Пәннің аталуы
|
М 16а. Құрылыс машиналары және жабдықтары
|
Қысқартылған атауы
|
ҚМжЖ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Серікбаев Т.Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, зертханалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика I, II; физика; инженерлік графика I және II; инженерлік механика I, II; гидромашиналар және гидрожетек.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Технологиялық процестерді механикаландыруда және автоматтандыруда қолданылатын құрылыс машиналары мен жабдықтары туралы керекті деректерді, құрылыс объектілерінің сипаттамасына байланысты машиналардың технологиялық мұмкіндіктерін пайдалануды білу
|
Мазмұны
|
Құрылысты механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ететін машина ретінде құрылыс машиналары қойылатын талаптар. Құрылыс машиналарының сұрыпталуы. Машиналарды типтерге және типтік өлшемдерге бөлу. Құрылыс машиналарының кинематикалық схемасы. Көлік машиналары. Құрылыстық жүктердің сипаттамасы. Көлік машиналарының негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы. Тасымалдау машиналардың қызметі, конструктивті схемалары, жұмыс процессі мен технологиялық мүмкіндіктері, негізгі параметрлері, қолдану сипаттамасы. Жүк көтергіш машиналардың сұрыпталуы. Әр түрлі крандардың қызмет ету аймағы. Жүкті салып-түсіру машиналары. Олардың түрлері. Жұмыс процесі. Жер жұмыстарына арналған машиналардың сұрыпталуы. Жұмыс органдары және топырақпен әсерлесуі. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Өңдеу дәрежесіне байланысты топырақтардың сұрыпталуы. Бұрғылау-кран машиналары. Бұрғылау машиналарының негізгі түрлерінің техникалық және экплуатациялық көрсеткіштері. Қада қағу жабдықтары. Қада қағу жабдықтарының әдістері. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрьштауға және жууға арналған машиналар. Ұсақтау машиналардың түрлері және ұсақталатын материал қаттылығына және ұсақтау дәрежесіне байланысты оларды таңдау. Ұсақтау машиналардың принциптік схемалары, негізгі параметрлері және өнімділігі. Тасты материалдарды бөлгіш машиналардың қызметі, принциптік гмалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері және өнімділігі. Гидромеханикалық және гидравикалық классификаторлардың қызметі, инциптік схемалары, жұмыс процесі, негізгі параметрлері, өнімділігі. Тасты материалдарды ұсақтауға, сұрыптауға және жууға арналған машиналарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Бетон және бетон қоспаларын дайындауға, тасымалдауға және нығыздауға арналған машиналар мен жабдықтар. Бетон коспаларын нығыздау қажеттілігі мен тәсілдері. Қол машиналардың әрекет ету принципіне, жұмыс органының қозғалу сипатына, жұмыс режиміне, жетек түрі бойынша жалпы сипаттамасы мен сұрыпталуы. Қол машиналарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналарды қолдануға қабылдау және өткізу. Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі. Еңбек қорғаудың жалпы талаптары, еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Қолдану және құрастыру ережелерін сақтау бойынша мемлекет тарапынан бақылау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Жоғары өнімділікке жету жағдайын; жұмыс жабдықтарының негізгі
және қосымша түрлерінің технологиялық мүмкіндіктерін; машиналардың даму бағыты мен тиімді конструкцияларын, машиналарды қолдану тәртібін және оларды қауіпсіз қолданудың негіздерін біліп меңгеру
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пән аталуы
|
М15в. Инженерлік механика ІІI
|
Қысқартылған атауы
|
Инженерлік механика ІІI
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекциялар, зертханалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
3 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Арапов Б., Печерский В.
|
Доцент / оқытушы:
|
Т.ғ.д., профессор; т.ғ.к., профессор
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіби пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, практикалық-30, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиті: математика I жэне II (бөлімдері: аналитикалық геометрия, векторлық алгебра, дифференциалдық және интегралдық есептеулер); физика (бөлімдері: қатты дене механикасы); инженерлік графика I, II; инженерлік механика I, II
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Студенттерге үнемділікті есепке ала отырып ғимараттарды беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді үйрету. Берілген пәнді оқып бітірген кездегі студенттердің міндеттері: статикалық анықталған жүйелерді есептеу әдістерін; статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу әдістерін, есептеу схемаларын құруды; конструкцияларды жэне ғимараттарды есептеуде қүрылыс механикасының негізгі әдістерін қолдануды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды; ғимараттарға толық талдау жұмысын жасай білуі керек.
|
Мазмұны
|
Ғимараттарды кинематикалық талдау. Көп аралықты статикалық анықталған арқалықтар. Еркіндік дэрежесін анықтау. Қабаттық схемасын қүрастыру. Негізгі, ілінбелі жэне көмекші арқалықтарды анықтау. Жеке арқалықтардағы көлденең күштер, иілу моменттерінің эпюрлерін салу. Сыртқы күштердің жүмыс. Сыртқы күштер жүмысы. Серпімді деформациялардың потенциялдық энергиясы. Орын ауыстыру мен жүмыстың байланысы туралы теорема. Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері. Қүрылыс механикасында орын ауыстыруды белгілеу. Орын ауыстыру формуласы. Мор интегралы. Температуралық орын ауыстыру. Орын ауыстыруды анықтау техникасы. Верещагин ережесі. Статикалық анықталмаган жүйелер. Күш әдісі. Жүйенің статикалық анықталмағандық дэрежесі. Күш әдісінің негізгі жүйесі. Негізгі жүйені таңдау. Күш әдісінің канондық теңдеулері (КӘКТ). КӘКТ коэффициенттерін табу және оларды тексеру. М, С>, N эпюрлерін салу. Оларды салудың дүрыстығын тексеру. Раманы күш эдісімен есептеуге мысал. Негізгі жүйені анықтау. Бірлік эпюрлерді салу. КӘКТ коэффициенттерін анықтау. М^, М соңғы эпюрлерін салу.
Статикалық анықталмаған жүйелер. Орын ауыстыру әдісі. Кинематикалық анықталмагандық дәрежесі. Орын ауыстыру эдісінің негізгі жүйесі. Орын ауыстыру әдісінің канондық теңдеулері (ОАӘКТ). Бірлік орын ауыстырудан болган сырық реакциясының таблицалық мәндері. Үш топсалы аркалар мен рамалар. Жазық фермалар
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Ғимараттарға кинематикалық талдау жасауға; статикалық анықталған және статикалық анықталмаған сырықтық жүйелерді есептеуді үйрену.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 3г. Шет тілі 3
|
Қысқартылған атауы
|
ШТ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Студиялық ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 5,6,7
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Шойманова М., Конанова А.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы; аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіби пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Студиялық -15сағ., ОСӨЖ-15сағ., СӨЖ –15сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 45 сағ
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
1
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі – мектеп курсы
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін қолдана отырып,студенттердің коммуникативті аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет ел тілінде қарым-қатынас жасау.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақтар бастауыш оқу топтарына қарастырылған: онда төмендегі сұрақтар қарастырылады, шетел тілінің бүкіл әлемде және Қазақстанда қызмет етуі; ағылшын /неміс тілдерінің грамматикалық жүйесін меңгеруі. Мәтін байланыс жасаудың бірлігі.Монологиялық тілдің түрлері. Реферат.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық, межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
|
Пәннің аталуы
|
М 8б. Құрылыстағы экономика және менеджменті
|
Қысқартылған атауы
|
ҚЭжМ
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мамбеталиева У.Д., Шертаев Б.Т.
|
Доцент / оқытушы:
|
аға оқытушы; т.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-30, практикалық сабақ-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика, информатика, экономикалық теория, құрылыс өндіру технологиясы, құқық негіздері.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Құрылыс кешенін функционалдау сұрағы бойынша негізгі заңдық және нормативтік акт. Инвестициялық қызметтің негізгі және капитал салымдарын тиімді пайдалану; құрылыста өндірістік қорларды қалыптастыру және тиімді пайдалану. Құрылыс объектісінің жобасы шешімінің тиімділігін дәлелдеу
|
Мазмұны
|
Құрылыс материалдарды өндірістің саласы ретінде. Құрылыстың технико- экономикалық ерекшеліктері. Холдинг және қаржы -өнеркәсіптік топтарының құрамындағы құрылыс. Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі. Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік. Қазақстан Республикасындағы инвестиция. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау. Құрылыстағы уақыт факторы. Құрылыстағы келісім бағалар. Құрылыс-монтаждық жұмыстардың өзіндік кұнын төмендетудің жолдары. Құрылыс нарығы. Кұрылыс нарығының ерекшеліктері. Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет. Құрылыстағы мердігерлік сауда. Құрылыстағы лизинг. Құрылыстың инфроқұрылымы. Құрылыстағы бәсекелестік, бәсекені тудырушы факторлар. Құрылыстағы жалға алу және оның қажеттілігі. Құрылыстағы келісімдік қатынастар. Инвестиция - құрылыстың қызметті реттеудің мәні және мемлекеттік реттеу тәсілі. Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы мен құрамы. Негізгі қорларды бағалау. Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың амортизациясы. Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары. Айналу құралдарының көлемін анықтау. Айналым құралдарының қолданудың тиімділігі. Құрылыстағы еңбек ресурстары. Еңбек қорлары мен еңбек өнімділік мәні. Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі. Құрылысты материалды-техникалық қамтамассыздандыру. Нарық жағдайында құрылысты материалды-техникалық қамтамассыздандыру. Материалды-техникалық ресурстарды жеткізуді ұйымдастыру. Құрылыс кешендегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімділігі. Құрылыстағы пайда мен рентабельділік. Құрылыстағы кәсіпорынның табысы. Құрылыстағы пайда түрлері. Пайданы бөлу. Құрылыстағы рентабельділік. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудит. Бухгалтерлік есептің мәні, негізгі мақсаты мен принциптері. Бухгалтерлік есептің пәні мен тәсілі. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Құрылыс кәсіпорынның есеп саясаты. Құрылыстағы аудит. Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Диверсификацияның мәні мен оның классификациясы Өндіріс шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Қазіргі заманғы нормалар мен бағалар жүйесінде жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуде; қазіргі жағдайдағы құрылыста инвестициялардың әсерлігін экономикалық бағалауды; қазіргі жағдайда құрылыс жүргізуді қаржылау мен несиелеу әдісін; шығындарды азайту жағдайында ең үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен құрылыс өндірісінің фирма ішіндегі жоспарлауды үйрену.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Пәннің аталуы
|
М 19в. Темірбетон конструкцияларын жобалау және есептеу -І
|
Қысқартылған атауы
|
ТБК -І
|
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
6
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Еркінбеков А., Чалабаев Б.М.
|
Доцент / оқытушы:
|
Т.ғ.к., доцент; т.ғ.к., профессор
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ, орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Лекция-15, пратикалық сабақ-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30,
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер /сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: математика, физика, сызба геометриясы, теориялық механика, материалдардың қарсыласуы, құрылыс механикасы, құрылыс материалдары, азаматтық және өндірістік ғимараттар архитектурасы. Компьютерлік сызба жобасымен жұмыс істей білу (AutoCad). Компьютерлік есептеу жобасымен жұмыс істей білу.
|
Білім беру мақсаттары /құзіреттілігі
|
Темірбетон конструкцияларын есептеу әдістерін, оларды қолдану жүйесін норма талаптарына байланысты Іргетастардың түрлерін, оларды есептеу әдістерін; Бірқабатты өндіріс ғимараттарының конструктивті шешімдері, құрастырылуы, есептеу әдісімен жүйелерін жасай білу керек. Екі бағытта жұмыс істейтін жабын конструкцияларын конструктивті шешімдеріне байланысты арматуралау жүйесін таңдауды. Іргетастардың конструктивті шешімін таңдап, оны есептеу негізінде арматуралауды. Бірқабатты өндіріс ғимараттарының тиімді шешімін таңдап, оны құрастыру және есептеу негізінде конструкцияларды арматуралауды. Конструкцияларды есептеп жобалау құрастыру кезінде нормативті құжаттар мен ережелерді дұрыс пайдалану.
|
Мазмұны
|
Темірбетон конструкцияларын есептеп жобалаудың алғы шарттары. Конструкция түрлері, есепті схема және есепті қима мәні. Статикалық анықталған және анықталмаған конструкциялар. Оларды есептеу әдістері, айырмашылық ерекшеліктері, артықшылығы, кемшілігі. Аталған конструкцияларды арматуралау жүелері, олардың ерекшеліктері. Кеңістікті конструкциялар-дың классификациясы. Олардың құрылыста қолданыс саласы, артықшылығы және кемшілігі. Бір қисық радиусті кеңістікті конструкциялар. Ең қисық радиусті жатын кеңістікті конструкциялар. Оң және теріс Гаус қисықты кеңістікті конструкциялардың беттерін жасау түрлері. Оң Гаус қисықты жатын кеңістікті конструкцияның (оболочка) ерекшілігі. Моментсіз және моменті кернеулі – деформативті күйі тепе-теңдік теңдеуі және күштерді анықтау, оның таралу эпюрасы. Оған сәйкес оболочканы арматуралау түрі. Цилиндрлі оболочкалар жалпы мағлұмат, қолдану салалары. Ұзын цилиндрлі оболочка, конструктивті шешімі, Есепті схемасы және қимасы. Оболочка бетінде күштердің таралу эпюрасы оны арматуралау жүйесі. Қысқа цилиндрлі оболочкалар есепті схема және қима күштерді анықтау және оны арматуралау жүйесі. Күмбездер, олардың конструктивті шешімдері, Есептеу әдісі ішкі күштерді анықтау оның тірек конструкциясы. Оларды арматуралау жүйесі. Тиімді жабын конструкциясын таңдау азаматтық құрылыс үшін қыры жоғары қараған. Тегіс бетті жабын плитасы оның конструктивті шешімі, артықшылығы және кемшілігі оны есептеу шектік күй әдісі бойынша. Арматуралау жүйесі. Технико-экономикалық көрсеткіші.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Студент конструкциясын әртүрлі нұсқаларын сандық және сапалық жағынан бағалап саралай білуге үйрету; Студенттерді осы заман норма құжат талаптарына сай үйлер мен ғимараттардың жер сілкінісіне төзімді конструктивтік шешімдерін негізінде жобалауды игеру.
Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|
Достарыңызбен бөлісу: |