Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#139160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Болмыс философиясы.

Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі.

Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.

Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.

Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.

Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.

Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған.

Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.

Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді.

Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.

Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды.

Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.

Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен тұратын ерекше тірі жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек.

Үшіншіден, бұл-адамдардың рухани іс-әрекетінің өзара қарым-қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.

Төртіншіден, бұл-руханилық әлемі. Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкен-сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп бағаланған бейсаналық та орын тепкен.

Руханилық-бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйеніп, өмір сүреді, физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Болмыс - адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.



Материя, оның жалпы қасиеттері мен өмір сүру тәсілі. Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.

Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: “Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория”.

Яғни, материя дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады.

Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара тікелей немесе бір бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен тап. Материяның өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген еді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым-шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді.



Кеңістік пен уақыт. Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ “Мәңгіліктің қозғалу бейнесі”. Әр түрлі материалдық обьектінің өз уақыты бар. Сондықтанда физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазіргі, кешегі және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады , ешнәрсе, ешкім оның обьективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды. Қоғамда уақыт ағысы жылдам және күрделі. Ол адамның іс әрекетімен тығыз байланысты. Уақыт - тіршіліктің мықты да аяусыз өшірушісі, сонымен қатар оны жаратушысы да. Уақытша деген ұғым өткіншілікті жоғалып кетуді білдіреді. Керісінше, мәңгілік ұғымы ұдайылықты, ұдайы болып отыруды меңзейді. Адам өмірі биологиялық тұрғыдан өткінші. Сондықтан да ойлы адам өзінің өмірінің жүгіртпе секундтарына жоғарыдан қарай алмайды. Ол өзінің бұл дүниедегі өткінші жағдайын жақсы түсініп, өз өмірінің мән мағынасы, мақсаты туралы ойланып, толғанады.

Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт бұл адамның іс - әрекетінің бүкіл дүние жүзілік тарихы.

Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.

Кеңістік - заттар мен құбылыстардың бір - бірімен қатар орналасу, өзара әрекеттесу ретін білдіретін философиялық ұғым. Дүниедегі заттардың барлығы да, кеңістікте орналасқан.

Кеңістіктің негізгі бірліктері - нүкте, көлем, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені ол материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, әр түрлі процестерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып табылады.

Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесінің негізгі түпқазығы болып табылады. Дәстүрлі мәдениет үлгілерінен уақытты игеру әрекетінің көптеген мысалын табуға болады. Уақытты тоқтату талпынысы дәстүрлі салтты қайталау арқылы іске асады.

Болмыс, материя, қозғалыс ұғымдары дүние дегеніміз бір-бірінен оқшау тұрған заттар мен құбылыстардың ретсіз жиынтығы емес, тұтас байланысты бірліктегі құбылыс екендігін айқын көрсетіп отыр. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасында өзара тылсым байланыс пен бір-біріне өту бар.

Қоғам өмірі, оның заңдылықтары өзінің материалдық негізі болып табылатын табиғатпен тығыз байланысты. Жердегі тіршілік космос әлемімен байланысты.

«Адамның мәңгі арқа сүйейтін, рухани - тірегі-ол жарық Дүние, осы жарық Дүние мен өмірдің ажырамас мәңгі біртұтастығын сезіну - түсіну. Осы сезіну-түсіну әр адамның таным -білімінің ең терең деңгейі болып табылады. Сондықтан адаммен әр уақытта бірге өмір сүретін арқа сүйеудің күші мен мәңгілігіне еш уақытта күмәндануға болмайды. Осы тірек әр адамға өмірдің ерекше тереңдігін сыйлайды, өйткені әр адам өмірді өзі жеке, жеке мүмкіндіктерімен қабылдай отырып, оның мәңгілігіне, дүниенің мәңгілігіне өз өмірінің (ұрпағының) баласының өмірі арқылы мәңгі жалғаса беретініне сенеді.

Адамның рухани, мәңгі тіреуі - бұл жарық Дүниені ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Сондықтан да қазақтар естіртіп те және естіртпей де өзінің арқа сүйеуі Жарық Дүниеге - О, Жарық Дүние-ай, деп сиынып отырады”-деп жазды Қ.Ш. Нұрланова.

Қорыта айтқанда, дүниенің ғылыми картинасы ұғымы: 1) біртұтас дүние жайлы біртұтас білімді білдіреді; 2) олар фундаменталдық сипатта болады; 3) жалпы заңдар мен принциптер негізінде бір жүйеге келтірілген; 4) ол өлі табиғат пен тірі табиғатты да әлеуметтік өмір мен адамның өзін де қамтиды; 5) ол практикада әбден тексерілген, объективтік ақиқатты білдіретін білімдер; 6) айтарлықтай тұрақты; 7) ғылыми танымның алдағы дамуында, соның негізінде жаңа білімдердің тууында эвристикалық роль атқаратын білімдер”.21

Дүниенің ғылыми картинасына жақындау ұғым “әлем үлгісі” категориясы. В.Н. Топоровқа сүйеніп, бұл ұғымды кеңінен пайдаланған Ж.Ш.Резин.

Әлем үлгісі дегеніміз - өмірде бар заттар мен құбылыстарды түсіндірудің жалпы және қарапайым бейнесі.

Үлгі әрдайым нысанды түгелдеу емес, оның белгілі бір жақтарын, функциялары мен қалып - күйін туындатады, бұндайда таңдау ісінің өзі танымның маңызды буыны болып табылады. Әлемді игерудің көне әмбебап тәсілдерінің бірі болып табылатын үлгі жасау дүниенің ғылыми картинасын жасау жолындағы алғашқы қарапайым қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, оған да біртұтастық, жүйелік тән, ол да дүниенің біртұтастығын, ажырамас бірлігін түсіндіруге тырысқан.


9. Диалектика теориясының мәселелері
Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс.

Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.

Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады.

Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар.

Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады.

Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді.

Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген.

Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды.

Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы.

Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен.

Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген.

Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған.

Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады.

Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты.

Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады.

Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады.

Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.

Диалектиканың негізгі заңдары. Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз-заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемдік тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз-әлемнің байланыстарын бейнелейтін білім жүйесі. Бұл-ғылым заңдары.

Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама-қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.

Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан-жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты оның қасиеттері, саны және сапасы жағынан сипаттайды. Қасиет дегеніміз - заттың басқа заттармен байланысындағы сипаты. Сапа - бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір-біріне ажыратып, дүниенің шексіз саналуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз-заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір-біріне ұқсамайтын нәрселердің айырмашылығында сапалық, ол бір-біріне ұқсайтын нәрселердің айырмашылығында сандық сипат бар. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стақан-ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама-нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория.

Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруін, секіріс деп атаймыз. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады.

Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәлелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. Озон - басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф. Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым - деп анықтады.

Терістеуді терістеу заңы даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады. Терістеуді - терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты-сабақтастықты түсіндіруге болады. Терістеу‚ сабақтастық-жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми, көркемдік дамудың да объективті заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. Өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз.

Жоғарыда біз атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты - оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея.


  1. Эпистемология.

Таным-бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным-адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным-адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе гносеология-бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес.

Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі. Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты-белгілі бір жүйедегі информация ағының қозғалысын бақылау.

Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады.

Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз-қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды-идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.

Философияда практика деп адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлемді немесе оның жекелеген бөліктерін өзгертуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Біріншіден, практика танымның қозғаушы күші, негізі мен бастауы болып табылады. Практиканың нақты сұраныстары танымдық қажеттіліктерді және адамзаттық міндеттерін, тіпті танымның өзін іс-әрекеттің түрі ретінде тудырды. Мысалы, Көне Египетте жер өңдеу геометрия мен математиканың қалыптасуын жеделдетті, ол кеме жөндеу мен сауда ісі астрономия мен басқа ғылымдардың дамуын ілгерілетті.

Екіншіден, практика өзінің сұраныстарымен танымның мақсаты болып табылады. Адамдар алатын білім оларға өмірде пайдалану үшін қажет. Олар заттар мен тауарлар, еңбек құралдарын өндіретін өндіріс үшін бірден-бір қажеттілік. Біздің өмірімізде аса маңызды қажеттілікке айналып отырған радио, теледидар, физика және басқа да ғылымдардың жетістіктері нәтижесінде пайда болған. Егер де білім практикада қажет болмаса, оның әлеуметтік құндылығы төмендей береді.

Үшіншіден, практика адам білімдері мен көзқарастарының ақиқаттығының өлшемі. Ғылыми болжамдар мен теориялардың нақтылығын практика дәлелдейді, немесе жоққа шығарады. Бірақ, бұл өлшем өзінің жетілмегендігінен әмбебап емес, өйткені әлем туралы көптеген болжамдар мен идеаларды практика жүзінде тексеруге немесе бағалауға болмайды. Сондықтан да ғылым білімнің ақиқаттығын негіздеу үшін басқа да тәсілді қолданады, мысалы, логикалық дәлелдеу.

Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.

Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай таблицаны жасауға болады:

Сезімдік таным: 1.Тікелей бейнелеу; 2.Сыртқыны бейнелеу; 3.Жекеніі бейнелеу.

Рационалдық таным: 1. Жанама бейнелеу; 2. Ішкіні бейнелеу; 3.Жалпыны бейнелеу.

Бұл таблицада сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.

Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар.

Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.

Сезімдік таным түрлері: 1. Түйсік; 2. Қабылдау; 3. Елес.

Рационалдық танымның бейнелеу түрлері: 1.Ұғым; 2. Пікір; 3.Ой- тұжырымы.

Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер объектілердің жекелеген қасиеттерін бейнелейді-қызыл, қатты, тәтті т.б. Қабылдау-затты, құбылысты толық бейнелеу.

Сезімдік қабылдау тек нақты затты бейнелей алады, ал жалпы затты көрсете алмайды. Ойлаудың қарапайым клеткасы ұғым - деп аталады. Ұғым дегеніміз - шындықтағы заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни, объективті шындықтың өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске асады. “ұғым сезімнен толық арылған ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай құбылыстардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде қайта жасайды”.

Ұғымның бастапқы белгісі - танылатын саладағы барлық құбылыстарға тән болудың формасын анықтау. Ұғым-жай ғана жалпылау немесе жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын іргелі жалпылау.

Ұғымдардың өзара байланысын пікір анықтайды. Пікір-заттар мен құбылыстар туралы айтылатын кез-келген сауал, ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Пікір құбылыстардың сан алуан байланыстарын көрсетеді.

Ой-тұжырымы деп бұрынғы қалыптасқан білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде айқын көрінеді. Ойдан ой туады - деген пікір бекер айтылмаса керек. Белгілі білімдерден белгісіз білімдер ой тұжырымы арқылы өрбіп отырған. Ой-тұжырымы “үш түрлі білімдерден немесе ойлардан құралады: бастама ой (посылка), яғни түйіннің (заключение) шығатын көзі, шығатын (туатын) ой (выводное знание), яғни бастама ойдан шығатын ойға өтудің мүмкіндігін көрсететін ой не білім”

Ой-тұжырымы екі немесе одан да көп бірнеше пікірлердің байланысын білдіреді. Қарапайым ой тұжырымының мысалы: “Адам ақылды жан. Сондықтан ол дүниені тани алады”.



Таным және практика.

Сөйтіп, біз адам танымының ішкі жүйелік құрылымы туралы жалпы мағлұматтар алдық. Таным-адамның ажырамас, тылсым қасиеттерініқ бірі. Өйткені көрсем, білсем деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре түседі, жетілген сайын ол таным көкжиегін кеңейте, ұлғайта береді.

Таным екі деңгейден тұрады, оның бірі үйреншікті, қарапайым таным екіншісі-ғылыми таным. Дүниені танып, игеріп, оны білу үшін адамдардың қарапайым өзіндік тәжірибесі, сонымен қатар ол тәрбиеленген мәдени-әлеуметтік ортаның ерекшеліктері де маңызды роль атқарады.

Дегенмен, дүниенің терең байланыстары мен тұрақты қасиеттерінің қыры мен сырын білу үшін адамның қарапайым танымының аясы тар, мүмкіндігі мардымсыз болады. Сондықтан, адам арнайы ғылыми, кәсіби білім алуға ұмтылады, яғни танымның ғылыми деңгейіне көтерілуге тырысады.

Ғылыми таным дүниенің, объективті шындықтың жалпы байланыстары мен қасиеттерін арнайы тәсіл арқылы зерттейді. Ғылыми таным-жүйелі таным. Ол адамнан арнайы дайындықты, іздестіруді, тынымсыз еңбекті қажет етеді.

Ғылыми таным өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.

Ең алдымен, ғылыми таным өзі зерттейтін объект жөнінде жан-жақты дәлелді объективті білім жинақтауға тырысады. Ол абстрактілі-аналитикалық, сонымен қатар, конструктивті-синтетикалық білім болып табылады.

Талдаудың көмегімен зат ойша бөлек-бөлек қасиеттерге, функцияларға, сапаларға жіктеледі. Біріктіру арқылы заттың жеке бөлшектері туралы білім оның біртұтас және көлемді бейнесінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ғылыми танымның екі дегейін-эмпириялық таным мен теориялық танымды бөліп көрсетуге болады.

Эмпириялық таным-бұл эксперимент, бақылау, баяндау, салыстыру, өлшеу. Бұл деңгейде объект алғашқы ізденістен өтеді, онық сыртқы ерекшеліктері мен кейбір заңдылықтары анықталады. Теориялық деңгейде объект түсіндіріледі, оның түпкі, негізгі, ұдайы қайталанып отыратын заңдылықтары ашылады. Бұл екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты. Эмпириялық таным ғылыми заңдардың қалыптасуының бастауы, негізі болып табылады, теория эмпириялық материалды түсіндіреді.

Эмпириялық білім-теориялық зерттеулер мен ғылыми мәселелерді қоюдың маңызды стимуляторы. Тәжірибенің мәліметтерінің негізінде диаграммалар, карталар, жобалар жасалады, алғашқы болжамдар мен қорытындылар тұжырымдалады, алынған мәліметтердің өзара байланыстары анықталады.

Зерттеудің теориялық деңгейі жоғары деңгейдегі жинақтаумен, идеализациялаумен, объектінің заңдылықтары мен ішкі байланыстарды бейнелеумен ерекшеленеді. Ғылыми танымда арнайы методтар қолданылады. Метод дегеніміз-зерттелетін нәрсені ойша қайта жаңғыртудың, қойылған ғылыми мақсатқа жетудің тәсілі.

Эмпириялық деңгейде бақылау, өлшеу, эксперимент, баяндау, ал теориялық деңгейде тарихилық пен логикалық, аксиоматикалық метод, формальдау, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу сияқты тәсілдер қолданылады. Кейбір тәсілдер (жіктеу мен біріктіру, индукция мен дедукция, модельдеу) эмпириялық және теориялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Бақылау-сыртқы дүниені мақсатты да жүйелі түрде қабылдау. Ол танымның алғашқы дерек беретін көзі болып табылады. Ғылыми зерттеуде бақылау үш міндетті орындауға тиіс:

1. Ол жаңа мәселені қоюға және болжамды дайындауға, оларды кейіннен тексеруге жеткілікті эмпириялық ақпаратты беруге тиіс.

2. Эксперимент қоюға болмайтын болжамдар мен теорияларды тексеруі қажет.

3. Ол өзі алған нәтижені теориялық зерттеуде қол жеткізген нәтижемен салыстыруға мүмкіндік береді.

Өлшеу зерттеліп жатқан объектің сандық сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Эксперимент дегеніміз-белгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытына өзгерту арқылы зерттеу. Тарихи тәсіл заттың барлық тарихын жан-жақты, әртүрлі көріністерімен баяндап, жаңғыртады. Ал логикалық тәсіл заттың дамуының тек жалпы қисыны мен бағыттарын және қайшылықтарын ғана қарастырады. Моделдеу деп зерттеу мақсатында арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғыртуды айтамыз. Мысалы, қоғамның нарықтық қатынастарға өтуінің теориялық моделін жасап, оның барлық көріністерін бақылап отыруға болады.



  1. Әлеуметтік философия.

Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.

Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.

Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.

ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған.

Дүрбелеңге толы ХХ ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет.

Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.

Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.



Қоғам туралы түсінік

Өмірдегі ең дана нәрсе уақыт - деген қазақ халқы түйіндеген пікір кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат-қабат болмысы айқын дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары ХІХ-ХХ ғасырларда ғана алып ойшылдар Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған. Қоғам дегеніміз-табиғаттан салыстырмалы тәуелсіз, рухани-материалдық жүйе, материя эволюциясының нәтижесі. Оның мәні адам іс-әрекетінің әртүрлі формаларымен байланысты. Ол адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарының қисынынан туындайды.

Қоғам - материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам табиғаттан тыс, одан тіпті басқаша болмысты дүниеге келтірді. Осы жаңа болмыс, адамның еңбегімен жасалған болмыс қоғам - деп аталады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамдық өмірдің әртүрлі көріністерінің иесі-адам. Ол-қоғамды, оның тарихын жасаушы, қоғамдық өмір кеңістігінің күре тамыры.

Адам тарихта екі түрлі “ипостась“ немесе қырда өмір сүрді. Ол, бір жағынан, тарихтың алғы шарты, екінші жағынан, оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс-әрекеттің иесі - пенде. Әрине, ол өзінің қалыптасуы, тәрбиеленуі тұрғысынан белгілі бір таптың, қоғамның өкілі. Оны іс-әрекетке итермелейтін негізгі күш-қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, Оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді.

Адам жетілген сайын оның қажеттіліктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір-бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтық, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми-техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, информация тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы заманғы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар.

Әлеуметік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды белсенді іс-әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бағыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен рухани ләззәт алу үшін өзін қажетті материалдық игіліктермен қамтамасыз етуі қажет болды. Яғни, өзін тамақтандырырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы бірден-бір қажеттілік болды.

Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір - біріне тең болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған өз іс-әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық болар еді.

Екіншіден, түпкі, стратегиялық көп уақытқа бағытталған, сонымен қатар, кезеңдік, сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді. Жоспарлау дегеніміз-ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттіліктерге қоғамның болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады. Сонымен қатар, қоғамда кезек күттірмейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар.

Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік ауруларды атауға болады.

Қоғамдық практиканың бастапқы түрі-материалдық өндірістік іс-әрекет. Бұл іс-әрекет әлі де басқа практикалық іс-әрекеттердің негізі болып келеді. Бірақ, оның мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Байырғы еңбек құралдарын жетілдіре, дамыта отырып, соған сүйене отырып, адам өз талабына сай жасанды ортаны дүниеге келтірді, оны өзінің эстетикалық, этикалық талғамдарына сәйкес етіп ұйымдастырды. Материалдық құндылықтарды өндіруші ретінде адамның өзі де өсіп, нығайып отырды, оның кәсіптік шеберлігі артып, жалпы білімдік деңгейіне қойылатын талаптар да кеңейе түсті, жалпы мәдениет өрісі кеми бастады. Материалдық өндірістік қатынастар нығайту, ұлғайту процесінде әлеуметтік практика қалыптасып, дамыды.

Әлеуметтік философияда қоғам материяның бізге белгілі қозғалысының ең жоғарғы түрі болып сипатталады.

Қоғамның құрылымы және негізгі салалары.

Қоғам өте күрделі жүйе. Қоғамдық өмірдің барлық тынысының иесі адам болып табылады. Адам-қоғамның және оның тарихының жаратушысы‚ қоғамдық өмір кеңістігіндегі негізгі кейіпкер. Қоғамды бірнеше сфераға бөлуге болады.

Біріншіден, бұл-экономикалық сфера немесе материалдық өндіріс әлемі, адамға қажетті материалдық игіліктерді білім мен арнайы еңбек құралдары, техниканың көмегімен жасау. Экономика қоғамдық прогрестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің негізгі шарты.

Екіншіден, бұл-әлеуметтік сфера немесе әлеуметтік топтар әлемі. Ол нақты тарихи-экономикалық негізде қалыптасып дамиды.

Үшіншіден, бұл саяси немесе басқару сферасы. Бұл адамдардың мемлекетті, басқа да әлеуметтік институтты басқару жолындағы іс-әрекеттері.

Төртіншіден, қоғамда рухани сфера, яғни сезімдер мен идеялар әлемі бар. Ол тарихи процестің саналы факторына ықпал ете отырып, қоғамда аса маңызды роль атқарады.

Қоғамдық дамудың заңдары - табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана-сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих арнасынан өтіп отырады немесе ығысады.

Қандай заңдылықтардың қай уақытта қалыптасатыны әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Кезінде құл иеленушілерге, сонан кейін феодалдарға өз ыңғайына сай келетін қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мүмкіндігі болмады. Өзі пісіп-жеткен жағдайда кез келген қоғамдық қатынастар өзінен-өзі ығысып, басқа қоғамдық қарым-қатынастарға орын беріп отырады. Бұл тарих көшінің бұлжымас заңдылығы.

Сөйтіп, табиғат пен қоғамдық қатынастардың заңдылықтарында бір ұқсастық бар. Бұл өте маңызды іргелі ұқсастық. Өйткені, олардың заңдылықтары адамнан, оның іс-әрекетінен, еркінен тыс өмір сүреді. Мысалы, өз еркімізге сүйеніп, зат пен денелердің еркін түсуі немесе, Архимед заңын алып тастай алмаймыз, сол сияқты біз қоғамның дамуындағы материалдық қатынастардың шешуші ролі туралы, құн туралы заңды өзіміз біліп алып, сонан соң жойып жібере алмаймыз.

Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізін құрайды. Бірақ, табиғат пен қоғамдық дамудың заңдылықтарының өте маңызды бір айырмашылығы бар: ол - олардың іске асу механизмінде көрініс табады. Табиғат заңдары адамның іс-әрекетінен тыс іске асырыла береді. Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар. Өйткені біз жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамдық дамудың заңдары тек қана адамның іс-әрекеті арқылы іске асады.

Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым-қатынастар болмаса, ешқандай да социологиялық заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен социологияның заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс, қоғам дамуы табиғи-тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объективті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйткені‚ ол - адамдардың іс-әрекетінің жемісі. Адамдар тарих деп аталатын әлемдік-тарихи драманың авторы да, актері де болып табылады.

Социологиялық заңдардың ерекшелігін қарастыру мәселесі біздерді одан әрі тереңдей түсуге мәжбүр етеді. Басқа сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағдайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.



Тарихтың объективті және субъективті факторлары-қоғамдық дамудың екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар объективті фактор болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, материалдық, саяси және рухани дамудың тарихи пісіп жетілген міндеттері мен қажеттіліктері осы шарттарға жатады. Субъективтік факторға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс-қимылға бейімділігі жатады. Объективті факторлар әр уақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективті фактордың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективті факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда ғана шешуші роль атқара алады. Өзінің бағыты бойынша субъективті фактор прогрессивтік, консервативтік немесе реакциялық болуы мүмкін. Объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың өзара қарым-қатынасы тарихты адамдардың өздері жасайтындығын айқын көрсетеді, бірақ қалай болса солай өз еркіне сүйеніп емес, керісінше тарихи дамудың объективті заңдылығына иек артып отырады. Субъективті фактордың құрамында ұйымдастыру және идеологиялық элементтері болады. Адамдар өз іс-әрекеттерін терең және жан-жақты ұйымдастырған сайын, олар өз алдарына қойған мақсаттарын айқын түсіне алады. Еркіндік дегеніміз-қажеттілікті жан-жақты тану. Тарихи процестің осы маңызды екі жағын әруақытта еске алып дұрыс түсіндіру оңай емес. Сондықтан да біржақтылыққа ұрынып отыру жиі кездесіп отырады. Сондай біржақтылықтың бір көрінісі - волюнтаризм болып табылады. Волюнтаризм-ақиқат атаулының бастапқы негізі ерік деп танитын философиялық бағыт. Қоғамдық дамудағы объективті заңдарды мүлдем жоққа шығару. Шын мәнінде субъективті идеалистік бағыт. Олар адамның еркін абсолютке айналдырып, оның іс-әрекетінің объективті заңдылықтарға тәуелділігін жоққа шығарады. Волюнтаристік қимылдардың айқын көріністерін Шыңғыс Айтматовтың “Жан пида” романынан көруге болады. Тарихқа волюнтаристік көзқарастардың терең тарихи тамырлары бар. Оны антикалық, орта ғасырлық дәуірлерден көруге болады. Волюнтаризм қазір де жан-жақты дамып отыр. ХІХ ғасырдың екінші жартысында позитивизмнің ықпалы нәтижесінде тарихтағы объективті заңдылықтарын теріске шығаратын бірқатар мектептер қалыптасты. Германияда-бұл В.Виндельбанд, Г.Риккерт, М.Вебер, Англияда-Б.Рассел, С.Федерн, А.Тойнби, Америкада-Д.Дьюи, Э.Богардус, Г.Беккер-Челз. Мысалы: Арнольд Тойнби тарихи заңдар - осы уақытқа дейін дәлелденіп келген болжамдар деп пайымдайды. Тойнби Юмның себеп-салдарлық қатынастардың объективті табиғатын теріске шығаратын теориясын қайталайды. Тарихи заңдылықтарды мүлдем мойындамайтын ойшылдар өте сирек. Олардың көбісі тарихтың өткен жолындағы бұрынғы тәжірибелеріне көбірек көңіл бөліп, оларды болашақта түсіндіруге пайдалануға көңіл бөледі. Тарихи заңдылықты теріске шығару, тарихтағы аналогияны мойындаумен алмастырылады. Волюнтаризмге қарама-қарсы теория фатализм - деп аталады. Фатализм-адам іс-әрекітінің еркіндігін жоққа шығарады, дүниеде болатын барлық процестер бостандыққа, шығармашылыққа орын қалдырмайтын қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылады. Теологиялық фатализм - тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің құдайдың құдіретімен анықталытынын негізгі алады. Фатализм-өте көп дамыған құбылыс, оны философия тарихынан, әдебиеттен жиі кездестіруге болады. Мысалы, атақты ойшыл-жазушы Л.Н.Толстой фаталистік нанымдарды уағыздаған.

Историграфияда және әлеуметтік философияда, тарихтағы кездейсоқтықтық рөлі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс, ХҚІІІ ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарды, ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты кездейсоқтықтық ойыны - деп қарастырды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық қарым-қатынаста өмір сүріп отырады. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің формасы болып отырады. В.Г.Белинский шығармаларында мынандай мысал бар. Теңізге шығу Россияның одан әрі дамуы қажеттілігінен тікелей туындаған. Ал І-Петрдің Балтық теңізінің Нева өзенінің бас жағына шығуы кездейсоқтық болып табылады. Егер ол Балтық теңізінің басқа жағынан шыға алса, онда басқа қала салынуы мүлдем ықтимал еді.



Қоғамның экономикалық болмысы

Қоғам басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми-техникалық прогрестің, ресурстық потенциалдың, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай-ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.

Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірінен-бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөліне қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды. Әрине, тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.

“Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыру болады, - дейді Ф.Энгельс. –Ал оның өзі, тағы да екі түрлі болады. Бір жағынан-тіршілік заттарын, … киім-кешектерді, пәтер-үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан-адамның өзін өндіру, тұқым жая беру түрінде болады”.

ХХ ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан-жақты дамып, күрделене түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес, керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын, тапқан тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа, өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек етеді.

Өндіріс тәсілінің құрылымының маңызды элементі еңбек құралдары туралы айттық.

Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника-жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.

Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады. Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.

Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жанқиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті кез-келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам-өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі. Өндіріс құралдарын жетілдіру, оларды икемді, ыңғайлы ете беру адамдарда мүлгіген мәндік күштерін, яғни қабілетін, білімдерін және дағдыларын оятып, іске қосады, Материалдық өндірістің тарихы-бұл адамның шығармашылық жолымен өзін-өзі дамуының маңызды көрсеткіші еңбектің өндіргіштігі. Өндіріс тәсілінің маңызды элементі-өндірістік қатынастар. Олар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі байланыстар мен қатынастарды білдіреді.

ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап өндірістік өркениет қалыптасты. Осы дәуірде ағылшын ғалымы Дж.Уатт алғашқы бу машинасын ойлап тапты. Табиғатты игеруге мүмкіндік беретін көптеген машиналар пайда болды. Темір жолдар салынып, елдің өндірістік қатынасы нығайа түсті. Газеттер мен телефон бірыңғай ақпараттық және рухани кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті. Өндірістік өркениеттің тамаша жетістігі-адамдардың космосты игеруі. Бұл өркениет саяси партиялар, профсоюз, парламентарий сияқты қоғамдық өмірдің маңызды институттарын тудырды.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында материалдық өндірістің жаңа бағыттары дами бастады. Олар адамзаттың өркениеттің жаңа сатысына, яғни постиндустриялық өркениетке көтерілгендігін дәлелдейді. Оған дейін индустриялдық қоғам дамыды.

Қоғамның әлеуметтік саласы.

Әлеуметтік философия көп уақытқа дейін социумның негізгі элементін анықтау мәселесімен жан-жақты айналысып, әртүрлі пікірлерді салыстырумен болды. Мысалы, социумның негізгі элементі, индивид немесе отбасы деп қарастырылды. Бірақ жеке алынған индивид те, семья да әлеуметтік құбылыс бола алмайды. ХІХ ғасырдың ортасында және ХХ ғасырда ақиқатқа жақын екі бағыт қалыптасты. Ол Карл Маркс және Питирим Сорокин мектептері еді. Оның біріншісі қоғамдық байланыс пен соның нәтижесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Кейбір айырмашылықтарына назар аудармай-ақ, тоқ етеріне тоқталсақ, Питирим Сорокин да осындай пікірге келеді. “Индивид тек физикалық, биологиялық немесе психологиялық феномен, ал әлеуметтік қасиет адамның маңызды қарым-қатынасын қажет етеді” - деп жазады Питирим Сорокин, Екі ғалымның ізденістері бір ғана ойды дәлелдейді. Қоғамның негізгі бөлігі, өзегі қоғамдық байланыстар, қарым-қатынастар. Адам өзі қалыптасып, тарихи дамудың негізгі субъектісіне айнала бастағаннан бері көпжақты және көп мәнді қарым-қатынастарға түсе бастады. Адамдардық кез-келген өзара қарым-қатынасы қоғамдық мәнге ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар-адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасқан қатынастар. Адам өз өмірінде көптеген жүйелік қатынастарды басынан кешіріп отыратын болғандықтан, ол әмбебап субъект болып табылады. Адамның іс-әрекеті оның қоғамдық қарым-қатынастарының негізі. Барлық қарым-қатынастарды үлкен екі топқа бөлуге болады: материалдық және рухани қарым-қатынастар. Материалдық қарым-қатынастар сияқты рухани қатынастар да объективті. Объективтілік дегеніміз - заттық түрде өмір сүру емес, мәселен көптеген материалдық қарым-қатынастарда заттық белгі жоқ. Объективтілік дегеніміз-кез келген зат, құбылыс менің санамда бейнелене отырып, одан тыс өмір сүретіндігін білдіреді. Сондықтан да әр дәуірге лайық өмір сүретін рухани қарым-қатынастар біздің сана сезіміміз үшін объективтілік болып табылады, өйткені олар бізден, біздің қоғамдық санамыздан тыс өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың негізі қоғамдық сана және оның жүйелік құрылымы болып табылады. Сондықтан да қоғамда моральдік, саясаттық, құқықтық, көркем өнер, философиялық, діни қарым-қатынастар болып отырады. Саяси қарым-қатынастар саяси іс-әрекеттің субъектісі болып табылатын таптық, ұлттық қозғалыстардың, партияның, мемлекеттің көзқарастары мен идеяларын бейнелейді, сондықтан олар рухани қарым-қатынас болып табылады, сонымен бірге олар саяси практикалық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасып отырады. Сөйтіп бір қарым-қатынастың өзі екі жақты болып табылады: рухани әрі материалдық.

Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас жалпы қоғамдық қарым-қатынастарды ерекше қарастырады. Ол-жекелеген адамдардың өздерінің арасында қалыптасатын қатынастар. Олардың негізін этикалық өлшемдер құрайды, өйткені адамдар өзінің жеке өміріндегі қарым-қатынастарын адамгершілік ережелеріне сүйеніп, құрастырады, өзінің көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Бірақ оларды тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани-мәдени деңгейлер маңызды роль атқарады.

Қоғам деңгейінде бір-бірімен ірекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Мысалы, П.Сорокин осы белгілеріне сүйеніп, қоғамда төмендегідей адам аралық қарым-қатынастар болады деп пайымдаған: а) екі пенде арасында (ері мен әйелі, оқытушы мен оқушы, екі дос); б) үш пенденің арасында (әке, шеше және бала; ері, әйелі және ашына); бес және одан да көп кісілер арасында (әртіспен немесе шешенмен оның тыңдаушылары арасында; көппен көптің арасында (мысалы, ұйымдаспаған топтың арасындағы).

П.Сорокин тарихта жіктелуге, әсіресе әлеуметтік жіктелуге тап болмаған қоғамның болмағандығын, олай болады деп ойлау миф екендігін айқын дәлелдейді. Оның ойынша, кез келген қоғамда әлеуметтік стратификацияның үш түрі бар.

Бірінші-кәсіптік, яғни адамдар технологиялық белгі бойынша бөлінеді.

Екінші-адамдардың экономикалық жіктелуі, олардың тұрмыс деңгейі, кіріс-табыс мөлшері әртүрлі. Үшінші жіктелу-саяси стратификация деп аталады, өйткені кез келген қоғамда оны басқаратын элита және оған бағынышты бұқара өмір сүреді.

Әлеуметтік жіктелу конституциясында барлық адамдардың теңдігі жазылған демократиялық қоғамдар да орын алған. Жіктелу отбасында, шіркеуде де, тіпті кез келген әлеуметтік топ та болуы мүмкін.

Қоғамның жікке бөлінуі табиғи және заңды құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтік біркелкілікті орнатуға бағытталған коммунистік идея ешуақытта практикада орындалмас еді.

П.Сорокин кез келген тарихи дәуірде жіктелу күштері мен қоғамдағы топтарды бір-бірімен жақындастыруға тырысқан күштердің арасында әрдайым күрес жүріп отырады деп пайымдаған. Бірінші күш ұдайы және тұрақты жұмыс істейді, ал екіншілері өз жұмысын келеңсіз, тіпті кейде бір сезімге берілумен жүргізеді. Мысалы, кеңес өкіметі кезінде қоғамдық меншікті қалыптастыру жолдары белгілі бір күш қолдану арқылы іске асырылды, не болмаса селоны қаланың деңгейіне көтеру үшін адамдардың дәстүрлі өмір сүру салтының жекелеген элементтерін жою т.б.

Әлеуметтік стратификация-қоғамдағы халықтың табиғи, қалыпты жіктерге (топтарға) бөлінуі. Әртүрлі топтар арасында құқық пен артықшылықтар (привилегии), міндеттер мен жауапкершіліктер әртүрлі бағытта, сарында бөлініп отырады. Л.Сорокиннің ілімінің үлкен танымдық мүмкіндігі бар, өйткені ол қоғамды оның ішкі әртүрлігі мен көпжақтылығы тұрғысынан қарастырады. Бұл идеяның методологиялық маңызы өте жоғары, өйткені, ол қоғамды қоғамдық еңбектің дамуымен, оның көпжақты көріністерін бейнелейтін күрделі біртұтастық ретінде түсінуге жол ашады.

Қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласын зерттеуде маркстік көзқарас та маңызды роль атқарады. Әлеуметтік саланың объективті негізі қоғамның материалдық өмірі болып табылады.

А.Айталиев “Ұлттану” тақырыпты көрнекті еңбегінде адамдар өздерінің жүріп өткен тарихи жолында басынан кешірген алғашқы топтар төңірегіндегі бірқатар терминдерді анықтап көрсетеді. Ол өз талдауын “нәсіл”, “нәсілдік топ” ұғымын саралаудан бастаған.

Адамдардың антропологиялық жалпы белгілері бойынша топтасқан бірлестігі – нәсіл деп аталады. Нәсіл-шығу тегіне және әртүрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне байланысты бірлескен - адамдар тобы.

Ру - алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында туыстық байланыстармен топтасқан адамдар бірлестігінің түрі. Рудың экономикалық негізі жерге деген қоғамдық меншіктік қатынас.

Алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды қауымдастың түрі тайпа болды. Ол-белгілі бір территорияда тұратын, ортақ тілі, діні, әдет-ғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтың одағы. Тайпаның ыдырауына мүліктік оқшаулану мен ақсүйектердің жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы себеп болды. Рулық қатынастардың товарлық қатынастармен алмасуына байланысты тайпалар халққа біріге бастады.

А.Айталиев халық ұғымының әдебиетте үш мағынасы бар екендігін көрсетеді. Біріншіден, белгілі бір елде қоныс теуіп, өмір сүретін адамдар тобы халық деп аталады. Мысалы, Қазақстан халқы, Ресей халқы “Халық” осы мағынада территориялық, мемлекеттік ұғымды білдіреді.

Екіншіден, халық ұғымы этникалық қауымдастықты бейнелейді. Орыстар, қазақтар, еврейлер т.б. құрамы біркелкі елдерде ұлт, мемлекет, халық ұғымдарының мазмұны біртектес.

Үшіншіден, халық деп - көпұлтты мемлекеттің сан жағынан аз халықтың тобын атайды.

Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдени ерекшеліктер мен психологиялық ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи-әлеуметтік этникалық бірлестігін айтады. Ұлттың бірнеше маңызды белгілері бар. Біріншіден, территорияның ортақтығы. Бірақ тек қана белгілі территория емес, сол территорияда өрбіген шаруашылық кәсібі маңызды болған. Мысалы, біздің қазақ халқының өмір салты, еңбек тәжірибесі, талғамы, мінез-құлқы, әдет-ғұрыпы көшпелі мал шаруашылығының адам өмірі мен психологиясына тигізген әсерінен туындайды. Екіншіден, ортақ территорияға тілдің де ортақтығы қосылады. Ұлттық тіл-әдебиетте бекіген осы ұлттың барлық өкілдеріне тән сөйлеу. “Тіл - дегеніміз белгілі бір халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын қоймасы сияқты. Үшіншіден, экономикалық өмірдің ортақтығы. Ол елдің әр түрлі аймағының белгілі бір кәсіпке бейімделуі мен олардың арасындағы сауда-саттық қатынасының нығаюымен тығыз байланысты болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, одан сайын жіктеле түседі. Онда жаңа кәсіптік топтар пайда бола береді. Мысалы, менеджерлер, программистер, космонавтар т.б. қала халқының саны өсіп, ал ауылдағылардың саны күрт азаюда.

Қоғамның рухани болмысы

Қоғамның материалдың, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар руханилық та аса маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық-адам жетістігінің биік шыңы болып табылады. Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.

Руханилықтың түпкі мәні “рух” сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің “қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” табиғи материалдық бастамалардан өзгеше, затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, “затсыз, идеалды бастама” деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс-әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзінен сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт-кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бітіріп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс-әрекет аясына ендіреді.

Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру-ақыл-ойдың нәтижесінде ғана іске асады. “Ақыл-ой дегеніміз-рух” деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар олардан тыс, бірақ солардың болмыстық тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан-жақты, сан алуанды байланыстар бар екендігіне меңзейді. Идеалды, затсыз бастама дегеніміз сол байланыстар әлемінің адам санасында бейнеленуі. Бейнелеудің өзі әртүрлі деңгейде, әр түрлі формада болады. Рух дегеніміз-заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.



Қоғамдық сана - қоғамдық болмыстың бейнесі болғандықтан, ол қоғамдық болмыспен бірге дамып отырады. Сонымен қатар, оның салыстырмалы дербестігі де бар. Ол оның әлеуметтік функцияларынан көрінеді. Салыстырмалы дербестік - қоғамдық сана заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен де тығыз байланысты. Қоғамдық сана - қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Мұны қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігі білдіреді. Қоғамдық сана қоғамдық болмыс дамуынан артта қалып қоюы да мүмкін. Бұл оның инерттігімен түсіндіріледі. Қоғамдық сананың белсенділігі оның тарихи процеске әсер ету мүмкіндігінен көрінеді. Қоғамдық сананың құрылымы өте күрделі. Ол көптеген, өзара бір-бірімен байланысқан элементтерден тұрады. Қоғамдық сана, ең алдымен, бұл жеке қадам санасы. Өйткені әрбір жеке адам өзінің қажеттілігі мен өмір сүру мүмкіндігіне байланысты қоғамдық сананы қабылдап, пайдаланады. Бірақ бұдан қоғамдық сана жеке сананың жиынтығы деген ұғым туындамайды. Жеке адам санасы қоғамдық санамен тығыз байланыста. Ол өзінің іс-әрекетінде қоғамда қалыптасқан идеялардың, идеалдардың, ұстанымдардың ықпалын сезінеді. Сонымен бірге жеке адам қоғамдық санаға сын көзімен қарап, оның ұтымды, ұтымсыз жақтарын анықтап отырады. Сондықтан жеке адам санасы мен қоғамдық сана арасында қайшылықты қарым-қатынас бар. Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Оны қарапайым сана және теориялық сана деп қарастыруға болады. Қарапайым сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты. Теориялық сана ғылыми білімнің құралдарымен жасалған идеялар мен көзқарастардың, ілімдердің жүйесі. Ол жеке адамдардың күшімен жасалады. Адамзат тарихында қоғамдық өмір туралы экономикалық, саяси, құқықтық ілімдерді көруге болады. Теориялық сана өзінің мәні жағынан қоғамдық болмыстың түпкі байланыстарын, заңдылықтарын білдіреді. Қоғамдық болмыс қоғамдық санада әр түрлі формада бейнеленеді. Бұл қоғамдық өмірдің күрделілігімен, жан-жақтылығымен түсіндіріледі. Қоғамдық сананық әр түрлі формалары шындықтың әртүрлі қасиеттерін бейнелейді. Сондықтан олардың мағынасы ғана емес, тану тәсілі де әртүрлі болады. Қоғамдық сананың түрлері бір уақытта пайда болмаған. Олар қоғамдық болмыстың күрделеніп, сонымен қатар, адамның танымдық мүмкіндіктерінің жетіле, кеңейе түсуімен байланысты қалыптасып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет