Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қазақша күрестің техникасы



бет4/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Қазақша күрестің техникасы

Қазақша күрестің техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады. Сөйтіп, көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесекүші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уақыт жағынан ұтады.


Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.
Қазақша күрестегі техникалық тәсілдері. Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді: Қолдардың қозғалысы – ұстау, орап ұстау, қиысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т.с.с. Аяқтардың қозғалысы – қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу, іліп шалу, қағу, үстіне салу, итеру, т.с.с. Дененің қозғалысы – еңкею, тік көтеру, бұрылу, қысу, итеру, құлату, т.с.с.
Палуанның қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу деп бөлуге болады.Күресушінің негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық центрі)

6


Қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе - теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.
Күрес үстінде шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе – теңдіктен шығаруға, екіншісі жығылып қалмау үшін тепе – теңдігін сақтап, соңдай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе – теңдіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе – теңдікті сақтай алмайды. Өйткені осындай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе – теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады. Күрескен кезде кезде палуандар көбінесе тіреу аланың көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасы мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік тұратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе – теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу аланының ортасына жақын болуының маңызы зор.Тепе – теңдікті сақтау өнері мынаған саяды: Тіреу аланың тез өзгертіп, қауіпті бағытта орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсыластың жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық қатайту немесе босату. Осындай қимыл жасау үшін ең қолайлы жағдайды күресті палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай: аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез – келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған. Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында болуы тиіс.
Тәсіл түрлерінің құрылымы. Бір әдістің өзі қозғалыс формасы, қарапайым қозғалыстар саны бойынша, яғни құрылымы жағынан әр түрлі болып орындалуы мүмкін. Ол әдіске жана қосымша элемент қосылғандықтан да, сондай ақ элементтердің орындалу әдісі бойынша да өзгеше болады, сонымен қатар бір әдістің өз уақыты, бағыты, жылдамдығы және жұмсалатын күші жағынан да әр түрлі орындалады;бір элементтер бір мезгілде,

7


басқалары бірінен соң бірі және бұлшық ет күші түрліше дәрежеде жұмсалып орындалуы мүмкін. Осылайша негізгі тәсілдердің түрлері шығады. Бірақ тәсіл түрлерінің осылайша көп болу мүмкіндігі не қарамастан жеке – жеке әдістердің құрылымын қажеттілігіне орындалу формасында ортақ жалпы заңдылықтар болады.
Әдіс жасағанда алуан оның қозғалыстары жиынтығының көп күш кетпейтіндей болып әрі оңай орындалып, жеңіске жетуге мүмкіндік беруіне көңіл аударуы тиіс. Ол қимылдар жиынтығын орындағанда айналу оңай бола ма, бұлшық еттерге күш қалай түседі, өзінің салмағын палуан тиімді пайдалана ала ма, қарсыласты ауырлық центріненоңай тайдыруға бола ма, сөйтіп аз уақыт жұмсап жеңіске жетуге мүмкін бе? Міне, осының бәрі палуанның назарында болуы керек.
Осы тұрғыдан мына әдістің құрылымын қарастырайық. Спорттық әдебиетте күрестегі белгілер тобының бірі –
шалқайып лақтыру құрылымының негізі көбірек жазылып жүр. Ол мынадай қозғалыстардан тұрады: Қарсылықты ұстау;

Артқы жақтағы аяқты алдыңғы аяқтың қатарына қою;

Қарсыласты кілемнен көтеріп алу;

Қарсыласпен қоса шалқайып кілемге құлау және кеудені

кілемге қаратып үлгеру.
Міне, бұл шалқалап лақтыру құрылымының ерекшелігі ұстау әдісінде ғана болмайды. Жоғарыда жазылғандай, тәсіл құрылымының айырмашылығы жаңа элемент қосуда ғана емес, сондай-ақ ол элементтерді орындау әдісінде де болады. Ең жетік палуандар шалқалап лақтырғанда қарсыласының денесін бұратын тиімді әдіс қолданады. Бұл үшін олар салмағын жақсы пайдаланады, қарапайым қозғалыстарды орындалатын уақыты бойынша тиімді ұштастырады, әрі күшін де ұтымды қолданады.
Бұл тәсілдердің құрылымы қазір бұрынғыдан да жетілдіріле түскен. Мысалы, қарсыласты тепе – теңдіктен шығарып, оны кілемнен көтеріп алу кезіндегі қимылдар былай ұштастырылады: палуан иілген күйінде басын шалқайтпастан артқа құлай бастайды; артқа өзі шалқайып және басын шалқайтпастан бұрын міндетті түрде қолдарымен әрекет етеді; шалқайып тізелерінен бүгілген аяқтарын тіктеп және әрі жоғары қарай жұлқу есебінен қарсыласын көтеріп әкетеді. Қимылдарды осындай ретпен жүзеге асырғанда

8


айналуға қолайлы болады, өйткені палуан қарсыласын оның жалпы ауырлық центрінен әлдеқайда төменнен қағады, ал қарсыласын кеудесіне қысқан қолдары айналуға жақсы мүмкіндік береді.
Сонымен, күрес малдарының құрылымы қарапайым құрылымы дегеніміз қарапайым құрылымдардан формасы бойынша құрылған қозғалыс қана емес.сондай-ақ ол қимылдардың биологиялық қимылдардың биологиялық байланыстар бойынша да ұштасуы.
Амалдарды орындаған кезде бұлшық еттердің қатты қимылдайтыны және қимылға онша қосылмайтыны да болады.Тіпті бір амалды әр палуан орындағанда да олардың бұлшық еттері әр түрлі қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет