Ф-об-007/017 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

бет7/11
Дата25.02.2016
өлшемі0.97 Mb.
#20238
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

  1. «Кіші Қазан» идеясы және оның зарбаптары қандай ?

  2. Біртұтас Қазақстан атырабының қалыптасуының мәні қандай?

  3. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қандай сипатта болды?

17-лекция

Тақырыбы: ЖЭС-әлеуметтік-экономикалық нәтежелері.

Жоспары:

1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа кошу және оның барысы

2. Өнеркәсіпті, көлікті және ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтірудің барталуы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Жаңа экономикалық саясатқа көшуі және Азық –түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру, 1921-1922 жылдардағы аштыққа қарсы күрес, сонымен бірге Орта Азия ұлтының территориялық межелеу, Қазақ жерлерінің біріктірілуі жайлы лекцияны толығырақ шолу және студент өз білімін жетілдіру болып табылады.

Лекция мәтіні:

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, эканомикалық және әлеуметтік- саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстарғанда ауыр болды. Бейбіт құрыфлысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтардың мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 ж аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары 50,3, орыстары- 31,1 , украиндары- 14,4 , пайыз халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып қайта жырту жүйесі, мал шаруашылығында көшпелі және жартылай көшпелі шарушылық басым болатын. Егістік көлемі азамат соғысы жылдарында едәір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды.

Қазақстанның өнеркәсібі құлдырап кетті. Азамат соғысы жылдарында ірі кәсіпорындар түгелдей дерлік қирап бүлінді, істен шықты. Қазақстан халық шарушылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны 6,5 пайыз құрады. Өнеркәсіп халық қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі төмен, шикізат пен отын жетіспеді. Бұл кезде Қазақстанда да Ресейдегі сияқты эканомикалық бірнеше меншік түрі: патриархалдық, ұсақ шаруалық, капиталистік жеке меншік, мемлекеттік- капиталистік және социолистік меншіктер орын алды. Бірақ олардың эканомикадағы көлемі әр түрлі еді. Қазақстан эканомикасында социалистік үлестің меншік салмағы тіпті төмендеді.

Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын тудырды. әсіресе ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік көп және қатал әдістермен жиналды.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни “әскери коммунизм” саясатынан бас тартуға, жаңа эканомикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр болды.

Қазақстанда жаңа эканомикалық саясатты (НЭП- ті) іске асыру 1921 ж Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық – түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 ж Жетісуі және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 ж салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 млн. пұттан асқан жоқ. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа эканомикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтарда кездесті. Атап айтқанда, 1921 ж жазда Еділ өзенінің бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Осы қиын қыстау кезіңде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу және оның барысының тарихи сипаты қандай?

  2. Қазақстан халық шарушылығы жалпы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар болғаны қанша пайызын құрады?

  3. Жаңа эканомикалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтарда кездесті. Ол қандай еді?

18-лекция

Тақырыбы: ЖЭС-әлеуметтік-экономикалық нәтежелері.

Жоспары:

1. Республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер.

2. Саудадағы кооперативтік қозғалыс.

3. ЖЭС идеясынан ауытқушылықтың басталуы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Лекция мақсаты: ЖЭС –тің әлецуметтік – экономикалық нәтижелері сонымен бірге Республиканың қоғамдық- саяси өміріндегі өзгерістер және де Саудадағы кооперативтік қозғалыс, ЖЭС идеясынан ауытқушылықтың басталуы жайлы көптеген деректі материалдарды жинай отырып студенттерге тереңдетіп білімін меңгеруіне үлкен үлес қосу үшін осындай мақсатты алдымызға қойдық.

Лекция мәтіні:

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатты жүргізуде Кеңестердің рөлі күшейді. Оларға шаруалар қауымының сенімі арта бастады. Бұл тұста кеңестерді нығайтуға байланысты біраз жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер сьезі болып өтті. Алайда, Қазақстандағы кеңес құрылысында бірқатар қиыншылықтар мен кемшіліктер ездесті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестер құрамына жаңа құрылысқа қарсы, іштен бүлдіру әрекетіне бейім адамдардың кіріп алу фактілері орын алды.Дегенмен Кеңестерді құрып,нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізіледі.Оған белсене қатысқан Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С.Мендешев,орынбасары Ә.Жангелдин,Ішкі істер халық комиссары Ә.Әйтиев және басқалары Кеңестердін жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін,депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістердің мәні

  2. Кеңестерді құрып,нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді ме?

  3. Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі қай жылы болды?

19-лекция

Тақырыбы: Қазақ КСР-інің құрылуы.

Жоспары:

  1. Қазақ АКСР-нің Одақтас Республика болып құрылуы.

  2. Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі . Жаппай қуғын-сүргінің басталуы .

  3. Қазақстан лагерлер жүйесі . Ел мен халық трагедиясының тағлымы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы.

  2. К. Аманжолов . Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы.ІІ

  3. Қазақстан тарихы очерктері.

  4. Қазақстан тарихы. ІІ – ІІІ том

  5. Көне заманнан бүгінге дейін бес томдық .

Лекция мақсаты: Қазақ КСР-нің құрылуы негізінен Қазақстанға зор ықпалын тигізген еді . Себебі: 1936 жылы желтоқсанда қабылданған кеңестер Одағының жаңа Конституциясы КСРО- ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырған болатын. Сондықтан да біз одан әрі бұл тақырыпты лекция мәтінінен толығырақ қамтып өттік.

Лекция мәтіні:

1936 жылы желтоқсанда қабылданған кеңестері Одағының жаңа Конституциясы КСРО – ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Завкавказы Федерациясын таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді Одаққа тікелей қарайтын болды. Қазақ, Қырғыз Автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды.

Қазақстанның саяси – әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, оның Одақтас Республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социолистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынды. Баспасөз бетінде, ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жобасын 1937 жылы наурыздың 21 – 26 аралығында болған Қазақстан Кеңестерінің төтенше оныншы съезі қарап бекітті.

Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социолистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастырылатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін шаруашылықтың социолистік системасы және мемлекеттік, сондай – ақ мемлекеттік – коорперативтік меншіктен тұратын социолистік меншік құрайтынын жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылға тікелей сайланатын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті – Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді.

Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқықтарын, бас бостандығы мен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Онда Қазақстанның Одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР азаматтарының КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді. Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ерекшелердің бұрмалануы, демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдары белеу алғаны қазіргі күндерде белеу алып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты, қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихиндағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шыншылдық тұрғысынан көрсетілуде.

30 жылдардың екінші жартысында, дүние жүзілік соғыстың қара бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл - әкімшіл басқару жүйесі өзінің бостандығы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса ауыр да , зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шыншылдық жасап жүр деп орынсыз айтып табу, басқа жүгенсіздіктер мен жолсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, Кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937жылы басталды. Бұл жылы “Халық жауы” деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ү.Қылымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақанов, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т. Жүргенов, ақын-жазушылар С. Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Тоқжанов, А.Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен мәдениеттің өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ң қанды шеңгеліне ілініп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдарғы зобалау қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.

Сол тұста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып жатты. Оған анелдатқа айналып кеткен. Мына бір кішкене суреттемені келтіруге болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ КСР қай жылы құрылды?

  2. Ел мен халық трагедиясының тағлымының тарихи сипаты?

  3. Конституцияның азаматтарға деген құқығында қандай заңдар қабылданған?

20-лекция

Лекция:21

Тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 ж мәдени құрылыс.

Жоспары:

  1. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.

  2. Халыққа білім беру

Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. Қазақстан тарихы II-III том.

  2. Ч.Мусин Қазақ тарихы.

  3. Қазақстан тарихы очерктері.

  4. К.Аманжолов Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы I-II том.

Лекция мақсаты: 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою және Халыққа білім беру саласы, Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуы сонымен қатар кәсіптіе білім беру саласы жайлы тақырыптың алға қоя отырып лекция мәтініте толығымен шолып өтеміз. Ал сауатсыздықты жою мен қайта оқу ағарту жұмыстарына белсене түрде дамыды. Сондықтан да біз осы мақсатты алға қойып отырмыз.

Лекция мәтіні:

20 жж жартысы мен 30 жылдардағы мәдени құрылыс Қазақстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатта 1924 жылдың көкегінде Республикада сауатсыздықты жою қоғамы құрылды.Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақыттың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан 1931 жылдың желтоқсанында республикадак 15 пен 50 жас аралығындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта түсті.

1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының сауаты 65 көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатандырылған аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Ленингрск қалалры жазылды. Республиканың құрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды.

Сауатсыздықты жою мен қатра оқу ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК КаССР-де бірдеи еңбек мектебініңустабы қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру өндірілді. 1940 жылы Қазақстан 44 мыңнан астам оқушылар болды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарда 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғандарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш оқуды ендіру.

Халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халқтарының қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлыттық интелегенцияның қалыптасуына қажетті. 1940 ж Қазақстанда 3100-дей магазин, 600 дей асхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасыты.

Сонымен сауатсыздықты жою жолын білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті, жаңа советтік интелегенцияны қалыптастыру процесі жүргізілді. Советтік қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиетпен өнер дамыды.1932 жылдың аяғында Қазақстан тұрғындарының 42 пайызы сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1958 жылғы 3058 мыңға дейін көбейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюдағы алға қойған негізгі міндеттері?

  2. Сауатсыздықты жою мен қатра оқу ағарту жұмыстары қандай болды?

  3. 1932 жылы Қазақстан тұрғындарының қанша пайызы сауатсыздықты жойды?

  4. Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары қай жылы және қай жерде ашылды?

Лекция:22

Тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 ж мәдени құрылыс.

Жоспары:

  1. Қазақыстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуы

  2. Кәсіптік білім беру

Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. Қазақстан тарихы II-III том.

  2. Ч.Мусин Қазақ тарихы.

  3. Қазақстан тарихы очерктері.

  4. К.Аманжолов Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы I-II том.

Лекция мақсаты: 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою және Халыққа білім беру саласы, Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуы сонымен қатар кәсіптіе білім беру саласы жайлы тақырыптың алға қоя отырып лекция мәтініте толығымен шолып өтеміз. Ал сауатсыздықты жою мен қайта оқу ағарту жұмыстарына белсене түрде дамыды. Сондықтан да біз осы мақсатты алға қойып отырмыз.

Лекция мәтіні:

20 жж жартысы мен 30 жылдардағы мәдени құрылыс Қазақстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатта 1924 жылдың көкегінде Республикада сауатсыздықты жою қоғамы құрылды.Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақыттың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан 1931 жылдың желтоқсанында республикадак 15 пен 50 жас аралығындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта түсті.

1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының сауаты 65 көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатандырылған аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Ленингрск қалалры жазылды. Республиканың құрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды.

Сауатсыздықты жою мен қатра оқу ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК КаССР-де бірдеи еңбек мектебініңустабы қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру өндірілді. 1940 жылы Қазақстан 44 мыңнан астам оқушылар болды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарда 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғандарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш оқуды ендіру.

Халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халқтарының қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлыттық интелегенцияның қалыптасуына қажетті. 1940 ж Қазақстанда 3100-дей магазин, 600 дей асхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасыты.

Сонымен сауатсыздықты жою жолын білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті, жаңа советтік интелегенцияны қалыптастыру процесі жүргізілді. Советтік қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиетпен өнер дамыды.1932 жылдың аяғында Қазақстан тұрғындарының 42 пайызы сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1958 жылғы 3058 мыңға дейін көбейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет