Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет4/5
Дата28.01.2023
өлшемі287.5 Kb.
#468839
түріДиплом
1   2   3   4   5
Дип.-Р.-Бердібай-фольклор-зерттеуші

Қорытынды
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетiн даму үстiнде типологиялық тұрғыдан зерттеу оның арғы тамырлары ауыз әдебиетiнде жатқандығына көз жеткiзедi.
Р.Бердiбай - туған халкының жарқын болашағы үшiн қалам ұшымен де, қоғамдық қызметімен де адал қызмет етiп келе жатқан ұлтжанды абзал азаматтардың бiрегейi. Оның бүкiл саналы шығармашылық қызметі осы мақсатқа бағытталған. Өзiн-өзi әлi толық танып бiлмеген халқының ұлылығын өзiне ғана таныстырып қоймай, басқа да елдерде насихаттауда қажымай еңбек етiп келедi. Әр халық әлемдiк өркениетке қосқан үлесiмен бағаланатындықтан, халықтың сол үлестен шет қалмағандығын танытатын қайталанбас өнерiн жан- жақты зерттеп жүр. Ол - журналист, сараман сыншы, зерделi зерттеушi, танымал фольклорист, белгiлi турколог, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткерi, ұлтжанды абзал азамат.
“Қазақ әдебиетi” газетiнде классик ақынымыз әрi ғылым докторы, профессор ғұлама Әбдiлда Тежiбаевтың “Таланттың қос қыры” атты мақаласы жарқ ете қалды. Әңгiме Р.Бердiбайдың басына бiткен дарынның қос қыры жайында екен. Оның бiрi әдебиеттi зерттеушi - оның тарихы мен теориясын жасаушы iрi мамандығы да, екiншiсi - халқымыздың даналық қазынасы - ауыз әдебиетi мұраларын талдап, саралап, насихаттаушы, фольклоршы ғалымдығы.
Алматы қалалық казақ әдебиетi мен өнер халық университетiнiң жиырма бес жылдығына арналған сабақ осы қоғамдық негiздегi университеттің ректоры Р. Бердiбай талантының тағы бiр қырын - оның ұстаздық талантын жарқырыта көрсетiп бердi. Ұлы Абай: “Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға” - деген ғой. Республикадағы ғылым мен мәдениет кайраткерлерiн қоғамдық iске жұмылдырып, рухани қазынамызды байытуға мұрындық болып жүрген кемел ғалымның еңбегi сүйсiнерлiк.
Р.Бердiбайдың ғылыми жетекшiлiгiмен қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялар да жетерлiк. Қорғалған диссертациялардың барлығы дерлiк фольклор тақырыбына немесе фольклормен байланысты тақырыпта жазылғанын байқаймыз. Ғалым мұндай ғылыми жетекшiлiк етудi 1975 жылдан бастап бүгiнге дейiн атқарып келедi.
Сыншы, публицист, әдебиет тарихшысы, фольклор зерттеушi, көне әдеби мұра мен шығыс әдебиеттерi, қазақ сөз өнерiнiң жанашыры және орындаушысы Рахманқұл Бердiбай - шын мәнiндегi жан-жақты талантты, бiлiмдi ғалым. Ол қазақ әдебиетi мен медениетiнiң дамуы меселесiне ортақ қарап, халықтың рухани мұратын тұтастықта, кең көлемде жинақтай зерттеуге бейiм. Әдебиет пен қоса өнердiң материалдық және рухани ескерткiштердiң тарихы мен оларды сақтау жайында да көп сөз қозғайды. Алғаш қалам ұстағаннан берi ол қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң, жалпы ұлттық мұраның жанашыры, жоқшысы есебiнде көрiнiп өзiнiң ұлтжандылығын танытып келедi.
Фольклор зерттеуге Р.Бердiбай 1970 жылдары келдi. Методологиялық тұрғыдан ол ауыз әдебиетiн жазба шығармалардан бөлек дара, ерекше құбылыс екенiн таныта зерттеудi бастады. Ол фольклорлық шығармаларды тақырыптық жағынан ғана талдап келген бұрынғы принциптерден бас тартып, олардың iшкi өзгерiстерiн, типологиясын, тарихпен қарым- қатынасын, өзiндiк поэтикасын, көне формаларын зерттеудi ұйымдастырды және соған басшылық еттi, фольклор зерттеудiң тарихын жасады.
Р.Бердiбайдың ауыз әдебиетiне арналған еңбектерiнен оның фольклор, эпос табиғатын жете таныған, бұл құбылыстардың теориялық негiздерiн меңгерген ғалымның тұңғиық тереңдiгi танылады.
Том - том дүниелердiң авторы бұл күндерi шығармашылық кемелiне келiп, жазушылық шабытпен өз оқырмандарына кiтап үстiне кiтап ұсынуда.
Ғалымның ауыз әдебиетi соның iшiнде эпос туралы айтқан әр ойлары ғылыми дәлдiгiмен, тиянақты, пiкiрлерiмен қымбат.
Кемел ойлы ғалымның өмiрлiк критерийi бiр-ақ нәрсе: “Әр адамның бағасы халқына тигiзген пайдасымен өлшенедi. Қандай да болмасын қайраткерлерді бағалағанда, олардың iсi жалпы халықтың ұлы мүддесiне қаншалықты игiлiктi болатынын алдымен ойлайық”, - дейдi.
Р.Бердiбай - осы ұрпақтың талантты өкiлдерiнiң бiрi. Оның қазақ әдебиетi мен ғылымында ешкiмге ұқсамайтын, басқаны қайталамайтын өзiндiк үлкен орны бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет