Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған қандай 
оқиға? 
2. 1917 жылдың басына таман Бірінші дүниежүзілік соғыс 
майдандарында стратегиялық жағдай мен күштердің ара қатынасы қандай 
болды? 
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қандай екі империя ыдырап 
кетті? 
4. Ресей империясы қай оқиғаларға байланысты Бірінші дүниежүзілік 
соғысқа қатысуынын бас тартты? 
5. АҚШ-ры қай жылы Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты? 
6. Германияда Қараша революциясы қашан басталды? 
7. Компьен уақытшы бітімі қашан жасалды? 
8. Большевистік Ресеймен Германия арасындағы Брест-Литовск бітімі 
қашан жасалды? 
9. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі нәтижелері қандай? 
10. Бірінші дүниежүзілік соғыста қай әскери-саяси одақ жеңіске жетті 
және оның себептері неде? 
 
 
 
9 - дәріс. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейнгі
халықаралық қатынастар.
 
1.
1919 ж. Париж бітім конференциясы 
2. Версаль бітім шарты 
3. 1921-1922 жж Вашингтон конференциясының шешімдері. 
4. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттары. 
 
1919 жылғы Париж бітім конференциясы. Бірінші дүниежүзілік 
соғыстың қорытындылары. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен 
орманында Антанта мемлекеттерінің талабымен Германия жеңілгендігін 
мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер 


94 
мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж 
қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 
27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж 
Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ 
президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады. 
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық 
қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру 
мәселесі тұрды: 
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа 
принциптерді қалыптастыру; 
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу; 
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу. 
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз 
мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы 
негізгі мақсаты - дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. 
Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары 
қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші 
дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан 
кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, 
экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын 
Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. 
Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жараланған. Соғыс 
жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 
жылы АҚШ дүниежүзінде көмірдің 50% өндірді; шойын мен болаттың; мұнай- 
дың; автомобильдің 85% шығарды. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы 
саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен 
Латын Америка елдерінде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға 
жетті. 1918 жылы АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша 
берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ 
дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне 
асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 тараудан» тұратын 
бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды: 
- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту; 
- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу; 
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және 
«ашық қол» принципін сақтау; 
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу; 
- қару-жарақты қысқарту; 
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу; 
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін 
халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру. 


95 
Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік 
сүйгіш саясатты білдірген «14 тараудан» құрылған бағдарламасына Франция 
мен Англия басшылары қарсы шықты. 
«14 тараудан» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың 
экспансиялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының 
мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен 
Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның 
бағдарламасын қабылдамады. Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо 
мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал 
мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті. 
Версаль бітім шарты. Версаль бітім шарты Антанта басшылары уәде 
еткен «әділетті және демократиялық бітімнен» әлдеқайда басқаша болып 
шықты. Құжатқа кол қойылған үлкен Версаль сарайының атымен аталған 
Версаль шарты бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланды 
және осыған байланысты жаза тартуы керек болды. 
Германияны барлық отарларынан айырып, оның территориясының 
кейбір бөлігін көрші елдерге беру және Антанта елдеріне келтірген зияндары 
үшін репарация төлеуге міндеттеген шешім қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет