Мақсаты
|
Барлық балалар үшін зорлық-зомбылықтан және әлімжеттілік қарым-қатынастан қорғанумен қатар өмір сүруге, дамуға, тәрбиелеуге және білім алуға қолайлы жағдайларды
қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Балаларға қатысты ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды және кез келген зорлық-зомбылық ескерілуі қажет. Алайда бүкіл әлемде балалар отбасында, жергілікті қоғамдастықта және білім беру ұйымдарында – басқа оқушылар тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да зорлық-зомбылыққа тап болады. Ең басты қауіп төндіретін мәселе – жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық - айдап салу мен буллинг.
|