*Ғ. Ж. Билибаева, Д. А. Оспанова, Р. Қажығалиқызы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата18.05.2022
өлшемі0.76 Mb.
#457095
1   2   3   4   5   6   7
zh-ktilik-aldy-dayyndy-ty-yymdastyru-zh-ne-zhetildiru-erekshelikteri

Мақсаты 
мен 
міндеттері: 
Әйелдердің денсаулығын, өмір сүру сапа- 
сын кешенді зерттеу және медициналық 
көмекті 
ұйымдастыру 
негізінде 
медициналық көмекті жетілдіруге және
* bilibaeva_galya@mail.ru
 
172
 
Н
ау
ка о ж
и
зн
и
 и
 з
доров
ье
 №2, 2020
 


 
репродуктивті денсаулықты жақсартуға 
бағытталған медициналық-ұйымдастыру 
іс-шаралары жүйесінің тиімділігін ғылыми 
негіздеу және бағалау.
Зерттеу міндеттері:
 
1. Медициналық-әлеуметтік мәселе 
ретінде жүктіліктің негізгі тәсілдерінің 
отандық және шетелдік тәжірибесін зерде- 
леу және әйелдерге медициналық қызмет 
көрсету нысандарын қарастыру.
2. 
Жүктілік алды дайындықтың 
медициналық-әлеуметтік-психологиялық 
факторларын зерттеу және олардың қалалық 
емханада жүкті әйелдерді диспансерлік 
бақылау жүйесіндегі маңызын бағалау.
Материалдары мен әдістері: біз 
Medline, Pubmed, Cochrane кітапханалары 
бойынша және браузерді орыс және 
ағылшын тілдерінде қарапайым іздеу 
арқылы әдебиеттерге шолу жасадық. Сұрау 
бойынша негізгі сөздермен 120 мақала 
зерделенді: жүктілік алды дайындық, 
жүктілікті жүргізу, отбасын жоспарлау. 
Оның ішінде 68 мақала соңғы 10 жылда 
болған.
Нәтижелері: Акушерия дамуының 
барлық алдыңғы кезеңі ішінде ұрық ана 
ағзасынан бөлек туынды ретінде қаралды. 
Классикалық акушерияда ұрық әрқашан 
босану объектісі болып табылады, яғни 
екінші өлшем. Басты міндет әйелдің ту- 
уын шешу болды. Акушерлер ұрықтың 
жай-күйіне қызығушылық танытса да, 
бірақ ешқашан оның құрсақта болуын дер- 
бес шама ретінде қарастырмаған. Ұрық 
нәресте өніміне айналғанда ғана, ол дер- 
бес өлшемге айналды, ал классикалық 
акушерлік және педиатрия тоғысында пай- 
да болған перинатология de jure ғана емес, 
de facto да дербес ғылым ретінде танылды. 
Соңғы онжылдықта Қазақстанда ме- 
гаполис тұрғындарының репродуктивті 
денсаулығын сақтауға және жақсартуға 
бағытталған іс-шаралар кешені әзірленіп,
тәжірибеге енгізілді.
Жүктілік алды дайындық - бұл диа- 
гностикадан, алдын алудан және қажет 
болса, болашақ ата-аналарды ұрықтануға, 
бала көтеруге және босануға дайындайтын 
емдеуден тұратын іс-әрекеттер кешені.
Әйелдер мен ерлердің жүктілк алды 
дайындық кезеңдері. Әйелдерді даярлаумен 
акушер-гинеколог, ерлерен-уролог-андро- 
лог айналысады. Сондай-ақ болашақ ата- 
аналар маман-репродуктологқа жүгіне ала- 
ды. Әдетте ерлі-зайыптылардың жүктілік 
алды дайындығы үш кезеңде өтеді.
I кезең - болашақ ата-аналардың 
денсаулығын бағалауды және генетикадан 
кеңес беруді көздейді. Осыған байланысты 
ер адам мен әйел өзінің денсаулығын рет- 
ке келтіріп, болашақ балада генетикалық 
қатерлерді болдырмау бойынша шаралар 
қабылдай алады. Сонымен қатар, ер адамда 
симптомсыз өтетін кейбір аурулар серіктес 
болуы мүмкін және ұрықтануға кедергі 
келтіруі мүмкін, эмбрион дамуының 
бұзылуын тудыруы мүмкін.
Периконцепциялық немесе жүктілік 
алды даярлықты алдын алу - бұл
болашақ ата-аналардың физиологиялық 
денсаулығын жақсартуға бағытталған ша- 
ралар кешені; қауіп факторларын төмендету 
(тұқым қуалайтын аурулар, гормональды 
бұзылулар, әйелдің эндокриндік жүйесің 
бұзылыстары және т.б.); бала мен жүкті 
әйел үшін ықтимал қауіпті аурулардың даму 
қаупін жою, ұрықтанудың ықтималдығын 
арттыру.
Периконцепциялық немесе жүктілік 
алды даярлықты алдын алу өз пробле- 
малары туралы білетін (1 жылдан артық 
жүктіліктің болмауы, әдеттегі түсік тастау 
және т.б.) немесе тұқым қуалайтын ауру- 
лар туралы білетін жұптарға міндетті. Де- 
генмен, салауатты бала туралы армандай- 
тын барлық жұптар үшін жүктілік алды 
дайындықтың осы кезеңі ұсынылады.
II кезең - ұрықтануға дейін үш ай 
бұрын, дене бітімі жағынан ер адам мен 
әйел сау болғанда, ал созылмалы ауру- 
лар (егер олар болса) ремиссия фазасына 
ауысқанда, ұрықтанудың өзіне дайындық 
процесі басталады. Ол зиянды әдеттерден 
біртіндеп бас тартуды, с а л м а қ т ы
қалыпқа келтіруді (қажет болса), тұрақты 
физикалық жүктемені немесе серуендеуді
репродуктивті жүйені нығайту үшін кейбір 
витаминдер мен минералдарды міндетті 
түрде қабылдауды қамтиды. Бұл кезеңнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет