96
жарияланды. Ол жерлердегі әскери бекіністер жойылып, қарулы күштерді
орналастыруға тиым салынды.
Репарациялар мен Антанта елдерінің шығындарының орнын толтыру
туралы мәселе келесі келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғанымен, 132 млрд
алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді. Рейн аймағында 15 жыл
бойына оккупациялық армия орналастырылып, оны герман жағы қамтамасыз
етуге тиісті болды.
Версаль келісімі неміс халқына аса үлкен ауыртпалық салды және оның
ұлттық сезімдеріне қатты нұқсан келтірді. Кейінгі уақыттарда бұл жағдай кек
қайтару идеясы (реваншизмге) мен саясатына дем беріп, оны 30-жж. фашистер
шеберлікпен пайдалана білді.
Келісімге қол кою кезінде герман делегациясы
тонаушылық бітімінің
шарттарын жұмсартуға, оның ішінде соғысты шығаруға "кінәлілік" туралы
бапты алдырып тастауға тырысты, бірақ ол қарсылық қабылданбады. 1919 ж.
28 маусымындаГермания Антанта елдерімен және олардың одақтастарымен
Версалъ бітімі туралы келісімге қол қойды.
Антантаның жеңілген Германия және оның одақтастарымен
жасалған бітімдері. 1919 - 1920 жж. Антанта Австриямен, Венгриямен,
Болгариямен және Түркиямен бейбіт бітімдер жасады. Оларда да кейбір
территориялық өзгерістер, қару-жарақ пен армияның саны және репарациялық
төлемдер туралы шарттар қарастырылды.
Осы
аталған келісімдердің барлығы жеңімпаздар мен жеңілгендердің
арасындағы қатынастарды анықтайтын және Еуропа мен отарлық
аймақтардағы
халықаралық
қатынастарды
реттейтін
халықаралық
қатынастардың Версаль жүйесін
құрды.
Бітім шарттары:
1. Германиямен Версаль шарты (28 маусым 1919 ж.):
- барлық отарларын беру;
- қарулы күштердің санын 100 000 дейін қысқарту;
- Германия ауыр артиллерия, танктер, самолеттер, сүңгуір
қайықтар, соғыс кемелерін иелену құқығынан айрылды;
- Рейннің сол жағалауы 15 жылға оккупацияланды;
- Рейннің оң жағалауында екі 50 шақырымдық демилитаризация-
ланған аймақ орнатылды;
- территориясының1/8, халқының 1/10 бөлігі басқа мемлекеттерге
беріледі;
- Версаль бітімінің соғыстар үшін жауапкершілік туралы 231 бабы
бойынша, Германия жеңген мемлекеттерге шығындарының орнын толтыруға
міндеттелді, яғни репарация төлеуге.
Достарыңызбен бөлісу: