Әзбергенова ләззат жалғасбайқызы бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктері



жүктеу 345.25 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі345.25 Kb.
800.56:809.434.2:37.016:800.7 Қолжазба құқығында

ӘЗБЕРГЕНОВА ЛӘЗЗАТ ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ


Бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктері

және жай сөйлем түрлерін оқыту мәселелері

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның рефераты

Қызылорда, 2012
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының докторы,

профессор Ж. Сәдуақасұлы

Ресми оппоненті: Филология ғылымдарының докторы,

М.С.Жолшаева

Диссертация 2012 жылы «__» маусымда сағат 9.00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 61, №1 оқу ғимараты, Филология факультеті, 106-дәрісхана) қорғалады.


Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы,

магистир-оқытушы: Құдайбергенова К.

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алуы қазақ тіл білімінің де жан-жақты дамуына зор әсерін тигізді. Жалпы тіл білімінде бұрын пайда болғанымен, бізге белгісіз не аз белгілі болып келген тіл ғылымын зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тіл білімінде де молынан қарастырыла бастады. Мұнымен бірге қазақ ғалымдары бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі ізденіс бағыттары мен әдістерін жаңаша қарауға да көңіл бөлуде. Мәселен, қашаннан «адамдардың қатынас құралы» деп есептеліп келген сөйлемнің өзі бұрын тек грамматикалық құрылым тұрғысынан қарастырылып, оның қызметі де осы тұрғыда айқындалып келген болса, кейінгі кезде оны ойдың жемісі ретінде қарастырып, оның қатынас құралы болу қызметін ой мен тілдің бірлігі тұрғысынан белгілеу қолға алынды. Соның бірі – сөйлемнің тілдік бірлік ретінде бір негізді (біз алғаш Ж.Сәдуақасұлы қолданған «бір құрамды» термині орнына Р.Әмірдің «бір негізді» терминін қолдандық. Өйткені Ж.Сәдуақасұлының өзі де кейінгі бір еңбегінде осы терминді қолданудың орынды екенін айтады [1, 3]) құрылымда болатындығы жөніндегі идея. Бұл идеяның бастаушылары орыс тіл білімінің мамандары болса, қазақ тіл білімінде алғаш рет К.Аханов, М.Балақаев, Ғ.Мадина, О.Төлегенов еңбектерінде аталды. Бірақ сөйлемнің осындай түрі мен оның мағыналық-құрылымдық жіктелісі, анықтамалары тек өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана біздің ұстазымыз Ж.Сәдуақасұлының зерттеу еңбегінде нақты ғылыми көрініс тапты.

Ендігі жерде осы сөйлем түрлерін даралай да, жалпылай да түрлі бағытта жан-жақты зерттей түсу қолға алынып отыр. Мәселен, Ж.Сәдуақасұлынан кейін Г.Қ. Темірбекова «Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды есімді сөйлемдер және сөз-сөйлемдер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаса, өткен жылы Қазақ тілі кафедрасының магистранты Ж.Ж.Жағал жергілікті жазушы Ж.Рахматулла шығармаларындағы белгілі жақты бір негізді сөйлемдердің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін зерттеп, магистрлік диссертация қорғады.

Біздің диссертациямызда көркем әдебиеттегі бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктері қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, бір негізді сөйлемдердің көркем әдебиеттегі қатысымдық ерекшеліктері, стильдік қолданыс сипаты және мәтін ішіндегі өзіндік орны, мәтінге қатысы анықталады. Жұмыстың теориялық жақтан өзектілігі де осымен айқындалады. Ол үшін біз бір ғана жазушының шығармасын (жерлесіміз С.Жұбатырұлының «Абыржы» романы) талдауға алдық. Мұның өзі осы сөйлем түрлерінің әрқайсысының қолданылу мүмкіншілігін айқындауға мүмкіндік береді. Екіншіден, біздің Қорқыт ата университетінде бір негізді сөйлем түрлері соңғы жылдары элективті пән ретінде оқытыла бастады. Дегенмен, студенттерге Синтаксис пәнін оқыту кезінде бұған онша мән берілмейді. Ал мектеп грамматикасында бұл тіпті әңгіме болмайды. Сондықтан болашақ мұғалімдер бұл жаңалықты білуге тиіс деп есептеп, жұмысымыздың бір тарауын осы тақырыпты оқыту әдістемесіне арнадық. Мұның өзі де жұмысымыздың өзектілігін білдіреді деп есептейміз.

Зерттелу деңгейі. Адамдардың қатынас құралы ретіндегі сөйлемдерді үздіксіз зерттеу оның алуан түрлі ерекшеліктері мол құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі – олардың бір бас мүшелі болып келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында «бір бас мүшелі сөйлемдер» идеясы қалыптасты.

Сөйлемді адамдардың психологиялық ерекшеліктерінің жемісі ретінде таныған академик А.А. Шахматов «Синтаксис русского языка» (1941) еңбегінде алғаш рет сөйлемдерді «екі бас мүшелі», «бір бас мүшелі» және «мүшеленбейтін» деп бөледі. Ғалым бір бас мүшелі сөйлемдердің түрлерін «бастауышты» (подлежащное), «бастауышсыз» (бесподлежащное), «жақсыз» (безличное), «вокативті» деген терминдермен атап көрсете отырып, бір бас мүшелі сөйлемдердің мәнін грамматикалық тұрғыдан қарағанда, «субъекті мен предикат мәнінің сөйлемнің бір бас мүшесі арқылы көрінуі», – деп түсіндіреді [2,50-80]. А.А.Шахматов концепциясы бойынша, кез келген бір бас мүшесі бар сөйлем (субьектісі мен предикатының мәні бір бас мүшеге жинақталған сөйлем) бір негізді болып есептеледі.

Орыс тіл білімінде осы мәселемен кейін де біршама ғалымдар айналысты. Мысалы, В.В.Виноградов «Исследование по русской грамматике» (1975) еңбегінде бір құрамды сөйлем бас мүшелерінен таза бастауыштық не таза баяндауыштық қасиеттерді не олардың эквивалентін іздеу дұрыс болмайтынын айтқан еді [3,83].

Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бір негізді (бір құрамды) сөйлемдер түркі тілінде де зерттеу нысанына айнала бастады. Бірақ түркі ғалымдарының көпшілігі бір негізді сөйлемді жақсыз сөйлемдер қатарында қарастырды. Мысалы А.Н.Кононов түрік тілінде жақсыз сөйлемдер «керек», «мүмкін» т.б. модаль сөздер қатысқан обороттармен берілетінін айтса [4,213], башқұрт тілінің грамматикасын жазған Н.К.Дмитриев [5,234], якут тілін зерттеген Л.Н.Харитонов осы тілдердегі жақсыз сөйлемдер орыс тіліндегі жақсыз сөйлемдермен ұқсас деп есептейді [6,102].

Кейінірек бір негізді сөйлемдерді арнайы зерттеген түркі ғалымдары өздері зерттеген тілдерде бір негізді сөйлемдердің бар екендігін дәлеледеп, олардың мағыналық-құрылымдық түрлерін ажыратып көрсете білді. Мысалы татар тілінің грамматикасын жазған М.З.Закиев бір құрамды сөйлемдерді алдымен есімді, етістікті , сөз-сөйлем деп бөледі де, етістікті түрін белгілі жақты, белгісіз жақты, жалпылама жақты және жақсыз деп бөледі [7,39]. Осылай топтастыру бұдан былайғы жерде бір негізді сөйлемдерді де, екі негізді сөйлемдер тәрізді есімді және етістікті деп бөліп қарауға негіз болды.

Қарашай-балқар тілінің синтаксисін зерттеушісі У.Б.Алиев бір құрамды сөйлемдерді әуелі «бастауышсыз» және «баяндауышсыз» деп бөледі де, бастауышсыз түріне жағы белгілі, жағы белгісіз, жағы жалпылама, жақсыз түрлерін жатқызады. Ал «баяндауышсыз» түріне атаулы сөйлемді жатқызады. [8,101]

Өзбек тілінде И.Расулов, қырғыз тілінде Б.Тойшыбекова, түркімен тілінде Б.Сарыевтар сөйлемнің осы түріне арнаған диссертацияларын қорғады.

Өткен ғасырдың 50-60-жылдарына дейін қазақ тіл білімінде «бір құрамды сөйлем» термині қолданылмағанымен, «жақсыз сөйлем», «атаулы сөйлем» түрлері түрлі грамматикаларда қарастырылып келді.

1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деп аталатын еңбегінде С.Аманжолов атаулы сөйлем мен жақсыз сөйлемдерді енгізіп, оларға анықтамалар береді, жасалу жолдары мен түрлерін белгілейді. Бұл еңбекке, сонымен бірге, толымсыз сөйлемдер де енгізілген. Ғалым сөйлемнің бұл үш түрі сыртқы құрылымдылық жағынан екі бас мүшелі (бастауыш-баяндауыштық) сөйлемдерге ұқсамайтын ерекше құрылымдағы сөйлемдер екенін айтады [9,170-175]. 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» аталатын алғашқы академиялық оқулық-грамматикада жалпы жай сөйлемдердің құрылымдық түрлері ретінде жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы сөйлемдер аталады [10,44]. Еңбекте сөйлемдерді жіктеуде олардың негізіне синтаксистік ерекшеліктері алынғаны байқалады. К.Аханов жалпы тіл білімінде сөйлемді «бір бас мүшелі», «екі бас мүшелі» деп жіктеу бар екенін және оның қазақ тіліне де жат емес екенін айтса [11,312], ал О.Төлегенов «Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері» атты кітабының кіріспесінде сөйлемдердің мағыналық, құрылымдық формаларын түгел қамтитын, әрі саралап танытатын топтау принципін көрсетіп, құрылымына қарай екі бас мүшелі, бір бас мүшелі (баяндауышты), мүшеленбейтін сөйлемдер деп үш топқа бөледі. Екі бас мүшелі сөйлемдер қатарына құрамы бастауыш-баяндауыштық қатынасқа құрылған яғни екі бас мүшесі де айқын сөзбен берілген конструкциялар жатқызылса, бір бас мүшелі сөйлемдер ретінде құрылысы жағынан бастауышты қажет етпейтін, тек баяндауышты негіз етіп құрылған конструкциялар аталған. Мүшеленбейтін сөйлемдер деп автор «Қалыпты құрылымды емес», яғни сөйлем мүшесіне талдауға келмейтін конструкцияларды атаған [12,44].

Бір негізді сөйлемдерді арнайы зерттеуге арналған келесі еңбек Ғ.Мадинаның ғылыми жұмысы болды. Ол «Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер» (1959) деп аталады. Ғылыми еңбек кейін «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967) атты академиялық басылымға бір тарау болып енді.

Ғ.Мадина «қазақ тіліндегі жай сөйлемдер құрылысы жағынан бір тұрлаулы мүшелі болып, екі тұрлаулы мүшелі болып та құрылады» деп, сөйлемдердің басым түрі екі тұрлаулы мүшелі екенін баса айтады. Автор зерттеуінде жақсыз сөйлемдерді түр-түрге бөлуі М.Балақаевтың жіктемесіне сай. Жақсыз сөйлемдердің жасалуын толық анықтап, сипаттап беруге тырысқан.

Сонымен бірге жай сөйлемдердің құрылысына байланысты екі негізді сөйлем, бір негізді сөйлем болып бөлінетінін атап, оған өз тұсынан термин (атаулар) ұсынды. [13,38]

М.Балақаев 1950 жылы жай сөйлем синтаксисінен докторлық диссертация қорғап, 1957 және 1959 жылдары сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксистеріне арнаған ғылыми кітаптарын жарыққа шығарды. Соңғы еңбегінде «бастауышсыз» деп аталатын сөйлемдер қатарына бір бас мүшелі сөйлемдер деп танылып жүрген белгісіз және жалпылама жақты сөйлемдерді қосады. Бір негізді сөйлемдердің бұрынғы аталған толымсыз, жақсыз, атаулы сөйлем түрлеріне өзіндік көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады [14,211]

Міне осы аталған зерттеулердің қай-қайсысында да бір негізді сөйлемдер құрылымдық түрлері жағынан қарастырылады да, ал осы сөйлемдердің тілдік қатынатағы қолданымдық сипаты, мәтін ішіндегі орны мен мәтін семантикасына қатысы, стильдік ерекшеліктері нақты айқындалмағаны байқалады. Біздің жұмысымыздың ерекшелігі де, өзектілігі де осы аталған мәселелерді анықтаумен ерекшеленеді.



Зерттеу нысаны. Бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктерін анықтау және жай сөйлем түрлерін оқыту мәселелері.

Зерттеудің мақсаты – бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатты орындауда мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:

- бір негізді сөйлемдердің теориялық негіздері мен оның қазақ тіл біліміндегі көріністеріне шолу жасау;

- бір негізді сөйлемдердің қатысымдық бірлік ретіндегі қызметін айқындау;

- бір негізді сөйлемдердің көркем әдебиеттегі стильдік сипатын дәлелдеу;

- бір негізді сөйлемдердің мәтін құраудағы орнын айқындап, статистикалық есеп жүргізу;

- жай сөйлем түрлерін жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесін негізге ала отырып, бір негізді сөйлемдерді оқытудың әдістемесін нақтылау.



Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының нақты әрі дәйекті болуы үшін практикалық материалдар бір ғана автордың бір ғана шығармасынан, нақтылай айтқанда, С.Жұбатырұлының «Абыржы» романынан алынды. Жұмыстың теориялық негізіне орыс (А.А.Шахматов, Г.А.Золотова В.В.Бабайцева т.б.), түркі (Н.А.Баскаков, И.Х.Ахматов, Б.Тойшыбекова т.б.), қазақ (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Сәдуақасұлы т.б.) ғалымдарының еңбектері және орыс әдіскерлерінің (Ш.Амоношвили, Л.С.Выготский, В.М.Монахов т.б.), қазақ әдіскерлерінің (М.М.Жанпейісова т.б.) еңбектері негізге алынды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың сәтті орындалуы үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: сипаттама, жүйелеу, талдау, салыстыру, жинақтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бір негізді сөйлемдер жөніндегі бірден-бір еңбек Ж.Сәдуақасұлының еңбегі болса, онда осы сөйлем түрлерінің алғашқы ғылыми негіздері жасалды, түрлері айқындалып, анықтамалары белгіленді. Ал біздің жұмысымыздың жаңалығы ретінде мыналарды атауға болады:

- бір негізді сөйлемдер жөніндегі ой-пікірлерге шолу жасай отырып, ондай сөйлемдердің қазақ тілінде бұрыннан бар, халықпен бірге жасасып келе жатқаны нақтыланды;

- бір негізді сөйлемдердің басқа да сөйлем түрлері (мысалы екі негізді, мүшеленбейтін) тәрізді тілдік қарым-қатынас құралы бола алатындығы дәлелденді;

- бір негізді сөйлемдердің қолданылуындағы стильдік сипаты айқындалып, оның ойды жеткізудегі айрықша рөлі көрсетілді;

- бір негізді сөйлемдердің мәтін құраудағы орны белгіленіп, олардың толық ойды берудегі қызметі нақтыланды;

- мектеп грамматикаларында бұл мәселенің әлі енгізілмегені ескеріліп, болашақ ұстаздардың сөйлем түрлерін оқытуы кезінде осы сөйлем түрлеріне де мән беруі ескеріліп, оның әдістемесі қазіргі жаңа оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері негізінде ұсынылды.



Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары және арнаулы оқу орындарында, мектептерде синтаксис курсын оқыту кезінде пайдалануға болады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Жұмыстың нәтижелерін сөйлемді оқыту кезіндегі практикалық сабақтарда, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізгенде т.б. пайдалану үшін мұғалімдерге ұсынуға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- қазақ тіл білімінде бір негізді сөйлемдерді жан-жақты, түпкілікті зерттеу ғылыми айналысқа түсті;

- бір негізді сөйлемдер жеке тұрып та, мәтін ішінде келіп те қатынас құралы қызметін атқара алады;

- бір негізді сөйлемдер – ойды стильдік жағынан жүйелеп, көркем түрде берудің құралы;

- бір негізді сөйлемдер мәтіннің кез келген аймағынан (позициясынан) белгілі орынды иеленіп, басқа сөйлемдермен мағыналық байланыста болады және мәтіннің толық ойды дәл беруіне қызмет етеді;

- бір негізді сөйлемдер жоғары оқу орындарында ғана емес, орта және арнаулы оқу орындарында да оқытылуға тиіс.



Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыс қолжазбасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасы мәжілісінде талқыланып, мақұлданды. Жұмыс нәтижелері бойынша ғылыми басылымдарда 2 мақала жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың негізгі нысаны, мақсаты мен міндеттері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталып, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен зерттеу нәтижелерінің жариялануы және мақұлдануы берілді.

Диссертацияның «Бір негізді сөйлемдердің қолданымдық ерекшеліктері» атты бірінші тарауында өзіне тән синтаксистік құрылымы бар, қызмет-коммуникацияға ие сөйлем - бір негізді сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелу жайына талдау жасалынып, олардың қатысымдық тілдік бірлік ретіндегі қызметі, стильдік сипаты, мәтін құраудағы рөлі анықталды.


1.1 Бір негізді сөйлемдердің теориялық негіздері мен қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Аталған тараушада жай сөйлем синтаксисі мәселесіне қатысты қазақ ғалымдарының пікірлеріне тұжырымдар жасалып, бір негізді сөйлемдердің теориялық негізі зерделенді.

Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі – жай сөйлем синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде.

Сөйлемді үздіксіз әрі жан-жақты зерттеу нәтижесі құрылымдық ыңғайда оның белгілі бір стандартқа сыймайтынын, сөйлем сан қырлы сыры бар құбылыс екенін көрсетті. Сөйлемнің сондай ерекшелігінің бірі – олардың бір бас мүшелі болып та келуі. Осыған байланысты тіл ғылымында «бір бас мүшелі сөйлемдер» идеясы қалыптасты. Сөйлем синтаксисін зерттеушілердің қайсысы болмасын бір бас мүшелі сөйлемдердің де предикативтік құрылымға негізделетінін жоққа шығармайды. Дегенмен, мұндай сөйлемдердің предикативтілік ерекшеліктерін белгілеуде алуан түрлі пікірлер мен көзқарастар бар.

Осы тұста «бір негізді» термині жөнінде мынаны айта кеткен орынды. Ж.Сәдуақасұлы өзінің зерттеу еңбегінде «односоставное предложение», «двухсоставное предложение» терминдерін қазақша «бір құрамды» және «қос құрамды» сөйлемдер деп атаған болатын. Кейінгі бір еңбегінде бұл терминдерді профессор Р.Әмір қолданған «бір негізді» және «екі негізді» терминдерімен ауыстырып, оның себебін түсіндірген. Біз де өз жұмысымызда осы соңғы пікірді қолдап аталмыш терминді пайдаландық.

Қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі бойынша С.Жиенбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, О.Төлегенов, Ғ.Мадина, Р.Әмір, Ж.Садуақасұлы т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы ғалымдардың жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында бір негізді сөйлемдер турасында айтқан тұжырымдарын негізге алып, аталмыш сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелу жайын сөз етпекпіз.

Жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінің бірі ретінде қарастырылып отырған бір негізді сөйлемдердің жасалуы турасында айтылған тұжырымдар, ғалымдар көзқарасы күні бүгінге дейін әр қилы болып келді.

«Бір құрамды сөйлем» термині қазақ тіл білімінде 60-жылдардан бастап көрініс береді. Бұл терминді алғаш рет К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде қолданды. «....Сөйлемнің құрылымдық үлгісін құрастыратын мұндай сөз формалары сөйлемнің тұрлаулы немесе бас мүшелері деп аталады. Жай сөйлемнің екі түрлі құрылымдық үлгісі бар: оның бірі - екі құрамды (бастауыш, баяндауышты) үлгі, екіншісі - бір құрамды үлгі. Екі құрамды сөйлемнің үлгісі екі бас мүшеден құралса, бір құрамды сөйлемнің үлгісі бір ғана бас мүшеден құралады. Мұндай бас мүше бір компонентті де, екі компонентті де болуы мүмкін», - деп көрсетеді [11,402]. Бірақ бір құрамды сөйлемдердің өзіндік сипаттары мен оларды топтастыру мәселесіне тоқталмаған. Дегенмен, 1967 жылы шыққан академиялық грамматикада алғаш рет «Бір тұрлаулы мүшелі сөйлем» деген бөлім беріліп, оған белгісіз жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем енгізілді.

Осы кезеңде жазылған тағы бір еңбек – А.Әбілқаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері» деп аталатын еңбегі. Мұнда жай сөйлем төртке бөлінеді: жақты, жақсыз, толымсыз және атаулы. Жақты сөйлем: арнаулы, ауыспалы және бастауышы белгісіз жақты деп іштей үшке жіктелген. Мұнда автордың сөйлемді жіктеудің басты белгісі етіп, негізінен, жақты алғандығын және оны бастауышпен тең деп қарағанын байқаймыз [15,18-28].

70-жылдардан бергі кезеңде бір негізді сөйлемдерге байланысты аса түбегейлі зерттеулер де, жеке дара пікірлер де бола қойған жоқ. Тек, Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын еңбегінің қазақ тіл білімі үшін біршама жаңалық әкелгенін айта кеткен орынды. Р.Әмір бұл еңбегінде жоғарыда аталған «бір құрамды» терминін «бір негізді» терминімен ауыстырып, жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем деп бөліп қарастырады.

Қазіргі қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер турасында айтылған ғалымдар көзқарасын жинақтап, нақтылай түскен және ғылыми негіздемесін жасаған ғалым ретінде Ж.Садуақасұлын айта аламыз.

Ж. Садуақасұлының бір негізді сөйлем мәселесіне қатысты пікірлері 2004 жылы шыққан «Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» атты еңбекте жалғасын тапты. Онда бұрынғы грамматикаларда әр түрлі ыңғайда қарастырылып келген жай сөйлемнің түрлері ғылымның соңғы жаңалықтары негізінде топтастырылып, бір негізді сөйлемдердің түрлері жан-жақты талданып берілген. Бір негізді сөйлемдерді жіктеу мәселесі, белгілі жақты, жалпылама және белгісіз жақты, жанама жақты сөйлем түрлерінің зерттелуі, құрылымдық түрлері, семантикасы жайында айтылған. Ол «бір құрамды», «бір бас мүшелі», «жақсыз» деп әр түрлі аталып жүрген терминдердің біреуін тұрақтандыру мақсатында бұрын қолданған «бір құрамды» терминін Р.Әмір ұсынған «бір негізді» терминімен ауыстырып қолданады [1,13].

Ғалым бір негізді сөйлемдер жайындағы тұжырымдарды тиянақтай келіп, оған мынадай анықтама береді: «бір негізді сөйлем деп, мазмұндық құрылымы жағынан бір ғана бас мүше арқылы предикативтік құрылымда беріліп, синтаксистік құрылымы жағынан екінші бас мүшемен толықтыруды қажет етпейтін жай сөйлем түрін айтамыз» [1,18]. Бұл еңбекті қазақ тілінде жай сөйлем синтаксисін зерттеуде бір негізді сөйлемдерді ғылыми түрде арнайы қарастырған алғашқы оқу құралы деп айтуымызға толық негіз бар.

Осы аталған еңбектердегі бір негізді сөйлемдер жайында айтылған пікірлерді саралай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

1. Қазіргі қазақ тілінде бір негізді сөйлемдер – жай сөйлемнің басқа түрлері сияқты мағыналық құрылымға, қызмет-коммуникацияға ие сөйлем.

2. Бір бас мүшелі сөйлемдер мазмұндық жағынан көп әлементті болуына қарамастан тұлғалық құрылымы жағынан бір негізді сөйлем ретінде қаралуға тиіс.

3. Бір негізді сөйлемдердің бас мүшесі басқа ешбір мүшеге тәуелді емес, сөйлемді ұйымдастыруға негіз болатын жалғыз ғана бас мүше болып табылады. Бұл ерекшелік бір негізді сөйлемдердің өзіне тән синтаксистік құрылымы бар екенін көрсетеді.



1.2 Бір негізді сөйлемдер – қатысымдық тілдік бірлік. Тілдің коммуникативтік қызметін анықтау қажеттілігі барысында тілдік бірліктердің қатысымдық мәніне басты назар аударған дұрыс. Себебі, тіл бірліктерінің негізгі атқаратын қызметі – қатысымдылық. Тіл бірліктерінің қай түрі болмасын тілдік қатынасты жүзеге асырады және хабарламалық сипатта болады. Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес бір негізді сөйлемдердің қолданысы жайында айтпас бұрын, оның қатысымдық тілдік бірлік ретіндегі қызметін түсіндіру қажеттілігі туындап отыр.

Бұл мәселені қазіргі қазақ тіліндегі бір негізді сөйлемдер турасында айтылған ғалымдар көзқарасын жинақтап, нақтылай түскен және ғылыми негіздемесін жасаған ғалым – Ж.Сәдуақасұлының бір негізді сөйлемдерді жіктеу мәселесін негізге алып шешуге тырысамыз. Ол үшін С.Жұбатырұлының «Абыржы» шығармасынан алынған белгілі жақты, жалпылама және белгісіз жақты, жанама жақты сөйлем түрлеріне қатысты мысал-сөйлемдерді пайдаланамыз. Мысалы:

- Мен сені түсініңкіремей отырмын, қызыл костюм.

- Солай. Мен балды уға қосып, қызық шындық шығарамын. Өзіңді, тілегіңді, досыңды тыңда!...

Бұл диалогте бір негізді белгілі жақты сөйлем арқылы екінші кейіпкердің берген ақпараты, жеткізген ойы дараланып тұр. Бұл сөйлемнің қатысымдық ерекшелігінің бірі екендігін дәлелдей түседі.

- Апыр-ай, сөз болғаныңа! – деп тамсанды етектегі екеудің бірі.

- Ура! Біздің ауылға артист келді, - деп айқайлады балалардың бірі.

- Мен бұл ағаны танимын, деді талдырмаш қыз бала.

- Өй, шулама түге! Апырай, мынау Медет қой. Мөңке ағамның баласы Медет қой мынау! (белгілі жақты сөйлем)

Диалогте бірнеше кейіпкер арасындағы пікірлер берілген. Алғашқы кейіпкерлер (1,2,3) хабарды тыңдаушыға жеткізсе, ал төртінші кейіпкер сөзінде алғашқы айтылған пікірлерге қарсы бұйыру мәні белгілі жақты сөйлем арқылы берілген.

Бастық мұның өзіне емес, иық тұсына біртүрлі шаршай қарады.

– Сонымен, шаруаңызды нақты айтыңызшы! Уақыт тығыз еді...

– Ия, «уақыт – алтын» деген ақылды адамдар. Мұнда бәрі жазылған. Жоқ, барлығы емес, бәрін үлгеріп қағазға түсіру мүмкін болмады. Бірақ мен ой нұсқаларын мейлінше қамтыған болдым.

Күмбір үн қарлығыңқы шықты:

- Ия, шаруаңызды айтыңыз... Жармекенов мырза! Шырайлы толық өң, әлденеге тотығыңқы еді.

- Мен сізге бір ұсыныстармен келдім... Айғара бауырым.

Сөйлемнің 2-жақтық мәні әр кезде диалогті сөйлемдерде сөйлеу жағдаятында анықталады. Өйткені берілетін хабар әңгімеге қатысатын екі жақтың пікір алысуы тұрғысында бірінен екіншісіне қарата, соған арнай беріледі. Жоғарыда көрсетілген алғашқы сұрақ-жауап диалогіндегі қатысымдық мән белгілі жақты сөйлем арқылы берілген. Ал екінші диалогтағы курсивпен берілген сөйлем де жоғарыдағы сөйлемге ұқсас, тіпті бірдей деуге болады. Бұл да қатысымдық бірлік ретінде қызмет атқарып тұр. Алайда, екеуінің айырмашылығы – соңғысын екі негізді сөйлемнің бастауышы түсірілген толымсыз түрі деуге болады. Бұл екі сөйлемнің бірін бір негізді, екіншісін екі негізді деуге себеп болып тұрған олардың интонациялық құрылымы. 1-сөйлем қатқыл, өктем көтеріңкі дауыспен айтылып, айтушының тыңдаушыға деген қатынасының жағымсыздығын байқатып тұр. Ал егер бастауышты орнына қояр болсақ, ол қатынастың мәні 2-сөйлемдегідей болып өзгерер еді.

- Сізде бір кездері мықты базистік денсаулық болған, - деді мұның күңгірт кеңістігінде кенет пайда болған ақ желеңді жігіт. – Талай от пен судан сүйреп алып келе жатқан сол запас...

- Денсаулықтың дұрыстығынан өле алмау ақымақтық деп кім ойлаған? – Жылы шырай сезім атаулыны езуіне жиып, жас жігітке арса-арса жүзін бұрды бұл. Біраздан жамбасы тимеген сыралғы диванында шалқақтап отыр еді. Дәрігер өзіне біртүрлі шарасыз түсіністікпен көз салып, басын шайқады.

- Бұлай деу дұрыс емес! Мұндай пікірді ойға жолатпау керек, ағасы.

Диалогқа қатысушы тұлғалардың пікірлері әңгімелесу түрінде және хабаршы мен тыңдаушы арасындағы қатысымдық (белгісіз) жанама жақты сөйлем арқылы берілген. Бұл сөйлемнің бір негізді болуы қимыл-әрекет иесі ретінде үш жақтың кез келгенінің болу мүмкіндігінің, сондықтан оны атап көрсетудің сөйлем семантикасы үшін мәні жоқ екендігінен көрінеді.

Қарсы алдында өзіне үңіле қарап, Мәмбет тұр. Күліп-ақ жіберетін жағдай: ә дегенде, алдында тұрғанды шөпшек сақалы жоқ көкесі ме деп қалғаны.

- Күлетін еш нәрсе жоқ,- деді туысы тесіле қараған қалпы.

- Сен сақалын қырып тастаған көкемнен аумайсың-ей!..

- Ей, сығыр құдай! – деді туысы бебеулеп.

Бұл келтірілген мысалда тыңдаушы сөйлем мазмұнынан сол хабардағы іс-әрекет, қимыл-қозғалыстың өзі үшін де, сөйлеуші үшін де бірдей қатысты екенін ұғады. Бұдан бір негізді сөйлемнің қатысымдық тілдік тұлға ретінде нақты мағынасынан басқа да бір жақтық мағыналардың орнына қолданыла алатындығын көруге болады.

- Бұл менің өмірім емес.

- Ха! Бұл, біле білсең, сенің мерекең. Сенің мүмкіндігің. Биік арман, адал әрекет өтті-кетті... Енді, бұл өмірдің келесі парағын ашып қара!...

Бұл диалогте хабарды қабылдаушы жақ өзінің жауабын бір негізді белгілі жақты сөйлем арқылы білдіреді. Сөйлемде субъектінің мәні предикаттық бас мүшедегі 2-жақтық тұлға арқылы беріліп және оның сөзбен берілуін сөйлем семантикасы қажет етпей тұрғандығын көруге болады. Сонымен бірге қатысымдық мән бұйрық райлы сөйлемнің ауыспалы мәнде жұмсалуы арқылы беріліп тұр.

Сонымен, жоғарыдағы талдаулар бір негізді сөйлемдердің де сөйлемнің екі негізді түрі тәрізді қатысымдық тілдік бола алатынын, тіпті олардан кем қолданылмайтынын көрсетеді. Сөйлемнің бұл түрі қатысымдық бірлік ретінде, бір жағынан сөйлеушінің (жазушының) ойды қалай жеткізу еркімен байланысты болады да, екінші жағынан, сол ойдың дәл, айқын, стильдік тұрғыдан ұтымды жеткізілуімен байланысты болады. Сөйтіп, кейде екі негізді сөйлем жеткізе алмайтын ойды тілдік бірліктердің өзгеше бір құрылымы – бір негізді сөйлемдер арқылы жеткізу тиімді болады.



1.3 Бір негізді сөйлемдердің стильдік сипаты. Жалпыхалықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан қолдану - әр жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөзді тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Кез келген көркем туындының көркі, шұрайы оның тілінен көрінеді, тілі арқылы бағаланады. Яғни көркем шығарма тіл байлығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар тілді дамытатын, байытатын негізгі арналардың қатарына жатады. Көркем әдебиет тілін тілдік қолданыстың ерекше бір арнасы деп танысақ, шығарма тіліндегі жаңа қолданыстар мен әдеби норма, нормадан ауытқулар, оның себебі сияқты мәселелерге талдау жасап, саралап отыратын лингвостилистикалық зерттеулердің қажеттілігі сөзсіз.

Тілдегі экспрессивтілікті жеткізуші құралдардың қатарына сөз жатады. Сөйлеу барысында сөз сөйлеуші туралы фактуалды және эмоционалды-экспрессивтік ақпараттарды жеткізіп тұрады, қалыптасқан мағынасынан тыс қосымша мағыналарды жеткізуге қатысады. Сөз мағынасы нақты контекст жағдайында түрлі стилистикалық аспектіде көрініп, бағалауыштық, мәнерлегіштік, функционалдық т.б. экспрессивтік мағыналарды жеткізу құралына айналады.

Соған орай бір негізді сөйлемдердің стильдік сипаты қандай, оның көркем әдебиеттегі мәні мен ерекшеліктері неде деген тәрізді сұрақтарға да жауап беруге тура келеді.

Себебі, көркем әдебиеттің басты ерекшелігі оқырманды баурап алу, сөйлемдер жүйесі арқылы жазушының ойын мүлтіксіз түсіндіру, жеткізу болып табылады. Бұл ыңғайда бір негізді сөйлемдердің өзіндік орны бар екенін шығармадан алынған мысалдарды талдау арқылы көз жеткізуге болады.

Жақ формаларының мәні мен стильдік қызметі мәнмәтінде және жеке сөйлем мазмұнында, ситуациялық ыңғайда олардың негізгі және ауыспалы мағыналарда әр түрлі модальдік реңде көрінуі арқылы беріледі. Сонымен бірге жақтық және сандық мәнмен де тығыз байланыста қаралады. Әдетте жақтық форманың бірде жекеше, бірде көптік мәнде қолданылуы, бір жағынан, олардың негізгі тура мәнін айқындаса, екінші жағынан, олардың өзі бірінің орнына екіншісі қолданылып, ауыспалы мәнге ие болып жатады. Осындай ауыспалылық сөйлемнің бір негізді боп құрылуына себепші болады. Мұны жақтық формалардың негізгі және ауыспалы мағыналарын салыстыру арқылы байқауға болады.

Ал енді С.Жұбатырұлы шығармасындағы бір негізді сөйлемнің белгілі жақты түрінің стильдік қолданысына келсек, ол бас мүше тұлғаларының ауыспалылығынан емес, интонациялық ерекшелігінен, сөйлемнің тұтас мазмұнынан және, көбіне диалогтік сөйлесімнен (сөйлесу жағдаятынан) көрінеді.

Жазушы шығармасында кездесетін нақты іс-әрекет иелерінің мәні бас мүшедегі 1,2 –жақтық тұлғалар арқылы берілетін бір бас мүшелі сөйлем түрі – белгілі жақты сөйлемдердің шақтық мәні, бас мүшесінің жасалу жолы арнаулы тұлғалар арқылы да, лексикалық жолмен де (түбір етістіктер), синтаксистік тәсіл арқылы да (сөйлеу жағдаяты, мәнмәтін) беріледі. Мысалы: бұйрық райлық 1-жақтық тұлғаның жекеше және көпше тұлғасында райлық мән мен жақтық мән бірге беріледі.

– Әңгімені сұйылтпайық!... Біз сізге реніштіміз. Себебі, сіз үшін лямканы өзгелер тартып жатыр. Ал сіз барлық ауыртпалықты, сірә, тыныш жерде тығылып өткізгіңіз келеді.

– Өзіңмен бүгін жақсылап сөйлесіп, дұрыстап танысқым келді. Қысылмай, еркін отырайық...

Осы сөйлемдердің алғашқысын бір негізді белгілі жақты сөйлем деп есептейміз. Өйткені бұл сөйлем сырттай қарағанда бастауышы жасырын тұрған, оны орнына қоюға болатын екі негізді толымсыз сөйлем сияқты. Бірақ, бастауышты қоюға болмайтын мынадай себептер бар: 1-ден, сөйлем мағынасы сөйлеуші тарапынан тыңдаушыға деген жағымсыз психологияны байқатады, сондықтан ол көтеріңкі, қатқыл, бұйрықтық мәнде айтылған. Егер бастауышты қояр болсақ, сөйлемнің осы аталған мәні мен мазмұнына нұқсан келеді. 2-ден, сөйлемнің осы мәніне байланысты кейінгі бәсеңдеу, жай хабарлау интонациясымен айтылған сөйлемде «біз» есімдігі арнайы беріліп тұр. 3-ден, сойлеуші мен тыңдаушы бетпе-бет сөйлесіп отырғандықтан, «біз» есімдігін мүлдем қолданбаса да болар еді.

Ал екінші сөйлемдегі «өзің» сөзінің қолданылуы сөйлеушінің қасында тыңдаушы да бар екенін айқын білдіргендіктен, «біз» сөзін қолданудың қажеттілігі онша байқалып тұрған жоқ.

Сондай-ақ, белгілі жақты бір негізді сөйлем 2-жақтық бұйрық райлы етістіктер арқылы және олардың басқа етістіктерге көмекшілік қызмет атқаруы арқылы берілуінің стильдік сипаты жоғарыдағыдай. Сондықтан бірнеше мысалдар берумен шектелеміз.

Бұйрық райдың нөлдік тұлғасы арқылы жасалған сөйлемдер:


    • Тыңда. Және құлақпен ғана емес, жүректің зердесімен тыңдап көр!

    • Ал, талаңдар! Түтіп жеңдер! Қан мен жынға тойыңдар!

Үйірлі баяндауышқа «де» көмекші етістігінің тіркесіп келуі арқылы:

– Осы уәжді... аргументті осындағы «Тіршілікті азат ету» партиясының мүшесі, немесе, «беллетрист-публицист» есітсе...

– ...Айдарынан жел есіп тұрған көп ит жалғыз бұралқыны талап жер еді дейсің ғой.

Есімшеге көмекші сөздердің тіркесуі арқылы:

– Кешіріңіздер! – деді табалдырықтағы адам үні құмығып.

– Впрочем, есік ашқан екенсің, кір енді! – Әсерлі қатқылдық сәл жұмсарды.

– Менде солай ойлаймын... Әсіресе, сізбен танысып, сөйлессем бе деп жүр едім.

– Бөкен де ондай бала бар екенін білмейді екенмін!..

Сонымен, жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай, бас мүшесі 1-жақтық тұлғада келген бір негізді сөйлемдер, негізінен, тура мағынада қолданылады да, басқа жақтық мағынада қолданылмайды.

Оның есесіне, басқа жақтық тұлғалы бір негізді сөйлемдер ауыспалы жақта жиірек қолданылады.

Мысалы, мына сөйлемдердің бәрі де екінші жақтық бұйрық райда келгенімен, сөйлеушінің өзі туралы монологінде айтылғандықтан 1-жақтық мағынаның орнына қолданылып тұрғандығын аңғарамыз.

«Өлмейді екенсің, ендеше, өз кіріңді өзің жу, өз көніңді өзің сүйрет!» деген бұл, сонау, тіршіліктің жаңа бұрылысында.

Мен балды уға қосып, қызық шындық шығарамын. Өзіңді, тілегіңді, досыңды тыңда!...

Әне, нағыз талант пен күш тоғысатын жер!... Неге сонша сенесің?!

Осындай ауыспалылық сөйлемнің құрылымдық түрін де өзгертеді. Бұл сөйлемдер 2-жақтық тұлғаның абстракциялануы себебінен бір негізді жалпылама жақты сөйлемге айналған.

Сонымен, бір негізді сөйлемдердің көркем әдебиеттегі қолданысына, қарым-қатынас құралы ретіндегі сөйлемнің стильдік тұрғыдан түрлі-түрлі болып құрылуының, сөйтіп ойды нақты, дәл, түсінікті жеткізудің құралы екендігіне С.Жұбатырұлының «Абыржы» романын талдау барысында көз жеткіздік.

1.4 Бір негізді сөйлемдердің мәтін құраудағы рөлі. Мәтін – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі – тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне оқытушылар мен тілшілер назар аудара бастады. Бұрын мәтін дербес жиынтық тұлға ретінде жеке өзі зерттеу өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жұмсалатын контекст есебінде қарастырылатын де, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары сөз болатын.

Көркем шығарма немесе кез келген мәтін қатысымдық негізде құрылып, оқырманға, қабылдаушыға әр түрлі әсер етеді. Сөйлеу актісінің орын алуы үшін мәтіннің қосылуы шарт болса, мәтінді тудырушы адресант пен мәтінді қабылдаушы адресаттың да болуы қажет. Автор мен оқырман байланыс арнасының екі жағында болғандықтан қарым-қатынас барысында екеуінің де рөлі ерекше. Әдетте көркем шығармада автор ролінің маңызы зор. Дегенмен оқырманның да пснхологиялық күйі мен қабылдау, пайымдау табиғатын жоққа шығаруға болмайды. Мәтінді оқып түсіну арқылы оқырманның әлеуеттік болмысы қалыптасады. Оқырманның мәтінді қабылдауы жөнінде белгілі ғалым Н.Уәли былай дейді: «...ықпал етуші субъектінің, сырт қарағанда, сөз мәтінін тудырушы, өндіруші ретінде әрекеті белсендірек көрінеді де мәтін қабылдаушыда белсенділік жоқ сияқты сезіледі. Алайда мәтінді қабылдаушыда да белсенділік болады. Бірақ бұл белсенділік — ішкі белсенділік» [16, 246].

Көркем мәтінде тура қатынас орнамағандықтан, оқырман тікелей адресат ретіндс қарастырылмайды. Адресатты анықтауға ықпал ететін жайттар ретіңде шығарманың бағытын, стилін, автордың жеке тілдік қолданыс ерекшелігін көркем мәтіннің қатысымдық мәні мен қызметін айтуға болады.

Көркем мәтіңде басқа мәтіндерге қарағанда коммуникация үдерісі күрделірек болады. Себебі, көркем мәтінде баяншы және қабылдаушымен қатар автор бейнесі мен оқырман бейнесі қалыптасады. Мысалы:

Көркем шығармадағы автор мен оқырман арасындағы коммуникацияның жүзеге асуьн былайша көрсетуге болады:

көркем шығарманы тудырушы — автор;

көркем шығарманың идеясын жеткізуші - баяншы;

көркем мәтіннің мазмұны - хабар;

көркем шығарманы қабылдаушы - адресат.

Көркем мәтін оқырманға жол тартқанда оқырман мен автор арасындағы қарым-қатынас әрекетінің сипаты түрліше өрбиді. Ауызша сөйлеу барысында баяншы қатынас жасауға қажет адресат факторын ескереді. Автор көркем шығарамадағы бейнелеулермсн оқырманның дүннетанымын кеңейтеді, оны тың қарым-қатынасқа жетелейді. Сондықтан, көркем шығарма барысында жазушы оқырманмен өзара қарым-қатынас орнатып, қатысымдық байланысқа түседі. Осыдан келіп, оқырман мен автор арасында іштей пікірлесу орнайды.

Осылайша, автордан оқырманға бағытталған көркем мәтіндегі мағлұмат мазмұны көптеген сүзгіден өтеді. Хабарды түсіну, қабылдау автор мен оқырман арасында рухани қарым-қатынасты қалыптастырып, шығарманың мазмұнын өзара қатысымдық тұрғыда жеткізуте көмектеседі.

Сырқат адам көздерін жұмып, біраз үнсіз қалды. Сосын, аларыңқыраған жанарымен бұған көз қиығын салып біраз қарады.

– Басжібін үзген бұқадай сүмеңдеп, біреудің ақ некелі қатынының ізінде жүргенді қой! Елде сөз бар... Желкілдеген жас емессің... Әлгі ақшаны неғыласың? – деді туысы кенет.

«Құлпытас» үнсіз қала берді.

Осы мәтінде тыңдаушыға бағытталған бірнеше белгілі жақты бір негізді сөйлем бар. Сөйлеушінің ауызынан айтылған бұл сөйлемдер тыңдаушы жақтың характерін ашуға бағытталған. Өзі сырқат туысы мына отырған жақынының істеп жүрген әрекетіне жанашырлық танытады. Егер осы сөйлемдер осы мәтінде осы орында қолданылмаса, мазмұн басқаша да болуы мүмкін.

«Бізге директорды тыңдау керек, көңілін қалдырмай қол шапалақтау керек. Сосын, олардың аузына тамақ, иығына лыпа беретін өз тірліктерімізді ары жалғастыра беруіміз керек. Қарыны аш шығармашыға қарау аянышты болмақ», дейтін Ұстазы. Расында мұндайларға, әрекетпен ғана жауап беру керек. Атқарылған іспен, нәтижемен ұру керек. «Итті майлы сүйекпен ұрса қыңсыламайды», дейтін Майбас қасапшының сүйікті мәтелі бар. Немесе, Ұстазының тағы бір анық уәжі: «Көке мылжыңдармен тәжікелесу – мардымсыз тірлік. Сондықтан, ақылды адам ауызекі таласқа көп бармас болар. Абырой-әлеуетін сақтар. Даурықпа, даңғазалардан күліп құтылар. Мейлі, тайыздар сол сәттің үстемдігімен мәз болып қала берсін. Ақылды адам сөзімен, ісімен, қолында бар қуатымен миллиондарды мойындататын іс атқарады. Мылжыңдар, күндердің күні, сол миллиондардың табанында тапталып қалады». Солай, миллиондарды мойындататын ұлы іс атқару керек! Және ол атқарылады!

Мәтін ұстаздың аузынан шыққан жанама жақты бір негізді сөйлемдермен басталады да, шәкірттің осы сөйлем түрімен қоштауымен аяқталады. Мәтін мазмұны жұрттың (кез келген жақтың) арқасында күн көретіндермен күресу туралы баяндайды. Ал ондайлармен «мен» де, «сен» де, «ол» да күресуіміз керек. Яғни жанама жақты сөйлемдер тұтас мәтіннің қаңқасын құрап тұр.

«Өлмейді екенсің, ендеше, өз кіріңді өзің жу, өз көніңді өзің сүйрет!» деген, бұл сонау, тіршіліктің жаңа бұрылысында. Бірақ, осы – шамырқанған шамшыл ниет қана екен. Тұрмыс – қиын ғылым екен. Бір үзім нанның артында көптеген бейнет тұрады екен. Әрине, анасы бұған тіпті, өзінің беторамалын да жуғызған емес. Ол кісі өз-өзімен күбірлей сөйлесіп жүріп, қалтаға тыққан шүберектерді мәлім бір уақыттарда әлдеқайда әкетеді. Сонан, қыста аяз иісі, жазда күн иісі аңқыған, тап-таза дүниелерді қайта алып келеді. «Әшекей қарағым – алтын асықтай бала ғой, айналайын. – деп, мұндайда бір беймәлім жақсы адамға еміреніп, батасын беруден жалықпайды ол кісі. - Тек, бағы ашылмаған, байғұстың.»

Бұл мәтін 2-жақтық тұлғаның 1-жақтың орнына қолданылып жалпылануы арқылы жасалған жалпылама жақты бір негізді сөйлемнен басталады. Бұл сөйлем осы мәтіннің кілті іспеттес. Өйткені осы мәтіннен кейін бір кездегі айтылған ойдың кейін басқаша өрбігені мәтіннің кейінгі сөйлемдері арқылы айқындалады.



2. ЖОО жай сөйлем түрлерін оқыту деп аталатын келесі бөлімде жоғары оқу орындарында «Жай сөйлем» тақырыбын оқытудың жалпы мәселелері, оқыту үдерісіндегі жаңа технологиялар талданып, практикалық сабақтарда бір негізді сөйлемдерді меңгертудің жолдары сараланды.

2.1 Жай сөйлем түрлерін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері. Жай сөйлем синтаксисі бойынша теориялық білім мен ғылыми ойлаудың әдістемесін қалыптастыру үшін, пәнді оқытудың тұтас әдістемелік жүйесін жасау қажет. Атап айтқанда:

    • жай сөйлемді оқытудың әдістемелік ұстанымдарын айқындау;

    • пән мазмұнын айқындаудың теориялық-әдістемелік негізін салу;

    • осыған сәйкес пән мазмұнын игерудің жолдарын қарастыру;

    • мазмұнды жеткізуді ұйымдастырудың, яғни сабақты өткізудің әдістемесін жетілдіру;

    • студенттің білімін тексерудің әдістерін ұсыну, т.б.

Оқыту үдерісінің басты сипаты педагог пен студенттің пән мазмұнын игеруге құрылған әрекеті болса, бұл әрекеттегі негізгі тұлға оқытушы емес, оқу. Онсыз оқыту әрекеті болмайды. Оқу материалы қазіргі дидактика ғылымында оқу информациясы деп аталады. Оқу информацияларын құруда: оқытудың мазмұндық элементін тиімді таңдау және оны белгілі бір логикалық, дидактикалық құрылымда ұйымдастыра алу міндеттері болады. Оқу информацияларының негізінде оқу пәні құрастырылады. Пән мазмұнын құрастыруда таңдау ұстанымы, оны таңдаудағы негіздер, таңдау межесі, дидактикалық жағдайлар негізге алынуы тиіс.

Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі – күрделі құрылымы, ұйымдастыру формасы, өзіне тән ерекшеліктері бар педагогикалық жүйе. Оқыту формасы – білім алушы мен білім берушінің әрекетін ұйымдастыру амалын көрсететін оқу үдерісін ұйымдастырудың сыртқы жағы. Ол білім алушылардың санымен, субъектілердің қарым-қатынас сипатымен, студенттердің өз бетімен жұмыс істеу дәрежесімен, педагогтік қызметтің ерекшелігімен тікелей байланысты болады.

Жай сөйлем синтаксисі пәнінен берілетін дәріс, семинар, өздік жұмыс түрлері және олардың жүргізудің түрлі жолдары, әдістері талданды.

2.2 Жай сөйлем түрлерін оқытуда жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану. Аталған тараушада қазақ тілі сабақтарында, оның ішінде «Жай сөйлем синтаксисі» пәнін оқытуда модульдік, дамыта оқыту, интерактивтік оқыту технологияларын пайдалану мәселелері және пән мазмұнын ашуда модульдік жүйенің тиімділігі айтылады.

Оқыту технологиясы – оқу информацияларын жеткізудің, толықтырудың, өзгертудің, өңдеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, белгілі бір материалдық құралдар арқылы оқытушының студентке білім беру тәсілі, оқу-тәрбие үдерісінің құрылымын, мазмұнын, дидактикалық мақсатқа жетудің жолын айқындайтын алдын-ала дайындалған тиімді және үнемді тәсіл. Оқыту технологиясының бір деңгейі – модульдік технология.

Модульдік технологияның құрылымын: оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері, оқытудың нәтижесі айқындайды.

Жай сөйлем түрлерін модульдік жүйемен оқытуда: модульдің біртұтас мәселеге арналуы; модульдегі ішкі мәселелердің бір-бірімен тығыз байланыстығы; әр модульдердің бір-бірімен мағыналық байланыста болуы; модуль көлемі оны меңгеруге икемді құрылуы, модуль нәтижесін шығаруға қолайлылығы; модульдердің жүйелілігі ұстанымдары негізге алынды.



2.3 Бір сабақты өтудің әдістемесі. Университеттің бакалавриат бөлімінде қазіргі қазақ тілінің негізгі саласы ретінде синтаксис пәні жүргізіледі. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәні бойынша студенттер сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылысы, бөгде сөз, тыныс белгілері тақырыптарынан білімдерін тереңдетеді.

«Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» курсы студенттердің жоғарыда аталған «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінен, оның ішінде жай сөйлем синтаксисі жайында теориялық және практикалық тұрғыда алған білімдерін соңғы ғылыми зерттеулер негізінде тереңірек жетілдіру мақсатында бакалавриат кезеңінде таңдау пәні ретінде оқытылады.

Бұл курста сөйлем құрылымын зерттеудің ғылыми-теориялық мәселелеріне жалпы шолу жасалына отырып, оларды жіктеудің жаңа бағыты қарастырылады. Бір негізді сөйлемдердің жеке түрлерінің белгілері мен сипаттарын саралап, анықтамасын белгілеуге, олардың құрылымдық үлгілері негізінде типтік түрлерін айқындап, жасалу жолдарын, семантикасын анықтауға арналған. Жай сөйлемнің түрлері ғылымның соңғы жаңалықтары негізінде топтастырылып, соның ішінде «бір негізді» деп аталатын түрлері құрылымдық сипаттарының өзара қарым-қатынасы тұрғысынан жан-жақты талданып беріледі.



«Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды:

1. Студенттерді қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қаруландыру;

2. Сөйлем түрлерін, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін таныту;

3. Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОБЖ, СӨЖ арқылы студенттердің жай сөйлем туралы бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

4. Студенттердің синтаксиске қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

5. Теориялық білімдердің негізінде студенттердің мектепте жұмыс жүргізуге қажетті білік, дағдыларын қалыптастыру.

Осы айтылған пікірлерді практикалық тұрғыда тиянақтау мақсатында тарау соңында бір сабақты өтудің бір сабақ жоспарының үлгісі берілді.
Қорытынды
Адам және адамзат ғасырындағы білім берудің басты мақсаты — адамға басты назар аудару, оны ең негізгі құңдылық ретінде тану. Ол үшін білімнің негізгі мазмұнына жана сипат беру, ұлтгық менталитет, жаңаша ойлау мәдениетін дамыту, тәлім-тәрбие, мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру.

Білім беруді гуманитарландыру — адамның ішкі жан-дүниесін, өмірге көзқарасын, бітім-болмысын қайта құру. Осыған орай жоғары білім беруде бұл реформаны іске асыру үшін оқытудың мақсатын — шығармашылық белсенділігі жоғары, әлеуметтік көзқарасы қалыптасқан, адамгершілігі мол, инабатты, саналы, жан-жақты білімді маман тәрбиелеуге бағыттау. Оқытудың мазмұнын гуманитарландыру, яғни қоғамның даму тарихын, адамның өзін қоршаған орта, табиғат, қоғам туралы ойлауын дамыту, білім берудің мазмұнына адамзат қоғамының қалыптасуындағы гуманистік көзқарастарды, ойшылдар мен ғалымдардың пікірлерін енгізу, т.б.

Еліміздің егемендік алуы қазақ тіл білімінің де жан-жақты дамуына зор әсерін тигізді. Жалпы тіл білімінде бұрын пайда болғанымен, бізге белгісіз не аз белгілі болып келген тіл ғылымын зерттеудің жаңа бағыттары қазақ тіл білімінде де молынан қарастырыла бастады. Мұнымен бірге қазақ ғалымдары бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі ізденіс бағыттары мен әдістерін жаңаша қарауға да көңіл бөлуде. Мәселен, қашаннан «адамдардың қатынас құралы» деп есептеліп келген сөйлемнің өзі бұрын тек грамматикалық құрылым тұрғысынан қарастырылып, оның қызметі де осы тұрғыда айқындалып келген болса, кейінгі кезде оны ойдың жемісі ретінде қарастырып, оның қатынас құралы болу қызметін ой мен тілдің бірлігі тұрғысынан белгілеу қолға алынды. Соның бірі – қатысымдық тілдік бірлік ретінде қарастырылған бір негізді сөйлемдер. Біз нысан етіп алған бір негізді сөйлемдердің стильдік қолданыс сипаттарын ашу, көркем әдебиеттегі қатысымдық ерекшеліктерін анықтау және жоғарғы оқу орындарында жай сөйлемді оқытудың теориялық мәселелерін әдістемелік тұрғыда қарастыру төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1. Өткен ғасырдың орта тұсынан басталып зерттеу нысанына айналған бір негізді сөйлемдер туралы зерттеулерге жасалған талдау, олардың қазақ тіл білімі үшін де жат еместігін, қайта жасалуында өзіне тән синтаксистік құрылымы бар, қызмет-коммуникацияға ие сөйлем екенін көрсетті.

2. Қазақ тіл білімінде «жақсыз сөйлемдер» қатарында қаралып келген бір негізді сөйлемдер өзіне тән ерекшеліктері мен мағыналық-құрылымдық түрлері тұрғысынан айқындалғаннан кейін, қазақ тіл білімінің зерттеу нысанына айналды.

3. Жазушы С.Жұбатырұлының шығармасындағы бір негізді сөйлемдерді талдау олардың жеке тұрып та, мәтін ішінде келіп те қатынас құралы қызметін атқаратынын, ойды стильдік жағынан жүйелеп, көркем түрде берудің құралы екендігіне көз жеткізді.

4. Бір негізді сөйлемдер мәтіннің кез келген аймағынан (позициясынан) белгілі орынды иеленіп, басқа сөйлемдермен мағыналық байланыста болады да, мәтін мазмұнын жазушы ойна сай беруде белгілі бір қызмет атақарады: мәтіннің тұтас мазмұнының кілті қызметін атқарады; мәтін ортасында келіп ой бөліктерін жалғастырушы, толықтырушы қызметін атқарады; мәтін соңында келіп, ойды тұйықтаушы, қорытушы қызметін атқарады.

5. Жоғары оқу орындарында сөйлем синтаксисін оқытуда модульдік оқыту жүйесі, дамыта оқыту технологиясы т.б. тәрізді жаңа инновациялық технологияларды пайдалану қазіргі заманғы оқыту үшін аса маңызды.

6. Практикалық сабақтарда жай сөйлем тақырыбын өту барысында бір негізді сөйлемдерді және олардың ерекшеліктерін жан-жақты талдау студенттің білімін, тіл байлығын жетілдіруге мүмкіндік береді.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Сәдуақасұлы Ж., Сәдуақасова Г. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері.- Қызылорда, 2004.-128б.

  2. Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. – Л., 1941.-208с.

  3. Виноградов В.В. Исселедования по русской грамматике. Избранные труды. – Москва, «Наука» -187с.

  4. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. – Москва, 1960.-400с.

  5. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – Москва,1948.-238с.

  6. Харитонов Л.Н. Типы глагольной основы в якутском языке. – Москва,1954.-202с.

  7. Закиев М.З.Синтаксический строй татарского языка. – Казань, изд-во Казаньского университета, 1963.-122с.

  8. Алиев У.Б. Синтаксис карачаево-балкарского языка. – Москва,1972.-214с.

  9. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.-320б.

  10. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1954.-432б.

  11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. 3-басылуы. Алматы, 1993.-402б.

  12. Төлегенов О. Жалпы модальді және мақсат мәнді жай сөйлем типтері. Алматы,1968. – 178б.

  13. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. Алматы, 1959.-253б.

  14. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.-240-246б.

  15. Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. Алматы, 1963.-60б.

  16. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті.-Алматы,1984.-118б.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


  1. Бір негізді сөйлемдердің зерттелу жайы. // «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы. №3, 2012ж.

2. С.Жұбатырұлының «Абыржы» романындағы бір негізді сөйлемдер. // Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанынан шығарылған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы. Қызылорда, 2012ж. (баспада)


РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности

6М011700 - казахскиий язык и литература

Азбергеновой Ляззат Жалгасбаевны
Особенности использования односоставных предложений

и вопросы обучения типов простых предложений
Актуальность исследования. В нашей диссертации рассматриваются особенности использования в художестенной литературе односоставных предложений. Теоретическая актуальность работы определяется особенностью, стилью, текста в художественной литературе. Для этого мы взяли произведение писателя «нашего земляка С.Жубатырулы роман «Абыржы») этот анализ нам даст возможность определить виды предложении. Во-вторых в последние годы в нашем университете им. Коркыт ата начали изучать типы односоставных предложений как элективную дисциплину. Однако, в изучении синтаксиса этому особого внимания не уделялось. В школьной грамматике даже не идет об этом речи. Поэтому будущие учителя должны хзнать эту новость, одну из глав работы посвятили методике обучения этой темы. Это значит актуальность нашей работы.

Цель исследования. Определить особенности использования односоставных предложений и обучение типов простого предложения.

Научное новизна исследования. Трудом Ж.Садуакасулы является об односоставных предложениях, определены виды, указаны научные основы. Новизной нашей работы является:

- делая обзор мыслям об односоставных предложениях, мы узнали что такие слова и предложения в казахском языке существуют;

- односоставные предложения как виды предложений могут быть средством языковых взаимоотношений;

- определены стили использования односоставных предложений;

- односоставные предложения могут быть в виде текста;

- учитывая что, эта дисциплина не введена в школьную грамматику, рекомендуется использовать как новую технологию обучения.



Основные положения защиты:

- разносторонне исследования односоставных предложений в казахском языкознании;

- односоставные предложения в текстах и в частности может служить как средство взаимоотношения;

- односоставные предложения служат изложению полного текста;

- односоставные предложения должны обучаться не только в высших учебных заведениях, но и в специальных и средних заведениях.

Структура исследования. Работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы.

SUMMARY

Avtoreferat a dissertatsy on competition of the academic degree of the master of pedagogical sciences on specialty - 6М011700 the Kazakh language and literature

Azbergenova Lyazzat Zhalgasbayevna
Features of application mononuclear offer and questions training of types simple offer

Topicality of the research work. Being independent of our country greatly influenced to the development of the Kazakh linguistics. Kazakh scholars began t pay attention to some problems and trends from the new points of view. In our research work usage peculiarities of the one – component sentence in the work of art shows the topicality of the work. For it we took our local writer’s work to analyse. (S.Zhubaturulu ‘Abyrzhy’ novel) Firstly, it gives us opportunity to define the possibilities of using this type of sentence. Secondly, at our Korkut Ata University, one - component sentences are lately taught as the elective subject. However, less, attention are paid in teaching syntax to this type of sentence.

Research object. To distinguish the peculiarities of the one-component sentence use and issues of teaching the simple sentence.

The aim of the research work.

To distinguish the peculiarities of the one-component sentence use. To reach this aim the following tasks were determined:

-to make a survey on the theoretical bases of one-component sentence.

-to define its function as the means of communication

-to prove style characteristics of the one-component sentence in the work of art;

-to define the role of the one-component sentence in composing a text and make a statistic show;

-on the bases of methods of teaching simple sentence at the higher educational establishment, give concrete expression on the ways of teaching the one-component sentence



Methods of investigation To do the research work successfully the following methods were used: description, systematization, analyse, comparison, classification.

Scientific novelty of the research work

Type of one-component sentence, its first theoretical bases and definition were given by Zh.Saduakasulu.

Scientific novelty of our work is the following: -by making deep analyses on the one-component sentence, it was found out such type of sentence is existing and being simultaneously used by Kazakh people.

-other types of one-component sentence can be used as the means of communication.



-In school programme methods of teaching one-component sentence in the field of grammar has not been taken into consideration yet, that’s why new methods and technology of teaching this type of sentence were offered in our research work.

Theoretical value of the work Results of the research work, can be used in teaching syntax at the higher educational establishments and at school

Practical value of the work Results of the research work can be used by the teachers as the materials for oral, written analyses and at practical classes.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет