Еуропа және америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 1640-2019 жж.



Pdf көрінісі
бет31/50
Дата05.06.2023
өлшемі1.75 Mb.
#474711
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Курс лекции. Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

АҚШ - 20-жж. гүлденудің американдық үлгісі. Соғысқа ең соңынан 
кірісіп және соғыс қимылдары театрларынан қашықта орналасқан АҚШ-тың 
адам шығыны ең азы болды, оның үстіне соғысқа қатысқан ел бизнесі орасан 
көп пайда тапты. АҚШ Еуропаға қарыздардан несие берушіге айналып шыға 
келді. АҚШ жаңа техника мен технологияның саласында таңқаларлықтай 
табыстарға жетті. Тұңғыш рет Генри Форд енгізген конвейер жүйесі 1913 ж. 
Мичигандағы автомобиль зауытында машинаны жинау уақытын 14 сағаттан 
1,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Таскынды өндіріс басқа сала-
ларға да енгізілді. Кіржуғыш машиналарды, тоңазытқыштарды, фото-
аппараттарды, радиоқабылдағыштар мен ойнатқыштарды жаппай шығару 
басталды. 20-ж. соңында әрбір екінші американдықтың радиоқабылдағышы 
болды. Жолаушылар таситын әуе көлігінің дәуірі басталды. 1927 ж. Чарльз 
Линдберг монопланмен 33 сағат ішінде Атлант мұхиты арқылы ұшып өтті. 
Кино актерлері Мэри Пикфорд, Чарли Чаплиндердің атағы әлемге жайылды. 
Журналистер 20-жж. Әртүрлі – «актерлер ғасыры», «джаз ғасыры», гүлдену 
он жылдығы, тағы басқа деп атап, мақтанып жатты. 
Шын мәнісінде АҚШ қарама-қайшылықтар елі болды. Экономикалық 
дамудың орасан қарқыны, ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары
тұрмыстың түгелдей өзгеруі 20-жж. барып тұрған саяси кертартпалықпен, 
экономикалық либерализм идеяларының салтанат құруымен, «тасмаңдай 
өзімшілдікпен» ұштасып жатты. 
Бұл Еуропадағы революциялық оқиғаларға консервативтік-корғаныс 
тұрғысынан жауап болды. Бизнес соғыстан бұрынғы «қалыптылыққа» 
оралуды, ең алдымен мемлекеттік реттеу мен тәртіптеу шаралары мен 
кәсіпкерлердің ісіне араласуды жоюды талап етті. АҚШ-тың экономикалық 
жағдайы мен реформалар және мемлекеттік реттеу үйреншікті әдетке айналған 
Еуропа елдерінің арасындағы принципиалды айырма, міне, осында еді. 
Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Кейінстің теориясы. 
Экономистер 
дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де 
шығу жолдарын іздестірді. Әp түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік 
рыноктік шаруашылықтың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір 
орталықтан жоспарлау мен бөлудің - тоталитарлық және социалистік 
теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ен үлкен табыс ағылшын экономисі 
Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін «Жұмыспен 
қамту, пайыз және акша теориясы» (1936) кітабында баяндады.
 
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің экономикалық 
стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа 
өндірушілік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның 


109 
мүмкіншіліктерінің шектелгенлігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс 
үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігі сай келуі 
керек. Халықтың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен «тер 
сығып алу» жағдайында, яғни сатып алушылық қабілетін төмендету жолымен 
тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл 
тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен 
(Кейнсше «тиімді сұраныс») еңбекшілердің сатыпалушылық қабілетін 
арттыру немесе қорлардың артығын қоғамдық тұтынуға, қоғамдық жұмыстар 
шығындары аясына, қызметтерге, ағарту ісіне (мемлекеттік шығындар 
арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа милитарландыру болды. Кейнс тұтыну 
көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен 
арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту 
жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің құлдырауына және 
тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса 
жоқшылық көріп отырғандардын пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық 
жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берер 
еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз 
ету мәселесін де шешуге мүмкін еді. 
Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы 
шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, 
экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын 
кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу 
(макрореттеу) механизмін жасады. Дағдырыс жағдайында «сұранысты 
қампиту», яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды 
арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың «қызып кеткен» 
және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк 
пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта-
жүре бер» ұстанымы леген аталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет