Эукариоттық клетка



жүктеу 59.9 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі59.9 Kb.
ЭУКАРИОТТЫҚ КЛЕТКА

Эукариоттық клеткалар - 1 клеткалы өсiмдiктерден және қарапайымнан бастап (инфузориялар, талшықтылар және т.б.) көпклеткалы саңырауқұлақтар, жануарларға және өсiмдiктерге дейiнгi организмдер-күрделiлiгi мен құрылымының әртүрлiлiгiмен ерекшеленедi. Арнайы ерекшелiктерi бар мыңдаған клеткалар түрiнен құрылымның ортақ белгiлерiн айтуға болады. Әрбiр клетка 2 негiзгi, айрылмайтын бөлiктер – цитоплазма мен ядродан тұрады.

Цитоплазмада бiрнеше құрылым – органоидтар бар, әрқайсысының арнайы қызметi мен құрылысының ерекшелiк заңдылықтары немесе

клеткаларының тiршiлiгiнiң әртүрлi кезеңдерiндегi тәртiбi бар. Барлық эукариотты – клеткаларға тән организмдер бар: митох, клетка орталығы, Гольджи аппараты, арнайы клеткалар түрiне тән организмдер бар, мысалы, миофибриллдер, кiрпiкшелер және т.б.

Организмдер – Клетканың тұрақты, тiршiлiкке қажеттi құрамдас бөлiгi. Цитоплазмада органоидтардан өзгеше клеткалық тiршiлiк процесiне орай пайда болып, жойылатын тұрақсыз құрылымдары да бар. Олар тығыз құрылым – гранула немесе сұйықтары – вакуоль деп аталады. Клеткалардың тiршiлiк процесiнде зат алмасу өнiмдерi (пигменттер, белок гранулары) немесе қоректiк заттың қоры (май тамырлары, гликоген) жиналады.

Клетканың құрылымдық ұйымдасу негiзiне құрылыстың мембраналық принципi жатыр, яғни әрбiр клетка негiзiнен мембранадан тұрады дегендi бiлдiредi. Барлық мембрананың құрылысы ұқсас. Биологиялық мембрана 2 қабаттан және фосфолипидтер қатарынан тұрады, оған әртүрлi тереңдiкте iшкi және сыртқы жағынан белоктың көптеген, әртүрлi молекулалары кiрiп тұрады.

Биологиялық мембрананың қалыңдығы 7,5 – 8,0 нм. Цитоплазмалық мембранада көптеген майда тесiктер – поралар бар, олардың диаметрi 1,0 нм-ге жуық. Поралар және мембрана арқылы иондар, молекулалар тасымалдануы жүредi. Мембрананың жартылай өткiзгiштiк қасиетi бар: бiр заттарды өткiзедi кейбiреуiн өткiзбейдi.

Цитоплазмалық мембрана тағы бiр қызмет – көпклеткалы организмнiң ұлпаларында клеткалар арасындағы байланысты қамтамасыз етедi.

ЭНДОПЛАЗМАЛЫҚ ТОР

Эндоплазмалық тор (ЭТ) клеткадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, заталмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi клетканың жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң клеткаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр клеткаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай клеткаларда көп (өсiмдiк тұқымдары).

Бұдырлы мембраналар қызметi – рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке клеткаларында көп.

Сонымен, эндоплазмалық тор – каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы клеткашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында клетканың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар.

КЛЕТКА ЯДРОСЫ

Ядро – клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.

Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi.

Ядроның формасы клетка формасына байланысты болады. Ядро қабықшасының кедiр – бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және ядро мен цитоплазманың құрылымдардың байланысын арттырады.

Ядроны қабықша қаптап тұрады, олар 2 мембранадан тұрады немесе екi қабатты. Сыртқы ядролық мембранада рибосомалар орналасқан, ал iшкi мембрана тегiс. Ядро қабықшасы клетканың мембраналық жүйесiнiң 1 бөлiгi. Iшкi ядролық мембрананың өскiндерi эндоплазмалық тордың каналдарымен бiрiгiп, байланысқан каналдардың тұтас жүйесiн түзедi. Ядро және цитоплазма арасындағы заталмасу 2 жолмен жүредi. 1-ден, ядро қабырғаларында көптеген тесiктер бар, олар арқылы цитоплазма мен ядролар арасында молекулалық алмасуы жүредi. 2- ден, заттар ядродан цитоплазмаға және керi бағытта ядро қабықшасының өскiндерi мен ойыстарының жиырылуынан қозғала алады.

Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөлiп тұрады және ядроның iшкi ортасының – ядро шырынының болуын қамтамасыз етедi. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi. Сондықтан бүге, ядрошырынында бос нуклеотидтер, аминқышқылдар, ядрошық және хроматин қызметiнiң өнiмдерi бар.

Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады.(грекше chroma - түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар – ол гетерохроматин (грекше heteros - әртүрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әртүрлi жәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады.

Генетикалық белсендi хроматин – эухроматин (грек eu -толық) толығымен диспиральданған және жарық микроскоппен көрiнбейдi. Хроматиннiң эухроматиндi бөлiктiң құрамына өнiмдерiне нақты клетканың құрылысы барлық ерекшелiгi мен функциональдi белсендiлiгi кодтанған гендер кiредi.

Ядроға тән тағы бiр құрылым – ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi клеткалар ядросында, және 1 клетканың ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi.

РИБОСОМАЛАР

Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – субьбiрлiгi бар органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ –молекуласымен байланысады.

Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ молекуласында синтезделедi.

ГОЛЬДЖИ КОМПЛЕКСI

Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi – мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi. Гольджи комплексi белокты сөл бөлетiн клеткаларда, нейрондарда, овоциттерде жақсы дамыған. Гольджи комплексiнiң цистерналары эндоплазмалық тор каналдарымен байланыстырады. Эндоплазмалық тор мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер, майлар Гольджи комплексiне тасымалданып, оның құрылымының iшiне жиналады және не бөлiнуге дайын,  немесе клетканың тiршiлiк пройесiнде пайдалануға дайын сөп түрiнде оралып – «буылады».

МИТОХОНДРИЯЛАР

 Митохондриялар – бiрклеткалы және көпклеткалы организмнiң барлық эукариотты клеткаларында болатын органоидтар. Олардың формалары әртүрлi – дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Олардың мөлшерi 0,2-1,0 мкм диаметрi, және 7 мкм –ге дейiн ұзындықта болады. Әртүрлi ұлпаларда митохондрия саны бiрдей емес және клеткаларының функциональдi белсендiлiгiне тәуелдi синтетикалық процестер қарқынды жүретiн мысалы, бауырда және энергия шығыны мол жерлерде олар көп (мыс, жақсы ұшатын құстардың көкiрек бұлшықеттерiнде).

Митохондриялар эндоплазмалық тор мембранасын тығыз байланысқан, олардың каналдары митохондрияларда ашылады. Митохондриялар саны бөлiнуiмен артады. Митохондрия қабырғасы 2 мембрана – сыртқы немесе iшкi мембранадан тұрады. Сыртқы мембрана тегiс, iшкi мембранадан органоид iшiне кристалар кiредi. Криста мембранада энегия алмасуына қатысқан көптеген ферменттер орналасады. Криста саны клеткалар қызметiне байланысты. Бұлшықет митохондрияда олар өте көп, олар органоидтың iшкi қуысын толтырып тұрады. Митохондрияның негiзгi қызметi – энергияның универсальдi көзi – АТФ синтезi.

ЛИЗОСОМАЛАР

Лизосомалар (грек lysis- ерiту және soma - дене) – мембранамен қапталған, диаметрi 0,4 мкм болатын кiшкентай сопақша денешiктер. Лизосомаларда ферменттердiң 30 дан аса түрлерi бар, олар белоктарды, нуклеин қышқылын, полисахаридтi және басқа заттарды ыдырату қабiлетi бар. Ферменттер көмегiмен заттың ыдырауын лизис деп атады. Осымен органоид атауы да байланысты. Лизосомалар не Гольджи комплексiнiң құрылымдарынан, не эндоплазмалық тордан түзiледi.

Олар пиноцитоз немесе фагоцитоз вакуольiне жақындап, олардың қуысына өзiнiң затын құяды. Сонымен, лизосоманың ең негiзгi қызметi – қоректiк заттардың клеткашiлiк қорытылуына қатысу. Сондықтан бүге лизосомалар клетканың өлген жағдайында, эмбриондық дамуында және т.б құрылымдарын бұзу қасиетi бар.



КЛЕТКА ОРТАЛЫҒЫ

Клетка орталығы бiр –бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриол қабырғалары микротүтiкшелер бар. Центриолдар цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет