Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Англия, Франция және АҚШ -тың Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 
жағдайы. 
 
Еуропа елдерінде және АҚШ-да соғыстан кейінгі бейбіт өмірге оралу 
ұзаққа созылды. Бітім жөніндегі келісімдерге қол қойысу, күйреген 
империялар коқсығында жаңа мемлекеттердің құрылуы, әлеуметтік 
қозғалыстардың толастауы, кеңеске қарсы басқыншылықтың тоқтатылуы мен 
Батыстың Кеңестік Ресеймен қарым-қатынастарының қалыпқа келуі 
тұрақтылыққа жол ашты. Өмірдің қалыпқа түсу процесі басқалардан гөрі 
жеңімпаз елдерде ертерек байкалды. АҚШ, Англия, Франция, Скандинавия 
елдері экономикаларын бейбітшілік арнасына бұруды аяқтап, 1929 -1933 жж. 
экономикалық дағдарыстарға дейін созылған экономикалық өрлеу жолына 
түсті.
 
Экономиканы қалпына келтірудің ерекшеліктері. Еуропа елдерінің 
шаруашылық өмірін қалпына келтірудің ең маңызды шарты - соғыстан кейінгі 
инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валюталардың, ең алдымен 1924 жылға 
дейін берекесі кеткен Германия валютасының тұрақтылығын қалпына келтіру 
болды. 
Дауэс жоспары. 1924 ж. америкальқ банкир Дауэс басқарған арнайы 
халықаралық комитет халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын 
қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын қабылдады. Жоспардың мазмұны 
- несиелердің көмегімен Германия экономикасын қалпына келтіру болды. Бұл 
оған Англия, Франция және басқа да елдерге соғыс шығындарын өтеуге, ал 
оларға өздерінің АҚШ-қа қарыздарынан құтылуға мүмкіндік берді. 
Капиталдың бұл айналымы валюталардың алтын стандартына көшумен 
бірігіп, экономиканы қалпына келтірудің алғышартына айналды. 
Құрылымдылық қайта құру. 20-жж. жетекші капиталистік елдердің 
экономикасында маңызды құрылымдық өзгерістер орын алды, соғыс кезіндегі 
қираушылықтар қалпына келтіріліп, өмірдің әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлар бірсыпыра жақсартылды. Автомобиль, электротехника, химия 
өнеркәсіптері сияқты жаппай өндіріс салалары алдыңғы қатарға шықты. 
Жаппай өндірістің жаңа техникалық деңгейі автомобиль конвейері, 
стандарттау, типтік бөлшектерді кеңінен қолдану, еңбек процесстерінің 
қарқынын арттыру мақсатымен оларды басқару мен ұйымдастырудың тиімді 
әдістерінен көрініс тапты. Мұның барлығы еңбек өнімділігін, өндірістің 
тиімділігі мен табыстылығын арттыруға мүмкіндік берді. 
20 - жж. екінші жартысында барлық капиталистік елдер өндірістің 
соғыстан бұрынғы деңгейін калпына келтіріп қана қоймай, оны басып озды. 
Әсірісе АҚШ экономикасы аса жедел дамыды. Соғыстан бұрынғы деңгеймен 
салыстырғанда халыкаралык сауда үштен бір есе артты. Ол жылдардағы 


107 
«просперити» деген американ сөзі экономиканың дағдарыссыз даму 
дәстүрінің келгеніне сену мен болашаққа үмітпен қараушылықты білдірді. 
Капиталистік дүниенің экономикалық дамуы біркелкі болмады. Егер 
АҚШ, Франция, Германия салыстырмалы тез қарқынмен дамыса, Англия, 
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі даму қарқыны 
жөнінде артта қалды. 
Капиталистік дүниедегі экономикалық, тұрақтылық берік болмай шықты. 
Оның ең осал жері 20-ж. соңында өсе бастаған тауарларды жаппай өндіру мен 
халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі арасындағы айырмашылық болды. 
Бейнелей айтсақ, 30-жж. автомобиль конвейерлерінің соңында бұрынғыдай 
тынымсыз сатып алушылар кезегі артта қалды. Тауарлар өтпей, қоймаларда 
жиналып, сауда дағдарысы келе жатты. Одан жарнамалар, несие беру, кейін 
төлеу де сақтай алмады. 1929 ж. 24 қазанында Нью-Йорк фондалық 
биржасында үрей басталды, жұрттың барлығы өз акцияларын сатуға ұмтылды. 
Сөйтіп, салыстырмалы гүлдену дәуірі аяқталды. АҚШ-тың соңынан бүкіл 
капиталистік дүние дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тереңіне енді. 
20 жж. саяси дамудың ерекшеліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыс 
Еуропалық қоғамның негіздерін түбімен шайқалтты. Соғыс аяқталған соң 
ұзамай-ақ шыққан О. Шпенглердің «Еуропаның ақыры» деген кітабы көп 
мәселелерде уайымшылдық пен мұраттардың қирағандық көңіл күйіне сәйкес 
келді. Революциялар, саяси дағдарыстар, халықтың қайыршылануы 
үкіметтерден, саяси партиялардан жаңа саяси бағытқа түсуді талап етті. 
Социал-демократиялық партиялар Еуропаның саяси тарихында тұңғыш рет 
үкімет басқарып, басқа саяси партиялармен билеуші одақтарға енді. Олардың 
қатарларында 6 млн. аса мүше болды, оларға ондаған миллион сайлаушылар 
дауыс берді. Социал-демократтардың ықпалының артуына, партиялардың 
негіздерінің кеңеюіне соғыстан кейін барлық Еуропа елдерінде жалпыға 
бірдей сайлау құқын енгізу себеп болды. Бұл құқықты соғысқа дейін онымен 
пайдаланбаған әйелдер де алды. 
20-жж. саяси күресте әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруші 
баспасөздің рөлі арта түсті. Радио, кинематограф аса қуатты ақпарат 
құралдарына айналды, «бұқаралық мәдениет», көпшілік қойылымдар мен 
көрілімдер (хоккей, дансингтер, концерттер т. б.) пайда болды. Қоғамдағы 
реформашылдық көзқарастардың артып, әлеуметтік қозғалыстардың 
толастауына «халықтық», дағдарыссыз капитализм идеяларын насихаттау 
әсер етті. 
Тұрақтылық пен реформаларға ұмтылушылық тек қалыптасқан дәстүрлі 
парламент жүйелері бар елдерге (Үлыбритания, АҚШ, Франция, Скандинавия 
елдері) ғана тән құбылыс емес еді. 
20-жж. демократияландыру, реформалар қоғам өмірінде жұмысшы және 
демократиялық қозғалыстар маңызды рөл атқаратын, мемлекеттік 
басшылыққа ықпал етуге және қоғамдағы бүлікшіл күштерге қарсы тұруға 
қабілетті салиқалы реформашыл орта қалыптасқан жерлерде өтіп жатты. Осал 
орталық оқиғалардың шиеленіскен жағдайында Италиядағыдай оңшыл 


108 
экстремистік күштердің, Ресейдегідей солшыл радикалдардың билік басына 
келуіне тосқауыл қоюға дәрменсіз болып шықты. 
Авторитарлық режимдерді орнатуға ұмтылушылық Оңтүстік және 
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде (Венгрия, Болгария, Грекия, Албания) 
орын алды. «Солға» және «оңға» ауытқушылық мемлекеттік құрылыстағы 
демократиялық жүйелер орнаған елдерде орын алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет