Ұстау (әдіс) комбинациясы – қарсыласы ұстаудың бір түрінен қорғана жүріп , келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатында етіп ұстау түрлерін ұштастыру.
Алдын алу – палуанның қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері , бірақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.
Қазақша күрес әдістерін атаулары оны классификациясымен және жүйелеуімен тығыз байланысты. Атаулар оқу процесін жақсартуға көмектеседі , өйткені қазақша күрестің техникасы мен тактикасын дұрыс таудың жаттығулардың мәнін түсіну үшін маңызы зор.
Атаулар техниканы жазып алуды , программалауды , оқулықтарды шығаруды оңайлатады , сөйтіп қазақша күрестің теориясы мен методикасының дамуына ықпалын тигізеді.
Атаулар мына төмендегідей принциптер негізінде жасалған: ықшамдық дәлдік және анықтық , тіл түзілуінің және грамматиканың заңдарына сәйкестік.
Атаулар әдетте бір – екі сөзден тұрады. Олар дұрыс түсінік береді. Атаулар былайша түзіледі:
Қазақ тіліндегі кейбір сөздер жаңа мағынаға ие болады: көпір палуанның шалқайып басымен және аяқтарымен жер тіреп , белін көтеріп көпірге ұқсап тұру.
Өндірістік сөздермен жаңа мағынаға ие болатын сөздер түзіледі: орап алу – аяқпен арнайы жасалатын қимыл.
Сондай – ақ , сөз тіркесі де қолданылады: шалқайып лақтыру , .с.с.
Ұсынылып отырған атаулар әбден қалыптасқан , өзгермейтін атаулар емес. Бұдан былай қарай да олар спорттық жарыстың теориясымен практикасының талаптарына сай ішінара өзгеріп отыруға ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |