Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі



бет34/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45

субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін құрауыштар тізбесі

      4.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      4.1.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне енгізілетін, Беларусь Республикасының жеткізетін желі (бұдан әрі - ЖЖ) бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған Шжелі шығындар мына формула бойынша есептеледі:

      Шжелі = Ш (1+ИҚ) (1+РП) (1+С), мұнда:



      Ш — уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ға жатқызылатын ЖЖ-ны күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған жалпы шығындар;
      ИҚ - инновациялық қорға аударымдар үлесі;
      РП - Беларусь Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайдаға аударымдар үлесі;
      С - салыққа аударымдар үлесі;
      Ш жалпы шығындарға: пайдалану-жөндеу қызметін көрсетуге; жалақыға; амортизациялауға арналған шығындар; басқа да ақшалай шығыстар (қосалқы материалдар, сырттан жеткізілетін энергия, әлеуметтік сақтандыру аударымдары және т.б.); электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар кіреді.
      4.1.2. Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
      Т = Шжеліт, мұнда:
      Т - Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;
      Эт - Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-тың жиынтық көлемі.
      4.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын жеткізу, оның ішінде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын, тұтынушылар үшін қолданылатын мүше мемлекеттер арасындағы МАБ, оның ішінде ұлттық электр желісінің (бұдан әрі - ҰЭЖ) желілері арқылы жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
      T = Z+P/Wжиынт (теңге/кВт.с), мұнда:
      Т - электр энергиясын жеткізу, оның ішінде электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын, тұтынушылар үшін қолданылатын мүше мемлекеттер арасындағы МАБ, оның ішінде ҰЭЖ желілері арқылы жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф (теңге/кВт.с);
      Z - Қазақстан Республикасы ҰЭЖ-дың электр энергиясын жеткізу, оның ішінде МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы шығындары (млн. теңге);
      P - электр энергиясын жеткізу, оның ішінде МАБ жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде ҰЭЖ-ның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын пайда деңгейі (млн. теңге);
      Wжиынт - шарттар мен келісімшарттар бойынша мәлімделген ҰЭЖ-дың электр энергиясын жеткізудің жиынтық көлемі (млн. кВт.с).
      4.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу кезінде тарифтік кіріске ҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын жалпы шығындар мен электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті пайда деңгейі кіреді (қатыстырылған активтер негізге алына отырып айқындалады).
      Электр энергиясын жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке енгізілетін шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      4.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      4.3.1. Жалпы ережелер.
      Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес БҰЭЖ арқылы электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тариф 2 мөлшерлеме түрінде белгіленеді: электр желілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме және БҰЭЖ-дегі электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған мөлшерлеме.
      Осыған ұқсас мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша Ресей БЭЖ-і арқылы қызметтер көрсетуге арналған тарифке енгізілетін құраушылар шығыстарды мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстарын құрауыш және мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстарды құрауыш болып бөлінеді.
      4.3.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне енгізілетін шығыстарды айқындау.
      4.3.2.1. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды құрауыштар тізбесі.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа мәлімделген, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын, мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесінде» айқындалатын қуатқа БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлеме бойынша ақы төленеді.
      БҰЭЖ объектілерін күтіп-ұстауға арналған мөлшерлемені есептеу кезінде ұлттық реттеуші орган тиісті есептік кезеңге белгілеген мынадай экономикалық тұрғыдан негізделген шығыстар есепке алынады:
      - операциялық шығыстар;
      - бақыланбайтын шығыстар;
      - инвестицияға арналған инвестицияланған капиталды қайтару (амортизациялау аударымдары);
      - инвестицияланған капиталға арналған кіріс.
      4.3.2.2. Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ бойынша көрсетілетін қызметтер тарифінің БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстарды құрауыштар тізбесі.
      БҰЭЖ-дегі электр энергиясы мен қуатының ысырабын өтеуге арналған шығыстар электр энергиясының тепе-тең бағаларында ескерілген электр энергиясы ысырабының көлеміне азайтылған БҰЭЖ-дегі электр энергиясының нормативтік ысырабына және тиісті ұлттық нарықтың инфрақұрылымдық ұйымдары көрсететін қызметтерінің құны есепке алына отырып, электр желілері арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жүзеге асырылатын, мемлекеттің электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін МТС жөніндегі әрбір есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығында қалыптасқан электр энергиясы мен қуатын сатып алу бағасына негізделе отырып айқындалады.

5. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне


енгізілмейтін, МАБ-ты жүзеге асыруға байланысты құрауыштар тізбесі

      5.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      Беларусь Республикасындағы Шжүйе жүйелік шығындарға уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты қамтамасыз ету үшін генерациялаушы қуаттардың резервін ұстауға арналған, Беларусь БЭЖ-і желілері арқылы берілетін жалпы қуат шамасындағы МАБ-тың қуат үлесі есепке алына отырып айқындалатын, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-ты техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар кіреді.
      5.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      Мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.
      5.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      Электр энергиясының (қуатының) алмасуын қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ-қа жататын электр энергиясының көлемі көтерме сауда нарығында баға өтінімдерін беру, бір тәулік бұрын баға өтінімдеріне бәсекелестік іріктеу жүргізу, Ресей БЭЖ-і шекарасында (шекараларында) жеткізудің әртүрлі нүктелерінде нарықтық бағаларды және электр энергиясының (қуатының) тең көлемдерін өзара байланысты және бір мезгілде жеткізуге байланысты жүйелік шығындар үлесін айқындау кезінде ескерілуге тиіс. Жүйелік шығындар мына құрауыштардан қалыптасады:
      5.3.1. Мүше мемлекеттер арасында МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде электр энергиясының жүктемелік ысырабының және жүйелік шектеулердің құнын өтеуге байланысты құрауыш (түйіндік баға айырмашылығы):

       - МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясы ағынының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;

      - МАБ шеңберінде Ресей БЭЖ-іне электр энергиясы ағынының «кіру нүктесіне» сәйкес келетін экспорт-импорт қимасында m айының h сағатында бір тәулік бұрын баға өтінімдерін бәсекелестік іріктеу нәтижесінде қалыптасқан баға;
       - Ресей БЭЖ-і арқылы m айының h сағатында МАБ көлемі.
      5.3.2. МАБ-ты қамтамасыз ететін Ресей БЭЖ-і жұмыс режимдерін іске асыру үшін генерациялаушы қуаттар резервінің болу қажеттігіне байланысты құрауыш:

      

      Шынm - m айында МАБ-тың мәлімделген барынша көп сағаттық көлеміне сәйкес келетін ең жоғары қуат;
      - тиісті жыл үшін қуаттарға бәсекелестік іріктеу жүргізу кезінде жүйелік оператор есепке алатын, ЕААі-дегі жоспарлы резервтеу коэффициенті;
      — тиісті жылға ЕААі-дегі тұтынушылар үшін бәсекелестік іріктеудің алдын ала бағасы (электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының қағидаларына сәйкес жүйелік оператор айқындайды);
      ЕААі - МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Ресей БЭЖ-інен электр энергиясының «шығу нүктесіне» сәйкес келетін жеткізу нүктелері жатқызылған еркін ағын аймағы.
      МАБ-тың құнын анықтау кезінде МАБ-тың «кіру» және «шығу» нүктелеріне сәйкес келетін еркін ағын аймақтарында (еркін ағын аймақтары түйіндерінде) қуатты бәсекелестік іріктеу нәтижелері бойынша айқындалған, тұтынушылар үшін жоспарлы бағалар арасындағы айырма да ескеріледі.

6. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес МАБ-ты шарттық


ресімдеуге қойылатын талаптар

      6.1. Беларусь Республикасының аумағында.


      Мүше мемлекеттер арасындағы Беларусь Республикасының электр энергетикалық жүйесі арқылы МАБ осы Әдіснаманың 1-бөліміне және 2-бөлімінің 2.4, 2.5, 2.6-тармақтарына және Беларусь Республикасының уәкілетті ұйымымен МАБ-қа арналған шарттарға сәйкес МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясы мен қуатының көлемі келісілген жағдайда жүзеге асырылады.
      Әрбір шарт бойынша МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны мына формула бойынша айқындалады:
      СМБ — Шжеліжүйе.
      6.2. Қазақстан Республикасының аумағында.
      Қазақстан Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі нысан бойынша жасалатын электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте МАБ-ты жүзеге асыруға арналған шарттарда осындай берудің ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
      6.3. Ресей Федерациясының аумағында.
      Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ мынадай шарттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
      6.3.1. Табиғи монополиялардың көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету және Ресей БЭЖ-і шекарасында (шекараларында) әртүрлі жеткізу нүктелерінде МАБ-ты жүзеге асыру үшін мәлімделген электр энергиясының (қуатының) тең көлемін өзара байланысты және бір мезгілде жеткізу мақсатында коммерциялық агенттің Беларусь Республикасының немесе Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымымен шарттары.
      Ресей БЭЖ-і арқылы мүше мемлекеттер арасындағы МАБ құны m айында осындай шарттарда мына формула бойынша айқындалады:
         

      - Ресей заңнамасына сәйкес төленетін, БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым көрсетілетін қызметтерінің құны;


       - Ресей заңнамасына сәйкес төленетін жүйелік оператор көрсетілетін қызметтерінің құны;
      - МАБ -ты Ресей БЭЖ-і арқылы сүйемелдейтін электр энергиясының (қуатының) көтерме сауда нарығындағы іс-қимылдарға байланысты көрсетілетін қызметтердің m айындағы құны.

      

      - электр энергиясының, қуатының және көтерме сауда нарығына жіберілген өзге де тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көтерме сауда нарығын ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық оператор көрсетілетін қызметтердің m айындағы құны;
      - Көтерме сауда нарығының сауда жүйесіне қосылу туралы шартта айқындалған талаптар мен міндеттемелерді есептеу жөніндегі кешенді қызмет көрсетудің m айындағы құны;
      — коммерциялық агент жасасатын шарттарда екіжақты тәртіппен айқындалатын коммерциялық агенттің шығындары.
      6.3.2. Электр энергетикасында жедел-диспетчерлік басқару жөніндегі және ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру (өткізу) жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің ұйымдары арасындағы электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттар (техникалық келісімдер);
      6.3.3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы электр энергиясын өткізу кезінде туындайтын, МАБ қималары бойынша нақты ағындардың жоспардағыдан ауытқу шамаларын өтеу мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату шарттары.

7. Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері


арасында мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының сағаттық
нақты көлемі туралы коммерциялық есепке алу деректерін алмасуды
ұйымдастыру тәртібі

      7.1. Осы Тәртіп коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін алу бөлігінде екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын; коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін және коммерциялық есепке алудың көрсетілген деректерін жеткізу нүктелеріндегі мәндерге дейін толықтыра есептеудің келісілген әдістемелерін пайдалану ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекетаралық электр беру желілері арқылы (бұдан әрі - МАЭБЖ) электр энергиясының жедел1 сағаттық ағынын айқындау тәртібін; коммерциялық есепке алу деректерін алмасу және жеткізу нүктелеріндегі мәндерге келтірілген коммерциялық есепке алу деректерін келісу рәсімдерін айқындайтын тәртіпті белгілейді.


      МАЭБЖ бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың сағаттық деректерін қалыптастыру және алмасу талаптары мен тәртібі МАЭБЖ-де есепке алу нүктелері бойынша электр энергиясы ағындарының сағаттық шамаларының деректерін алмасу туралы екіжақты келісімдерге сәйкес айқындалады.
_____________________________
1 Жедел сағаттық ағын деп коммерциялық есепке алу кешендерінің техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен (бұдан әрі - ЭКЕАЖ) ағындарға енгізілген, барлық есепке алу нүктелерінен алынған коммерциялық есепке алудың сағаттық (жарты сағаттық немесе сағаттық) деректері түсініледі.

      7.2 Жедел ақпарат алмасу.


      Мүше мемлекеттердің тиісті шаруашылық жүргізуші субъектілері тәулік сайын (немесе мүше мемлекеттердің келісуі бойынша өзге уақыт аралығында) МАЭБЖ бойынша электр энергиясының сағаттық ағындарының шамасын қалыптастырады, алынған деректермен алмасады, тиісті есептеулерді орындайды, деректердің сәйкестігіне баға береді.
      МАЭБЖ бойынша берілетін электр энергиясының сағаттық ағындарының мәндерін қамтитын ақпаратты жедел алмасу үшін деректерді берудің келісілген форматтары пайдаланылады.
      7.3. Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу.
      Жеткізу нүктесіндегі сағаттық мәндерді есептеу екіжақты келісімдерде келісілген, берілген және алынған электр энергиясының нақты көлемдерін есептеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.

8. Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық электр беру желілері


бойынша электр энергиясы ағынының нақты сальдосын айқындау тәртібі

      Күнтізбелік айдағы мемлекетаралық қималар арқылы өткізілетін электр энергиясының нақты көлемін айқындайтын осы тәртіп мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының пайдалануына арналған.


      Мүше мемлекеттердің мемлекетаралық қималары арқылы өткізілетін электр энергиясы ағынының нақты сальдосы әрбір күнтізбелік айда әрбір жеткізу нүктесіне (WСальдо_шекара) қабылданған (WП1_шекара) және/немесе одан берілген электр энергиясы (WO1_шекара) мөлшерінің алгебралық сомасы ретінде айқындалады.
      «Қабылдау», «Беру» режимдерінде барлық МАЭБЖ-да жұмысына қосылған кедендік шекараға (жеткізу нүктесіне) сәйкестендірілген электр энергиясының күнтізбелік айдағы мәні және сальдо мына формулалар бойынша есептеледі:

      

      

      

      - бір күнтізбелік айда і-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде қабылданған электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға салу үшін мән белгіні (ағын бағытын) ескере отырып алынады;
      - бір күнтізбелік айда і-ші МАЭБЖ бойынша әрбір жеткізу нүктесінде берілген электр энергиясының нақты мөлшері. Сальдо-ағын есебін формулаға салу үшін мән белгіні (ағын бағытын) ескере отырып алынады;
      R - бір күнтізбелік ай ішінде жұмысқа қосылған мемлекетаралық қимадағы МАЭБЖ мөлшері.

9. Одақ шеңберінде МАБ-ты жүзеге асыру кезінде мемлекетаралық


қималар бойынша нақты ағындардың жоспардағыдан ауытқу көлемі
мен құнын есептеу тәртібі

      Мемлекетаралық қималар бойынша нақты жеткізілімдерге мынадай құрауыштар: МАБ көлемі, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері жасасқан коммерциялық шарттардың көлемі, авариялық көмек көлемі мен сальдо-ағындардың нақты мәндерінің жоспардағыдан ауытқуына байланысты көлемі кіреді.


      Нақты сальдо-ағынның жоспардағыдан сағаттық ауытқуының шамаларын есептеуді және ауытқулар көлемін олардың бастамасына байланысты анықтауды БҰЭЖ-ді басқару жөніндегі ұйым, Ресей БЭЖ-і жүйелік операторы, Беларусь БЭЖ-і жүйелік операторының функциясын орындайтын ұйым, Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
      - МАБ-ты Ресей БЭЖ-і арқылы жүзеге асыру кезінде МАБ көлемдерінің сағаттық шамасы тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады;
      - есепті кезеңнің әрбір сағатында коммерциялық шарттар бойынша электр энергиясын жеткізудің нақты сағаттық көлемі белгіленген тәртіппен келісілген түзетулерді ескере отырып, тәуліктік диспетчерлік графикте ескерілген тиісті жоспарлы мәндерге теңдей етіп қабылданады.
      - үшінші мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатынастар шеңберінде реттелетін сағаттық ауытқулар көлемі (сыртқы теңгерімдеу) Одақ шеңберіндегі ауытқулар көлемінде ескеріледі. Сыртқы теңгерімдеу көлемін айқындау тәртібі мүше мемлекеттердің аралас электр энергетикалық жүйелерінің жүйелік операторларымен (БҰЭЖ басқару жөніндегі ұйымның қатысуымен) келісіледі;
      - авариялық көмек көрсету көлемі ішкі ұлттық нарықтардың субъектілері арасында жасалатын авариялық көмек көрсету кезінде электр энергиясын сатып алу/сату шарттарының талаптарымен айқындалады.
      Сағаттық ауытқулар көлемі МАБ-ты қамтамасыз ету үшін жасалуы Әдіснаманың 6-бөлімінде мүше мемлекеттердің әрқайсысы үшін көзделген шарттарға сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында қаржылық реттелуге жатады.
      Электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттардың (техникалық келісімдердің) талаптарын сақтау, оның ішінде мүше мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелеріндегі жиілікті реттеу және мемлекетаралық қималар бойынша келісілген сальдо-ағындарды ұстап тұру бөлігінде сақтау қажеттігін негізге ала отырып, ауытқулар құны электр энергиясының (қуатының) ішкі ұлттық нарықтарының субъектілеріне олардың электр энергиясының (қуатының) ұлттық нарығындағы жүйені теңгерімдеу жөніндегі қатынастарға қатысу нәтижесінде шеккен негізделген шығындарын өтеуге тиіс.
      Ауытқулар құнын есептеу электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысы туралы шарттарда (техникалық келісімдерде) немесе мүше мемлекеттер арасында электр энергетикасы саласындағы өзара қатынастарды реттейтін өзге де шарттарда белгіленген мәндерден аспайтын көлемдерде электр энергетикалық жүйелердің қатарлас жұмысын технологиялық жағынан қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын (қуатын) сатып алу/сату көлемдерін есепке алудың айрықша тәртібі ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.
      Ауытқуларды өтеу мақсатында есепте пайдаланылатын сатып алынған және сатылған электр энергиясы мен қуатының сандық және баға параметрлері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылымы ұйымдарының есепті құжаттарымен расталады.
      Шарттар бойынша жеткізілімдер құнын есептеу кезінде электр энергиясының (қуатының) көлемін қайтадан есепке алуға жол берілмейді.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа  
№ 22 ҚОСЫМША     

Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда,


газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи
монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол
жеткізу қағидалары туралы
ХАТТАМА

      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 79, 80 және 83-баптарына сәйкес газ саласындағы ынтымақтастық негіздерін, мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаттары мен талаптарын айқындайды.


      2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      «газға ішкі қажеттіліктер» - мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында тұтыну үшін қажетті газ көлемі;
      «газ» - негізінен метаннан тұратын, газ тасымалы жүйелері арқылы сығылған газ тәріздес күйде тасымалданатын, мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін және (немесе) шығарылған газ тәріздес көмірсутектердің және басқа газдардың жанғыш қоспасы;
      «газ өндіретін мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда аз тұтынылатын мүше мемлекеттер;
      «газ тұтынатын мүше мемлекеттер» - аумағында газ өндіру мен шығаруға қарағанда көп тұтынылатын мүше мемлекеттер;
      «газ тасымалы жүйелері» - магистральдық газ құбырларын қамтитын газ тасымалдауға арналған құрылыстар мен газ тарату желілерінен басқа, олармен бірыңғай технологиялық процеспен байланысты объектілер;
      «газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу» - газ тасымалдау үшін мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілері басқаратын газ тасымалы жүйелерін пайдалану құқығын беру;
      «газға тең кірісті бағалар» - газдың ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, оның ішінде мынадай қағидаттарға негізделе отырып қалыптастырылған көтерме бағасы:
      газ өндіретін мүше мемлекеттер үшін нарықтық көтерме бағаны қалыптастыру осы мемлекеттерде алынатын баждардың, алымдардың, салықтардың, өзге де төлемдердің шамасын сыртқы нарықтағы газды сату бағасынан және газ жеткізушінің сыртқы және ішкі нарықтағы газ тасымалдау құнының айырмасын ескере отырып, газ өндіретін мүше мемлекеттерден тысқары жерлердегі газ тасымалдау құнынан шегеру жолымен жүзеге асырылады;
      газ тұтынатын мүше мемлекеттер үшін - газ өндіретін мемлекеттің шығарушысы сыртқы нарықта газ сату бағасынан баждарды, алымдарды, салықтарды, өзге де төлемдерді, сондай-ақ газ өндіретін мүше мемлекеттен тысқары жерлерде газ тасымалдау құнынан шегеру арқылы қалыптастыратын нарықтық көтерме баға;
      «газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер» - газ тасымалы жүйелері арқылы газды өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
      «уәкілетті органдар» - осы Хаттаманы іске асыруды бақылау үшін мүше мемлекеттер уәкілеттік берген мемлекеттік органдар.
      3. Мүше мемлекеттер мына негізгі қағидаттарды:
      1) өзара саудада кедендік әкелу және әкету баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбау;
      2) бірінші кезекте мүше мемлекеттердің газға ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
      3) мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағасы мен тарифтерін мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес белгілеу;
      4) мүше мемлекеттердің газға арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіру;
      5) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      6) газды ішкі тұтыну туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат негізінде ақпарат алмасу қағидаттарын негізге ала отырып, Одақтың ортақ газ нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ мүше мемлекеттердің газ тасымалы жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      4. Газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу осы Хаттаманың талаптарына сәйкес мүше мемлекеттердің аумағынан шығатын газға ғана қатысты ұсынылады. Осы Хаттаманың ережелері газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне үшінші мемлекеттердің аумағынан шығатын газ тұрғысынан қол жеткізу қатынастарына және Одақтың аумағынан және аумағына газ тасымалдау саласындағы қатынастарға қолданылмайды.
      5. Мүше мемлекеттердің мынадай іс-шараларды:
      газды ішкі тұтыну туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат негізінде ақпарат алмасу жүйесін құруды;
      осы Хаттамаға сәйкес индикативті (болжамды) баланстарды дайындау үшін тетіктер құруды;
      мүше мемлекеттердің газға арналған нормалары мен стандарттарын біріздендіруді;
      мүше мемлекеттердің аумақтарында газ сатудың коммерциялық рентабельділігін қамтамасыз ететін нарықтық бағаларды ұстап тұруды қамтитын іс-шаралар кешенін іске асыруы осы Хаттамада көзделген, мүше мемлекеттердің газ тасымалы жүйелері бойынша газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету шарты болып табылады.
      Мүше мемлекеттердің осы тармақта көрсетілген шаралар кешенін орындауды аяқтауы тиісті хаттамада ресімделеді.
      6. Мүше мемлекеттер барлық мүше мемлекеттердің аумағында газға тең кірісті бағалар болуына қол жеткізуге ұмтылады.
      7. Мүше мемлекеттердің барлығы осы Хаттаманың 5-тармағында жазылған іс-шаралар кешенін орындағаннан кейін мүше мемлекеттер газ тасымалы жүйелерінің қолда бар техникалық мүмкіндіктері, бос қуаттары шегінде, Одақ газының келісілген индикативті (болжамды) балансын ескере отырып және шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық шарттары негізінде басқа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүше мемлекеттердің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан газ тасымалы жүйелеріне қол жеткізуін мына қағидалар бойынша қамтамасыз етеді:
      мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, тарифті қоса алғанда, аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің газ тасымалы жүйесінің меншік иесі болып табылмайтын газ өндірушілермен бірдей жағдайларда басқа мүше мемлекеттің газ тасымалы жүйесіне қолжетімділік ұсынылады;
      газ тасымалы жүйелері арқылы газ тасымалдаудың көлемі, бағасы және тарифтері, сондай-ақ газ тасымалдаудың коммерциялық және өзге де талаптары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы азаматтық-құқықтық шарттарда айқындалады.
      Мүше мемлекеттер өз мемлекеттерінің аумағында қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдауға арналған қолданыстағы шарттардың тиісінше орындалуына жәрдемдеседі.
      8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің индикативті (болжамды) баланстарын қалыптастыру әдіснамасына сәйкес Комиссияның қатысуымен Одақ газының индикативті (болжамды) балансын (шығару, тұтыну және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткізу, оның ішінде өзара жеткізу) әзірлейді және келіседі, ол 5 жылға жасалады және жыл сайын 1 қазанға дейін нақтыланады.
      Мүше мемлекеттер келісілген газ балансын есепке ала отырып, мүше мемлекеттердің ішкі нарықтарында газ тасымалы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізілуін қамтамасыз етеді.
      9. Мүше мемлекеттер мынадай:
      1) мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы газ тасымалдау;
      2) газ құбырларын, жерасты газ қоймаларын және газ кешені инфрақұрылымының басқа да объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану;
      3) мүше мемлекеттердің газға ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті сервистік қызметтер көрсету салаларында ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады.
      10. Мүше мемлекеттердің аумағында орналасқан газ тасымалы жүйелерінің жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарды біріздендіруді мүше мемлекеттер қамтамасыз етеді.
      11. Осы Хаттама мүше мемлекеттердің өздері қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
      Мүше мемлекеттердің газ тасымалы саласында Шартта реттелмеген қатынастарына мүше мемлекеттердің заңнамасы қолданылады.
      12. Шарттың XVIII бөлімінің ережелері газ тасымалын жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне осы Хаттамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      13. Шарттың 83-бабында көзделген Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңде, егер тиісті мүше мемлекеттер өзгеше туралы уағдаласпаса, мүше мемлекеттер арасында газ жеткізу саласында жасалған екіжақты келісімдер қолданылады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа 
№ 23 ҚОСЫМША    

Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет