Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет5/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.15 Mb.
#125028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



5 семестр

Пәннің аталуы

М3 Мемлекеттік тілде іс жүргізу


Қысқартылған атауы

ҚТжІМТЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақ, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

1,2 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жапбарова Г, Сариева Т.

Доцент/оқытушы:

доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

ПС-45, ОБСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болшақ маман келесі дағдыларды меңгеруі тиіс.

А) Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көзқараспен оқи алу.

Б) Эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу.

В) Академиялық, арнайы және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу.

Г) Академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу.

Д) Жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру.



Е) Сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Қазақ тілін өз дәрежесінде жетік меңгеру әр сабақтағы лексика-грамматикалық тақырып бойынша мұқият дайыдалуды, сөздіктер мен оқулықтарды, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білуді қажет етеді. Тілді меңгеру процесі тек оқытушының шеберлігіне ғана байланысты бір жақты процесс емес, сондай-ақ ол бәріннен де бұрын сіздің белсенділігіңізді, ұқыптылығыңызды, пәнге деген жауапкершілігіңізді, қазақ тілін терең меңгеруге деген құштарлығыңызды қажет ететін екі жақты процесс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру.



5 семестр

Пәннің аталуы

М3. Ветеринарлық генетика


Қысқартылған атауы

ВГ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Зертханалық сабақ, ОБСӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Божбанов Б.Ж.

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

ЗС-30, ОБСӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Ветиринарлық гигиенаны оқу мақсаттары мен міндеттеріне асыл тұқымды және өнімділігі жоғары малды күтіп бағу ережелерін, төлді өсіру,малды шаруашылықта пайдаланудың экономикалық тиімділігін ескере отырып үйрету кіреді. Мал қораларын, фермаларды салу участкілерін таңдау, қораларды орналастыру тәртібі мен сапасына, қораның ауданына, көлеміне, микроклиматына, ауа алмасуы, малды орналастуру тәртібі, серуендету және тағы басқа мәселелерге аса көңіл бөлінеді. Малды жазда лагерде бағып-күткенде жаю тәртібі. Күн тәртібі, малға зиянды жәндіктерден шыбын-шіркейлерден алдын-ала сақтандыру мәселелері қарастырылады.


Мазмұны

Дәріс сабақтары: Кіріспе. Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы. Ауа гигиенасы. Топырақ гигиенасы және оны санитариялық тұрғыдан қорғау. Су және оған қойылатын санитариялық – гигиеналық талаптар. Ауыл шаруашылық малдаын сумен қамтамасыз ету және суғару гигиенасы. Азық және малды азықтанды ру гигиенасы. Мал қораларына және мал шаруашылық кәсіпорындары на қойылатын гигиеналық негізгі талаптар. Мал шаруашылығы кәсіп орындарында жүргізілетін жалпы ветеринариялық – санитариялық шаралар . Малды жазда бағып-күту гигиенасы . Малды күтіп-бағу гигиенасы. Малдарды тасымалдау гигиенасы. Ірі қара мал гигиенасы. Шошқа гигиенасы. Қой гигиенасы. Жылқылар гигиенасы . Түйелер гигиенасы . Ауыл шаруашылық құс гигиенасы. Кояндар мен тepici бағалы аңдар гигиенасы. Тауарлы балықтар гигиенасы. Бал араларының гигиенасы.

Зертханалық сабақтар: Ауа температурасын анықтау әдісі. Ауа қысымын анықтау әдісі. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау әдісі. Ауа ылғалдылығын анықтау әдісі. Ауадағы көмірқышқыл газды анықтау әдісі. Ауадағы аммиакты, көмірсутегін анықтау әдістері. Ауаның шаң-тозаң микробтармен ластануын анықтау. Мал қорадағы табиғи жарықтылықты анықтау әдісі. Мал қорадағы жасанды жарықтылықты анықтау әдісі. Көмірқышқыл газ мөлшері бойынша желдетуді есептеу әдісі. Ауа ылғалдылығы бойынша желдетуді есептеу әдісі. Жылу балансын есептеу әдісі. Топырақты санитарлық-топографиялық зерттеу. Топырақтың физико-химиялық қасиетін анықтау Шырынды азықты санитарлық-гигиеналық бағалау. Дәнді-дақылды санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау. Құрама жемді санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау. Суды физикалық қасиеттерін анықтау. Судың реакциясын аммиак ты, нитриттерді, нитраттар ды, хлоридтерді және сульфаттарды анықтау. Судың кермектілігін анықтау. Судың тотықтануын анықтау, судағы еріген оттегіні анықтау. Суды хлорлы әкпен залалсыздандыру әдісі. Жобалау сметалық құжаттарын оқып білу. Мал басына орын анықтау әдісі. Мал қораларының кө лемді жоспарларының шешімдерін бағалау. Құрылыс материалдары және конструкциялары. Қоралардың бөлімдері мен элементтері

Мал қораларының жобалары . Мал азығын даярлайтын және сақтайтын аймақты зірлеу



Құрылыс және оны бақылау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

"Ветиринарлық гигиена" пәнін оқыған студент: мал қораларын санитарлық-гигиеналық бақылау, оның мал микроклиматының шама-шарқына және алғы факторлеріне баға беру, талдау, қолайсыз жағдайларды жою және ауыл шаруашылық малынпайдалану технологиясын тұтастай жақсарту туралы нақтылы ұсыныстармен гигиеналақ қорыиынды жасауды үйрену үшін сыртқы орта факторлеріне қажет зерттеулерді дербес жүргізуі керек



5 семестр

Пәннің аталуы

Қой аурулары

Қысқартылған атауы

ҚА

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мәмбетәлі О.Д.

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Студенттерге қой ауруларының үш тобының яғни, жұқпалы індетті аурулар, паразитарлы аурулар және жұқпалы емес ішкі аурулармен күресу жолдарын, оларға диагноз қоюды, микробиологиялық және вирусологиялық зертеулер жүргізу үшін, патологиялық материалдарды алу және консервлеп зертханаға жіберу мен тасымалдауды, вакциналар, қан сары суларын, егуді және емдеуді инфекциялық аурулардың балауын, емін, алдын алуын дұрыс істей білуі керек.

Мазмұны

Дәріс : Сібір жарасы. Құтыру ауруы. Бруцеллез. Аусыл ауруы. Сары ауру (лептоспироз). Бауыр құрт: Дикроцелиоз. Айналма. Гемонхоз. Диктиокаулез. Қотыр. Мұрын құрт. Шемен. Паратиф. Қойдың жұқпалы жыбырлақ ауруы.
Зертханалық: Қан жүйесі ауруларын тексеру және дауалау. Тыныс алу жүйесі ауруларын тексеру және дауалау. Ас қорыту жүйесі ауруларын тексеру және дауалау. Құтыру ауруын анықтау және онымен күресу жолдары. Ауески ауруын анықтау және онымен күресу жолдары. Қойдың күл ауруын анықтау және онымен күресу жолдары. Аусыл ауруын анықтау және онымен күресу жолдары. Брадзотты анықтау және онымен күресу жолдары. Бруцеллезді анықтау және онымен күресу жолдары. «Тұяқ шіруі» ауруын анықтау және онымен күресу жолдары. Сібір жарасын анықтау және онымен күресу жолдары. Туберкуллезді анықтау және онымен күресу жолдары. Сары ауруды анықтау және онымен күресу жолдары. Ауыз қуысының ауруларын клинико-лабораториялық зерттеу (стоматит, фарингит). Гастроэнтеритті анықтау және онымен күресу жолдары. Пневмонияны клинико-лабораториялық зерттеу. Қуықтағы тас байлауды анықтау және онымен күресу жолдары. Буаз малдардың кетоноуриясы. Бауыр құртты анықтау және онымен күресу жолдары.. Монезиозды анықтау және онымен күресу жолдары. Шеменді анықтау және онымен күресу жолдары. Айналманы анықтау және онымен күресу жолдары. Гемонхозды анықтау және онымен күресу жолдары. Қой диктиокаулезін балау әдістері. Псороптозды анықтау және онымен күресу жолдары. Токсоплазмозды анықтау және онымен күресу жолдары. Қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясын анықтау және онымен күресу жолдары. Фосфорорганикалық қосылыстармен улану. Алкалоиды бар өсімдіктермен улану. Улы шөптерді анықтау және оған қарсы атқарылатын іс-шаралар.



Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Малдың түрін,жынысын және физиологиялық жағдайын ескере отырып, микробтарға және паразиттерге қарсы қолданылатын заттардың концентрациясын, қажетті мөлшерін есептеп, дәрілік заттардан рецепт тағайындауды, оның малға егуді, дәрілік заттың ағзаға әсеріне баға беруі, әртүрлі жағдайда және дер кезінде малдың улануына қарсы алдын алу шараларын жүргізуін істей білуі тиіс




5,6,7 семестрлер

Пәннің аталуы

Ішкі жұқпалы емес аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Нуралиев Сайрамбек

Доцент/оқытушы:

в.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/акакдемиялық сағаттардың саны

90/күндізгі

Еңбек сыйымдылығы




Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқуға қабылдау жағдайлары

Перереквизиттер: Клиникалық диагностика мен рентгенология және ішкі жұқпалы емес аурулар курсы анатомиядан, физиологиядан, биохимиядан, патологиялық физиологиядан және микробиологиядан алған білімдерге негізделген. Бұл пән хирургия, акушерство, эпизоотология, патанатомия, фармакология және токсикология клиникалық пәндерімен тығыз байланысты.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілгі

Мақсаты: Курстың мақсаты студенттерді бүгінгі заман талабына сай клиникалық-лабораториялық және арнайы зерттеулер әдістері арқылы мал ауруларын анықтауды игеруге, организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін мал түріне, жынысына, жасына және т.б. организмнің өзгеруіне әсер ететін факторларға байланысты бағалауға оқыту.


Мазмұны

Дәріс: Малды ішкі жұқпалы емес аурулардан сақтандыру және емдеу шараларын жоспарлау. Мал шаруашылығы кешендерінде, арнайы фермаларда, акционерлік және жеке қожалықтарда ішкі жұқпалы емес аурулардан сақтандырудың ерекшеліктері. Диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері, өткізу мерзімі мен әдістері. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларында жалпы емнің принциптері мен әдістері. Мал организімінің жағдайын анықтауда негізгі көрсеткіш ретінде және бұзылған алмасу процестерін қайта қалыпқа келтіруде қанның биохимиялық көрсеткіштерін, белокты (ақ зат), сілті қорын, кальцийді, фосфорды және т.б. анықтаудың маңызы. Арнайы шаруашылықтар мен өндірістік мал шаруашылық кешендерінде ветеринариялық емдеудің ерекшеліктері мен негізгі мақсаттары. Ем әдістері мен емдік заттардың жіктелуі: этиотропты, патогенетикалық, симтоматикалық, жүйке тропикасын реттеуші, новокаинмен блокадалау, И.П.Павлов әдісі бойынша қорғап тежеуші ем, стреске қарсы ем. Орын толтырушы емдер: витаминдермен емдеу, гормондармен емдеу, макро және микроэлементтермен емдеу, ферменттермен емдеу, диетамен емдеу, қан құю. Серпіндіруші емдеу: протеинмен емдеу, қанмен емдеу, гистолизаттармен емдеу, цитотоксиндермен емдеу. Арнайы шаруашылықтар мен өндірістік мал шаруашылығы кешендерінде, жеке және жалпы емдеудің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар. Мал организміне физикалық факторлардьң әсер ету ерекшеліктері. Жарықтың биологиялық әсері. Мал ауруларын емдеу мен сақтандыруда әртүрлі жасанды жарық көздерінің қолданылуы. Малды сәулемен топтап емдеу. Электр тогымен емдеу. Электр тогының биологиялық әсері: гальванизация, электрофорез тоғымен емдеу. Электр тогымен емдеу. Электр тоғының биологиялық әсері: фарадизация, микротолқынмен емдеу, индуктотермия, дарсонвализация, ультражоғарғы жиілікті тоқпен емдеу, ультрадыбыспен емдеу, аэроионмен емдеу. Электр тоғымен емдеуде қолданылатын корғаныс шаралары. Сумен және жылумен емдеу, сумен емдеу түрлері, уқалап емдеу және оның түрлері, гидротермотерапияның (сумен және жылумен емдеу), емдік және сақтандырудағы маңызы. Дәрі-дәрмектерді жеке және топтап енгізу әдістері. Дәрі –дәрмектерді ерікті және еріксіз әдістермен беру. Емдік инъекциялар: тері астына, бұлшық етке, мойын көк тамырына, кеңірдек қуысына, плевра қуысына, қурсақ қуысына.енгізу Такия қарындағы металдарды анықтау, магнит зондтары мен магнит сақиналарын енгізу. Ірі қара мал мен ұсақ малдың ұлтабаралды қарындарын жуып-шаю. Мес және қатпаршақ қарындарға дәрі-дәрмектер енгізу техникасы. Кұс жемсауын жуып-шаю. Жылқы, шошқа және ит асқазандарына зонд енгізу және оларды жуып-шаю. Клизмалар түрлері тазартушы, дәрі-дәрмекті, қореқтендіруші, дәріні тамшымен енгізу және микроклизмалар. Тік ішекке ерітінділерді гидравликалық және қысым беру тәсілі арқылы енгізу. Қуыққа катетер енгізу және сол арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.
Зертханалық:

Ауру малдарды тексерудің ережелері. Оларды ұстау әдістері және жеке бастың қауіпсіздігі. Диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері, өткізу мерзімі мен әдістері.



Клиникалық зерттеу желісі Қанды зерттеу әдістерін игеру Әртүрлі ауруларда новакаин блокадасын пайдалану Орын толтырушы емдер: витаминдермен емдеу, гормондармен емдеу, макро және микроэлементтермен емдеу, ферменттермен емдеу, диетамен емдеу, қан құю. Серпіндіруші емдеу: протеинмен емдеу, қанмен емдеу, гистолизаттармен емдеу, цитотоксиндермен емдеу. Арнайы шаруашылықтар мен өндірістік мал шаруашылығы кешендерінде, жеке және жалпы емдеудің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар. Жарықпен емдеу (инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерімен). Табиғи ем бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру. Электр тоғымен емдеу. Кернеуі төмен тоқтармен емдеу (гальванизация, электрофорез). Кернеуі жоғары тоқтармен емдеу (дарсонвализация, диатермия УЖЖ (УВЧ) тоқпен емдеу). Гидротерапия Жалпы ем әдістерін игеру Организмге зонд енгізіп емдеу Организмге клизма жасап емдеу. Несеп ағзалары ауруларымен дерттенген малды клиникалық-лабораториялық зерттеу

Оқу жұмысының нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет