Ғ. Мүсірепов. “Боранды түнде” «Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңашыл технологияларды қолдану әдістері» қалалық семинары



Дата13.07.2016
өлшемі157.5 Kb.
#196691
түріСабақ
Лисаков қаласы әкімдігі

білім бөлімінің «№3орта мектебі» ММ
Ғ.Мүсірепов.

Боранды түнде”


«Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңашыл технологияларды қолдану әдістері» қалалық семинары
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
7- сынып


Мұғалім: Тулебаева Д.Ж.

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

2010 – 2011 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов. “Боранды түнде”

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға “Боранды түнде” әңгімесінің мазмұнын баяндату, әңгімеге сатылай кешенді талдау жасату арқылы мазмұнын толық меңгерту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың тіл мәдениеттерін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, әдеби – теориялық ұғымдарын дамыту.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, жүйелі лікке, рухани байлыққа, өз бетінше жұмыс жүргізуге баулу, бір – бірінің жұмысын бағалай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Баяндау, сатылай кешенді талдау, бағалау.

Көрнекілігі: Портрет, кесте, бағалау қағаздары, семантикалық карта.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Ғ.Мүсірепов. “Боранды түнде” әңгімесінің мазмұнын

айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту, қорыту, бағалау

а) Семантикалық картамен жұмыс.

ә) Сергіту сәті

б) Сатылай кешенді талдау.




Сабақ кезеңдері

Қолданылатын әдістер

Мұғалім қызметі

Оқушы қызметі

Уақыт

І Ұйымдастыру



а) Сәлемдесу.

ә) Сыныпты түгендеу.

б) Оқушы даярлығын тексеру.

в) Мақсатын айту

г)Топ басшылары өз мүшелерін бағалап отырады.


Амандасу.

1, 2, 3 - топтарға бөлініп отырады.


Әр топ басшысы өзін таныстырады.






ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Баяндау, сұрақ - жауап

Оқушыларды тыңдай отыра, қосымша сұрақтар қояды.


Мазмұнын айту, сұрақтарға жауаптар беру, бір – бірін толықтыру.





ІІІ

Үй жұмысын бекіту

INT

Семантикалық картамен жұмыс.



Шартын түсіндіріп, уақыт белгілейді:

Сіздердің шығарманы қаншалықты мұқият оқығандарыңды тексеру үшін кейіпкерлердің іс – әрекеттеріне шолу жасап көрейік.

Тақтаны тексереді.




-Картаны топпен толтырады.

-Тақтаға кезекпен шығып, дұрыс жауабын белгілейді.







Сергіту сәті





«Қара жорға » биі




INT

Сатылай кешенді талдау.



















Шартын түсіндіреді:

Шығармаға сатылай кешенді талдау жасай отыра, жан – жақты қарастырып шығамыз.








Тақта бойынша сұрау.

Тақта немесе кеспе қағаз бойынша жауаптар беру.
1. Тақырыбы

2. Жанрлық түрі

3. Авторы

4. Оқиға орны







Шығармадағы басты кейіпкерлерді атап өтейік?
Шартын түсіндіреді:

Әр топ бірігіп жеке тапсырмаларды орындайды, яғни кейіпкерлердің барлығын жан – жақты зерттеп шығады.

Топтарға сөз беру.



Басты кейіпкерлерге тоқталып өтейік.

Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

Ер балалар – Қайсарға, қыз балалар – Кәменге сипаттама беріңдер?


5. Кейіпкерлерді атайды, өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды
І топ:

а) іс-әрекеті, кәсібі;

ІІ топ:

ә) мінездеме;



ІІІ топ:

б) портреті.


Топ мүшелері өз жұмысын қорғайды.
Сұрақтарға жауап береді:
Қайсар қандай жігіт?

Оның қандай мінез – қылықтары ұнады?

Қайсар неліктен қалыңдығын алып қашпақ болды?

Кәмен қандай қыз?

Ол неліктен баламен ілесіп кетуге келісім берді?










Әңгімеде кездесетін салт – дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарға тоқталайық.

  • Баланы сүндетке отырғызу;

  • Балаға сүндет ат беру;

  • Қыз айттыру;

  • Қалың мал беру;

  • Қыз алып қашу;

  • Ұзатылар қыздың қоштасуы;

  • Бата беру;

  • Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;

  • Аңшылық.



Мәтіннен іздестіріп , жауап жазады.
Әр топ оқып, түсіндіреді және толықтырады.






Шартын түсіндіреді:

Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасаймыз:берілген оқиғаларды бағдар сызу арқылы сәйкестендіреміз.



Кеспе қағазға , сосын тақтаға кезекпен шығып орындайды.


1.Қайсардың ашулануы.

2.Қыз алып қашуға аттану.

3.Баланың адасуы. Бейтаныс үй.

4. Кәменді балаға ілестіру.

5.Бала мен Кәменнің үйге келуі






Шартын түсіндіреді:

Әдеби – теориялық ұғымдармен жұмыс істейміз:әңгіменің қай тұстары күлкілі?

Диалогты табыңдар.

- Маған осы боқ мұрының болады!



-Бір қажетке жарап кеткелі тұрғаныма мардамсып, мен шалбардың ышқырын бір көтеріп, мұрнымды бір тартып қойдым.

-Есік ән салып ашылды.

- Жаздыгүні көл жағасында кездесе қалса, төрт таспалап өрген қоғажаймен ышқындырып-ышқындырып алатын қыздың өзі екен де.

- Қорқылдақ шабдарыма міне бергенде жынды қыз мені тағы бір түйіп қалды.

- Боқ мұрынбысың, әй?

Иә, мен... қақпанды аш.

Аман жеттің бе, әй, боз собалақ! Жүгір, үйіңе бар! Әке-шешең жоқтау айтып жылап жатыр...


а) Әңгіменің юморлық тұсын баяндау.

ә) Диалогты тауып оқу.

126-бет,128-бет, 130- бет









Сөзжұмбақ шешу



Шартын түсіндіреді:

-Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты. Дисфемизм деген не?

Мәтіннен осы сөздерді табайық:

боқмұрын

оттамасын

иттің ғана баласы

қатын

өсекші

Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады?Оларға антонимдес,сыпайы сөздерді қалай атаймыз?
-Табу сөзді таппас бұрын, ең алдымен сөзжұмбақ шешейік.

1.Мүсірепов



2.Кәмен

3.Өсекші

4.Шошала

5.Күреңтөбел

6.Көкдауыл
Табу сөз дегеніміз не?Ол қай жағдайда айтылады екен? Бұл нені білдіреді?Неліктен Кәмен баланы атымен атамай, «Інішек»деп атады?

а) Дисфемизм сөздердің анықтамасын айтады, мәтіннен табады; сыпайы сөздермен алмастырады.

/ТАҚТАМЕН САЛЫСТЫРУ


ә) Сөзжұмбақ шешеді.

Табу сөздің анықтамасын айтады.



Сұрақтарға жауап береді.







Әңгіменің түйіні, тәрбиелік мәні қандай?


Оқушы жауаптары.




ІҮ

Үйге тапсырма

Әңгіме жазу

Үйге тапсырма:

Өзіңнің басыңнан өткен

қызықты бір оқиға жайында шағын әңгіме жазып кел.


Күнделікке белгілейді.




Ү

Бағалау

Бір – біріне баға қою

Топ басшылары өз топтарыңның мүшелеріне баға қойыңдар.


Бағаларын айтады.







Кері байланыс

Әңгіме ұнады ма , ұнаған жоқ па? Неліктен?

Оқушы ойы.





Семантикалық карта


Іс -әрекеттер

Қайсар

Бекберген

Кәмен

Бала

Асылқанның әкесі

Күреңтөбелді берсін, қалған қалың малын кештім.
















Көкдауылмен қасқыр алады.
















Інішегім, атың шабандау білем.

















Балам, сен енді шешін. Отырып кеңесейік...
















Сатпа, інішегім, өзің мін.
















Жоқ, қақпаңды аш. Қасымда кісі бар...
















Оттамасын деп қайырдым.
















Балаңды қостың, басың пәлеге қалады.

















Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар?

















Мынадай қасқыр терілері Қайсардың шошаласында үйіліп жатады.
















Жазғытұрым бір көк құнан алып бер.
















Атыңды сатамысың ?
















Жүгір үйіңе бар, әке-шешең жоқтау айтып жылап жатыр.
















Кәменнің бірінші ат қойған баласы мен болдым.
















Бекберген менің немерелес інім болады.

















Сатылай кешенді талдау
1. Тақырыбы

2. Жанрлық түрі

3. Авторы

4. Оқиға орны

5. Кейіпкерлері:

а) іс-әрекеті, кәсібі;

ә) мінездеме;

б) портреті.


6. Әңгімеде кездесетін салт – дәстүрлер мен

әдет- ғұрыптар


7. Композициялық құрылымы:

І. Оқиғаның басталуы

ІІ. Оқиғаның дамуы

ІІІ. Оқиғаның шиеленісуі

ІV. Оқиғаның шарықтау шегі

V. Оқиғаның аяқталуы


8. Әдеби – теориялық ұғымдармен жұмыс

а) Әңгіменің юморлық тұсын баяндау.

ә) Диалогты тауып оқу.
9. Пәнаралық байланыс:

а) Дисфемизм сөздер;



ә) Табу сөз.
10. Әңгіменің түйіні, тәрбиелік мәні.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет