Вирустардан тазартуды айқындау үшін зерттеулердегі
вирустық жүктемені төмендету факторларын
(коэффициенттерін) есептеу жөніндегі
НҰСҚАУЛАР
Тазартудың немесе инактивациялаудың жекелеген сатысында вирустық жүктемені төмендету факторы (коэффициенті) тазартуға дейінгі материалдағы вирустық жүктеменің тазартудан кейінгі, келесі кезеңге беруге әзір материалдағы вирустық жүктеге қатынасының он мыңдық логарифмі түрінде көрінеді. Егер бастапқы материалдың көлемі v', титрі 10а' болса, онда вирустық жүктеме (v')×(10а') тең, ал тазарту (инактивациялау) сатысынан өткен өнімнің көлемі v'', титрі 10а'' болса және оның вирустық жүктемесі (v'')×(10а'') тең болса, онда жеке төмендеу факторлары (коэффициенттері) (Rі) мына формула бойынша есептеледі:
Формулада тазарту кезеңіне дейінгі және кейінгі материалдардың титрлері де, көлемі де ескеріледі.
Кейбір вирустардың титрін айқындау кезінде болатын қателіктерге байланысты вирустық жүктемені төмендетудің жиынтық факторын (коэффициентін) есептеу үшін пайдаланылатын төмендетудің жеке факторы (коэффициенті) 1-ден асуы тиіс.
Вирустық жүктемені төмендетудің жиынтық факторы өндірістің барлық процесінде әрбір кезеңді төмендетудің жеке факторларының (коэффициенттерінің) логарифмдерінің жиынына тең. Ол тазартудың бірінші кезеңі басталғанға дейін вирустық жүктеме мен тазартудың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейінгі вирустық жүктеме арақатынастарының логарифмін білдіреді. Факторлар (коэффициенттер), әдетте, логарифмдік координаталарда білінеді, яғни вирустың қалдық инфекцияланатын қабілетінің математикалық тұрғыдан нөлге дейін ешқашан төмендемейтініне қарамастан, оны практикада айтарлықтай төмендетуге болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың
дәрілік заттарына биологиялық
зерттеулер жүргізу қағидаларының
2-тарауына
№ 5 ҚОСЫМША
Бір дозаға вирустық бөлшектердің күтілетін санын есептеу бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |