Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония 
және Франция «Төрт елдік келісімге» қол қойды. Бұл келісімде «Тынық мұхит 
аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу» сөз болды. АҚШ-тың мақсаты - 
Тынық мұхит аралдарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы 
ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл 
келісімнің 
жойылуына 
қарсы 
тұрды. 
Ағылшын 
уәкілі: 
«Сіздер 
қорықпаңыздар, бір келісімнің орнына төрт келісім қабылданды» - деп 
жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкілі: 
«Сіздер бәрібір біздің келісімді жерге көмдіңіздер» - деген жауап қайтарды. 
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашинггон конференциясы Америка 
Құрама Штаттарының ең ірі жеңісі болды. Олар Париж конференциясындағы 
жеңілістің есесін қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзін билеу және ұлы 
державалық саясаты асықпай іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон 
келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды жоя 
алмады. КСРО үкіметінің сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне 
байланысты, АҚШ көп жылдар бойына өзінің билеу саясатын еркін жүргізе 
алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі, ұлы держава елдерінің арасындағы 
қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екінші дүниежүзілік 
соғысқа әкелді. 


99 
Бірінші 
дүниежүзілік 
соғыстан 
кейінгі 
әлемнің 
әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттары. 
ХХ ғ. 20 ж. 
Еуропадағы 
буржуазиялық 
революциялар 
және 
олардың 
өзіндік 
ерекшеліктері. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары 
тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен карсы алды. Бірақ соғыстан кейін 
бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ 
процесс болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы 
соғыстан бұрынғы экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда 
халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық 
қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы 
қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер 
соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.
 
Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық 
процестерге әкеліп соқтырды. Еуропа революцияларының басы Ресейдегі 
1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды 
Жеңімпаз елдер — Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда 
революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді. 
Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер — Австро-Венгрияда, 
Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. 
Соғыстың басты салдарларының бірі — ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей 
және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы 
болды. 
«Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры» — басталған жаңа дәуірдің 
маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей 
сайлау құқы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп 
халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси 
күреске араласуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдық процестерге сол кездің 
өзінде «бұқара ғасыры», «тобырлар ғасыры» деген айдар тағылған болатын. 
Қалың халық бұқарасының ұйымдасқан немесе стихиялық түрдегі саяси-
әлеуметтік қозғалыстарға қатысуы, әрине, прогрессивтік құбылыс болды. 
Бірақ бұл құбылыстың екінші, жағымсыз жақтары бар еді. Саяси және 
экономикалық сілкіністер жағдайында идея фанатиктері мен алаяқ-
саясаткерлердің «тобыр билігін» пайдаланып кету, халықтың эмоциялық 
еліктегіш бөлігін кертартпа қозғалыстарға тарту қаупі гөнді. 
Мұндай бағыттар үшін Еуропа қоғамында негіздер жеткілікті еді. Соғыс 
кезіндегі қиыншылықтар мен ауыртпалықтар ондаған миллион адамдарды, ең 
алдымен қала тұрғындарын — жұмысшыларды, қызметкерлерді, саудагер-
лерді, қолөнершілерді, халықтың басқа да әлеуметтік топтардың жұтатып, 
қайыршылық пен аштыққа соқтырды. Соғыста аман қалып, майданнан 
оралған солдаттардың жағдайлары да оңай болмады. Еуропа елдерінде 
халықтың арасында едәуір мөлшерде тапсызданған және қайыршылық күйге 
түскен адамдар көп болды. Олар теңестіру туралы әлеуметтік демагогияларды, 
утопиялық идеяларды, ұлттық ерекшелік, ұлтшылдық пен шовинизмнің басқа 
да шектен тыс ұрандарын қабылдауға аса сезімтал болды. Халықтың бұл 


100 
маргиналдық топтарын бұзақылық әрекеттерге үгіттеу өте оңай еді. 
Сондықтан да олар көбінесе солшыл радикалдық немесе оңшыл радикалдық 
қозғалыстар мен партиялардың әлеуметтік негізіне айналып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет