Ф-об-007/017 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/11
Дата23.02.2016
өлшемі5.61 Mb.
#6430
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Қазақстанның ортағасырлық қалаларының өзекті мәселелерімен таныстыру; ортағасырлық қалалардың пайда болу, қалыптасу және даму жолдарын көрсету; әртүрлі тарихи кезеңдерде қалыптасып, өмір сүрген елді мекендер мен қалалардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету; жекелеген тарихи-географиялық аудандарға қалыптасқан елді мекендерге шолу жасау; елді мекендер мен қалалардың қалааралық және аймақтық қорғаныс жүйесін көрсету; елді мекендер мен қалалар туралы жазба деректерге шолу жасау; елді мекендер мен қалаларда жүргізілген қазба жүмыстары, оларды сақтау, қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарының қазіргі барысы.



4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Қазақстан тарихы

Ежелгі және орта ғасырдағы тарихы


Отан және шетел тарихы кафедрасы



№ хаттама







Археология




  1. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ







Кредит саны


Курс


Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж




4

3

180

30

30







60

60

Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан

тыс сабаќтар

Лек

ция


прак

сем

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе

1

1







2

2

І тарау Қазақстанның ортағасырлық қалаларының зерттелу тарихы

2

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің зерттелу тарихы

1

1







2

2

3

Қазақстанның ортағасырлық қалаларының баламалануы.

1

1







2

2

4

Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің баламалануы.

1

1







2

2

5

Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің баламалануы.




1







2

2

ІІ тарау Қазақстанның Оңтүстігіндегі қалалық мәдениет

6

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің тарихи-географиялық аудандары

1

1







2

2

7

Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

8

Қаратаудың ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

ІІІ тарау Талас және Шу аңғарларындағы қалалар

9

Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

10

Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

11

Іле өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

12

Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері

1

1







2

2

13

Батыс Қазақстан мен Үстірттің ортағасырлық қалалары: Сарайшық, Қызылқала

1

1







2

2

ІҮ тарау Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы

14

Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендер

1

1







2

2

15

Республикалық стратегиялық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеліп жатқан ортағасырлық қалалар мен елді мекендер

1

1







2

2

Ү тарау Ұлы Жібек жолы.

16

Ұлы Жібек жолы өркениеті пәннің мақсаты мен міндеттері

1

1







2

2

17

Ежелгі Жолдар

1

1







2

2

18

Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары

1

1







2

2

19

Ұлы Жібек жолы және оның тармақтары

1

1







2

2

20

Ұлы Жібек жолының Қазақстан арқылы бөлігі

1

1







2

2

21

Іле өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

1

1







2

2

22

Шу өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

1

1







2

2

23

Талас өңірінің ортағасырлық керуен жолдары

1

1







2

2

24

Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары

1

1







2

2

25

Сырдария өзенін жағалап жүрген керуен жолдары













2

2

26

Ортағасырлық керуен

1

1







2

2

27

Ұлы Жібек жолы мен Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары-халықаралық қатынас жолдары

1

1







2

2

28

Ортағасырлық керуен жолдарының бойындағы Саран және сығанақ қалалары

1

1







2

2

ҮІ тарау Сыр бойындағы ортағасыр қалалары

29

Мырзашөл өңіріндегі Үтір төбе қаласының зерттелу тарихы

1

1







2

2

30

Шыңғыс төбе ортағасыр қалалары

1

1







2

2




Барлығы :

30

30







60

60


  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


Лекция - 1.

Кіріспе

Жоспар.

1. Қазақстанның ортағасыр археологиясы пәнінің мақсаты

2. Қазақстанның ортағасыр археологиясы пәнінің міндеттері
1. Қазақстанда алғашқы елді мекендер мен қалалар қола ғасыры кезінде-ақ пайда бола бастаған, олар Орталық, Шығыс Қазақстанда кезеседі, ал ерте темір ғасырында отырықшылыққа негізделген қалалар Сырдария өзенінің төменгі ағысында, Арал маңында, әсіресе, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығындағы ескі өзектердің, шардың ондаған салаларының жағасында пайда болған, кезінде грек, Рим қалалары мен қатар өмір сүрді.

Ортағасыр кезінде Қазақстанды алып жатқан Түрік кейінен Батыс түрік қағанаты мен басқа қағанаттар кезінде қазақ жерінде жүздеген елді мекендер мен ондаған ірі қалалар дүниеге келіп, өркендеп, дамыды. Олар әсіресе, ортағасырлық керуен жолдарының бойында, оларға жақын жерде, Ұлы Жібек жолының бойында қарқынды дамып жатты.

Ортағасырлар кезінде елді мекендер мен қалалар ежелгі елді мекендердің орнында, оған іргелес жерлерде, табиғат жағдайы отырықшылыққа ыңғайлы, қорғанысқа тиімді өзен-көлдердің, өзендердің жағасында қалыптасып, гүлденіп жатты, олардың қалыптасу жолдары, жобасы жер жағдайына, елді мекен мен қалалардың атқарған қызметіне байланысты болды.

Ортағасырлар кезінде (IV-V бастап) Сырдария өзенінің жағалауында, Қаратаудың күнгей беткейіндегі отау алды жағындағы классикалық үлгідегі үш бөлікті қалалар (цитадель, шахристан, рабад),Талас пен Шу өзендерінің тау алды жақтарында ұзын қорғанды қалалар, ал Іле өңірі, Орталық, Батыс Қазақстан мен Үстіртте төрткүл үлгісіндегі елді мекендер мен қалалар кең таралды. Сонымен қатар елді мекендер мен қалалардың орналасқан жер жағдайының бедеріне қарай көп бұрышты, алаңды төбе, әртүрлі үлгідегі төбелер түрлері де қатар қалыптасып жатты.



2. «Қазақстанның ортағасыр археологиясы» пәнін оқытудың басты мақсаты студенттерді қазақ жерінде қалыптасып, өркендеген ортағасырлық елді мекендер мен қалалардың қалыптасу заңдылықтары мен таныстыру, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.

Пәнді оқу барысында Қазақстанның әртүрлі тарихи-географиялық аудадарында пайда болып, дамыған, өркендеп өскен қалаларға тән ерекшеліктерін анықтауға зер салынады. Ортағасырлық елді мекендер мен қалалардың қалалық, аймақтық, қала аралық қорғаныс жерлерінің қалыптасу, даму тарихы, олардың жекелеген қорғаныс элементтерінің қалыптасуы, қалалардың ішкі құрылымындағы өзгерістерге шолу жасалады.

Пәнді оқыту барысында Қазақстанның ортағасырлық елді мекендер мен қалаларының өсіп-өркендеуіне Ұлы Жібек жолы мен Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдарының алатын орны көрсетіледі.
Лекция 2.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің зерттелу тарихы

Жоспар


  1. XVI ғасырдан - 1917 жылға дейінгі зерттеулер.

  2. Кеңес кезеңіндегі зерттеулер:

1. Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін зерттеуші ғалымдар оны екі үлкен кезеңге және оларды іштей бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады, бұл пікірді К. М. Байпаков, Т. В. Савельева және т. Б. ғалымдар қолдайды. Қазіргі ортағасырлық Қазақстан археологиясына арналған еңбектердің барлығында кездесетін кезеңге дейінгі және кеңестік кезең деп қарастырылып жүр.

XVI ғ.- 1917 жылға дейінгі кеңестік кезеңдерді іштей екіге бөліп қарастырылады, олар:



  1. XVI ғ.- ХХ ғ. 90-жылдары;

  2. ХХ ғ. 90-жылдары – 1917 ж.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің XVI ғ.- ХХ ғ. 90-жылдары аралығы негізінде деректердің көптеп жинала бастаған уақыты болды, осы кезде Ресей империясы мен Қазақстанның арасында сауда, саяси байланыстар қалыптаса бастаған еді. Сондықтанда Қазақстанға және онымен көрші хандықтарға келген, өткен елшілер, саудагерлер өздерінің естеліктерінде, жазбаларында Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің орналасқан жері, олардың құрлымы, бекініс жүйесі туралы жазды.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендері туралы алғашқы зерттеулер «Карта описания Каспийского мория и Узбекской страны с подле лежащыми провинциями с точно означены путешествия Царя и другие примичания достойные вещи » атты жұмыста И. П. Рычковта, Е. К. Мейендорф, Ш. Ш. Уалихановта құнды деректер кездеседі. Ш. Ш. Уалиханов өзінің зереттеулерінде Лепсі мен Сырдария өзендерінің арасындағы ескерткіштерге, суландыру жүйелеріне көңіл аударып, олардың опат болуына бір жойқын соғыстың әсері болғанын атап көрсеткен.

Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен елді мекендер туралы құнды зерттеулерді В. М. Флоринеий, П. И. Пашино Жанкент, Сауран, Түркістан қалаларында болып, олардың сол кездегі суретін түсіріп, тарихи-топографиялық құрлымына көңіл аударады.

ХХ ғ. 90-жылдары – 1917 жылдар аралығындағы келесі кезеңдегі жұмыстар В. В. Бартольдтің Орта Азия мен Қазақстанға келумен, Археологияны ұнатушылардың Түркістандық үйірмесінің жұмысымен тікелей байланысты өрбіген. В. В. Бартольд Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу, Іле өңірлерінде болып, осы тарихи-географиялық аудандарға ортағасырлық қалалар мен елді мекендерге көңіл аударып, олардың баламалану мәселесін анықтау жұмыстарын жүргізді. Өлкетанушылық кезеңнің басты өкілдері Н. Н. Пантусов, В. А. Каллаур, И. Т. Пославский т. б. болды.

Жалпы, XVI ғ.- 1917 жыл аралығында жүргізілген зерттеулерге тән басты ерекшелік, сол бұл кезеңде ортағасырлық қалалар мен елді мекендер туралы деректер жинау, олардың құрлымына көңіл аудару, шағын көлемде қазба жүргізу, заттарды жинау бағытында жүрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет