Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

ХХ ғасырдың 1930 жылдарының бірінші жартысындағы халықаралық 
қатынастар: барысы мен дағдарысы. ХХ ғасырдың 30-40 жж. арасындағы 
халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында 
Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік 
мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта 
бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер 
бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға 
жанталасты. Германия өз көршілерін табанына салуды, КСРО-ны талқан-
дауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздеді. 
Италия Жерорта теңізін «Итальян көліне» айналдыруды, Балкан түбегі мен 
Таяу Шығыс елдері, Африканың шығыс және солтүстігінің бір бөлігін өзіне 
бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық 
бөлігін, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппин мен басқа 
«оңтүстік теңіз» елдерін өзіне қаратуды көздеді. Ең ірі фашистік-милитаристік 
мемлекеттер - Германия мен Жапония дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. 


114 
Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты «дүниенің сегіз бұрышын бір 
шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына біріктіру» деп ашық жариялады. 
Фашистік Германия үкіметінің басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы неміс 
әскери қолбасшылығының құпия мәжілісінде сөйлеген сөзінде өз саясатының 
мақсатын а) Еуропада үстемдік, ә) жүз жылдық дүниежүзілік үстемдік деп 
айқын белгіледі.  
Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және 
Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға түсті. Италия Эфиопия 
(Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып 
алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтүстік-Шығыс Қытай) 
оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, 
Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты Қытайдың ірі қалаларымен қоса үлкен 
территорияларын өзіне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристері Хасан көлі 
ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы Халкин-Гол өзені алқабында 
Моңғол Халық Республикасының территориясына енді. Кеңес және моңғол 
әскерлері басып алушылардың шабуылына тойтарыс берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет