6.3. Пациент үшін негізгі мәліметтер.
Мәтінді жазу және оны бетке орналастыру алдында әрбір дәрілік препаратты қауіпсіз қолдану үшін қандай мәліметтер негізгі болып табылатынын анықтап алу қажет. Бұл тақырыптарда көрсетуді талап ететін ақпаратты, сондай-ақ оқырманның мүддесіне бөліп көрсетуді талап ететін жекелеген мәліметтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Әрбір дәрілік препарат үшін қауіпсіз қолдануға арналған негізгі мәліметтерді анықтап алған соң пайдаланушылық тестілеуге арналған сауалнаманы құрастыруға кірісуге болады (егер оны өтініш беруші көздеген болса).
6.4. Пациенттерге құжат бойынша навигацияда жәрдемдесу.
Құжатты ақпараттың орналасуы маңызды аспект болып табылады. Мәліметтерді ұсыну тәртібі осы Талаптардың 4-тарауында берілген (дәрілік препараттарды медициналық қолдану бойынша нұсқаулыққа және медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттың жалпы сипаттамасына қойылатын Талаптардың № 15 қосымшасы), ал шаблондар ақпараттың ҚП-да тиісінше орналасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шаблонды ақпаратты дұрыс орналастыру мақсатында пайдаланған кезде ол мақсатты аудиторияға түсінікті тілге аударылғанына көз жеткізу қажет.
Одан кейін оқырманның ақпаратқа бағдарлануы мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тақырыптар мен тақырыпшалардың орналасуын ойластыру қажет. ҚП-да тақырыптар – баяндалатын мәліметтердің құрылымын көруге мүмкіндік беретін негізгі құрал. Бұдан басқа, тақырыптар екі функцияны орындайды:
тараудың басталуын білдіреді және пациентке іздеген мәліметін табуға мүмкіндік береді;
оқырманған оны түсінуге мүмкіндік бере отырып, тарауда берілген ақпараттың сипатын көрсетеді.
Тақырыптар оқырман тақырыпты басқа мәтіннен жеңіл ажырата алатындай көрнекі бөліп көрсетілуі тиіс. Бұл мәтін бойынша белгілі бір ақпаратты іздеуді жеңілдетеді.
Бөліп көрсетуге бірнеше тәсілдермен қол жеткізіледі, мысалы:
қаратылған мәтін – қараңғы фондағы ақ түсті әріптер;
өзінен кейінгі ақпаратпен салыстырғанда тақырыптың үлкейтілген қалың мәтіні;
тақырыптың одан кейін берілетін ақпаратқа қатысты қарама-қарсы түспен бөліп көрсетілген үлкейтілген мәтіні.
Тақырыптар тараулардың мазмұнын дұрыс көрсетуі және жалпы ереже бойынша одан кейін берілетін ақпараттан қысқа болуы тиіс.
ҚП кейбір тараулары өте ұзын болып табылады, сондықтан мұндай жағдайларда ақпараттың үлкен бөлігінде іздеуді жеңілдететін тақырыпшаларды пайдалану орынды. Бұл осы тарауда ұсынылуы қажет мәліметтерді шектеу мақсатында тақырыптар мен тақырыпшаларды тиісті иерархиямен тексеріп пайдалануды талап ететін ҚП 2-тарауы үшін аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |