110
либералдық демократия арасындағы келіспеушілікке байланысты болды. Бұл
өмірлік маңызы бар мәселерден алыс жай ғана теориялық пікір-талас емес еді.
Бұл
XX ғ. саяси тарихының арқауын қурайтын тотаритализм мен
демократия арасыидағы күрестің мазмұны болды.
Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері. Екі дүниежүзілік
соғыс
арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық
дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен либералдық-демократиялық
үлгісі.
Тоталитарлық үлгінің толық логикалық шынына жеткен көрінісі алдымен
Италияда, кейінірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен
Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және
экономикалық
дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа
дайындалу,
индустриаландыруды
тездету,
алдын-ала
ойластырған
идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды.
«Тоталитарлық» ұғымы 20-30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-
өміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық қағамды мемлекеттің басып-
жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы
ілім деген кітабыңда былай деп жазды: «Фашизм үшін
ең жоғары нәрсе -
мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен топтар түкте емес. Бұл салада жеке
адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл атқарады».
Тоталитаризм - либерализмнің демократияның, пікір әралу-андығының, ой
мен ұйым бостандығның қас жауы. Тоталитаризм мемлекіттік реттеудің
қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекеттерінің барлық салаларын
қамтығанын жақтайды. Азаматтық қоғамды тотилитарлық мемлекеттің жұтып
қоюының экономикалық негізі - ол рыноктық
қатынастарды мемлекеттік-
бюрократтық реттеу, жоспарлаумен алмастыру болып табылады. Бұл
жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның
бостандығы мен еркіндігнің экономикалық негізі жоғалады. Саяси салада
тоталитаризм либералдық-демократиялық режим мен оның институттарының
жойылуын,
мемлекеттік-партиялық
диктатураның
орнатылғандығын
білдіреді. Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық шовинистік
және
социалистік
идеялардың
эклектикалық
қосындысы
ретінде
демократияға, либерализмге, марксизмге қарсы бағыт ұстады.
Бұл теріске
шығару және бірмезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан
«жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде коғамды қайта құрудың
утопиялық доктрикасына сену идеологиясы еді. Экономика саласындя
фашизм мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып, оны
милитарландыру мен алдағы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм
тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама-қарсы тұруларын
мемлекеттік партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып
таратылды.
111
Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік
негіз таба білді.
Қоғамның кейбір
топтарына фашистік идеялар, несілшілдік
теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер
фашистік
қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге
фашистік режимдер белсеңді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономиикалық
дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.
Достарыңызбен бөлісу: