Оқыту және оқыту әдістері
Бастапқы білім деңгейін бақылау, шағын топтарда жұмыс істеу, ауызша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, пікірталас, зерттеу нәтижелерін талқылау
Орындалатын жұмыстар тізімі
Жұмыс 1. Адамда тыныштықта және физикалық жүктемеден кейін пульсті пальпациялау және АҚ өлшеу (30 сек ішінде 20 отирып туру)
Жұмыс барысы:
1. Оң қолдың білезік артериясын үш саусақпен басып, пульсті табыңыз. Оны 1 минутта есептеңіз. Сол қолыңыздағы пульспен салыстырыңыз. Оған сипаттама беріңіз. Әдетте жүрек соғу жиілігі 60-80 соққы/минутына құрайды.
2. Рива-Роччи-Коротков әдісімен қан қысымын өлшеңіз.
Жалаңаштанған иыққа манжетаны орналастырып, шынтақта пульсациялайтын сәулелік артериясын тауып, үстіне фонендоскоп орнатыңыз. Тонометрдің манжетіне ауаны пульс жойылғанша жібереді, содан кейін клапанды ашып, ауаны шығарады. Әлсіз тондардың пайда болуы систолалық АҚ, ал олардың жоғалуы – диастолалық АҚ сай келеді. Олардың арасындағы айырмашылық пульстік қан қысымына сәйкес келеді.
3. 30 секундта 20 рет отырып-тұрып, 1 мин ішінде пульсті қайта санап, АҚ өлшеңіз.
4. Старр формуласы бойынша систолалық (СҚ) және минуттық қан көлемін (МҚК) анықтау:
СҚ = (100 + 0,5 х ПҚ) – 0,6 х ДАҚ – 0,6 х жас;
МҚК = СҚ х ЖЖЖ
Алынған нәтижелерді кестеге енгізу және қорытынды жасауға.
Көрсеткіштер
|
Тыныштықта
|
Физикалық жүктемеден соң
|
Систолалық қысым (максималды)
Диастолалық қысым (минималды)
Пульстік қысым
Пульс жиілігі
Систолалық көлем
Минуттық көлем
|
|
|
Қорытындыда: Ересек адамда АҚ мен пульс жиілігінің қалыпты шамаларын атап өтіп, физикалық жүктемеден кейін АҚ мен пульс жиілігінің өзгеру механизмін түсіндіріңіз.
|