6 семестр
Пәннің аталуы
|
М45. Өндірістік іс-тәжірибе
|
Қысқартылған атауы
|
ӨІТ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Өндірістік іс-тәжірибе, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
7 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
|
Доцент / оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Практикалық - кәсіптік бөлім
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
5 апта
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, ғылыми жаратылыстану және математикалық негіздері пәндері, арнайы мамандандырылған пәндер.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Практиканың негізгі мақсаты: өндірістік жағдайда мал шаруашылығының жеке салаларында, ірі қара мал, жылқы, қой, шошқа, құс шаруашылықтарында өнім өндірумен танысу. Практика кезінде студенттер мал шаруашылығы саласындағы негізгі технологиялық процесстермен, мал тұқымдары мен табын өсірумен, мал өнімдерін өндірудің әртүрлі жүйелерімен танысады.
Оқу – жоспарына сәйкес берілген практика өтілген материалдардан алған білімдерін бекіту үшін қолданылады. Сонымен қатар келесі курстарда өтілетін пәндерді жақсы меңгеру үшін мәліметтер алады.
-
практиканың жұмыс бағдарламасында көрсетілген тапсырманы толық орындауға;
-
кәсіп орынында орнатылған ішкі еңбек тәртібіне бағынуға;
-
еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және санитарлық ережелерді оқып орындауға:
-
курстық жобаға материал жинауға міндетті.
- әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының өнімділіктерін, экстерьерін, интерьерін зерттеу әдістерін меңгеру.
- мал мен құстарды азықтандыру, күтіп-бағу, өсірудің тәжірибелік маңыздылығын игеру.
- табынды өз төлінен өсірумен, малдар мен құстардың тұқымдары, ата-енелері және аналық ұялары мен тәжірибе жүзінде танысу.
Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе 3-4 курстарда әртүрлі мен түріндегі шаруашылықтар мен фермаларда ұйымдардың мамандары мен бойынша кафедра оқытушысының жетекшілік жасауы арқылы өтеді.
-
мал өсіретін шаруашылықтардың экономикасы және ұйымдастыруларымен танысу.
-
Менеджер-зоотехниктің, зоотехник – селекционердің мал өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру және іс жүргізу жұмыстарының тәжірибелік машықтарын игеру, ауыл шаруашылық малдарын есепке алу, бонитировкалау, ұрпағының сапасы бойынша бағалауды үйрену.
-
Малдардың өнімділіктерін талдау, азықтарды дайындау мен есепке алу , қажеттіліктерін есепке алу, жас төлдердің өсіп жетілуін есепке алу.
-
Бекітілген диплом тақырыбы бойынша эксперименталдық және т.б. материалдарды жинақтап байланыстыру.
-
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін алдын ала апробациялау және оларды өндірісте жүзеге асыруға ұсыныстар енгізуді үйрену.
|
Мазмұны
|
Ірі қара мал шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы. Ірі қара малдың шаруашылықтық-биологиялық ерекшеліктері. Тұқымдары: Табын өсіру технологиясы Табынды азықтандыру Төл өсіру Сиырларды саууды ұйымдастыру Жоғары сапалы сүт өндіру Малды күту жүйесі Ірі қара мал етін өндіру технологиясы. Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығында ет өндіру технологиясы (сүтті бағыттағы ірі қара малдың ет өнімділігі). Ірі қара мал етін өндіретін арнаулы кәсіпорындардың жұмысы. Малды өсіп жетілдіру және бордақылау. Етті бағыттағы арнаулы ірі қара мал шаруашылығының технологиясы. Шошқа шаруашылығы, шошқа етін өндіру технологиясы. Шошқаның шаруашылықтық - биологиялық ерекшеліктері. Шошқа етін өндіру технологиясы. Табын өсіру технологиясы. Мегежіндерді азықтандыру және күту. Төл өсіру. Бордақылау технологиясы. Сапалы шошқа етін өндіру. Қой шаруашылығы, жүн және қой етін өндіру технологиясы. Қойдың шаруашылықтық-биологиялық ерекшеліктері, өнімділігі, тұқымдары. Табын өсіру. Төл өсіру. Азықтандыру және күту. Жүн алу технологиясы. Қой етін өндіру. Құс шаруашылығы. Жұмыртқа және ет өндіру технологиясы. Құстың шаруашылықтық-биологиялық ерекшеліктері. Табын өсіру. құстарды өсіру, азықтандыру және бағып күту. Тағамдық жұмыртқа өндіру технологиясы. Құс етін өндіру технологиясы Жылқы және түйе шаруашылығы. Қымыз, жылқы. етін және шұбат өндіру технологиясы. Жылқы, түйенің шаруашылықтық-юиологиялық ерекшеліктері. Тұқымдары, өнімділігі. Табын өсіру. Жылқы және жүйелі азықтандыру және күту технологиясы. Сүт өндіру технологиясы. Ет өндіру технологиясы.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 30-40 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.
|
4 курс
7,8 семестрлер
7 семестр
Пәннің аталуы
|
Менеджмент және маркетинг
|
Қысқартылған атауы
|
Менедж. ж/е маркет.
|
Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Куттыбаева Д.А,
|
Доцент/оқуытушы
|
Э.ғ.к.,доцент м.а.
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Экономиалық пән (міндетті, базалық пән)
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15 сағат, Семинар сабақтары-15 сағат, ОСӨЖ-30 сағат., СӨЖ-30 сағат
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы -90сағат,
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
2 ЕСТS
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Курстың пререквизиті: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Микроэкономика»
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Нарықты экономиканың дамуы, экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін мамандарды дайындауда жаңа талаптар қойып отыр. Сол себюептен нарық талаптары мен заңдарына сәйкес пәндер бойынша білім алу қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасында осы заманғы өндірістік қатынастардың даму кезеңдері меншік формаларының өзгерістерімен сипатталады, басқару жүйелері АӨК кәсіпорындарының экономикасының дербес дамуына мүмкіндік тұғызады. Сонымен қатар, өндірушілер мен тұтынушылар арасында өндірістік-экономикалық байланыс түpлepi де өзгереді, орталықтандырылған қатаң жоспарлау орнына өзара пайдаға бейімделген нарықтық қарым-қатынастар келеді. Мұның барлығы экономика, менеджмент, маркетинг және агробизнесті ұйымдастыру сияқты пәндерді тереңінен үйренуді талап етеді.
«Менеджмент және маркетинг» пәнін оқыту мақсаты - ауыл шаруашылығы және қайта өндеу кәсіпорындарында менеджмент, маркетинг, өндipicтi тиімді және ұтымды ұйымдастыру мәселелері бойынша стyденттергe теориялық білім беру және оны ic жүзінде қолданудың үйрету.
|
Мазмұны
|
Дәрістің мазмұны: Менеджменттің мәні мен даму қағидалары. Басқару функциялары Менеджменттегі байланыстырушы үрдістер. Топтық динамика және жетекшілік.Зоотехникалық ұйымдар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету. Маркетингті басқару үpдici және элементтерi . Зоотехникалық қызметтер көрсету нарығын сегменттеу . Тауар дайындау және аграрлық маркетингтегi баға белгілеу мәселелері. Зоотехникалық қызметтер көрсетулер және өнiмдердi өткiзу стратегиясы. Халықаралық маркетинг және қоғам.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқыту және емтихан тапсыру барысында студент - басқару теориясы мен тәжірибесі негіздерін; басқару функцияларын; мaркетингтің негізгі бағыттарын; өнімді өткізу стратегиясын; өнімдерге баға қою әдістерін білуі тиіc.Басқару саласындағы білімдерін тәжірибеде қолдануды; басқару әдістерін игеруді; басқарудың; нeгiзгi функцияларын жетiлдіруді; алға қойған мақсатқа жету үшін адамдармен тиянақты жұмыс істей отырып тәуекелге баруды; күнделіктi жұмыста дау-жанжал мен өте қиын жағдайларды шешуді бiлyi керек.
/ үлгерімнің ағымдағы бақылауы , қорытынды бақылау (емтихан).
|
7 семестр
Пәннің аталуы
|
Құс шаруашылығы. Құс өнідерін өндіру технологиясы.
|
Қысқартылған атауы
|
|
Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Дәуренбеков Х.Т.
|
Доцент/оқуытушы
|
Кандидат
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Мақсаты:
Құс шаруашылығын өркендетудегі ең негізгі мақсат — халықты аса бағалы жұғымды (диеталық) тағамдар: жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз ету. Осы бағыттағы құс өсіретін арнайы көсіпорындар ғылыми-техникалық үрдіс негізінде жабдықталған. Құс шаруашылығында қолданылатын тәсілдер мал шаруашылығының басқа салаларында да қодданылады.
Оқу жоспарында 050802—Зоотехния мамандығында бойынша "Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өңдіру технологиясы" курсы арнайы пән болып табылады.
"Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы" пәнің оқыту кезінде әрбір студент жануарлар морфологиясы, жануарлар физиологиясы, ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция, генетика және биометрия, ауыл шаруашылығы маддарын азықгандыру, зоогигиена және мал шаруашылығы объектілерін жобалау негіздері, акушерлік және көбею биотехнологиясы, мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, сонымен қатар ветеринариялық, агрономиялық, экономикалық саладағы пәндермен өзара байланыста оқытылады.Пәннің негізгі мақсаты әрбір студент пәнді оқу кезінде құс шаруашылығының біздің және шет мемлекеттердегі жағдайы мен танысып құстың биологиялық және шаруашылықтық ерекшеліктері оларды экологиялық таза өнім өңціру үшін аз шығын жұмсай отырып тиімді пайдалану
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы Оның аса қысқа мерзімінде мейлінше бағалы тағамдар ( құс етін) өндірудегі маңызы. Құстан алынатын өнімдер сипаттамасы Үй құстарының сырт пішіні мен дене құрылысы. Құстың дене бітімі. Оның внімдік бағытка қарай өзгеруі. Құстың жасы мен жынысын айыру. Түлеуі. Дене бітімінің белгілері, олардың күйі мен өнімділігіне байланыстылығы. Құсты дене бітіміне қарай бағалау. Құстың сырт пішіні, оның өлшемдері, индекстері. Құс етін өндіру. Құс тұқымдарын шығару.. Сұрыптау-генетикалық станциясы, асыл тұқымды құс зауыты, репродуктор шаруашьшықтары, бұлардағы жұмыс ерекшеліктері. Маңызы. Дәстүрлі емес құс етін өндіру технологиялары. Инкубатордың негізгі типтік технологиялық көрсеткіштері, оларды жетіддіру. Инкубация кезінде биологиялық бақьшау және оның бақьшау тәсілдері. Мол өнімді құс өсіру үшін толықтырғыш балапандарды өсірудің маңызы. Әртүрлі қүстардың толықтырғыш топтағы балапандарын өсіру мерзімі және уақыты. Күрке тауық етін өндіру технологиясы. Ата-аналық топтарды күтіп-бағу. Құс түрлерінің тұқым куалау қабілетін күшейтуде қоршаған ортаның маңызы. Құс бағу әдістері: торға қамап бағу, торлы еденде, жалпы еденде ұстап бағу жағдайын жақсарту, ауа температурасы, ьшғалдылығы т.б Қазы етін өндіру технологиясы. Құсты азыктандыру ерекшеліктері. Азықтандыру нормасы, азықтандыру түрі және тәртібі, олардың езара байланысы. Құстардың еттілігіне әсер ететін факторлар. Ет өндіру, тұтынушылар талабына сейкес осіру, құсты бордақылау, оның мерзімдері, қүс өсіру қарқынын жедеддету. Тағамдық құс етінің сапасына қойьшатын талаптар, құс етін өндеу. Құс етінің сапасын жақсарту жолдары. Сәнді құстар туралы мәліметтер. Келешекте құс етін өңдіру технологиясын жетіддіру, оның болашағы.Жұмыртқаны терең өңдеу. Құс саңғырығын өңдеу жолдары
|
Зертханалық, практикалық сабақтар: Техника қауіпсіздігі. Құстың сырт пішінін зерттеу. Құс түрлерін, олардың дене бітімін, құстың жасы мен жынысын айыру. Құс пішіні, оның денсаулығы мен енімділігіне қарай езгеруі. Құстың сырт пішінінің онімдік бағыткд икемделуі. Құсты жұмытркд сапасына құрай бағалау. Тауық жүмытрқдсының морфологиялық құрылысы. Жұмытрқа сапасын сипаттайтын көрсеткіштермен танысу, жұмытрқа сапасын анықтау әдісін игеруі Құс өсіру. Құсқа сақина салу. Сұрыптау есеп қисабы. Құсты шағылыстыру жоспарын жасау. Қораздармен мекиендерді жалпы селекциялық көрсеткіштеріне қарай жұптау. Құсты азықтандыру. Бройлер балапандарына және мекиендерге арнап құрама жем жасау. Құстың өнімділік бағытына, жасына, өндірілетін өніміне кдрай кететін азық шығынын анықтау. Жұмыртқаны инкубаторда салу. Инкубатордағы биологиялық бақылау. Ұрықтың өсіп-өну белгілерін, патологиялық ауытқуларды зерттеу. Тәуліктік балапан, оған белгі салу, сапасын және жынысын анықтау. Балапан өсіру. Оның технологиялық кестесін жасау жөне тадцау. Ересек құстарды бағу. Ай сайын және жьгл бойы өндірілетін жұмыртқаның саны. Жыл басындағы мекиен санына және өр мекиенге шакқаңдағы жүмыртқа саны. Құс қорасының сиымдылығы (проценттік есебімен). Жұмыртқа өндіру технологиясы. Құс фабрикасындағы технологиялық график. Ата-аналық топтың есеп-қисабы. Мекиендердің санын және өңдірістік топтағы толықтыратын балапандар санып есептеп шығару. Бройлер балапандарын өсіру, балапан етін өндіру технологиясы. Зоотехникалық лабораторияда микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау Белгілі бір уақытта жүмыс істейтін кәсіпорындардың жыл бойы өндіретін бройлер етін есептеп шығару. Саңғырықты кәдеге асыру жолдары Торда өсірілетін бройлер балапандардың есеп-қисабы. Қораздар мен мекиендерді бірге немесе бөлек өсіру. Ет өндіру технологиясының үлгісін жасау Құсты сою және өңдеу. Құстан алынатын шикізаттар -қауырсын мен мамықты өндеу технологиясы
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Болашақ мамандар - оқу жоспарының бір бөлігін жеке және өз бетімен орындайтын жұмыстар ретінде игеруі тиіс. Өз бетімен орындайтын жұмыстардың негізгі түрі — курстық жоба, оны орындау кезінде әрбір студент зерттеуші-практик тәсілін игереді.
|
7 семестр
Пәннің аталуы
|
Жылқы шарукашылығы. Жылқы сүтін және ет өндіру технологиясы.
|
Қысқартылған атауы
|
ЖШЖСЖЕӨТ
|
Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, тәжірибелік ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Бакиров А.
|
Доцент/оқуытушы
|
Доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Мақсаты:
Курстың мақсаты – студенттерді өз мемлекетіміздегі, ТМД және шет елдердегі жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайымен, жылқылардың биологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерімен таныстырып, одан әрі жоғары сапалы өнім өндіру үшін тиімді пайдалануды оқып үйрету.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Кіріспе. Жылқы шаруашылығы курсының тақырыбы, мазмұны мен міндеті. Республикамыздағы жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы, маңызы, халық шаруашылығында алатын орны, негізгі бағыттары. Жылқы экстерьері, интерьері және конституциясы. Бағылатын түрлі тұқымды және типті жылқылардың ерекшеліктері. Жылқы экстерьері мен конституциясын оқу. Формасы мен қызметінің байланысы. Жылқы тұқымдары. Жылқы тұқымдарын жіктеу жолдары. Оларды аудандастыру. Жылқыны ұдайы өсіру және құлындарды күтіп-бағу технологиясы. Жылқыны ұдайы өсіру және көбейту шараларының мақсаты. Жылқының көбею ерекшеліктері. Жылқының жұмыс қабілеті және оларды пайдалану. Жылқының жұмыс қабілетін анықтайтын факторлар: жасы, бойы, қоңдылығы, дене құрылысың типі, тұқымы, темпераменті. Жылқы жұмыс қабілеті, күші, жылдамдығы, қуаты. Жылқы өнімдерін өндіру технологиясы.Жылқы еті азық-түлік тағамы, оның химиялық құрамы,калориясы, қоректілігі, дәмдік және емдік қасиеттері. Тебінді жылқы шаруашылығың технологиясы.Тебінді жылқы шаруашылығы,оның маңызы және таралу аймағы.Жылқы тебінің құрылым ерекшеліктері. Ат спорты мен ат туризмі.Ат спортының даму келешегі, қазіргі жағдайы, шығу тарихы.Ат спортының түрлері, классикалық,ұлттық ойындар және т.б. Жылқы шаруашылығында селекциялық асылдандыру жұмысы. Жылқы зауыттық және тебінді жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы және оның мақсаты мен маңызы. Жылқы тұқымын жақсарту және жаңа тұқым шығару жолдары. Жылқы шаруашылығындағы мемлекеттік шаралар.Қазақстан Республикасы жылқы зауыттары және ат спортын ұйымдастыру жүйесі,оның құрылымы.
Зертханалық сабақтар: Жылқы экстерьерін және тұқымдарын оқып үйрену. Дене өлшемдерін алу, жасын, тірілей салмағын, түр-түсі белгілерін анықтау. Жылқының тірілей салмағын анықтау, дене құрылысының индекстерін есептеу және олардың жылқы селекциясындағы маңызы. Жергілікті жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттамасы. Салт мінетін жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттамасы. Салт мінетін әрі жегуге арналған жылқы тұқымдарының зоотехникалық сиапттамасы. Желісті жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттмасы. Ауыр және жеңіл жүк тартатын жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттамасы. Жылқы таңбалау техникасын оқып үйрену. Жергілікті жылқыларды бонитировкалау нұсқасын оқып үйрену. Жұмыс аттарын азықтандыру,суғару Жылқының жегу құралдары,арба мен ер түрлері және оларды жегу мен ерттеу техникасы. Жылқыны жайып семірту және борда қылау. Ат спортының классикалық және ұлттық түрлерін оқып үйрену. Мемлекеттік асыл тұқымды жылқыларды тіркеу кітабымен танысу және жұмыс істеу.
Практикалық сабақтар: Жылқы экстерьерінің жеке дене мүшелерін оқып үйрену. Жылқы экстерьерінің ақаулары мен кемшіліктерін оқып үйрену. Жылқының дене өлшемдері мен өлшеу техникасын оқып үйрену. Жылқы жасын тісі арқылы анықтау. Жергілікті жылқы тұқымдарының зоотехникалық сипаттамасы. Жылқының түр-түсін, белгілері мен таңбаларын оқып үйрену. Жылқы зауыттық тебінді жылқы шаруашылығында шағылылыс науқанын есебі мен оларды қолдану. Жылқының жұмыс қабілетінің көрсеткіштері, транспортқа және ауыл шаруашылық жұмыстарына пайдалану. Жұмыс аттарын азықтандыру, суғару және азық өлшемдерін құру. Биенің сүттілігін анықтау тәсілдері, желін түрлері және сүттің химиялық құрамы. Жылқы ұшасын бөлу схемасы. Жылқы етінен дайындалатын ұлттық тағамдар Қымыз дайындау технологиясы. Қымыз стандарттары. Жылқы ұшасын бөлу схемасы.Жылқы етінің стандарты. Жылқының дене өлшемдерін оқып үйрену. Ипподромда жылқыларды жаттықтыру мен сынаудың технологиясымен танысу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Жылқы шаруашылығы кәсіпорныдарында (асыл тұқымды және тауарлы фермаларында, шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықтарда, жылқы зауыттарында) технологиялық параметрлерін есептеуді өз бетімен орындауды, асыл тұқымды жылқыларға бонитировка жүргізуді, маусымдық және тұрақты қымыз фермаларында сауын биелерін таңдауды игеруі тиіс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |