70
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Стационарлық посттардың басым көпшілігінде өлшеулер қолмен жасалады. Қазақстанның 4
қаласында (Ақтөбе, Алматы, Астана жəне Қарағанды) мұндай өлшеулерді шешу күніне төрт
рет ауыстырылады, бұл мониторинг ережелерінің талаптарымен толық сəйкеседі. Басқа
қалаларда, өлшеулерді шешу бағдарлама бойынша жартылай жүзеге асырылады (сынамаларды
іріктеу күніне үш рет жасалады).
Қазақстанда халықаралық қауымдастықтың адамның денсаулығына жəне қоршаған орта үшін
ең қауіпті деп танылған, ауада кездесетін, атап айтқанда: жерасты озоны (O
3
), қатты бөлшектер
(PM
10
жəне PM
25
), ауыр металдар, ұшқыш органикалық қоспалар (ҰОҚ) мен берік органикалық
ластағыш (БОЛ) заттардың концентрациясын өлшеу жұмыстары жүргізілмейді.
Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі уақыт өткен сайын
тұрғын үй аудандары
мен демалыс орындарындағы, ішінара магистраль, санитарлық-қорғау
органдары мен тұрғын үй кварталдарына жақын демалыс орындары;
қалалардағы мектеп,
балабақша жəне емдеу мекемелеріндегі ауа күйіне бақылау жасап отырады. Бұған қоса, аталған
қызмет тұрғындардың шағымдарын қабылдап, тұрғын үй аудандарындағы ауа сапасын
өлшейді.
Қазақстандық ауаның ластануының мониторинг станциялары бірнеше дүркін тасталатын
қалдықтардың жекелеген оқиғаларының салдарын толық шамада үнемі жеткізуге мүмкіндігі
бола
бермейді, жалпы алғанда, олар халықтың ауаның ластануына ұшырауының белгілі бір
сипаттарын суреттеуге мүмкіндік беретін мəліметтерді ғана ұсынады. Дегенмен мəліметтердің
түрлі жиынтықтар аралығындағы «тиімді-мөлшер» түріндегі интерпретациясы туралы
мəліметтер берілмейді. Ауа сапасын бақылаудың қолданыстағы
торабы ауаның ластану
деңгейін, əзірше қалыптасқандай, қалдықтардың штаттық талапта жұмыс істеу барысындағы
қалдықтар нормасын немесе ауа сапасы нормаларының арту себептеріне айналатын əрекеттерді
анықтауға мүмкіндік беретін ерекшеліктерімен байланыстыруға қабілеті жоқ. ҚОҚМ жəне
Денсаулық сақтау Министрлігі олардың жүргізіп отырған мониторингтік бағдарламаларымен
келіспейді жəне үйлестірмейді.
Таяу уақытқа дейін «Бурабай» ауа қалпы мониторингінің
жалғыз ғана трансшекаралық
станциясында (3.1 сур.қар.) тек метеорологиялық параметрлерге ғана бақылау жасалынды.
ЕЭК БҰҰ «Орталық Азиядағы ауа сапасын басқару жəне көмір жағудың таза технологиясын
қолдану салаларындағы əлеуетін арттыру» жобасына қатысудың нəтижесінде, «Бурабай»
станциясы 2007 жылы тұтастай реконструкцияланып, автоматтандырылды. Осы жайт
ҮАТАЛК шеңберінде Еуропадағы ауаны ластағыштардың таратылуын бақылау жəне
бағалаудың біріккен бағдарламасының талабына сəйкес
өлшеу жұмыстарын бастауға
мүмкіндік берді (ЕМЕП). Жекелеген жағдайда бұл Қазақстандағы PM
10
өлшеуіштері мен
жерасты озонында өткізілетін жалғыз станция болмақ. Қазіргі сəтте Қазақстан шекарасының
тізбегінде (ұзақ уақытқа) ауа күйін мониторингтеу трансшекаралық станциясын орнату
мəселесі жоспарланбаған.
Достарыңызбен бөлісу: