Ф-19-07/06 бижан н р. «Құқық негіздері» пәнінен тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға арналған


Тәжірибелік сабақтарды өтуге қойылатын талаптар



бет2/12
Дата22.08.2023
өлшемі48.71 Kb.
#476177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Құқық негіздері тажирибелик сабак 2020

Тәжірибелік сабақтарды өтуге қойылатын талаптар:


ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады:
1) Ағымдағы семинар
2) Жекеленген семинар
3) Арнайы семинар
Ағымдағы семинар – бірінші курста жүргізіледі.
Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі.
Ағымдағы семинар – бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты –білім алушыларды өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиеттермен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс білім алушыларды бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындық туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін семинар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында білім алушыларда меңгерілетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады.
Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол білім алушыларды ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында білім алушылар ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет