4 семестр
Пәннің аталуы
|
М25.3. Ферменттермен катализденетің реакциялардын кинетикасы
|
Қысқартылған атауы
|
ФКРК
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Балхибеков Р.М.
|
Доцент/оқытушы:
|
Магистр аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, зертханалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: физикалық химия, физика, жоғары математика, селекция негіздері бар генетика, молекулалық генетика, молекулалық биология, биохимия, жасушалар биологиясы өндіріс құрал - жабдықтары
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Пәннің мақсаты: Студенттер фермент-субстратты комплекстердің ерекшеліктері, ферменттік реакциялардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақтыларын анықтау, ферменттік белсенділікті реттеу әдістері, ферменттер денатурациясының механизмі туралы білімдерді туралы түсінік беру.
Компетенциялар: қайтымды реакциялардың кинетикасының негіздері, екі субстратты және кофактормен белсендендірілген реакциялар, бір және екі субстратты қарапайым ферменттік реакциялардың кинетикасы туралы білімді жаңа заманға сай нанотехнологияның бағыты мен бағдары туралы түсінік қалыптастыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Ферменттермен катализденетің реакциялардың кинетикасы пәнәініңмақсаты, міндеттері,жалпы мәселері. Кинетикалық реакция жылдамдығы және оны анықтау әдістері.
Реакция ретін анықтау әдістері. Реакция жылдамдығы туралы түсінік. Жылдамдық тұрақтысы. Реакция реті мен молекулалығы. Биокинетика. Ферменттер туралы түсінік. Биокатализ. Фермент субстратты комплекстер және ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттік реакцияладың жылдамдығына әсер ететін факторлар (субстрат концентра-циясы,температура, ерітінді рН т.б.). Ертінділердегі ферменттік реакциялардың кинетикасы.
Михаэлис-Ментен теңдеуі және оның параметрлерін анықтау.Теңдеулерді анықтау аумағы. Ферменттік реакциялардың жылдамдық тұрақтылары. Ферменттік реакциялардың қарапайым сатыларының жылдамдық тұрақтыларын анықтау. Бір және екісубстратты қарапайым ферменттік реакциялардың кинетикасы.
Фермент субстраттарын белсендендіру және ингибирлеу әдістері. Екі субстратты және ферментті кофакторлармен активтенген қайтымды реакциялардың кинетикасы.
Ферменттік реакциялардың жалпы қолдану аймақтары. Субстрат ферментін активтеу және ингибирлеу.Бір ферменттің бірнеше әртүрлі субстратпен әрекеттесуі.
Ферменттік активтілікті реттеу. Ферментік активтілікті қайтымды реттеудің механизмі.
Қайтымды реттеудің ферменттік реакциялардың кинетикасына әсерін талдау. Ферменттердің инактивациясы. Ақуыздар денатурациясының механизмі және онан туындайтын құбылыстар.
Инактивация. Инактивация процесі кинетика үлгісін жасау. Ферменттердің денатурациясы. Механикалық факторлар әсерінен ферменттердің денатурациясы.
Ферменттерді тұрақтандыру әдістері. Гетрогенді жүйелердегі ферменттік реакциялар. Ферменттік реакцияларды өндіріс пен биотехнологиялық өнеркәсіптерде қолдану аумақтары.
Зертханалық сабақтар:
Ұлпалар культурасының биотехнологиялық лабораториясын ұйымдастыру. Жасушаларды культивирлеу үшін қолданылатын құрал жабдықтар мен аппараттар. Иммобилизацияланған ферменттерді және микроорганизмдерді алу.Ферменттер препаратын алу.
Целлюлозаның ферментативтік гидролизі.
Биоэлектрокатализді тәжірибеде қолдану. Иммобилизацияланған ферменттер мен микроорганизмдерді алу. Температураның ферменттік катализ жылдамдығына әсері. Іркінді суларды иммобилизденген микроағзаның жасушасы көмегімен тазалау. Ферменттердің ингибирленуі.
(ферменттердің улануы). Михаэлис теңдеуінің константасын анықтау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
|
4 семестр
Пәннің атауы
|
М27.1. Инженерлік компьютерлік графика
|
Қысқартылған атауы
|
ИКГ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә:
|
Жұмабаев А.Ә.
|
Доцент / оқытушы:
|
т.ғ.к., доцент м.а.
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестілігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер -15, практикалық -15, зертханалық -30, ОСӨЖ -60, СӨЖ -60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы-180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: сызу, сурет салу, математика, геометрия, информатика
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
студенттердiң кеңістiкте елестету қабiлетiн арттырып, логикалық ойлау қабiлетiн дамыту, жазықтықтағы кеңiстiк формаларының бейнеленуiн құрастыру әдiстерiн меңгеру, кешендi сызбада бұйым бейнесiн оқып үйрену, сызбаны оқи бiлу тиiстi стандарттармен, анықтамалармен өз бетiнше жұмыс iстеу, АutoCAD компьютерлік бағдарламасында графикалық жұмыстарды және конструкторлық құжаттарды дайындау.
|
Мазмұны
|
Түзудiң проекциялары. Түзудің түрлері және өзара орналасуы. Жазықтық.. Жалпы және дербес жағдайдағы жазықтықтар. Жазықтықта жатқан нүкте және түзулер. Беттер. Беттердiң анықтаушылары. Айналу беттерi. Екiншi реттi беттер. Айналу беттеріндегі нүктелер мен түзулер.
Түзу сызықтық беттер. Беттердің анықтаушылары. Сызықтар және олардың түрлері (жазық, кеңіс сызықтар). Сызықтық жазылатын және жазылмайтын беттер. Аксонометриялық проекциялар. Позициялық есептердi шешу тәсiлдерi. Жазықтық пен түзудiң қиылысуы. Беттердің жазықтықпен, түзумен және өзара қиылысуы. Беттердiң өзара қиылысуы. (Қиюшы жазықтықтар және қиюшы сфералар тәсiлi). Метрикалық есептердi шешу әдiстерi. Жазықтық пен түзудiң перпендикулярлығы. Проекциялар жазықтықтарын алмастыру тәсiлi. Айналдыру тәсілдері. Жазылатын беттердi жазу тәсiлдерi.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Тік бұрыштап проекциялау әдістерін меңгеру. Іс-тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде қарапайым графикалық примитивтерді пайдалана білу. Позициялық және метрикаклық есептерді шешуді меңгеру
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М27.3. Жаңа информациялық технологиялар
|
Қысқартылған атауы
|
ЖИТ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Қапдырбекова А.С., Жайлаубаев Н.М.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақшы, орысшы
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау бойынша компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 15, практикалық – 15, зертханалық– 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Информатика», «Математика және физика» пәндері
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Жаңа информациялық технологияларды, сонын ішінде, ізденудің , жинаудың, сақтаудың және мәліметтерді өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгеру.
Компитентілігі биотехнологияның әр түрлі саласындағы теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін қажетті сәйкес келетін пәндер туралы логикалық аналитикалық концептуалды ойлану дағдыларын меңгеруді, биотехнолгиялық нысандарды зерттеуде сәйкес кеелетін әдістерді таңдау және сенімді түрде қолдана білу, биотехнологиялық нысандарды зерттеу, әдістерін, тәсілдерін білу, өндірістік жағдайларда жүретін процестер туралы білім алу. Ғылыми негізде еңбек шығармашылығын ұйымдастыра білу туралы түсініктер болу керек
|
Мазмұны
|
Дәрістер мазмұны: Компьютердегі мәліметтерді ұсынылуы. Мәліметтер және олардың түрлері. Есептеудің арифметикалық және логикалық жүйелері. Алгоритмдер (типтері, қасиеттері, ұсыну әдістері,). Операциялық жүйелер. Операциялық жүйелердің қызметтері. Жүйелік бағдарламалар. Қолданбалы бағдармалар. Windows операциялық жүйесі. Компьютерлік жүйелер. Локальды және глобальды жүйелер. Жүйелік технологиялар. Интернетте мәліметтерді іздеу. MS Word мәтін редакторы. MS Excel кестелік процессор. Көрсеткіштер базасы. Презентиция жасауға арналған Мicrosoft Power Point. Негізгі қауіпсіздік және оны құраушылар.
Зертханалақ сабақтардың мазмұны: Есептеудің арифметикалық және логикалық жүйелері. Алгоритмді ұсынуды анықтау, анықтамалары, қасиеттері, әдістері. MS DOS, Norten Commander, MS Word, MS Excel көрсеткіштер базасы. Көсеткіштер базасымен жұмыс жасау. Сұраныстар. Түрлері. Есеп беру. Компьютерлік жүйелер. Жоғары деңгейдің қазіргі заманғы тілдері: қысқаша сипаттамасы, негізгі түсініктер.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқыту мен емтихан тапсыру процесінде студент әлемнің қазіргі заманғы мәліметтер бейнесі мен қалыптасуын және мәліметтер технологиясын қолдану дағдаларын білу қажет. Бақылау түрлері: үлгерімді, қорытынды бақылау (емтихан)
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М42. Оқу практикасы 2(оқу далалық)
|
Қысқартылған атауы
|
УП 2
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Оқу практика, ОБСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Бигара Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
а/ш.ғ.к., доцент м.а.
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Практикалық - кәсіптік бөлім
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
3 апта
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
6 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Биология, биологияны оқытудың метоликасы, микроорганизмдердің әртүрлілігі, өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер физиологиясы, өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер биотехнологиясы, микробиология и вирусология, , мамандыққа кіріспе.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Іс-тәжірибенің мақсаттарыы: Жергілікті жердің өсімдіктер әлемімен кең көлемде танысу. Өсімдіктердің үш тобы, яғни шөптесін, бұта,ағаш тектес өсімдіктермен танысу. Олардың қолданылу маңызын меңгеру.Бір-бірінен ажырата білуге және кептірме шөп жасау іскерлігіне дағдылану.Төменгі сатыдағы өсімдіктермен танысу және олардың қолданылуын зерттеу.Омыртқасыздар экологиясынан өтілетін далалық практикасы теориялық материалды тереңдететін, нақтылы табиғи объектілерге сүйеніп жүйеге келтіретін оқудың құрамды белгілі. Бұл практика тірі табиғатпен бетпе-бет келіп, оның тіршілік тынысы табиғи қалпында көріп, бақылайтын, жергілікті жердің жануарлар дүниесі мен танысып, қысқа және ұзақ мерзімді бақылаулар жүргізетін, олардың негізгі түрлерінің биологиясын, физологиясын және практикалық маңызын оқып үйренетін практика.
Әртүрлі тіршілік ортасының:/экологиялық топтар/ су, топырақ, құм, әуе, бау-бақша, орман, далалақ жердің флорасымен /өсімдіктер дүниесі/ және фаунасымен /жануарлар дүниесі/ танысып, оны жинаудың, коллекция жасаудың және сақтаудың, сонымен қатар осы еңбекте беріліп отырған насекомдарды анықтаудың жолдарымен үйренеді.
Жануарлардың түр-түсін, қимыл-әрекеетін, өзара қарым-қатынасын, зиянды, пайдалы жақтарын өз көзімен көріп, бақылаулар жасауға дағдыланып, қалыптасады.
|
Мазмұны
|
Оқу далалық іс-тәжірибесінде; Мәдени өсімдіктердің /огородқа, баққа, егістікке экскурсия жасау арқылы / зиянкестердің барлық негізгі түрлері мен осы кездегі олардың даму кездерімен танысу және олардан коллекция жасау.
Ашық жерлердің насекомдары /егістікке, шабындыққа экскурсиялар жасау арқылы/ мәліметтер жинау, сачокпен жұмыс істеу, зиянкестерге сандық есептер жүргізу әдістемелік меңгеру, насекомдардың тозаңдатушылардың ролі мен танысу 2-3 өсімдіктің тозаңдатушылардың түрін, зиянкестердің негізгі топтарын анықтап, коллекциялар жасау.
Топырақ жәндіктері топырақ жәндіктерін зерттеу арқылы/ тақырыбы бойында топырық жәндіктерін зерттеу әдісін меңгеру, бір биотоптың әр түрлі жерлеріндегі топырақта тіршілік ететін жәндіктердің тіршілік құрамы анықтау, топырақ ылғалдылығына байланысты вертикаль таралуын анықтау, коллекциялар жасау.
Тұщы су жәндіктері /өзен, көл, тоған қлоймаларына эксукурсия жасап, материал жинау арқылы /тақырыбы бойынша судағы омыртқасыз жәндіктерді жинау, судың тіршілік орта ретіндегі ерекшелігін зерттеу, зерттелетін су қоймаларының сипаттамасын беру, судың жәндіктерінің түр құрамын анықтау, бейімделушілік белгілерін түсіндіру, жиі кездесетін кейбір түрлерінің тіршілік әрекетін зерттеу, пайдалы және зиянды түрлерін ажырату, сонымен қатар су жәндіктерінің сипаты, судың тереңдігі, жарық, жылу т.б. /факторларға байланысты әртүрлі стацияларға таралу заңдылықтарын анықтап, коллекциялар жасау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 20-30 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М43 «Лаборант-микробиолог» жұмысшы мамандығын дайындау практикумы
|
Қысқартылған атауы
|
«Л-М» ЖМДП
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Саденова М.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша , орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіптік-практикалық бөлім (таңдау бойынша)
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
2 апта
|
Еңбек сыйымдылығы
|
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: Физика, Бейорганикалық химия, органикалық химия, молекулалық биология,биохимия .
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Берілген курсты оқытудың мақсаты тыңдаушыларды микробиологиялық, биохимиялық процестерді аппараттар мен құралдарды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, зерттеуде келешек биотехнолог және ғылым қызметкерлері ретінде арнайы дайындау. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдер туралы тереңдей мағлұмат беру және осы арқылы табиғатта микробиологиялық процестердің ерекшеліктерін анықтау, табиғат және адам өміріндегі орнын білуге, болашақ маман қазіргі биотехнологияның, микробиологияның принциптерін біліп, ол білімді практикада пайдалануға үйрету.Микроорганизмдердің дамуының физиологиялық заңдылықтарын, өсіру принциптерін беру.
Компотенциялар: микробиология үшін анағұрлым маңызды прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктерімен таныстыру, технологиялық процестің әртүрлі этаптарындағы олардың тіршілік қабілетін бақылауды, зертхана мен өндірісте санитарлық-микробиологиялық бақылау жүргізуді үйрену логикалық, аналитикалық және концептуальдық ойлану шеберлігін игеру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері, оның биотехнолог даярлау жүйесіндегі орны. Биотехнологиялық процестің жүру және зерттеу ерекшеліктері. Микробиологиялық зертхана туралы негізгі түсініктемелер. Құралдар, аппараттар және оларды реттеу. Микроскоптардың және микроскопиялаудың түрлері, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Биотехнологияның зерттеулеріндегі микроскопиялаудың ролі. Культивирлеу процесін сипаттайтын химиялық көрсеткіштер. Суспензиялар мен биологиялық ерітінділерді селективті бөлудің негізгі заңдары. Культуралық сұйықтықтың құрамын хроматографиялық әдіспен анықтау. Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру. Қоректік орта жасау принциптері. Мерзімдік және үздіксіз өсіру. Вирутардың дақылдануы.
Зертханалық сабақтар : Оқу және өндірістегі микробиологиялық зертхананың негізгі құралдары.Биологиялық объектілерді микроскоптау әдістері және жасуша популяциясының сипатына бақылау. Биологиялық жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалын өлшеу. Культуралы сұйықтықтағы диализ және электродиализ әдісімен тазарту. Культуралы сұйықтықтың компоненттерінің концентрациясын фотоэлектро-калориметр көмегімен анықтау. Микроорганизмдерді беткі және тереңгі қабатта өсіру әдістері. Таза дақылдарды алу және оның тазалығын зерттеу әдістері. Өсу процесін бақылау. Микроорганизм популяциясының өсу қисық сызығын анықтау. Жасушалардың биомассасын анықтау. Микроорганизм түрлеріне қарай олардың белсенділігін анықтау. Мутагендердің әсерін анықтау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студент технологиялық процестер параметрлер өлшеу және талдаудың негізгі әдістері, негізгі өнімдерді талдау сызба-нұсқасын технологиялық процестермен алынатын өнімдерді теориялық зерттеу құралдары мен әдістерін, өлшеу техникаларының технологиялық процестерді зерттеуге қолданылуын білуі керек.
Бақылау формас: ағымдық, аралық бақылау, қорытынды (емтихан)
|
Достарыңызбен бөлісу: |