112
дүние жүзілік көптеген елдерінен көмекке келген демократ-еріктілер соғысты.
Кеңес Одағы да
оларға әскери көмек көрсетіп, еріктілер жіберді.
1929-1933
жж.
дүниежүзілік
экономикалық
дағдарыстың
ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында
миллиондаған акциялардың бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне
байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы
кағаздар рыногінің апатқа
үшырауы еді. Акциялармен биржалық-алып-сатушылык және олардың курсы
1928—1929 жж. экономикалык серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру
осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең
экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдін міндетті кезеңі болып табылатын экономикалық
дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі - өндіріс пен тұтыну арасындағы
тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногындағы
ұсыныс оларға деген төлем қабілеті - сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып
қалмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді,
өндірісті азайтады, жұмысшыларды қысқартады, капитал салымын кемітеді.
Өндірісті рыноктің таралған көлеміне дейін теңестіру - циклдік дағдарыстан
автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады.
Бұл бұрын
болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933
жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан шығудың автоматтык механизмінің «істемей қалуы» көп
жағдайда капиталистік шаруашылықтың құрылымының өзгерістерімен
байланысты болды. Капитал мен өндірістің аса ірі бірлестіктерде шоғырлану-
ірі бірлестіктерге олардың өндіріске монополиялықтарына байланысты
бағаны төмендетпей, бір мезгілде өндірісті қысқартуға мүмкіндік берді.
Дағдарыстың аса ұзақка созылуы (кей елдерде бес жыл бойына) дағдарыстан
автоматты түрде шығудың дәстүрлі рыногтік механизмінің бұл жағдайда
істемейтіндігін сол себепті мемлекеттік реттеу механизмімен толықтырылуы
тиіс екендігін көрсетті. Халықаралық тауар алмасу процестеріне кедергі
келтірген қолдаушылық саясаты да дағдарыстан шығуды қиындатты.
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жана техника мен технологияның
жаппай өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын.
АҚШ-та
жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау
үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет.
1929—1933 жж.
дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның
арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай
жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен
көтерілістер қаупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиелеінісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды ерекшелігі-
циклдік дағдарыстың ұзақ мезіргідік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде
болды. 30-жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10-15 жылда бір
peт келетін құрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев
20-жж. өзінде-ақ экономикалық дамудағы «үлкен циклдер», немесе «ұзын
113
толқындар» теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық
және саяси сілкіністері экономикадағы «ұзын толқындар»
теориясының
дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада «ұзын толқындар» деп ұзақтығы шамамен алғанда 48-55
жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын
айтады. Мұндай жартығасырлық аралыққа келетін кезендерде индустриялық
қоғамның техникалық және технологиялық негізі жанарып, бұл құбылыс
капиталистік өркениеттің басты-басты экономикалық аймақтарының
шаруашылықтарының барлық салаларын қамтиды. Мұндай циклдер XVIII г.
80-ші ж. соңы мен 90-шы жж. басынан басталған болатын. Сол кезден бастап
батыс елдері төрт «ұзын толқындарды» бастарынан өткізді, олардың
әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса,
соңынан төмендейтін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін
кезендердің түйіскен жеріннің үлесіне әлеуметтік
сілкіністердің көп бөлігі
(соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл
үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж. соңы -
1840 ж.; 1840 ж. соңы — 1890 ж.; 1890 ж. соңы — 1940 ж. басы; 1940 ж. басы
— 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX г. екі толық «ұзын толқындар» орын алды, ал
1980 жж. басталған бесінші «ұзын толқындар» немесе кезең XXI г.
аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезен конъюнктураның төмендеу кезенің
қамтилы. Бұл уақыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс, 30-жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалык елдердегі
революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің
орнауы секілді оқиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі
омырылу, либералдық демократияның терең
дағдарысы және еуропалық
өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп қарастырған жөн. Соғыс аралық
онжылдықтар мен екі дүниежүзілік соғыстың күйзелістерінен шығу
жолдарының қиындығы мен қарама-қайшылықтығы, міне, осында болды.
Достарыңызбен бөлісу: