101
тапсызданған топтары, тұрмыс халі онша емес офицерлер және үйреншікті
ортасынан шығып қалған ұсақ меншік иелері құрады.
Ол кездегі солшыл радикалдық және оңшыл радикалдық саяси
қозғалыстар мен партиялар либералдық идеялар мен парламентаризмге
утопистік «жаңа әлеуметтік жүйелер» мен мемлекеттік құрылыстың өз
жобаларын қарама-қарсы қойды. Оларға биліктің диктаторлық, тоталитарлық
формалары мен жеке адамдардың құқықтарына мемлекеттің үстемдігін
орнатуға ұмтылыс тән болды.
Екі идеялық саяси ағым мен жүйенің — либералдық-демократиялық және
тоталитарлық
(солшыл
және
оңшыл
радикалдық
нұсқаларында)
кақтығысулары Еуропаның 1918—1945 жж. саяси тарихының өзегі болды. Бұл
процесс Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі революциялық және әлеуметтік
қозғалыстарда, әсіресе Германияда, айқын көрініс тапты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа және Америкадағы
революциялар мен революциялық өрлеулер.
Германиядағы 1918-1919
жылдардағы революция.
Революция қарсаңындағы Германияның жағдайы. Орталық
Еуропа
елдеріндегі
революциялар өте күрделі мәселелерді шешуге тиісті болды.
Германия экономикасы жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел болды.
Алайда
мұнда
буржуазиялық-демократиялық
қайта
құрулар
аяқталмағандықтан, саяси жағынан артта қалушылық бар еді. Германияның
саяси жағынан артта қалуы помещиктік (юнкерлік) жер иелігі мен
монархияның сақталуынан көрінді. Сайлау құқығы өте шектеулі болды,
монархтың (кайзердің) билігі шексіз, ал рейхстагтың өкілеттілігінің өрісі тар
болды, үкімет басшысы (канцлер) рейхстагқа бағынбайтын еді. Сондықтан
демократиялық өзгерістер жасау міндеттері әбден пісіп-жетілді. Сонымен
қатар Германияда жұмысшы қозғалысы жоғары дәрежеде ұйымдасқан, оның
тәжірибелі саяси партиялары бар еді. Сондықтан бұл революцияның басты
қозғаушы күші жұмысшылар болатыны анық еді.
1918 ж. күзінде Германияның дүниежүзілік
соғыста жеңілгені айқын
болды. Неміс әскерлерінің жазғы шабуылдары сәтсіз аяқталды. 1918 жылдың
қыркүйегінде Антанта әскерлері теңізде Маас өзеніне дейін созылған кең
майданда шабуылға шығып, немістерді Бельгия мен Франция жерінің көп
бөлігінен қуып тастады.
Соғыстағы жеңіліс Германияның ішкі саяси жағдайын да шиеленістіріп
жіберді. Қазан айының басында үкімет ауысып, ханзада Макс Баденский
канцлер болып тағайындалды. Жаңа канцлер 5 қазанда АҚШ Президентіне
дереу уақытша бітім жасауды өтінген жеделхат жіберді.
Соғыс елдің экономикасын қатты ойсыратты.
Жалақы барынша
азайтылды, азық-түлік қымбаттады, ақша құнсызданып, халық күйзеліске
ұшырады. Тылда да, майданда да толқулар басталды. Жоғарғы билеуші топ та
елде революциялық сілкініс төніп келе жатқанын түсініп, оны реформа
жолымен тоқтатуға үміттенді. Баденский үкіметінің құрамына Германияның
социал-демократиялық партиясының (ГСДП) жетекшісі Фридрих Эберт және
102
Германияның тәуелсіз социал-демократиялық партиясының (ГТСДП)
жетекшісі Филипп Шейдеман енгізілді.
Революцияның басталуы. Германияның жеңілгендігін әскери басшылар
мойындағысы келмеді. Қазан айының аяғында олар Герман флотын ағылшын
флотына қарсы шайқасқа шығармақшы болды. Өздерінің күшінен әлде-қайда
асып түсетін ағылшын флотына қарсы шабуыл жасау, теңізшілерді мағынасыз
өлімге айдау болар еді. Бірнеше әскери кемелер бұйрықты орындаудан бас
тартты, ал әскери басшылар оларды жаппай тұтқындауға бұйрық берді.
Осыған жауап ретінде 3 қарашада Киль қаласында бұқаралық шеру басталды.
Қала комендатурасы шеруді күшпен тоқтатуға әрекет жасады. Бұл әрекет
қалада көтерілістің басталуына әкелді. Кемелерде және казармаларда кеңестер
құрылды.
Берлиндегі бас көтеру 9 қарашада басталды. Сол күні жүздеген мың
жұмысшылар астананың орталығына қарай шеру жасады. Көтерілісшілер
түске қарай Берлинді өз қолдарына алды. Кайзер
II Вильгельм тақтан бас
тартты, ал Макс Баденский канцлер қызметін рейхстагтың ең ірі
фракциясының — социал-демократтардың жетекшісі Ф.Эбертке тапсырды.
Социал-демократгар елде республика құрылғанын жариялап, уақытша үкімет
құрды. 10 қарашада құрылған бұл уақытша үкімет Халық өкілдерінің кеңесі
(ХӨК) деп аталды. Кеңесті екі төраға — Ф.Эберт (ГСДП) және Г.Гаазе
(ГТСДП) басқаратын болды. К.Либкнехт үкіметке кіру жөніндегі ұсыныстан
бас тартты. Ол Германиядағы революция әрі қарай дамып, социалистік
сипатқа ие болатындығына сенімді еді. Ол
Кеңестердің бүкілгермандық съезін
шақырғанға дейін билікті Берлин кеңесіне беруге шақырды.
1918 жылы 16-21 желтоқсанда Берлинде Кеңестердің I бүкілгермандық
съезі етті. Съезде ұзақ айтыс тартыстан кейін Құрылтай жиналысы сайлауын
қолдау жөне Германияның болашақ мемлекеттік құрылысын анықтау
мәселесін Құрылтай жиналысының қарауына беру туралы шешім
қабылданды. Ұлттық жиналысты шақыру 1919 жылдың 19 қаңтарына
белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: