиссадалардың сәйкес келемеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. ILS (СП) глиссадасы оның 5' және одан да көп номиналды бұрышынан үнемі айырылған жағдайда, ПАПИ жүйесі ILS (СП) глиссаданың нақты, номиналды емес еңісі бойынша орнатылуы тиіс.
      Пилоттың көз деңгейі мен ILS борттық антеннасы арасындағы түрлі қашықтықтарына ие түрлі типтегі ӘК-ні есепке ала отырып, глиссадалардың сәйкес келу дәрежесі (2) ПАПИ «глиссадасында» секторды 20'-дан 30'-дейін кеңейту арқылы ұлғайтылуы мүмкін.
 

      1-сурет. 2о30’ - 4о шеңберінде Ө үшін ПАПИ шамдарының шоқ сәулелерінің орналасуы мен биіктен көтерілу бұрыштары
 

      2-сурет. АПАПИ шамдарының шоқ сәулелерінің орналасуы мен биіктен көтерілу бұрыштары.
Әуеайлақтардың (тікұшақ 
айлақтарының) азаматтық 
әуе кемелерін пайдалануға
жарамдылығы нормаларына
сәйкестігін бағалау  
әдістемесіне     
19-қосымша      
4.1-кесте
(КҚШ жүйесі үшін толтыру үлгісі)
ИКО жарық беретін сигнал жабдықтары жүйесінің сәйкестік
кестесі. 25.10.2009 ж. ССО № 000001-09 жарамдылық куәлігі.
“А”1 әуеайлағы. Қону МБпос=1800



ҚР ӘПЖН тармақтары

Тексеру қорытындылары

Растайтын құжат

ҚР ӘПЖН сәйкестігі

Ескертпе

1

2

3

4

5

10-тарау

Жабдықтау құрамы — ҚР ӘПЖН 8 және 26-қосымшаларына сәйкес

1

Сәйкес келеді

ҰҚЖ кеңейтуі бар болған жағдайда толтырылады

87-т.

жақындап келу шамдары және жарық беретін көкжиектер,







кіру шамдары,







шектеу шамдары,







ҰҚЖ қону шамдары,







глиссада шамдары;







жақтық рульдеу шамдары,







жарық беретін белгілер,







ҰҚЖ-да бұрылыс жасау алаңының шамдары







10-тарау 88-т.

Барлық жарық беретін сигнал жабдықтарының сәйкестік сертификаттары бар

1

Сәйкес келеді



10-тарау 90-т.

Электр тізбектері жүйе жұмысқа қабілеттілігінің жарық беру картинасының сақталуын қамтамасыз етеді

1

Сәйкес келеді



10-тарау 92, 93-тт.
12-тарау 141, 142, 144-тт.

Шамдар арматурасының түрі, жарық белгілері мен көздері техникалық құжаттамаға сәйкес келеді

1

Сәйкес келеді



10-тарау 143-т.

Жер үсті шамдардың және әуеайлақтардың, белгілердің биіктігі — ҚР ӘПЖН сәйкес

1

Сәйкес келеді



12-тарау 147-167-тт.

Жердегі ОМИ шамдарының орналасуы — ҚР ӘПЖН сәйкес
(ҚР ӘПЖН 27-30 қосымшалары) Жылжытылған шегі жоқ

1, 2

Сәйкес келеді



12-тарау 197-205-тт.

Глиссаданың визуалды индексация жүйесінің орналасу схемасы мен бекітілуі
Шамдар шоқ сәулелерін реттеу
Кедергілерден қорғау бетінің үстінен көрінетін объектілер жоқ

1, 2

Сәйкес келеді



12-тарау 206-208-тт.

РЖ-да шамдар ҚР ӘПЖН сәйкес орналастырылған

1

Сәйкес келеді



13-тарау 222-228-тт.

Электрқоректену көздерінің шығыс параметрлері (жарықтық реттеушісі)

1

Сәйкес келеді



13-тарау 229-234-тт.

Қашықтықтан басқару аппаратурасы әуеайлақта қолданылатын жарық беретін құралдардың басқаруын және олардың жағдайын бақылауын қамтамасыз етеді.
Шамдардың жарықтығын деңгейлерін ауыстыру кезіндегі қараңғы аралығы жоқ.

1, 2

Сәйкес келеді



13-тарау 235-238-тт.

Шамдардың ішкі жүйелерінің электрқоректенуі ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кабельді желілерінің оқшаулама кедергісі – ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкес.
Шамдар шоқ сәулелерінің орналасу бұрыштары – ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкес

1

Сәйкес келеді



14-тарау 239-263-тт.

Әуеайлақта барлық қажетті белгілер бар

1

Сәйкес келеді



15-тарау 276-279-тт.

Перронның прожектормен жарықтануы бар.
Перронды жарықтандыру сипаттамалары ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкес.

1

Сәйкес келеді



15-тарау 285-304-тт.

Түнгі таңбалануға тиісті объектілер – жарықтандырылған
Жарықтандыру құралдарының орналасуы, саны мен сипаттамалары — ҚР ӘПЖН талаптарына сәйкес

1

Сәйкес келеді





Растайтын құжаттар:
1. 10.09.2009 ж. Жер үстін тексеру актісі.
2. 15.09.2009 ж. Ұшуды тексеру актісі






        1 Әуеайлақтың шартты атауы


М.О. ______________________________  ____________  _______________
       (өтініш берушінің лауазымы)       (қолы)        (Т.А.Ә.)
                                            ______________________
                                                    (күні)
4.1-кесте
(ОВИ-І жүйесі үшін толтыру үлгісі)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет