Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


семестр Пәннің аталуы



бет10/13
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124851
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



7 семестр

Пәннің аталуы

М29.3. Биологиялық жүйелердің термодинамикасы

Қысқартылған атауы

БЖТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамырбекова А.К.

Доцент/оқытушы:

Х.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Казақшы, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, зертханалық – 30, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: физика, математика, жалпы химия, биология, ботаника, зоология, жалпы биотехнология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бұл пәнді оқытудың мақсаты термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарымен, биологиялық құбылыстарға биофизикалық қадамдардың ерекшеліктерімен, термодинамиканың негізгі заңдылықтарымен, соның ішінде молекулалықтан бастап популяциялыққа дейінгі биологиялық жүйелерді ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерін зерттеудің негізі болып табылатын биофизикалық әдістерімен, теориялық тәсілдермен студенттерді таныстыру,

Компетенттілігі: биологиялық жүйелерді зерттеудің сәйкес келетін әдістерін таңдап алу және сенімді қолдану, термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарын білу, әртүрлі деңгейде пайда болатын биохимиялық процестердің талдау жасалуына интегралды қадамдар қолдануды үйрену; тәжірибе нәтижелерін түсіндіру, ғылыми аппаратурамен жұмыс істеу, алынған білімді теориялық дайындықтың деңгейін жоғарлату үшін қолдану, сондай-ақ осы дағдыларды практикалық шығармашылықта қолдана білу қажет.



Мазмұны

Дәрістер мазмұны: Классикалық термодинамиканың негізгі жағдайлары. Термодинамикалық жүйелердің классификациясы. Жабық және ашық жүйелер. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші заңын биологиялық жүйелерге қолдану. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия түсінігі. Термодинамиканың екінші заңының биологиялық жүйелерге қосқан үлесінің ерекшеліктері. Термодинамикалық тепе-теңдік және стационарлық жағдайы, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

Зертханалық сабақтардың мазмұны: Зерттеудің биофизикалық әдістері. Макромолекула физикасы. Макромолекулалар биоқұрылымды ұйымдастыру негізі ретінде. Биологиялық жүйелердің термодинамикасы. Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың екінші заңы. Биологиялық мембраналарды физика-химиялық ұйымдастыру. Биологиялық мембраналардың өткізгіштігі мен зат алмасуы. Механика-химиялық процестер. Фотобиологиялық процестер. Фотосинтездің және көрудің биофизикалық механизмі.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту мен емтихан тапсыру процесінде студент тірі ағзалардың өмір сүруінің негізгі заңдылықтарын, биожүйелердің қызметін басқару және реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдерін жасау үшін теориялық базаны білу қажет.


7 семестр

Пәннің аталуы

М37. Экологиялық биотехнология

Қысқартылған атауы

ЭБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Утельбаева А.Б.

Доцент/оқытушы:

Х.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән , міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағ. саны

Дәрістер – 30, практикалық– 15, ОБСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Экология, биотехнология өндіріс негіздері, биотехнология өндіріснің құрал-жабдықтары, микроағзалар биотехнологиясы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бұл пәнді оқытудың мақсаты студенттерді қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселелерімен, техногенді факторлар әсер ету нәтижелерімен таныстыру, оларды шешу үшін биотехнологияны қолдану қажет екендігі болып табылады.

Компетенциясы: биотехнология өндірісін ұйымдастырудың негізгі принциптері, әдістері, нысандары туралы қоршаған ортаның негізгі экологиялық мәселері туралы техногенді факторлар әсер ету нәтижелері туралы және осы мәселелерді шешуде биотехнологияны қолдану қажеттілігі туралы білу керек. Содай-ақ әртүрлі салада қолданылатын биотехнология өнімдері өндірісін қамтамасыз ету бойынша шығармашылық саласында алдыңғы қатарлы орындарды иемдену мен жаңа биотехнологиялық процестер жасап шығару.



Мазмұны

Дәрістер: Экологиялық биотехнолгияның дамуы мен пайда болуы. Қоршаған ортаның органикалық заттары биодеградациясында микроағзалардың маңызы. Ағын суларды тазартудың биологиялық әдістері. Сілтілендіру, қатты заттарды утилизациялау (зарарсыздау) және дәстүрлі емес энергия көздерін алудың биотехнологиялық әдістері. Өндірістік және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеудің аэробты және анаэробты әдістері. Технологиялық биоэнергетика. Ластандырудың антропогенді факторлар. Этанол, биогаз, көмірсутектер өндірісі. Фотосинтез процесінің модофикациясы. Қоршаған ортада ластанудың абиотикалық тасымалдануы және ауысу. Ауыр металдармен және радионуклидтермен ластанудың нысандарын тазартудың биотехнологиялық әдістері.

Практикалық сабақтар: Табиғи экожүйелердің, табиғи орталардағы биоценоздар қызметінің негізгі ерекшеліктері. Органикалық ксенобиотиктердің биотрансформациясы, биодеструкциясы мен биологиялық қажеттілігі. Өндірістік және табиғи ластанған су орталарың биологиялық тазарту топырақтың биоремедиациясы. Газ тәріздес қалдықтардың цезорациясы мен биологиялық тазарту. Микроағзалар негізінде биопрепарттарды алудың технологиялық негіздері. Тағи орталарды тазарту үшін және ауыл шаруашылығы үшін биопрепараттардың микробиологиялық өндірісі. Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтихан тапсыру нәтижесінде биотехнологияда ағын суларды тазарту үшін микроағзаларды қолдану биогаз алу, өсімдік шикізатының биокаонверсиясы мен қоршаған ортаны сауықтұру мүмкіндіктерін студент білу керек. Бақылау түрлері: ағымдық, аралық , қорынтынды (емтихан).


7семестр

Пәннің аталуы

М38.1. Ауылшаруашылы биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

АШБТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар физиологиясы; Микроорганизмдер,өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы; Микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар селекциясы; Малдәрігерлік медицина биотехнологиясы пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Берілген пәнді оқытудың мақсаты биотехнологияның ауылшаруашылық саласындағы негізгі жетістіктерін жақсы меңгерген, яғни ауылшаруашылық культураларының өнімділігін арттыру, ауылшаруашылық жануарларын бактериалды дәрмектермен емдеу, сондай – ақ биотехнология мен бионженерия жетістіктерін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдана білетін жоғары квалификациялы мамандарды дайындау болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер мазмұны: Дүние жүзінде және Қазақстанда ауылшаруашылық-тың даму жолдары. Молекулалық биология және молекулалық генетика – генетикалық инженерияның ілгерілік негізі. Генетикалық инженерияның ферменттері. Өсімдіктердің цианобактериамен симбиозы. Ақуыз биосинтезі және генети-калық деңгейдегі оның регуляциясы. Гендерді экспрессиялау-дағы биохимиялық регуляция. Биотехнологияда өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудағы биохимия-лық және генетикалық инженерияның маңызы. Азықтық ақуызды алу. Азықтық биомассаны алудың принціпттері. Бактериялардан ақуызды концентрат алу. Балдырлардан азықтық ақуыздар алу. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың ақуызы. Өсімдіктерден алынатын азықтық ақуыз концентрат-тары. Алмаспайтын аминқышқылы өндірісі. Лизиннің микро-биологиялық синтезі. Триптофанның микробиологиялық синтезі. Триптофанды алудың екісатылы сызбанұсқасы. Азықтық витаминді препараттардың өндірісі. В2 витаминінің азықтық препараттары. В12 витаминнің азықтық препарат-тары. Азықтық липидтер өндірісі. Микробты липиттерді алу-дағы технологиялық процестердің ерекшелігі. Ауылшаруашы-лығына арналған ферменттік препараттар. Ауылшаруашылы-ғында қолданылатын маңызды ферменттік препараттар. Ферменттік препараттардың мал дәрігерлігінде қолданылуы. Органикалық қалдықтардың биоконверсиясы. Биогаз өндірісі-нің технологиясы. Биоконверсия өнімдері. Биоконверсияға қажетті өсімдік шикізаты. Шикізатты өңдеу. Клетчатканы бұзатын микроорганизмдер. Ауыл шаруашылығындағы биотехнологиялық баламалар. Биопестицидтер.Бактериальды, Саңырауқұлақты , Вирусты препараттар. Биогербицидтер. Биологиялық тыңайтқыштар. Азот биотыңайтқыштарын алу технологиясы. Биотехнология және биоинженерия жетістікте-рін агроөнеркәсіп өндірісінде қолдану. Малдәрігерлік медици-на. Ауылшаруа шылық өнімдерін өңдеу және сақтау. Қауіпсіздік және биоқауіпсіздік туралы түсінік. Генетикалы модифицирленген организмдерді қолдану,олардан алынатын өнімдерге мемлекеттік бақылау және инженерлік қызметтерді мемлекеттік реттелуін жүргізу. Биотехнологиядағы және биоинженериядағы стандартизация. Әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерде биотехнология мен биоинженерияның қарқынды дамуына әлемдік қоғамның көзқарасы.

Практикалық сабақтар: Трансгенді өсімдіктерді селекцияда және өнім мақсатында қолдану технологиясы.Рекомбинантты ДНҚ құрастыру әдістері.Азықтық биомассаны алудағы технологиялық сызбаның негізгі сатылары. Азық сапасын толыққанды липидтер қүрамымен арттырудың негізгі жолдары. Мал шаруашылығында қолданылатын ферментті және микробты препараттардың биологиялық әсері. Мал шаруашылығында қиды өңдейтін және биогаз алатын қондырғылардың құрылысы мен жобалау әдістемесі. Биогаз қондырғысы параметрлерінің есептері. Ауылшаруа-шылығында органикалық қалдықтарды биоконвер-сиалауда биотехноло-гиялық әдістерді қолдану. Өсімдік селекциясында өсімдіктің қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық факторларға тұрақтылығын сақтауда биотехнология мен биоинженерияны қолдану.Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде және сақтауда қолданылатын биотехнологиялық әдістердің нәтижелері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың барысында және емтихан тапсыру нәтижесінде студент биотехнологиялық әдістерді ауылшаруашылықта топырақ құнарлығын арттыру,жануарлар мен мәдени өсімдіктердің ауру қоздырғыштар мен зиянкестерге қарсы күресу, азық-түлік өнімдерін дайындау, оларды консервілеу және қоректік құрамын арттыру үшін дәстүрлі түрде қолдануды, қазіргі уақытта өсімдіктердің жаңа культивирленетін сорттарын шығару мен оларды таратуда биотехнологияның жаңа әдістері- жасушалық және генетикалық инженерияны қолдануды білуі тиіс.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).




7 семестр

Пәннің аталуы

М38.2. Фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

ФӨБТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, курстық жұмыс, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Мамырбекова А.К.

Доцент/оқытушы:

Х.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті бойынша

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: бейорганикалық химия, органикалық және биоорганикалық химия, жалпы және молекулалық генетика, өсімдік биотехнологиясы, микробиология, жасушалық биотехнология, микроорганизмдердің биотехнологиясы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты: биосинтез, биологиялық трансформация, биологиялық және химиялық трансформация әдістерін бірге қолдану арқылы дәрілік препараттардың субстанцияларын, дәрілік заттардың, сонымен қатар профилактикалық және диагностикалық заттарды алу әдістерін өндеу туралы дағдылар меңгеру мен жүйелі білімді қалыптастыру, дәрілік заттарды пайдалану оның ішінде сақтау және тасымалдау, ақпаратты қолдану және тұтынушыларға биотехнологиялық препараттар туралы ақпаратты жеткізу туралы студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.

Компетенциялар: биотехнологиялық дәрілік заттарды дайындау дағдылары мен тәжірибе жүргізгенде жүзеге асыруды, шикізаттың, қоректік орталар, жартылай өнімдер мен соңғы өнімдердің сапасын бағалау жөнініде студенттердің білімдерін қалыптастыру, дәрітанудың әртүрлі сұрақтарды, оның ішінде өсімдік, жануар және минерал тектес табиғи шикізат материалдарды дәрілік препараттарға өңдеу, дәрілік заттардың синтезін, дәріханалық және өнеркәсіптік жағдайларда дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілер мен дәрілік препараттарға жан-жақты анализ жүргізу, сонымен бірге фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясын ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру.



Мазмұны

Дәрістер: Биомедициналық технологияның және дәрілер

технологиясының негізгі даму кезеңдері. Фармацевтикалық тех

нологияның қазіргі заманғы күйі және даму перспективалары,

фармацевтикалық өндіріс – био-технология дамуының негізгі ба

ғыттары. GMP, GLP, GCP қарастырылатын дәрілер өндірісін ұйымдастыру және сапасын бақылау ережелері. Биофармация фармацевтикалық технологияның негізгі ғылыми бағыттарының бірі ретінде. Биотехнологиялық әдістерімен дәрілік, профилактикалық және диагностикалық препараттарды алу. Биообъектілерді жетілдірудің генетикалық негіздері. Физиологиялық белсенді заттардың әртүрлі топтарына жата-тын рекомбинатты белоктар. Витаминдердің микробиологиялық синтезі және генетикалық инженерия әдістерімен штам-проду-центтерді конструирлеу. Антибиотиктердің өндірісі. Гидрокортизонның микробиологиялық синтезі. Пробиотиктер. Өсімдік жасушаларының дақылдары және дәрілік заттарды алу. Иммунобиотехнология.

Практикалық сабақтар: Биообъектілерді жасау және жетілдіру тәсілдері. Өндірістің биотехнологиялық жүйелері. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы немесе гендік инженерия. Инсулиннің қазіргі заманғы биотехнологиялық препараттарын алу. Инсулинді идентификациялау және оның қауіпсіздігін бақылау әдістері. Интерферон. Интерферондарды алу. Витаминдердің биотехнологиясы. Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; әсер ету механизмі; терапевтік мақсатта қолданылуы. Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары. Медициналық және ветеринарлық практикада моноклональды антиденелерді қолдану. Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Биотехнологиялық өндіріс биологиялық объектілер ретінде ферменттер, микроорганизмдердің жасушалары, өсімдік және жануар тектес жасушалар мен ұлпаларды қолданылуына негізделген.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет