Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



Pdf көрінісі
бет91/195
Дата22.11.2022
өлшемі4.05 Mb.
#465412
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195
kazakhstanII.KAZ

құстарының қоныстанатын жері ретіндегі жаһандық мəнге ие су-балшықтық 
пайдаланылатын жерлердің басымдылығын (су-балшықтық пайдаланылатын жер туралы аса 
толық мəліметтер Рамсар Конвенциясы туралы тарауда берілген – төм.қара) интеграциялық 
жағынан сақтау Жобасы, Биоəралуандылықты тиімді сақтауға арналған ерекше күзетілетін 
аумақтардың ақпараттық жүйесін күшейту Жобасы ЖЭҚ/БҰҰДБ тарапынан қаржыландыру 
арқылы орындалады. Осы жобалардың ішінде пайда алушылардың бірі - Ақсу-Жабағылы 


4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
95 
 
мемлекеттік табиғи қорығы, осы қорық үшін басқару жобасы жасалынған. Қазіргі уақытта 
басқару жобасы жүзеге асу кезеңінде, мұнда қызметкерлер құрамын дайындау, байланыс 
құралдарын, көлік құралдарын, егістік жəне зерттеу құралдарын орнату, сондай-ақ 
инфрақұрылымды жетілдіру мəселелері жүзеге асырылу үстінде.
Басқа аясы заңдық актілерге 
сəйкес ерекше күзетілетін аумақтар туралы заң жасауды көздейтін ТҚХО (Табиғатты 
қорғаудың Халықаралық одағы) ұсынымдарына сəйкес ұлттық заңнаманы үйлестіруге 
бағытталған. 
Биоəралуандылықты сақтау туралы міндеттер ұлттық саяси құжатқа енгізілді. Мысал ретінде 
2005 – 2007 жылдарға арналған жабайы тұяқты жануарлар мен ақбөкендердің сирек жəне 
жойылып бара жатқан түрлерін сақтау жəне қайта қалпына келтіру туралы бағдарламаны 
айтуға негіз бар. Бұл жұмыс бойынша сирек жəне жойылып бара жатқан түрлеріне қатысты іс-
шаралар мен мақсаттардың жоспарын жасау, өрістеуші түрлерімен қатар, популяцияланатын 
түрлеріне мониторинг жүргізу, сондай-ақ заңнамалық шеңберді жетілдіру сияқты міндеттер 
атқарылады. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі биоəралуандылықты таратушы жерлерде орналасқан 
фермерлік шаруашылық пен кəсіпорындарды ынталандыруға арналған экономикалық жəне 
реттеуші механизмдер жасауды қолға алды.
Қазақстан биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картагендік Хаттаманы бекіткен жоқ, алайда, 
қазіргі уақыт ішінде елде осы Хаттаманы бекіту туралы дайындық жүргізілу үстінде 
(Ауылшаруашылық Министрлігі жауапты мемлекеттік орган ретінде қатысады). ЮНЕП 
қаржыландырып отырған осы жобаның шеңберінде биологиялық қауіпсіздік жөнінде ұлттық 
аядағы құжат дайын болды.
2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Рамсар Конвенциясын бекітті, ол 2007 жылдың 
мамыр айында өз күшіне енді. Бұған қоса, 2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан жабайы 
жануарлардың өрістеуші түрлерін сақтау туралы Бонн Конвенциясын бекітіп (СМВ 
Конвенциясы), онымен 2006 жылдың мамыр айында бірікті. Қазақстан Республикасының 
халықаралық маңыздылықтағы бір су-балшықтық пайдаланылатын жері бар, ол Рамсар тізіміне 
енгізілген – Теңіз-Қорғалжың теңіздік жүйесі (бұл жүйе тізімге Кеңес одағы дəуірінен бастап 
енгізілген). Осыған ұқсас басқа да ірі су-балшықтық пайдаланылатын жерлер қатарына Алакөл 
көлдері жүйесі жəне Теңіз жəне Ырғыз өзендерінің қиылысында орналасқан Терғай қорығы 
жатады. Алайда аталған аумақ Рамсар тізіміне əлі кіргізілмеген.
2004 жылдың мамыр айынан бастап ЖЭҚ/БҰҰДБ, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман 
жəне аң шаруашылығы Комитетінің қолдауымен өрістеуші құс түрлерінің қоныстанатын 
жері ретіндегі жаһандық мəнге ие: үш аумақта демонстрация жасау су-балшықтық 
пайдаланылатын жерлердің басымдылығын интеграциялық жағынан сақтау Жобасы қолға 
алынды. Жобаның жоспарланып отырған мерзімінің ұзақтығы - 7 жыл, ЖЭҚ салымының 
мөлшері –8.7 миллион АҚШ доллары, ҚР Үкіметінің салымы– 24 миллион АҚШ долларынан 
аса қаржыны құрайды. Бұл жобаның міндеттері мынадай: (a) биоəралуандылықты интегралды 
сақтау жəне басқару жөніндегі заңнамаларды жетілдіру; (b) ерекше күзеттегі аумақтарды 
басқару жүйесін күшейту; (c) жоба қатысушыларының ақпараттылық деңгейін арттыру жəне 
қолдау; (d) қауымдастықтардың қатысуымен өнімді ландшафтардағы биоəралуандылықты 
сақтау жəне тұрақты қолдану; (e) Өрістеуші құстар мен су-балшықты пайдаланылатын 
жерлердің Қорын құру. Үш жобалық аумақтың қатарына мыналар жатады: Теңіз-Қорғалжың 
көлі, Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі жəне Каспий теңізінің жағалаулық аймағын қиып өтетін 
Орал өзенінің сағасы.
Берілген жоба шеңберінде Рамсар Конвенциясы мен СМВ Конвенцисы қызметтерінің жобасы, 
сонымен бірге биоəралуандылықты сақтау туралы бірқатар норма, стандарт жəне заң күшіндегі 
актілер жасалынды. Бұл жоба биоəралуандылықты сақтау саласында ғылыми зерттеулер 
жүргізуге қолдау көрсетеді. Осы жоба бойынша қол жеткен жетістіктердің бірі 20,000 га 
ауданды алып жатқан Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын 83,000 га дейін кеңейту жөнінде 


96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет