103
Бавар кеңестік республикасы. Астанадағы көтеріліс талқандалды, бірақ
Германияның бірқатар аудандарында әлі де революциялық қозғалыс жалғасып
жатты. Ақпан-мамыр аралығында көптеген
қалаларда ереуілдер толқыны
болып өтті. Революциялық өрлеудің ең шыңы - 1919 жылдың 13 сәуірінде
Бавар кеңестік республикасының жариялануы болды. 13 сәуірде монархистер
Мюнхенде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, Бавар үкіметінің
басшысы тәуелсіз социал-демократ К.Эйснерді өлтірді. Революцияның
жетістіктерін қорғап қалу үшін әрекет Комитеті құрылды,
оған социал-
демократтар тәуелсіздер және коммунистер кірді. Комитетті коммунист
Евгений Левине басқарды.
Революцияның қорытындылары және маңызы. Веймар республикасының
құрылуы. Қараша революциясының басты қорытындысы және маңызы
монархияның жойылуы, саяси және әлеуметтік салада демократиялық
өзгерістердің іске асырылуы,
республиканың құрылуы, Германияның
соғыстан шығуы болды. Германиядағы революцияның ерекшелігі -
мемлекеттік құрылыстағы түбірлі өзгеріс бейбіт сипатта іске асуы еді. Бұл
өзгерістерді
іске
асыруға
социал-демократия
жетекшілік
жасады.
Парламентгік күрес тәжірибесін әжептәуір меңгерген бұл партия
демократиялық республика құру міндетін конституциялық-құқықтық қайта
құрулар жолымен іске асыра алды.
1919 жылдың 31 шілдесінде Ұлттық
жиналыс конституция қабылдады,
бұл Веймар конституциясы деп аталды. Бұл 1871 жылғы конституциямен
салыстырғанда нағыз демократияшыл заң болды. Конституция Германиядағы
республикалық құрылысты заңдандырды; жалпыға бірдей тең сайлау
құқығын, азаматтардың заң алдындағы теңдігін жариялады; сөз,
баспасөз,
жиналыс, одақтар құру мүмкіндігі берілді. Кәсіподақтардың құқықтары
кеңейтілді, әлеуметтік заңдылықтар қабылданды. Алайда конституция
парламенттің (рейхстаг) құқықтарын шектеп, президентгің өкілеттігін
кеңейтті.
Австро-Венгриядағы революция.
Габсбургтер монархиясының ыдырауы.
Әр түрлі тілде сөйлейтін, діні, тегі, салты мен әдет-ғұрпы бөлек халықтарды
топтастырған Австрия-Венгрия монархиясы XIX ғ.
аяғында ұлт-азаттық
қозғалысының өрістеуіне қарамастан, ұзақ уақыт сақталып келді. Габсбургтер
әулеті билеген дуалистік монархияда Австрия мен Венгрияның саяси-
құқықтық жағдайы бірдей болды, ал Чехия, Словакия тағы басқа бөліктері
жартылай отар сипатында өмір сүрді. Экономикалық даму дәрежесі жағынан
Чехия мен Австрия басқа бөліктерінен жоғары болды.
Алайда Чехия мен
Австрияның өнеркәсібінің дамуына артта қалған аграрлы аудандар кесірін
тигізді. Бұл жағдай дүниежүзілік соғыс кезінде одан әрі шиеленісті. Чехияда,
Словакияда, Венгрияда ұлт-азаттық қозғалысы өрледі. 1848 жылдан бері тақта
отырған қарт император Франц Иосиф қанша тырысқанымен империяның
ыдырауын тоқтата алмады. 1914 ж. тақтың мұрагері Франц Фердинандтың
өлтірілуі саяси дағдарысты тереңдете түсті. Ал 1916 ж. Франц Иосифтің
қайтыс болуы және дүниежүзілік соғыста
Австро-Венгрияның жеңілуі
104
империяның ыдырауын жылдамдата түсті. 1918 ж. күзде Чехияда, Польшада
және басқа славян жерлерінде тәуелсіз ұлттық мемлекет құру ниеті күшейді.
1918 ж. 28 қазанда Чехословакия, 29 қазанда сербтер, хорваттар мен славяндар
(Югославия), 2 қарашада Венгрия тәуелсіздіктерін жариялады. Осылайша
Габсбургтер империясы ыдырады.
Достарыңызбен бөлісу: