Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет61/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   195
kazakhstanII.KAZ

2.3 
ҚОƏБ жəне рұқсаттар 
Қазақстанда кəсіпорындар үшін жекелеген реттеу талаптары ҚОƏБ-ні есепке ала отырып
рұқсат беру арқылы орнықтырылады. Реттеуші талаптар бойынша шешім қабылдау процесін 
негіздеуші барлық материалдар (ҚОƏБ бойынша зерртеулер мен есептер, ашық мəжілістердің 
хаттамалары, рұқсат алу үшін берілген өтініштер мен басқа да ретеуші құжаттар) тиісті 
лауазымдағы экологиялық органдар арқылы «экологиялық сараптама» деп аталатын процедура 
шеңберінде тексерілуі шарт. І-ші категориядағы кəсіпорындардың экологиялық сараптамасын 
(ЭС) ЛРТЫБ қызметкерлері ал ІІ-ші жəне ІІІ-ші категорияның сараптамасын ҚОҚАБ 
жүргізеді. Халықаралық сарапшылардың көмегіне де жүгінуге болады, алайда ол тек кеңесші 
мəннен аспайды. Сарапшылардың қызметін жобаларды жасаушылар қаржыландырады. Ал 
қоғамдық сараптама деп аталатын сараптаманы тəуелсіз сарапшылар жүргізеді. Қортынды 
құжаттар (сараптама қортындылары мен рұқсаттар) қалың жұртшылыққа кейде тіпті қатардағы 
инспекторларға да берілмейді.
Қоршаған ортаға əсер ету бағамы
 
ҚОƏБ пен экологиялық сараптаманың процедуралары 2007-ші жылғы 28-маусымда ҚОҚМ 
бекіткен экологиялық кодекс пен оны толықтырушы екі құжатта бұйрық бекітілген. Бұл 
процедура реттелетін қауымдастықтың, реттеуші орындардың, кеңесші компаниялардың жəне 
бұқара халықтың қатысуы арқылы көрсетілген бірнеше дəрежеден тұрады. ҚОƏБ кəдімгі 
жоспарлау мен экологиялық шаралар үшін жарайды, дегенмен оны іріктеудің айқын 
көрсетілген тұсы жоқ. ҚОƏБ əртүрлі дəрежеде, көлемі мен қоршаған ортаға əсеріне қарамастан 
кез-келген жоба мен кəсіпорын үшін қажет етіледі.
Жаңа жобалар дүниеге келгенде, (мəселен, жаңа кəсіпорындар құрылғанда) табиғат 
қорғаушылармен арада жерге орналасу(жерді алу) жайын кеңесу қажет. Бұл ретте жерді 
пайдалануға рұқсатты тек əкімдіктер (ұлттық деңгейден төменгі əкімшіліктер) беретіні 
жеткіліксіз болады. Осы жағдайда, жобаны жасаушылар ағымдағы экологиялық ахуал 
турасында есеп беруі шарт. Мұндай есеп экологиялық сараптамаға берілетін өтінішпен қатар 
ұсынылады. өтініштің өзі халықтың қалың тобымен кеңесілуі қажет. Экологиялық шолу 
жағдайына оң баға берілсе, жер жобаны іске асырушыға беріледі.
Алдын-ала ҚОƏБ техникалық-экономикалық негіздеу сатысында технологиялық шешімдерге 
баға беру үшін талап етіледі. Ірі жобалар үшін əр сатыда əр орында зерттеулер жүргізіледі. 
Олардың əсері бағаланады. Бірақ қанша қалдықтың шығарылатынының дəлме-дəл есебі талап 
етілмейді. Барлық экологиялық құжаттарды қамтитын техникалық-экономикалық негіздеме 
ЭС-ға ұсынылады. ЭС-ны ұлттық немесе жергілікті деңгейде жобаның маңыздылығын есепке 
ала отырып, ҚОҚМ жүргізеді. ҚОƏБ-нің алғашқы бекітілген нұсқасы жобаны жүзеге асыру 
үшін несие алудың басты шарты болып табылады.
Келесі сатыда ҚОƏБ-нің барлық деңгейі сараланады. Бұл кезеңде шығарындының жоғарғы 
шамасы көрстелген есептер, төтенше жағдайларға дайындық, барлық ортада мониторинг-
бақылау жүргізу бағдарламасы сияқты егжей-тегжейлі мəлімет талап етіледі. Аталған құжаттар 
мемлекеттік органдардың шолуына ұсынылуы керек. Егер жобалық құжаттар соңғы кезеңде 
қайсыбір өзгерістерге ұшырайтын болса, (мəселен, технологиялық түзетулер) жобаны 
жасаушы тарап осы өзгерістерді ҚОƏБ материалдарына қосуы шарт. Мұндай түзетулер 
кейіннен мемлекеттік органдардың назарына ұсынылатыны өз алдына.
Ең соңғы құрылыстан кейінгі кезеңде ҚОƏБ капитал жұмсалуы 50 миллион АҚШ долларынан 
асатын ірі жобалар үшін қажет. Бұл бағамдау жобаның іске асырылуы басталғаннан кейінгі 1 
жылдан соң жүргізіледі. Мұның өзі экономикалық тірліктің экологиялық қауіпсіздігін растау 
жəне қоршаған ортаны қорғау жоспарына қажетті түзетулер енгізу үшін істелетін шаруа.


54
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
Жақында, осы кезге дейін жұмыс істеп тұрған кəсіпорындар, əсіресе, Кеңес Одағы заманында 
салынған кəсіпорындар үшін ҚОƏБ жүргізу туралы заң талабы өз күшіне енді. Жаңа реттеу 
тетігінің экологиялық аудиттан қанша айырмасы бар екені беймəлім. Кəсіпорындар мен МЕҰ 
бұл талап əкімшілік ауыртпалықты күшейте түседі жəне экологияға келгенде нақты пайдасы 
жоқ деп санайды.
ҚОƏБ барлық кезеңінде ашық түрдегі қоғамдық тыңдаулар жүргізілуі шарт. 2006-шы жылы 
осындай тыңдаулардың 95073-і (маңызы бар ҚОƏБ-нің 50 пайызы) өткізілген. Ал 2000 жылы 
олардың саны небəрі 3683 болған еді. Қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары ҚОƏБ 
құжаттамаларының қатарына қосылуы міндетті. Қоғамдық тыңдаулар сапасы қанағаттанарлық 
дəрежеге жете қоймаса да, олардың кеңірек қолданысқа енуі қоғамның тек процедуралық 
шартты деңгейде ғана емес, іс жүзінде де атсалысуы принципін іске асыруға көмектеседі. 
Ережеге сəйкес, жобаларды жасаушылар ҚОƏБ материалдарын дайындауға сырттан мамандар 
тарту үшін ЛРТЫБ сертификаттаған арнаулы компанияларға жүгінеді. Дегенмен сертификация 
сапаны бірден қамтамасыз ете алмайды. ҚОƏБ туралы берілген деректердің 10-15 пайызы 
сапасының төмен болуына байланысты кері қайтарылып жатады. ҚОƏБ материалдарын 
дайындауға рұқсаты бар компаниялар өздерінің қызметі бойынша жылдық есеп тапсырулары 
міндетті. Олардың есептерінің мақсаттары мен мəн-мағынасы айқын емес, өйткені олар осы 
компаниялардың бұдан арғы жұмысына ықпал етпейді. Тіпті осындай бір компания даярлаған 
ҚОƏБ материалдарының өзінде бірнеше кемшілік табылып жатады жəне бұл олқылықтың 
болуы ЛРТЫБ рұқсаты кері қайтарып алынады деген сөз емес.
Мемлекеттік органдармен арада құжаттамаларды шолу уақыты 2 аптаға созылады, бұдан соң 
3-6 ай аралығында ЭС жүргізіледі. Дегенмен теориялық тұрғыда барлық процедура 2 жылға 
созылып кетуі мүмкін. (бұл мерзімге 2-3 айға жоспарланған рұқсат беру кезеңі кірмейтінін 
айта кету керек. Іс жүзінде шешім қабылдау ҚОƏБ материалдарын толық алған соң 1 ай ішінде 
еңсеріледі. Шолулардың саны артуымен жəне əкімшілік жүктеменің ұлғаюымен мұндай 
теориялық есептеулер дағдыға айналып кетуі ықтимал деген қауіп бар. Бұл əсіресе жүктемесі 
үлкен облыстарға (Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, жəне Солтүстік Қазақстан облыстарына) тəн. 
Рететуші органдарға түсетін салмақтың артуы сондай-ақ сараптамалық шолудың сапасына да 
əсер етеді: олардың көпшілігі жалпылама тұрғыда жазылған жəне орындалуды міндеттейтін 
күш-құзырға ие емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет