105
болып алған еді. 1918 ж. наурызда Москвада Бела Кун мен Тибор Саммуэльдің
басшылығымен РКП(б)-ның венгр бөлімі құрылды. Бұл ұйым үгітшілерді
дайындады. Олар Венгрияға келген соң, коммунистік идеяларды белсенді
түрде насихаттай бастады. 1918 ж. қараша айында олар Бела Кунның
басшылығымен Венгрия Коммунистік партиясын құрды. Партияның ықпалы
жылдам өсті.
1919 ж. наурыз айында Антанта Венгрияның Румыния мен
Чехословакияға берілуге тиісті
жерлерін босатуды талап етіп, Венгрия
үкіметіне ультиматум тапсырды. Бұл ультиматумды орындау әлі түпкілікті
бітім жасалмай түрған кезде Венгрияның кейбір жерлеріне шетел әскерінің
енгізілуіне мүмкіндік беретін еді. Ал ультиматумды орындамау елдің
тәуелсіздігіне қауіп төндірер еді. Венгрия үкіметі осындай қиын жағдайда
қалды, бұл саяси дағдарыс туғызды.
Венгрияда кеңестік республиканың құрылуы. Елді саяси дағдарыстан
шығару үшін үкімет сыртқы саясаттың бағдарын өзгерту керек деп шешті.
Венгрия бұрын
Антантаға бағдар ұстаса, енді Кеңестік Ресеймен жақындасу
керек деген ұйғарымға келді. Бұл шешімді іске асыру үшін уақытша президент
қызметін атқарып отырған М.Каройи социал-демократиялық партияның
жетекшілеріне үкімет басқару туралы ұсыныс жасады. Социал-демократтар
үкіметті коммунистермен бірлесіп құру керек деп шешті.
1919 ж. 21 наурызда социал-демократиялық және коммунистік партиялар
бірігіп, Венгрия социалистік партиясын құрды. Сол күні Венгрияда Кеңестік
Республика жарияланды. М.Каройи президенттік қызметтен кетті.
Венгрияның жаңа үкіметі - Революциялық үкімет кеңесі құрылды. Оны
социал-демократ Ш.Гарбаи басқарды, ал Бела Кун сыртқы істер министрі
болды. Жаңа үкіметтің құрамына 14 коммунист, 17
социал-демократ және
партияда жоқ 2 саясаткер кірді.
Революциялык үкімет бірқатар реформаларды іске асырды: банктер, ірі
өнеркәсіп, транспорт, ірі жер иеліктері мемлекет меншігіне алынды; 8
сағаттық жұмыс күні енгізілді; сыртқы саудаға мемлекеттік бақылау қойылды;
жалақы көбейтілді, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жасалды; қызыл әскер
құрыла бастады; халықтық милиция құрылды.
Бела Кун кеңестік Ресейге жеделхат жіберіп, Антантадан қорғауды өтінді.
Алайда азамат соғысы жүріп жатқандықтан, большевиктер үкіметі кеңестік
Венгрияға көмек бере алмады.
Венгрияның Дунайдың сыртындағы оңтүстік аудандарында кеңестік
үкіметті
жақтамаған топтар жиналып, Сегед үкіметін құрған болатын. Бұл
үкіметтің жеке әскер бөлімдері болды, оны адмирал Миклош Хорти басқарды.
Будапештгегі И.Фридрих үкіметін Антанта мойындамай қойды, ол да биліктен
кетуге мәжбүр болды. Билік адмирал М.Хортидің қолына тиді. 1920 ж. Ұлттық
жиналыс Венгрияда монархияны қалпына келтіру туралы шешім қабылдады
да, 1 наурызда Хорти регент - Венгрия корольдігінің билеушісі болып
сайланды. Регентке парламентті шақыру және тарату, заңдарды дайындау,
әскердің бас қолбасшысы болу құқығы берілді. Хорти өкіметі елде жаппай
106
жазалау жүргізді: 6 мың адам қаза тапты, 70 мың адам түрмеге түсті, 100 адам
шет елге кетті. 1926-1932 жж. жалпыға бірдей сайлау құқығы және басқа
негізгі демократиялық құқықтар мен бостандықтар жойылды. Венгрия екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның одақтасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: