1.8 Пәннің саясаты: Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ-да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2.1 Кіріспе
Ортопедиялық стоматология негізі - студенттің машықтарының кәсіби білімі мен іскерлігінің алғашқы іргетасы қаланатын тарауы, дәрігер-стоматологтың жұмыста жетістікке жетуінің негізі болатын мамандық бойынша оқытудың оң мотивациясы жасалады.
Бұл пән болашақ мамандарды ортапедиялық стоматология клиникасын ұйымдастыру және жабдықтамен таныстыру мәселелеріне, науқасты тексерудің (диагностика) жалпы және арнайы әдістеріне, табылған ауру белгілерін бағалауға (симптомалогия немесе семиотика), тістің және тіс қатарларының қатты тіндерінің этиологиясын, клиникасын, диагностикасын, ақауларын бағалауға, емнің ортопедиялық әдістеріне бағыттайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |