Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет


Одан əрі ілгері бастыруға деген саяси қауқар əлсіз, ал қажетті институциональді



Pdf көрінісі
бет29/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195
kazakhstanII.KAZ

Одан əрі ілгері бастыруға деген саяси қауқар əлсіз, ал қажетті институциональді 
өзгерістер баяу жүреді.
 
Су саласын реформалау əкімшілік басқаруды күшейтумен қатар жүріп 
отырмаған. Осы уақытта су қорларын басқарудың белгілі бір қырларына (мысалы, қоршаған 
ортаны қорғау, ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдалану, жер асты суларын өндіру жəне су 
сапасының мониторингі)
 
жауап беретін сан-алуан институттар өз жұмыстарын тиісінше 
үйлестіре алмай отыр. Су қорлары жөніндегі комитеттің ондай үйлестіруді қолға алу үшін 
жеткілікті құзыреті жоқ.
Қазақстанда су қорларын ықпалдаса басқару бойынша шешім қабылдау бастапқы деңгейде 
қалып отыр, өйткені қажетті сапалы техникалық жəне қаржылық ақпарат жоқ болып 
тұр. 
Сегіз ӨБҰ пайдаланылған су мөлшері жайындағы ақпаратты, бұрыңғысынша, Су қорлары 
жөніндегі комитетке жолдайды. Алайда, ол су сапасы жайлы жəне қолға алынған түзету 
шаралары жөніндегі ақпаратты тым шектеулі көлемде береді. Су қорларын басқарудың ұлттық 
органдары тиісті ұлттық бағдарламаны жасап шығаруға керекті егжей-тегжейлі ақпаратқа ие 
болмай отыр. Бұған қоса, мұндай тың мəселелерді шешетіндей Су қорлары комитетінің жəне 
ӨБҰ-ның мүмкіншіліктері əлі де мардымсыз. Халықаралық ұйымдардың көмегімен аталған 
бағытта күш салу үрдісі басталып та кеткен. Осы уақытта ақпараттық жəне коммуникациялық 
технологиялар (АКТ) қазақстандық мамандар арасында дағды жəне тəжірибемен алмасу үшін 
жеткілікті түрде қолданбай келеді. 
Бүкіл су шаруашылығы инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету саласына 
бағытталуы тиіс инвестициялардың 90-жылдардан бері көрініс тапқан орасан зор 
тапшылығы алаңдаушылықты күшейтіп отыр. 
Ірі қалалардың 
бірқатарында
 
инфрақұрылымның сексен пайызы тозған, ал аймақтардың біразында облысаралық тарату 
желісі қираған. 2002 жəне 2003-жылы тиісінше Ауыз су бағдарламасы мен Ауылдық жерлердің 
дамуы бағдарламасы қабылданғалы бері мемлекет ауыз су инфрақұрылымын қалпына 
келтіруге көбірек қаржы бөле бастады (бұл қаржы 2000-жылғы 5 миллион АҚШ долларынан 
2007-жылғы 200 миллион АҚШ долларына дейін өсті). Бірқатар облыстарда сумен қамтамасыз 
ететін кəсіпорындар қалпына келтіріліп, ендігі техникалық қызмет көрсету жауапкершілігін өз 
мойындарына алған облыстық əкімшілік меншігіне берілді. Дегенмен шешімін күткен 
мəселелер əлі де бар: көп жағдайда облыстық басқару органдары өздеріне жүктелген 
тапсырмаларды тиісінше орындай алмайды. Судың арзан болғаны сумен қамтамасыз ету 
саласында сапалы қызмет көрсетуге бөгет болып тұр. Сумен қамтамасыз ету 
кəсіпорындарының тиімділігі мониторингтен өтпейді, ал сумен қамтамасыз ету саласындағы 
мамандардың кəсіби біліктілігін арттыру қажет болып тұр. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет