Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#125028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



1 семестр

Пәннің аталуы

М15. Аналитикалық және физколлоидты химия

Қысқартылған атауы

Хим.

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, зертханалық сабақ, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Нарманов М.М.

Доцент/оқытушы:

Ст. преподаватель

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базовая пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 15с, зертханалық саб.-15с, ОБСӨЖ – 30с., СӨЖ– 30 с.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағаты

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: мектеп бағдарламасының химия курсы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Химиялық реакцияларды жүруінің негізгі заңдылықтары және оларды бақыла мүмкіндіктерімен таныстыру.

Компетенциялар: негізгі атом молекулалалық ілім туралы, химиялық процестердің жүру заңдылықтарын білу, химиялық реакцияларды бақылай білу, заттың құрамына қойылатын талапты, оның классификациясын білу, химиялық өнімін және процестердің анализі айналуы, алынуы бойынша дағдыны игеру.



Мазмұны

Дәріс: Бейорганикалық химия заттардың құрамын құрылысын, қасиеттерін, айналуын зерттейтін және олардың айналуын реттейтін құбылыстарды зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Олардың базасына Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесі, М. Лолмоносовтың атом –молкулалық ілімі негізі, химиялық рескциялардың жэүруінің негізгі заңдылықтары жатады.

Зертханалық жұмыс: бейорганикалық зеттердің барлық класмтарының негізгі қасмиеттерінмен танысу: атом және иондардың электрондық құрылымын оқу: химиялық реакцияларлық энергетикасы мен кинетикасы; электролит ерітінділердің қасиеттері. Электрохимиялық процестер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтиханды тапсыру нәтижесінде студент заттардың құрылысын және химиялық процестердің жүру мүмкінішілктерін білу керек

Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).




1 семестр

Пәннің аталуы

Ветеринарлық генетика

Қысқартылған атауы

ВМ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Арапбаева Ұлбосын Бақтыбекқызы

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Ветеринарлық генетика ғылымының шығу және даму тарихын үйрету.Генетика ғылымының басқа ғылымдармен байланысымен қызметін үйретеді. Генетиканың зерттеу әдістері және даму кезеңдерін қарастырады.Отандық ғалымдардың генетиканың дамуына қосқан үлесі мен ветеринарлық генетиканың даму болашағын оқытады.

Мазмұны

Дәріс: «Ветеринарлық генетика» пәні,даму тарихы.Тұқымқуалаушылықтың материялық негіздері. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Г.Мендель тәжірибелері және олардың ерекшеліктері. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Гендердің комплементарлық әрекеттесуі және жаңа түзілістер.

Тұқым қуалаушылықтың хросомалық теориясы. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Жыныс генетикасы. Жыныстың хромосомалық анықталуы. Жыныс дамуының генетикалық бисексуальдығы. Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері.Генетикалық материалдың табиғаты. Микроорганизмдер генетикасы. Бактериялар геномы. Бактериялық хромосома. Генетикалық инженерия. Ген инженериясы, генетикалық инженерия және рекомбинантты ДНҚ ұғымдары. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялық теория. Мутация, мутагенез, мутон және мутант ұғымдары туралы түсінік. Иммунитет генетикасы.Иммунитет және иммуногенетика туралы түсінік. Генетикалық полиморфизм.Фенотоп және суперген туралы түсінік. Популяциялар генетикасы.Генетикалық кемістер, Оның жіктелуі.

Субвитальды, жартылай және толық летальды гендер. Жануарлардың ауруларға генетикалық төзімділігі. Гениткалық төзімділікті, сезімталдықты зерттеу әдістері. Генетикалық кемістіктердің таралуын алдын алу және жануарлардың ауруларға генетикалық төзімділігін жақсарту әдістері

Өзгергіштікті зерттеу әдістері. Биометрияның зерттеу жұмыстары мен мал дәрігерлерін дайындауға дайындауға маңызы.


Зертханалық: Вариациялық қатарды құрастыру техникасы. Вариациялық қатарды график түрінде бейнелеу. Негізгі статистикалық көрсеткіштерін үлкен іріктемеде анықтау. Генетикалық кемістіктер мен ауруларлы есепке алу және тіркеу, генетикалық талдау әдістері. Жануарлардың ауруларға төзімділігі мен сезімталдығының тұқым қуалауы. Генетикалық төзімділікті және сезімталдықты зерттеу әдістері. Инбридинг және гетерозис. Инбридинг коэффициентін есептеу.Мутация, миграция және гендер дрефі кезіндегі тұрақталған популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруін талдау.

Қарапайым эволюциялық факторлардың популяцияның құрамына әсерін бағалау. Рецессивті және доминантты генотиптерге қарсы сұрыптауда аллельдер жиілігінің өзгеруін есептеу. Таза із және популяция генотиптерінің динамикасымен танысу. Аллельдер жиілігін фенотип және генотип қатынастары арқылы анықтау. Популяциялардың генетикалық ұқсастығын және гомозиготалық дәрежесін есептеу. Ұя – генетикалық талдау: Ұрпақтың шығу тегінің сенімділігін анықтау, қан тобыны генотиптері арқылы ұрпақтың мүмкін атасын табу, қолданудан шыққан аталықтың генотипін қайта құрастыру және т.б. Генетикалық мониторинг қызметі. Заттың мутагендік белсенділігін және генетикалық жүкті бағалау. Геномдық мутациялар. Гетероплоидияның әр түрлі формаларын зерттеу мақсатында хромосома препаратын микроскоп арқылы талдау. Мутация және мутагенез. Көптік аллелизм критерийлері. Ауыл шаруашылық обьектілерінде гендік және хромосомалық кемістерді зерттеу. Қалыпты және ген мутациясы жағдайларындағы эукариот гендерді қызметін график түрінде бейнелеу.

Геникалық зерттеу (ген, хромосома инженериясы, т.б.) жүргізілетін ғылыми лаборатория жұмысымен танысу. Белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауын талдауға қойылған будандастыру нәтижелерін талдау.

ДНҚ репликациясы және транскрипция, трансляция үрдістерінің қалыпты және әр түрлі ген мутациясы жағдайларындағы үлгісін құрастыру.

Гендердің арақашықтығын анықтау. Триангуляция әдісі. Хромосоманың генетикалық картасымен танысу. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы : толық және толымсыз. Геннің фенотипке байқалуы. Модификациялаушы – гендер және гендердің плейотропмялық әсері. Сандық белгілердің тұқым қуалауы. Полимерия. Гендердің аддитивті әсері. Аллельды емес гендердің өзара әрекеттесуі: комплементарлық және эпистаз. Белгілердің тұқым қуалауын хи-квадрат әдісі арқылы сандық талдау. Ди- және полигибридтік будандастыру нәтижелерін талдау. Генетикалық есептерді шешу. Доминантталық түрлері. Талдаушы будандастыру нәтижелерін есептеу. Моногибридтік будандастыру нәтижелерін талдау. Будандастырудың генетикалық символикасы. Будандастыру нәтижесін статискалық талдау. Дрозофиланың биологиясымен және морфологиясымен танысу. Белгілері бойынша айырмашылығы бар дрозофилаларды шағылыстыру тәжірибесін жүргізу. Кариограмма құрастыру. Хромосоманың өлшемдік көрсеткіштерін есептеу және талдау.

Әр түрлі объектілерден дайындалған метафазалық клетканы микроскопиялық талдау. Клетканың генетикалық құрылымдарының құрылысы. Клеткалық бөліну үрдісінде хромосомалардың ажырауын зерттеу. Цитогенетикалық практикумның құрал – жабдықтарымен танысу. Хромосома препаратын дайындау және оны бояу.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






1,2 семестр

Пәннің аталуы

Жануарлар морфологиясы мен ветеринарлық латын терминологиясы

Қысқартылған атауы

ЖММВЛТ

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1,2

Оқытушының Т.А.Ә.

Қаратаев Ш.М.

Доцент/оқуытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

6

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Ветеринариялық мамандар үшін морфологияның маңызы-малшаруашылығы ары қарай дамуын өркендету, қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау мақсатында оларға қолайлы жағдай туғызу.

Нәтижесінде:





Мазмұны

Дәрістер: Жалпы цитология негіздері. Цитология – жануарлар торшалары құрылысындағы заңдылықтар туралы ілім. Оның маңызы. Организмдегі құрылымдық-қызметтік ең ұсақ бірлік торша туралы түсінік. Торша түрлері және олардың айырмашылық белгілері. Торшалардың көбеюі, олардың түрлері, айырмашылықтары және биологиялық маңызы. Торшаның митотикалық циклі. Жалпы эмбриология Эмбриологияның ветеринарлық және биотехнологиялық маңызы. Жыныс торшалары және биотехнологиялық маңызы. Жыныс торшалары, дамуы мен қызметі және құрылу ерекшеліктері. Аталық жыныс торшалары спермийлердің микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы.Жалпы гистология. Ұлпа туралы түсінікке анықтама. Ұлпалардың морфологиялық, функционалды және генетикалық жіктелуі. Ұлпаның эволюциялық дамуы. Эпителий ұлпасы. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы, морфологиялық белгілері / шекаралық орналасуы, торшалардың тұратындығы, торшалардың полярлығы, қан және лимфа тамырларының жоқтығы. Дәнекерлік ұлпасы. Дәнекер ұлпасының жалпы сипаттамасы: шығу тегі, орналасу орны, құрылысы және қызметі. Ет ұлпасы. Ет ұлпаларының жалпы сипаттамасы. Шығу тегі, орналасу орны және қызметі. Ет ұлпасының жіктелуі. Жүйке және дәнекер ұлпаларымен қызметі жағынан бірлестігі. Жүйке ұлпасы. Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы: шығу тегі, орналасу орны, құрылысы жәе қызметі. Нейроциттердің микроскопиялық және электронды микроскопиялық құрылысы.

Зертханалық, сабақтар: Оптикалық микроскоп құрылысы. Оптикалық микроскоппен жұмыс істеу ережелері. Тірі заттың түрлері. Жануарлар торшасы. Дене торшасының құрылысы. Торша торшасы. Торша органнелласы. Қосындылар. Жыныс торшаларының құрылысы. Сүтқоректілердің жұмыртқа торшасы. Дене торшасының бөлінуі және жыныс торшаларының дамуы. Митоз. Спермиогенез. Овогенез. Жабынды эпителий. Бір қабатты призма тәрізді эпителий. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі жыбырлақ эпителий. Дәнекер ұлпасы. Сүтқоректілер қанының құрылысы. Бопылдақ дәнекер ұлпа. Пластинкалы сүйек ұлпасы. Ет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы. Бұлшықет / қаңқа / ұлпасы. Жүрек ет ұлпасы. Жүйке ұлпасы. Мультиполярлы / көп өсінділі / нейроциттер. Миелинді жүйке талшықтары. Рефлекторлық доға схемасы.



1 семестр

Пәннің аталуы

Зоология

Қысқартылған атауы

Зоология

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Ермекбаева Роза Жарасқызы

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Мақсаты: жануарлардың алуан түрлілігі және құрылысының сатылары, олардың құрылысы, биологиясы және тарихи дамуын (эволюциясы) оқып білу.
Шаруашылық және тәжірибелік маңызы бар жануарларды зерттеуге көңіл ерекше бөлінеді. Студенттер жануарлардың нақтылы құрылысы мен биологиясының ерекшеліктерін білумен қатар, жануарлардың жалпы құрылысы және эволюциясының сатылары туралы түсінігі болуы керек.

Мазмұны

Дәріс: Кіріспе. Зоологияны жануарлар әлемі туралы ғылым. Зоологияның биология ғылымдары жүйесіндегі орны.Зоологияның даму тарихы. Бір клеткалылар патша тармағыКөп клеткалы жануарлар патшалық тармағы.Көп клеткалы жануарлардың негізгі ерекшеліктері. Бөлім үсті Паразоа.Губкалар типі. Губкалардың экологиясы және практикалық маңызы..Ішекқуыстылар типіТиптің жалпы сипаттамасы. Жалпаққұрттар типі. Алғашқы қуыстылар типі. Жұмыр құрттардың систематикасы. немертиналар типі.Немертиналардың сипаттамасы және құрылысының ерекшеліктері. Жалпақ құрттармен туыстық ұқсастығы. Буылтык құрттар типі. Моллюскалар типі.Құрылыс ерекшеліктері. Моллюскалардың систематикасы. Кеңірдектыныстылар тнп тармағы. Насекомдар класыҚармалауыштылар типі.Қармалауыштылардың трохофоралары және екінші ауыздылардың арасындағы орны. Хордалылар типінің сипаттамасы және олардың жануарлар әлемінің системасындағы орны. Хордалылар тип.Хордалылардың систематикасы.Типтармағы Басқаңқасыздар.Басқаңқасыздардың жалпы сипаттамасы, систематикасы, таралуы. Ланцетниктің эмбриональді дамуы. Омыртқалылар. Бөлім Жақсыздар.Клас Шсміршекті балықтар.

Клас Сүйекті балықгар. Класүсті Төртаяқтылар.Құрғақтағы омыртқалылардың шығу тегі. Класс Қосмекенділер.Амфибилердің морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Класс Құстар. Құстардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Құстардың шығу тегі және эволюциясы. Хелицералылар тип тармағы.Класс Сүтқоректілер немесе Аңдар.Сүтқоректілердің морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Класс Бауырымен жорғалаушылар немесе.Рептилилер.Бауырымен жорғалаушылардың жалпы сипаттамасы. Жыландар және олардың типтері.Қылтанжақтылар тнпі.Қылтанжақтылар типінің ерекшеліктері- жалпы сипаттамасы, даму ерекшеліктері, таралуы, тіршілік етуі, филогенитикасы. Буынаяқтылар типі.Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы.

Зертханалық: Қарапайымдылар типімен танысу.Губкалар типі.Ішек қуыстылар типі.Жалпақ құрттар типі.Жұмыр құрттар типі.Буылтық құрттар типі.Моллюскалар типі.Насекомдар классы.Хордалылар типі. Ланцетниктің ішкі және сыртқы құрылысы. Дөңгелек ауыздылар класы. Балықтар классы.Қосмекенділер класы.Бауырмен жорғалаушылар класы.Құстар классы.Сүтқоректілер классы.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері





2 семестр

Пәннің аталуы

М1. Қазақстан тарихы

Қысқартылған атауы

ҚТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақ, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Алиев У.А.

Доцент/оқытушы:

Т.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ және орыс тілдерінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 30сағ., практ-15с., ОБСӨЖ-45с, СӨЖ – 45 с .

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Мектеп Қазақстан тарихы курсы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Оларды ұлттық таным азаматтық және патриоттық тәрбин беру мақсатында отан тарихын оқыту.

Компетенция: студент Қазақстан тарихы және ҚР ұлттық мемлекетінің қалыптасуы сұрақтары бойынша компетентті болуы керек.



Мазмұны

Дәріс: Қазіргі тарихи графия шеңберінде жаңа концептуалдық позициямен этносаяси Қазақстан тарихының негізгі этаптары. Ежелгі кезең – қазақ халқының этногенез бастамасы. Қазақстиан хандығының құрылуы және дамуы, Тәуелсіздіктің жойылуы және оның қайта құрылуы.

Практикалық: Қазақстан территориясындағы тайпалардың бірігуі және ерте феодалды мемлекет. Қазақстан және монғол кезеңі XV-басы мен XVIII аяғы; Россия империясына қосылуы. XVIII-XIX ғ. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Қазахстан XIX – аяғы XXғ. басында және тоталитарлық жүйенің қатаю кезеңінде Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдары. Қазақстан - тәуелді мемслекет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы. Конституцияны қабылдауы. Қазақстанның - 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдердегі даму заңдылықтарын тану

Бақылау түрі: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет