Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#125028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



4 семестр

Пәннің аталуы

М2. Философия

Қысқартылған атауы

Филос.

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ

Семестр

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есиркепова Г.К., Есимова А.Е.

Доцент/оқытушы

Ф.ғ.к., доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Негізгі пән, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.

Мазмұны

Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.

Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.



Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері

Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу.




4 семестр

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

ӘжС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Абенов К.К.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орыса

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық –15, ОБСӨЖ–30, СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Дәрістер: Әлеуметтану пәніне кіріспе, әлеуметтанулық теориялар мен концепциялар, нақыты әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға әлеуметтануы, девиациялық мінез құлық әлеуметтануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.

Семинарлық сабақтар: Әлеуметтік білімдер құрылымы, қазақ ағартушыларының әлеуметтік ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.



4 семестр

Пәннің аталуы

М6. Шет тілі2

Қасқартылған атауы

ШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3-4

Оқытушының Т.А.Ә.

Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы, оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практ.- 60сағ., ОСӨЖ-60сағ., СӨЖ –60сағ.

Еңбек сыйымдылығы

180 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І,

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақ ағылшын тілін оқуды жалғастырушы топтарға қарастырылған, -онда төмендегі сұрақтар қаратырылады:ағылшын/неміс тілдерінің терминологиялық лексикасы. Тілдің ғылыми стилінің морфологиясы. Тілдің ғылыми стилінің синтаксисі. Тезистер. Реферат түрлері. Эссе. Баяндама.

Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.



4 семестр

Пәннің аталуы

Жануарлар физиологиясы

Қысқартылған атауы

ЖФ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

4

Оқытушының Т.А.Ә.

Арапбаева Ұлбосын

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135 /күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Пәннің негізгі мақсаты студенттерді әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің заңдылықтары және жеке мүшелер қызметінің маңызымен таныстыру; организм мен сыртқы орта араларындағы өзара әсерлердің механизмімен таныстыру; болашақ мамандықты игеруге қажет білім жинақтауға мүмкіндік беру.



Мазмұны

Дәріс: Жануарлар физиологиясы

пәнінің міндеттері мен мақсаты физиологоияның даму тарихы.Қан жүйесі.Қанның айналым жүйесі, оның маңызы. Тыныс алу, сыртқы тыныс. Дем алу, дем шығару жиілігі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Ас қорыту түрлері, зерттеу әдістері. Ауыздағы, ішектегіжәне қарындағы астың қорытылуы.Зат мен қуат алмасуы, кезеңдері.Бөлу мүшелері. Бүйректің физиологиясы нейронда зәрдің түзілуі.Қуықтың қызметі. Ішкі секреция. Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы. Ішкі секреция бездері туралы жалпы түсінік.Көбею (ұрпақтану) физиологиясы. Малдың жыныстық және физиологиялық жетілуі. Сүттену (лактация) физиологиясы. Сүттену туралы түсінік. Желіннің өсуі мен дамып жетілуі.Бұлшық ет пен жүйке физиологиясы. Қозғыш ұлпалардың жалпы сипаттамасы.Орталық жүйке (нерв) жүйесінің физиологиясы. Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) құрылымдық сипаты мен қызметі.Жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімінің физиологиясы.Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет және жануарлар этиологиясы.Анализаторлар (талдағыштар).



Зертханалық: Кіріспе. Физиологияның зерттеу әдістерімен, негізгі аспатар және құралдармен таныстыру. Қан физиологиясы. Плазманы және қан сарысуын дайындау. Фибринсізденген қан.Қан айналымы. Бақа жүрегінің қызметін жазып тіркеу.Электрокардиография.Бақаның жүзу жарғағындағы, тіл капиллярларындағы қан айналымын микроскоппен бақылау.Тыныс алу. Малмен адамның тыныс қимылдарын тіркеу. Тыныстық рефлекстер.Ас қорыту. Малдың сілекейін алу. Сілекей алу. Сілекей ферменттерінің қасиеттерін зерттеу. Қарын сөлінің құрамы. Қарын сөлінің әр түрлі белоктарға әсері. Ішек қимылдарын бақылау.Ішектің эксрециялау қызметі. Зат пен қуат алмасуы.Малдың тыныштық және жұмыс істеген кезінде шығындаған қуат мөлшерін газ алмасу қарқылы арқылы анықтау.Бөлу жүйесінің физиологиясы. Ішкі секреция.Питиурин мен адреналиннің бақа терісі пигменттеріне әсері.Аталық жыныс гармондарының белсенділігін әтештерде анықтау. Көбею физиологиясы.Малдың аналық жыныс торшаларын зерттеу, ұрықтанудың алғашқы сатысын бақылау.Сүттену физиологиясы.Бұлшық ет және жүйке физиологиясы. Хронаксияны анықтау Орталық нерв жүйесінің физиологиясы. Сеченов тежелуі, малдың кейіптенуі және дене қалпын сақтау рефлекстерін зерттеу.Талдағыштар.Терідегі жанасу және қысым рецепторларын зерттеу. Иіс талдағышы.Ольфактометрия.Дәм талдағышы.Дәм сезімталдығының табалдырығы.Дыбыс көзін анықтау. Есту қабілетін анықтау.Есту талдағышы.Дыбысқа бейімделу.Этология.Мотивация және демеу.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






4 семестр

Пәннің аталуы

Ауыл шаруашылық малын азықтандыру

Қысқартылған атауы

АШМА

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Қожалы Бакытжан

Доцент/оқытушы:

а.ш.ғ.докторы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Ауылшаруашылық малын азықтандыру- жоғары дәрежелі ветеринарлық мамандарын даярлауда ең іргелі пәндердің бірі болып есептелінеді.

Бұл пәнді оқудағы мақсат- студенттерге ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың және олардың өнімдерін өндірудің терең теориялық және практикалық маңызын үйреніп меңгеру.

Мал азықтандыру пәні бойынша зоотехникалық талдау әдістемелері, азықтардың химиялық құрамы, азық қоректілігі, азықтармен мал түлектерін азықтандыру әдістемесі сияқты негізгі мәселелер жөнінде іргелі білім беру.


Мазмұны

Дәріс: Кіріспе. 1. Азық қоректілігін химиялық құрамымен бағалау. Азық коректілігін коректік заттармен бағалау. Мал денесіндегі зат пен энергия алмасуын зерттеу әдістері. Азық энергиялық қоректілігі.Азық құнарлығы. Азықтардың протеиндк, көмірсулық, липидтік, витаминдік, минералдық коректілері. Мал денесін дегі коректік заттар қоры. Жемшөптің құнарлығын комплексті бағалау. Азықтың классификациясы (жіктелуі). Жемшөпті дайындаудың ғылыми негіздері және олардың сапасын бағалау.Өсімдік тектес азықтар. Көк азық, шырынды, ірі, жайылымдар, құнарлы азық.Жануар тектес азықтар. Минералды, синтетикалық азықтар және олардың малды азықтандырудағы маңызы.Ауылшаруашылық малдарын мөлшерлі қоректендіру негізі. Деталдық қоректендіру нормасы және оның маңызы. Сауынды сйырларды азықтандыру. Толыққұнды рационды құрастыру принципі және типтік тәуліктік рацон.Буаз, суалып кеткен сйырларды, тұқымдық бұқаларды азықтандыру. Ірі қара малдарының қоректік заттарға қажеттілігі және оларды негіздеу, жас төлдерді қоректендіру ерекшеліктері.Бір жасқа дейінгі бұзауларды өсіріп жүйелеп бағу және жем шөпке үйрету.

Қойларды азықтандыру. Қойларды бордақылау және жайып семірту. Фермерлі және арендалық шаруашылықтарда қойларды бордақылау.Жылқыны, әртүрлі жас топтағы асыл тұқымды айғырларды және құлынды азықтандыру, бордақылау.Шошқаларды азықтандыру ерекшіліктері. Суалмаған мегежінді азықтандыру.Тұқымдық еркек шошқаларды, енесінен айырған торайларды және өсіруге қалдырылған төлді нормалап азықтандыру. Құстардың зат алмасу және ас қорыту ерекшеліктері. Тұқымдық, бройлер құстар мен жұмыртқалайтын мекиенді азықтандыру. Тауықтың балапанын өсіру және етті құсты азықтандру ерекшеліктері. Суда жүзетін құстармен үндіктерді азықтандыру ерекшеліктері.Малдарға азықтағы N,P,Ca «Тепе теңдік» тәжірибесін жүргізетін әдістемелерді үйрену және жүргізу.

Зертханалық: Тауықтың балапанын өсіру және етті құсты азықтандру ерекшеліктері. Суда жүзетін құстармен үндіктерді азықтандыру ерекшеліктері.Малдарға азықтағы N,P,Ca «Тепе теңдік» тәжірибесін жүргізетін әдістемелерді үйрену және жүргізу. Азықтың құнарлығын химиялық құрамы бойынша бағалау. Жалпы рационда және жеке алынған азықтың құнарлығын анықтау. Азықтың құнарлы заттарының қорытылуын анықтау әдістері және техникасы.

Мал рационындағы құнарлы заттардың қорытылған қосындысын есептеу (ҚҚЗҚ)



Протейннің, минералды заттардың, сүрлемдегі қант мөлшерінің биологиялық толыққандығы бойынша сүрлемнің құндылығын бағалау. Шаруашылықта малдың дұрыс азықтандырмағанын анықтау .Көк азықтың түрлері және оларды пайдалану Сүрлем мен пішендеме түрлері және оларды пайдалану технологиясы. Пішен мен сабан түрлері және оларды пайдалану. Дәнді азықтар мен құрама жем түрлері және оларды пайдалану. Техникалық өндіріс қалдықтары және жануар тектес азықтар. Ауылшаруашылық малдарын азықтандырудың түрі мен рацион мөлшері. Сауын сиырлар үшін толыққанды рационды құрастыру принципі және типтік тәуліктік рацон. Жүнді бағыттағы қойлар мен ешкілерді азықтандыру ерекшеліктері. Суалмаған ұрғашы шошқалардың рационын нормалау және құрастыру принциптері.

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






4, 5 семестр

Пәннің аталуы

Микробиология және вирусология

Қысқартылған атауы

МЖВ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Жақыпбекова Бибигул Оразқызы

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135 /күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Программада микроорганизмдер мен вирустардың генетикасы, физиологиясы және классификациясының жаңа мәліметтері енгізілген. Сонымен қатар, патологиялық материалды дұрыс алу, консервілеу, тасымалдау, вакцина, қан сары суы және диагностикумдарды жүйелі қолдану, емдік және профилактикалық шараларды дұрыс жүргізу енгізілген.

Мазмұны

Дәріс: Вирустардың систематикасы.Вирустардың репродукциясы.Вирустарды өсіру.Вирустардың экологиясы. Вирусқа физикалық және химиялық әсері Вирустардың генетикасы.Жануарлардың вирустық аурулардың патогенезі.Вирусқа қарсы иммунитеттердің ерекшеліктері.Вирустық аурулардың профилактикасы және диагностикасы. Құтырық вирусы, аусыл вирусы. Ірі қара обасының вирусы.Ірі қара диареасының вирусы. Европалық обаның вирусы.Тешен ауруының вирусы. Ит обасының вирусы.Жұқпалы гепатиттің вирусы. Нъюкасль ауруының вирусы, Құс тұмауының вирусы.

Зертханалық: Вирустармен жұмыс істеу ережесі және техника қауіпсіздігі.Вирустармен жұмыс істеу ережесі және техника қауіпсіздігі.Зертханалық ыдыстарды дайындау ерекшеліктеріЗертханалық ыдыстарды дайындау ерекшеліктері. Вирустардың морфологиясы, вирустық денешіктер.Вирустардың морфологиясы, вирустық денешіктер.Патологиялық материалды вирустық зерттеуге дайындау.Патологиялық материалды вирустық зерттеуге дайындау.Вирустарды өсіру ерекшеліктері, торша өсінділері, қоректік орталар, тұзды ерітінділер.Вирустарды өсіру ерекшеліктері, торша өсінділері, қоректік орталар, тұзды ерітінділер.Алғашқы трипсинделінген клетка өсіндісін алу. Алғашқы трипсинделінген клетка өсіндісін алу.Вирустарды клетка өсіндісінде табу.Вирустардың цитопатогендік әсері Вирустарды клетка өсіндісінде табу.Вирустардың цитопатогендік әсері. Зертханалық жануарларды вирустармен зақымдану әдістері. Зертханалық жануарларды вирустармен зақымдану әдістері. Вирустарды тауықтың эмбриондарында өсіру. Вирустарды тауықтың эмбриондарында өсіру. Залалданған зертханалық малды жарып сою. Залалданған зертханалық малды жарып сою. Залалданған тауық эмбриондарын ашу. Залалданған тауық эмбриондарын ашу. Вирустарды реакция гемагглютинациямен титрлеу Вирустың титрі.Гемагглюцинациялық бірліктерді анықтау (ГАЕ). Гемаглютинацияны тежеу реакциясында (ГАТР) вирустарды ажырату (идетификация). Гемагглюцинациялық бірліктерді анықтау (ГАЕ). Гемаглютинацияны тежеу реакциясында (ГАТР) вирустарды ажырату (идетификация). Вирусқа қарсы антиденелерді титрлеу. Диффузиялық преципитация реакциясында (ДПР) вирусқа қарсы антиденені табу және вирустарды идентификациялау үрдістері. Диффузиялық преципитация реакциясында (ДПР) вирусқа қарсы антиденені табу және вирустарды идентификациялау үрдістері. Қой шешегінің қоздырушысы.Лейкоздың қоздырушысы. Қой шешегінің қоздырушысы.Лейкоздың қоздырушысы.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері





4 семестр

Пәннің аталуы

Жануарлар биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

ЖБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

4

Оқытушының Т.А.Ә.

Асылбек Ратбек

Доцент/оқытушы:

а.ш.ғ.к.доцент

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135 /күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Курстың ең басты мақсаты - студенттерді соңғы биотехнология саласында жеткен жетістіктермен таныстыру, оларды қазіргі гі ғылымға ынталандыру, бтотехнологияның небір әдістерімен таныстыру. Келешек мамандар, осы дайындалып жатқан қандай биотехнологиялық процесстерде жұмыс істей алуы мүмкіндігін түсіндіру.

Мазмұны

Дәріс: Кіріспе: биотехнология, мультидисциплинар ғылым

Мал шаруашылығындағы биотехнология әдістері. Эмбриотрансплантация.Жануар аталықтарының репродукциялық аппараты.Жануарларды сұрыптау және аналықтарды жұптау.Суперовуляция және донор-аналықтарды ұрықтандыру.Овуляция нормасы және суперовуляция деңгейі. Күйге келуді синхронизациялау. Жануарлар эмбриондарын трансплантациялау. Эмбриондар алмастыру.Эмбриокультура. Гаметалар мен эмбриондарды культивациялау.Гаметалар мен эмбриондардың криобанкі. Рекомбинант ДНҚ.Мал шаруашылығындағы клетка технологиясы.



Зертханалық: Эмбриондар алмастырудың қарапайым схемасы.Эмбриондарды хирургиялық жолмен алмастыру.Эмбриондарды хирургиялық емес жолмен алмастыру.Трансплантацияның оңды болуының негіздері.Донор, эмбрион, реципиент және трансплантаттардың әсерлесуі.Жануарлар гаметаларының биологиялық мәні. Гаметаларды in vivo культивациялау. Фолликулогенез және овуляция. Фолликулдар атрезиясы. Гамета ұрықтануының физиологиялық алғы шарттары. Гаметаларды іn vivo ұрықтандыру . Эмбриондарды in vivo культивациялау.Криобиология негіздері. Криоконсервация. Эмбриоинженерия.Молекулярлы биология негіздері. Д.Уотсон және Ф. Крик бойынша ДНҚ структурасы. ДНҚ репликациясы.Генетикалық информация шешімі (расшифровка).Транскрипция Трансляция. Рекомбинант ДНҚ. Ферменттер-рестриктазалар. Векторларды клондау. ДНҚ-ның химиялық синтезі. ДНҚ секвенирлеу.Трансген жануарлар.Трансген тышқандар алу әдістемесі.Трансген ауылшаруашылық жануарлары,. Энуклеирленген жұмыртқа клеткасына ядро трансплантациялау. Жануарлар клондау . Химер жануарлар

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






4 семестр

Пәннің аталуы

М42. Оқу практикасы 2 (оқу далалық)

Қысқартылған атауы

УП 2

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Оқу практика, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Практикалық - кәсіптік бөлім

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

2 апта

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Биология, биологияны оқытудың метоликасы, микроорганизмдердің әртүрлілігі, өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер физиологиясы, өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биотехнологиясы, микробиология и вирусология, мамандыққа кіріспе.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Іс-тәжірибенің мақсаттарыы: Жергілікті жердің өсімдіктер әлемімен кең көлемде танысу. Өсімдіктердің үш тобы, яғни шөптесін, бұта,ағаш тектес өсімдіктермен танысу. Олардың қолданылу маңызын меңгеру.Бір-бірінен ажырата білуге және кептірме шөп жасау іскерлігіне дағдылану.Төменгі сатыдағы өсімдіктермен танысу және олардың қолданылуын зерттеу.Омыртқасыздар экологиясынан өтілетін далалық практикасы теориялық материалды тереңдететін, нақтылы табиғи объектілерге сүйеніп жүйеге келтіретін оқудың құрамды белгілі. Бұл практика тірі табиғатпен бетпе-бет келіп, оның тіршілік тынысы табиғи қалпында көріп, бақылайтын, жергілікті жердің жануарлар дүниесі мен танысып, қысқа және ұзақ мерзімді бақылаулар жүргізетін, олардың негізгі түрлерінің биологиясын, физологиясын және практикалық маңызын оқып үйренетін практика.

Әртүрлі тіршілік ортасының:/экологиялық топтар/ су, топырақ, құм, әуе, бау-бақша, орман, далалақ жердің флорасымен /өсімдіктер дүниесі/ және фаунасымен /жануарлар дүниесі/ танысып, оны жинаудың, коллекция жасаудың және сақтаудың, сонымен қатар осы еңбекте беріліп отырған насекомдарды анықтаудың жолдарымен үйренеді.

Жануарлардың түр-түсін, қимыл-әрекеетін, өзара қарым-қатынасын, зиянды, пайдалы жақтарын өз көзімен көріп, бақылаулар жасауға дағдыланып, қалыптасады.


Мазмұны

Оқу далалық іс-тәжірибесінде; Мәдени өсімдіктердің /огородқа, баққа, егістікке экскурсия жасау арқылы / зиянкестердің барлық негізгі түрлері мен осы кездегі олардың даму кездерімен танысу және олардан коллекция жасау.

Ашық жерлердің насекомдары /егістікке, шабындыққа экскурсиялар жасау арқылы/ мәліметтер жинау, сачокпен жұмыс істеу, зиянкестерге сандық есептер жүргізу әдістемелік меңгеру, насекомдардың тозаңдатушылардың ролі мен танысу 2-3 өсімдіктің тозаңдатушылардың түрін, зиянкестердің негізгі топтарын анықтап, коллекциялар жасау.

Топырақ жәндіктері топырақ жәндіктерін зерттеу арқылы/ тақырыбы бойында топырық жәндіктерін зерттеу әдісін меңгеру, бір биотоптың әр түрлі жерлеріндегі топырақта тіршілік ететін жәндіктердің тіршілік құрамы анықтау, топырақ ылғалдылығына байланысты вертикаль таралуын анықтау, коллекциялар жасау.

Тұщы су жәндіктері /өзен, көл, тоған қлоймаларына эксукурсия жасап, материал жинау арқылы /тақырыбы бойынша судағы омыртқасыз жәндіктерді жинау, судың тіршілік орта ретіндегі ерекшелігін зерттеу, зерттелетін су қоймаларының сипаттамасын беру, судың жәндіктерінің түр құрамын анықтау, бейімделушілік белгілерін түсіндіру, жиі кездесетін кейбір түрлерінің тіршілік әрекетін зерттеу, пайдалы және зиянды түрлерін ажырату, сонымен қатар су жәндіктерінің сипаты, судың тереңдігі, жарық, жылу т.б. /факторларға байланысты әртүрлі стацияларға таралу заңдылықтарын анықтап, коллекциялар жасау.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Іс-тәжірибе соңында студент күнделікпен бірге 20-30 бет көлемінде жазбаша түрде жетекші оқытушыға іс-тәжірибе есебін тапсырып оны комиссия алдында қорғауы шарт.


3 курс
5,6 семестр

5, 6 семестр

Пәннің аталуы

Фармакология токсикологиямен

Қысқартылған атауы

ФТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Тулеметова Сейсенкуль Ертаевна

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

135 /күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Курстың мақсаты-студенттерге біздің және шет елдердегі фармация және фармацептикалық жұмыстың даму жағдайын, жаңа дәрілік заттардың әсерінанықтап,оны ауруларды емдеу және алдын-алу мақсатында қолдануды үйрету, улы заттардың мал ағзасына уытты әсерін, улануды балау,емдеу және алдын-алу әдістерін оқыту болып табылады.



Мазмұны

Дәріс: Ауыр металдар препараттары. Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары . Мышьяк препараттары. Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары.Микробтарға және паразиттерге қарсы қолданатын заттар. Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары.Қышқылдар тобы.Сілтілер тобы. Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары.Дәрілік бояулар тобы Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары. Сульфаниламидтік препараттары Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары. Антибиотиктер Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары.Антигельминтті заттар . Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары.Инсектисидтік және акарацидтік заттар Маңызы, әсері, фармакологиялық қасиеті, қолданылуы, препараттары. Уытты заттар және улану туралы түсінік. Химиялық токсикоздар.Фитотоксикоздар . Микотоксикоздар . Рецептура және дәрілік формалар технологиясы .Жануар тектес уытты заттардың әсерінен болатын токсикоздар .

Зертханалық: Орталық жүйке жүйесін әлсірететін заттар Орталық жүйке жүйесін қоздыратын заттар . Кофеин және стрихнин топтары.Камфора топтары Холинергиялық заттар .Адренергиялық заттар . Орталық жүйке жүйесін коздыратын заттар бойынша қорытынды сабақ.Сезімтал жүйке ұштарына әсер ететін заттар. Жергілікті жерді жансыздандыргыштар. Тұтқыр,адсорбсиялық,шырышты заттар және жұмсартқыштар.Ащылар өсімдік тектес іш өткізгіштер мен өт айдағыштар.Жүрек гликозидтері.Қанға әсер ететін заттар.Бақылау рецептурасы.Сезімтал жүйке ұштары аймағына әсер ететін заттар бойынша қорытынды сабақ.Витаминдер,гормональдық және ферменттік препараттар.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері






5,6 семестр

Пәннің аталуы

Жануарлар патологиясы

Қысқартылған атауы

ЖП

Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5,6,7

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұтқышбай И.А.

Доцент/оқуытушы

в.ғ.к, доцент

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны




Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Ветеринариялық мамандар үшін жалпы патология кез келген аурудың негізін құрайтын патологиялық процестердің жалпы заңдылықтары туралы ілім. Жалпы патология әртүрлі ауруларға тән типтік процестер туралы ұғым береді, маңызды құрылыстар жиынтығынан тұратын ауру жөнінде абстрактілік көзқарас қалыптастырады. Барлық пәндердің шоғырланған тәжірибесін көрсетеді.


Мазмұны

Дәрістер:

Кіріспе. Жалпы патология.Терминальды жағдай. Жалпы этиология Қоршаған ортаның ауру қоздырушы факторларының әсері. Физикалық ортаның ауру қоздырушы факторларының әсері. Күн сәулесі спекторының зиянды әсері. Электр энергиясының зақымдаушы әсері. Химиялық ортаның ауру қоздырушы. факторларының әсері. Биологиялық ортаның ауру қоздырушы факторларының әсері. Жалпы патогенез Патогенездің бастауыш буындары. Организм реактивтілігі және оның патологиядағы маңызы Фагоцитоз. Иммунологиялық реактивтілік Тұқым қуалаушылықтың дене бітімінің және жастың патологиядағы маңызы. Типтік патологиялық процестер. Некроз және некробиоз Зат алмасудың типтік бүлінуінің патологиясы Тоқымада зат алмасудың бұзылуы-дистрофия Протеиндік дистрофиялар (диспротеиноздар) Стромалық-қантамырлық диспротеиноздар Нулеопротеидтер алмасуының бұзылуы Майлану дистрофиялары (липидоздар). Минералдық дистрофиялар. Шет аймақтағы қан айналымы және микроцеркуляцияның бұзылуы. Қан аздық – жалпы (анемия) және жергілікті . Қан кету, себептері және механизмі. Лимфа айналымының бұзылуы Орын толтыру – бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі. Гипертрофия және гиперплазия. Қабыну. Қабынуға қарсы емдеудің биологиялық принциптері. Ісіктер Ісіктердің сыртқы көрінісі және құрылымы Ашығудың патологиялық физиологиясы Жылу регуляциясының патологиясы Организмнің мүшелері мен жүйелердің патологиясы Жалпы қан айналымның патологиясы және жүрек – тамыр жүйесінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Ас қорыту мүшелерінің аурулары Бауыр патологиясы. Бүйрек патологиясы. Эндокриндік жүйе патологиясы. Жүйке жүйесінің патологиясы. Инфекциялық аурулардың патологиялық морфологиясы.



Зертханалық, практикалық сабақтар:

Кіріспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістің маңызы. Гистотехника негіздері. Патогистологиялық зерттеу әдістері. Өлекселік өзгерістерді зерттеу Дәрі – дәрмектерді енгізу әдісі. Лабораториялық жануарларды бекемдеу. Жалпы этиология. Жалпы патогенез. Патологияда реактивтің маңызы. Безгек (Қызба). Зат алмасудың типтік бүлінуі. Бүйрек патологиясы. Бүйрек патологиясы. Эндокриндік жүйе патологиялары. Жүйке жүйесінің патологиялары. Паренхималық диспротеиноздар. Стромалық – қантамырлық диспротеиноздар. Аралас диспротеиноздар. Майлану дистрофиялары. Көмірсулар дистрофиялар. Минералдық дистрофияларНекроздар. Талшықтағы дәнекер ұлпаның регенерациясы. Гипертрофия. Атрофия. Эпителий тоқымасының ісіктері. Дәнекер тоқыма ісіктері. Қабыну . Иммундық патологиялық ісіктер Ісіктер (эпители және жүйке тоқымалар). Дәнекер және қан түзетен тоқыма ісіктер. Ет тоқыма ісіктер. Аралас ісіктер. Қан жүйесінің ісіктері. Тыныс алу мүшелерінің патологиясы. Ас қорыту мүшелерінің патологиясы. Бауыр патологиясы




5 семестр

Пәннің аталуы

М10. Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусабекова М.А., Бердібеков С.О.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.



Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Практикалық сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет