Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 
1. Париж бейбіт конференциясы қай жылы және не үшін шақырылған еді? 
2. Париж бейбіт конференциясында үстемдік еткен қай елдер және негізгі
шешімдерді қабылдаған кімдер? Антантаның 
3. Антантаның жетекші үш державасының Бірінші дүниежүзілік соғыстан 
кейінгі бейбіт реттеуге қатысты үстанған бағыттары қандай болды? 
4. Ұлттар Лигасының Жарғысында халықыралық қатынастардың қандай
жаңа принциптері жарияланды? 
5. Мандаттық жүйе деген не? 
6. Париж бейбіт конференциясында герман мәселесі қалай шешілді және 
Версаль бітім-шартының қай баптары Германиняң егемендігін шектеді? 
7. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаның картасында қандай 
жаңа мемлекеттер пайда болды және Орталық және Шығыс Еуропада пайда 
болған жаңа мемлекеттердің шекараларын белгілегенде Антанта мүшелері 
нені басшылыққа алды? 
8. Вашингтон конференциясында қандай келісімдер жасалды және неге
АҚШ олардың нәтижелерін өзінің жеңісі деп есептеді? 
9. Халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтондық жүйесінің
тұрақсыздығы неде? 
10. Германияда Веймар республикасы қашан жарияланды? 
11. Фашисттік партия қай жылдары пайда болды?  
10 - дәріс. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 
әлемнің саяси және әлеуметтік-экономикалық 
дамуының негізгі бағыттары.


115 
1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің дамуы. Әлеуметтік-
экономикалық дамуының негізгі бағыттары. 
2. Әлемнің саяси дамуының ерекшеліктері. 
3. 1945-1991 жж. халықаралық қатынастар. 
 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің дамуы. Әлеуметтік-
экономикалық дамуының негізгі бағыттары. 
Үш әлемнің құрылуы. Соғыстан кейін отаршылдық империялар 
ыдырады. 1960 жылы БҰҰ отаршылдықты жою туралы Декларация 
қабылдады. Дүниежүзілік қауымдастық бір-бірінен өзгеше әртүрлі үш дүниеге 
бөлінді. Біріншісі дамыған капиталистік елдерден құралды. Құрамына 
социалистік елдер кірген екінші дүние соғыстан кейінгі кезеңде орнады. Оған 
КСРО бастаған социалистік жүйедегі Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа 
елдері, Азияның Қытай, Солтүстік Корея, Солтүстік Вьетнам, Лаос, 
Камбоджа, Куба елдері кірді. Үшінші дүниенің қалыптасуы да соғыстан 
кейінгі кезеңмен байланысты. Оған экономикасы артта қалған Азия, Африка, 
Латын Америкасы елдері жатты. 
Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). Соғыстан кейін күйреген 
экономиканы қалпына келтіру міндеті тұрды. Өндірістің жаңа салаларына 
ғылыми-техникалық прогресс еніп, ғылым өндірістік күшке айналды. 
Өндіргіш күштерді қайта құру ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп 
аталды. Оның басты бағыттары: электрондық есептеу-машиналарын кеңінен 
қолдану, энергияның жаңа түрлерін ашу, биотехнологияны пайдалану, 
конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін жасау және қолдану. ҒТР-дің 
алғашқы толқыны 40-50 жылдардың соңында электрондық технологиялардың 
(1947 ж. АҚШ-та транзистор, 1957 ж. микросхемалар, компьютерлердің жаңа 
тобы), авиағарыш, радиотелевизия, техникалық робот және т.б. дами 
бастағанынан көрінді. Ғарыштық дәуірдің басталуы ҒТР-дің нышаны болды. 
1957 жылы КСРО-да Жердің жасанды серігі, 1961 жылы адамның ғарышқа 
ұшуы үлкен жаңалық болды. 70-жылдары мини-процессорлар пайда болды. 
Ол «ақпараттық немесе телекоммуникациялық революция» деп, ал ҒТР-дің 
жетістіктерін ауыл шаруашылығында пайдалану «жасыл революция» деп 
аталды. 
Ақпараттық қоғам.1974-1975 жылдары дүниежүзілік экономикалық 
дағдарыстан туған қиыншылықтар экономиканы құрылымдық жағынан қайта 
құрудың басталуына себепкер болды. Батыс елдерінде ақпарат пен білім 
қосымша құнның негізі болды. Ақпараттық технологиялар мен бұқаралық 
коммуникациялар басты рөл атқарды. Оның сипатына компьютерлік техника, 
роботтар, тұтыну үрдістерін жекелендіруге көшіру, «ақпараттық капитал» 
жасау, шағын өнеркәсіп орындарын ашу, технопарктер құру, еңбекті 
ұйымдастырудың сипаты, жалдамалы қызметкердің мәртебесі жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет