2.1. HTTP хаттамасы туралы жалпы ақпарат
HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді беру хаттамасы) World Wide Web негізі ретінде жасалынды. HTTP хаттамасы бойынша жұмыс клиент-сервер принципі бойынша өтеді: клиент бағдарламасы ТСР – сервермен қосуды орнатады (порттың стандартты номері 80) және оған НТРР – тапсырысын береді. Сервер бұл сұратуды өңдейді және клиентке HTTP жауабын береді.
2.2. HTTP тапсырысының құрылымы
HTTP тапсырыс бос жолмен бөлінген сұрату тақырыбына және сұратудың денесінен тұрады. Сұрату денесінің болмауы мүмкін. Сұратудың тақырыбы сұратудың негізгі (бірінші) жолынан және басты жолда сұратуды нақтылайтын келесі жолдардан тұрады. Келесі жолдардан Host параметрінің хабарламасы бар жол ғана міндетті болып табылады. Бірінші жолда сұратудың тақырыбы сұрату әдісінің бос орны, сұратылатын құжаттың URI (әдетте «/» белгісімен басталатын қатыстық адресі көрсетіледі) және хаттаманың нұсқасы арқылы көрсетіледі. Сұратудың қалған жолдарында параметрлер келесі форматта беріледі:
Параметрдің аты: параметрдің мағынасы
Ең қарапайым HTTP сұратудың үлгісі:
GET / HTTP/1.1 – сұрату тақырыбының бірінші жолы
Host: ya.ru - сұрату тақырыбының екінші жолы
- бос жол
Сұратудың әдістері:
GET – мәліметтерді сұрату (HTTP-тақырыптарымен бірге)
HEAD - HTTP-тақырыптарын мәліметтерсіз сұрату.
POST – мәліметтерді серверге жөнелту
POST сұратуы үшін міндетті параметрлері болып тапсырыстың денесінің типі (Content-Type) және байттардағы сұрату денелерінің ұзындығы (Content-Length) табылады.
HTTP сұратудың жиі қолданылатын параметрлері:
Connection (соединение) –Keep-Alive және close мағыналарын қабылдай алады.
Keep-Alive ("оставить в живых") берілген құжатты бергеннен кейін сервермен қосылуы үзілмейтінін және басқа да сұратуларды жіберуге мүмкін дегенді білдіреді. Браузерлердің көпшілігі Keep-Alive режимі жұмыс істейді, өйткені ол сервермен бір рет қосылуда HTML – бетін және оның суреттерін алуға мүмкіндік береді. Бір рет орнатылғаннан кейін Keep-Alive режимі бірінші қатеге дейін немесе кезектегі Connection: close сұратуындағы нақты нұсқауға дейін сақталады.
close ("закрыть") – берілген сұратуға жауаптан кейін қосылу жабылады.
User-Agent – мағынасы браузердің "кодовое обозначение" болып келеді, мысалы:
Mozilla/4.0 (compatible; MSIE 5.0; Windows 95; DigExt)
Бұл параметрде клиенттің операциялық жүйесі жиі көрсетіледі.
Accept – берілген браузердің таңдауын тәртіпте ұстайтын браузермен сүйемелденетін типтердің тізімі. Мысалы, IE5 үшін бұл параметр келесі мағыналарды құрайды:
Accept: image/gif, image/x-xbitmap, image/jpeg, image/pjpeg, application/vnd.ms-excel, application/msword, application/vnd.ms-powerpoint, */*
Referer – осы ресурске ауысқан URL.
Host – сұралатын ресурс орналасқан хостттың атауы. Егер серверде бірнеше виртуальды серверлердің бір ІР адресінде бар болуы пайдалы. Осы жағдайда виртуальды сервердің аты осы өріс бойынша анықталады.
Accept-Language – сүйенетін тіл. Бір құжатты бірнеше тілдік нұсқаларда бере алады, сервер үшін маңызды.
НТТР жауабының форматы НТТР сұратуының форматына өте ұқсайды: оның бос жолмен бөлінетін тақырыбы және денесі болады. Тақырып та негізгі жолдардан және параметрлер жолдарынан тұрады. Сұратудың негізгі жолдары бос орындармен бөлінген үш өрістен тұрады: хаттаманың нұсқасы, қатенің коды (сұратуды орындалуының «успешности» кодтық белгісі) және қатенің сөздік суреттелуі. 2хх коды сұратудың сәтті аяқталуын, 3хх – қайта бағыттаудың қандайда болмасын формасына сәйкестігін, 4хх – клиенттің кінәсінен болған қатені білдіреді, 5хх – серверде немесе сценарийдегі қатені білдіреді.
НТТР жауабының жиі қолданылатын параметрлері:
Date – сұратудың өңделу күні.
Server –веб-сервердің атауы.
ETag – статистикалық құжаттар үшін ресурсды белгілеу. Ол әдетте бақылау суммасына немесе файлдың қолтаңбасына ұқсайды.
X-Powered-By – динамикалық құжаттар үшін құжаттарды қалыптастырған қосымша. Үлгі: X-Powered-By: PHP/5.0.3
Connection – сұратудың параметрге сәйкестігіне ұқсас.
Content-Type ("тип содержимого") – жауапты құрайтын типтің белгісі. Content-Type мағынасына байланысты браузер жауапты дискіде немесе тағыда басқа ретінде сақтауды қажет ететін HTML-бет ретінде, gif немесе jpeg суретін файл ретінде қабылдайды және керекті әрекеттерді қолданады. Кейбір типтер text/html форматындағы мәтін (веб-бет) қарапайым мәтін; JPEG форматындағы сурет; image/gif - GIF форматында, application/octet-stream – дискке жазылатын мәліметтер ағымы. Content-Type параметрінде жиі нүкте, үтір арқылы құжыттың кодталуы көрсетіледі. Мысалы:
Content-Type: text/html; charset=windows-1251
Content-Length ("длина содержимого") – байттағы жауаптардың ұзындығы.
Last-Modified ("Модифицирован в последний раз") – құжаттың өзгертілуінің соңғы күні.
3. Тапсырма №1
3.1. ping утилитінің көмегімен өзіңіздің нұсқаңыздан барлық DNS-атаулар (домендер) атаулар үшін интернет – түйнектердің IP адрестерін анықтаңыз (-а ping утилитінің кілтін қолданыңыз). Атауларын салыстырыңыз және берілген интернет – түйнек үшін домен негізгі бола ма деген қорытынды шығарыңыз. Егер мүмкін болса, берілген доменнің жұмысын қамтамасыз ететін хостинг – провайдерін немесе ұйымның атын көрсетіңіз. Есепте осы пунктті орындаған кезде алынған бір screenshot (копию экрана) әкеліңіз.
Тапсырма №2
Зертханалық жұмыс бойынша есепті MS Word-та орындау қажет. Есеп файлын келесі форматта атау қажет: "ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ НОМЕРІ ТОП ФИО1 ФИО2.doc", мысалы: "1 8820 Иванов А.С. Петров В.М.doc". Есебі бар файлды "\\server\Student\Student\For exchange\Интернет-технологии папкасына көшіру қажет. Ағымдағы терезенің суретін есепке келесі тәсіл бойынша орналастыруға болады: ALT+PrintScreen басыңыз, MS Word редакторына көшіңіз, CTRL+V басыңыз. Мәтінді командалық жол терезесінен келесі тәсілмен көшіруге болады: қажет мәтінді маустың көмегімен ерекшелеңіз және ерекшеленген бөлшекте маустың оң жақ батырмасын басыңыз, сосын мәтіндік редакторға көшіп Ctrl+V басыңыз. Түйнектер адресінің тізімі барлық нұсқалар үшін 4-ші пунктте.
Ipconfig утилитінің көмегімен компьютердің ІР адресін, DNS-серверлер адресін және DHCP қолданылатынын анықтаңыз.
Ping командасының көмегімен тапсырманың нұсқасына сәйкес кез келген екі түйнектердің (жұмысқа қабілетті) байланыс жағдайын тексеріңіз. Жөнелтілетін сұратулардың саны 20-дан аспау керек. Есепте ping командасының нәтижелері бар терезенің бір көшірмесін көрсету. Нәтиже ретінде зерттелетін түйнектердің әрқайсысы үшін көрсетіңіз:
-
жоғалтылған пакеттердің пайызын;
-
беру мен қабылдаудың уақыты (ең азы, ең көбі және орташасы);
-
сұралатын түйнекке дейінгі маршрутизаторлардың саны;
-
түйнектің ІР адресі.
3.3. Тапсырманың нұсқасына сәйкес екі жұмысқа қабілетті түйнектерден кем емес трассировкаларын жасау. Нәтижелерді кестеге хаттамаландыру.
№түйнектің
|
№1 пакеттің өту уақыты
|
№ пакеттің өту уақыты
|
№3 пакеттің өту уақыты
|
пакеттің өтуінің орташа уақыты
|
маршрутизатордың DNS атауы
|
маршрутизатордың IP-адресі
|
Есепте tracert командасының нәтижелері бар терезенің бір көшірмесін көрсету. Әрбір сұралатын түйнек үшін пакеттерді жіберу кезінде көп бөгелетін желі учаскесін анықтау.
3.4. Smart Whois бағдарламасының көмегімен жұмысқа қабілетті екі Internet-түйнектерге қажет ететіндерін анықтау:
1. Түйнек тұрған ел;
2. ІР адресінің диапазоны, яғни зерттелетін түйнектің ІР желісі;
3. ІР түйнек жататын желі класы;
4. қарастырылп жатқан ІР желі кімдікі;
5. егер болса, желінің әкімгерлерін.
№9 зертханалық жұмыс
Тема: «Желілік коммуникация. Желілік ресурстарын және тіркеу жазбаларын басқару».
Жұмыстың мақсаты: Жаһанды Интернет желісімен және желілік коммуникациясымен танысу.
Теориялық ақпарат
Жалпы түсінік
Желі (Network) – бұл өзара мәліметтерді, бағдарламаларды, құлылғыларды (желілік принтерлерді, факс – модемдерін, CD-ROM) бірге пайдалану үшін байланыстырылған екі немесе одан да көп компьютерлер. Компьютерлердің қосылған және бірге пайдаланылатын ресурстарының концепциясы желілік өзара әректтестік деп аталады.
Желілер территориялық белгісі бойынша жергілікті (ЛВС - LAN) және жаһанды (ГВС - WAN) болып екіге бөлінеді. Жергілікті желі – бұл өзара байланысқан және бір бірнен онша алыс орналаспаған 2-ден 100-ге дейінгі компьютерлер. Жаһанды желі - өзара байланысқан және әр түрлі жерлерде территориялы (ғимараттарда, қалаларда, континенттарда) орналасқан 2-ден бірнеше мың компьютелерге дейін.
Желіліерді пайдалану мүмкіндік береді:
-
Жабдыққа шығынды төмендету;
-
Жалпы мәліметтерді бір уақытта және оперативті пайдалану;
-
Желілік және қолданбалы қосымшаларды стандарттау;
-
Басқа компьютерлерді және құрылғыларды дистанционды басқару.
Барлық желілердің келесідей жалпы мәліметтері бар:
РЕСУРСТАР- желінің ортақ пайдалнуына берілген бағдарламалық және аппаратты қамтамасыздандыру
СЕРВЕРЛЕР (Server) – желілік пайдаланушыға өзінің ресурстарын ұсынатын компьютер
КЛИЕНТ (Client)- сервер ұсынған желілік ресурстарға қатынауды жүзеге асыратын компьютер
ОРТА (Media) – компьютерлерді байланыстыру тәсілі
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӘЛІМЕТТЕР- желі бойынша сервер ұсынатын файлдар
БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ПЕРИФРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – мысалы, принтерлер, CD-ROM, модемдар, сканерлер және басқалар.
Желілер типтері
Желілер үш негізгі типтерге бөлінеді:
Бір рангты желілер , («рабочие группы», 10 компьютерлерден аспайды)
Серверлер негізіндегі желілер ( қымбатырақ, бірнеше мыңға дейінгі, өндірістік стандарт)
Комбинирленген ( кең тараған, бір рангтың қарапайымдылығы мен серверлері бар желілердің өндіргіштігін үйлестірген)
Бір рангты желілер – компьютерлер арасында иерархиясы жоқ, яғни барлық пайдаланушылар тең. Әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет атқарады. Сервер болмаса, желіні басқаруға жауапты компьютер де жоқ. Барлық пайдаланушылар өз компьюерлерінде қандай мәліметтерді жалпы ортақ, ал қай мәліметтерді ортақ қылдырмайтынын өздері шешеді.
Сурет 1. Бір рангты желі
Сервер негізіндегі желіде барлық мәліметтер клиенттерге қажетті желілік ресурстарды ұсынатын серверде орталандырылған түрде сақталынады. Серверді баптаумен және қызмет көрсетумен әрбір желіні пайдаланушының желілік ресурстарға қатынауның құқығын анықтайтын желілік әкімгер айналысады. Сервер негізіндегі желілер желілік клиенттердің сұратуын тез өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғауын басқару үшін оңтайландырылған.
Сурет 2. Сервері бар желі
Серверлердің келесі специализациясы бар:
Сервер файлы – мәліметтер базасын және ортақ файлдарды сақтау үшін пайдаланылады (сервердің кең тараған түрі)
Принт сервер – құжаттарды желі бойынша қымбат принтерде немесе плоттерде басып шығару үшін
Қосымшаның сервері – клиенттің компьютеріне сұрату нәтижелерін жіберетін бағдарламаларды орындауға және сақтау үшін арналған.
Пошталық сервер – пайдаланушылар арасында хабарларды жөнелту үшін және сақтау үшін. Сервердің мәліметтері Internet-те E-MAIL электронды поштасын ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Коммуникационды сервер - әртүрлі желілер арасында комникационды басқаруды іске асырады, мысалы, Windows-платформасымен және UNIX-платформасы бар желілер арасында.
Сурет 3. Бірнеше серверлері бар желі
Т апсырма
Тақырыпты алып жұмыс үшін WWW-адресінің іздеу жүйесі арқылы анықтау. Интернеттен тапсырылған тақырып бойынша ең ақырғы және ең актуальді ақпаратты алу қажет. Дайын рефераттарды немесе ескірген ақпараттарды пайдалануға болмайды.
Іздеу жүйелерінің WWW-адрестері бойынша таңдалған тақырыпқа реферат жасау. Реферат А4 форматты 5-10 бет көлемінде болып, тақырыпты толық ашуы тиіс. Рефератта негізгі адрестерге сілтеме жасау міндетті.
Берілген тақырыпқа интернеттен WWW-адрестерінің барлық материалдары бойынша 5 кілтті сөздердің рейтингін анықтау. Сөздердің рейтингін тек қана реферат бойынша құруға болмайды. Талдаудың нәтижелері рейтинг кестесіне орналастырылады.
N
|
Сөз
|
Саны
|
Барлық сөздер
|
%
|
1
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
Рейтингті құру үшін сөздердің тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір сөздің санын санауды қалыптастыратын бағдарламаны жазу қажет.
Доментердің сұлбасын тақырыптың адрестері бойынша құру.
Домендер сұлбасы мысалы, "www.talk.kz, www.main.ru, www.main.ru/1.html", үшін былай болады:
Жұмыстың есебін рәсімдеу
Есепте болу керек:
-
титулды бет;
-
тапсырма;
-
реферат;
-
сөздер рейтингінің кестесі;
-
тақырыптың барлық талданған адрестерінің тізімі;
-
тақырыптың барлық адрестерінің домендерінің сұлбасы.
Нұсқалары
№
|
Тақырыптың атаулары
| -
|
Әлемдік терроризм
| -
|
Нашақорлық және наша
| -
|
ЖҚТӘ
| -
|
Жұмыссыздық және бомждар мәселесі
| -
|
Адаммен жануарларды клондау
| -
|
Қылмыспен қоғам
| -
|
Экологиялық және табиғи катаклизмдер
| -
|
Діни қозғалыстар мен секталар
| -
|
Виртуальды шындық
| -
|
БҰО (НЛО)
| -
|
Әлемдегі апаттар
| -
|
Жасанды интеллект
| -
|
Ежелгі өркениеттің жұмбақтары
| -
|
Феноменальды мүмкіндіктері бар адамдар
| -
|
Әлемнің ең бай адамдары
| -
|
Ұялы телефондар және байланыс жүйелері
| -
|
Химиядағы жетістік
| -
|
Физикадағыжетістік
| -
|
Адамды сауықтыру жүйесі
| -
|
Интернет арқылы жұмыс
| -
|
Компьютерлік ойындар және симуляторлар
| -
|
Интернет технологиялары
| -
|
Стресс және психикалық жүктеулер
| -
|
Әскер және мемлекет
| -
|
Алкоголизм и шылым тарту
|
№10 Зертханалық жұмыс Ақпаратты қорғау. Желіні басқару және модернизациялау. Желілік басылымды ұйымдастыру. Мақсат: Ақпаратты қорғаудың, желіні басқарудың және модернизациялаудың әдістерін оқу. Желілік принтерлер мен алмасудың жалпы буферінің пайдалануын меңгеру, жұмыс тобының пошталық қызметін оқу. Теориялық бөлім
1 Желілік принтерлермен жұмыс
Принтерді желілік жүйеге қосу үшін қажет:
-
1. Басылым диспетчерін қосып, Принтер/ Установить сетевой принтер менюін таңдау;
-
Желілік принтер қосылатын параллельді портты таңдау; Қажетті компьютерді, сосын принтердің сен деп аталатын желілік атауын таңдау;
ОК басу, принтерлер тізімінде оң жағында жақша ішінде принтері бар және осы принтердің аты тұрған компьютердің желілік жолы көрсетілген жаңа принтердің аты пайда болады.
Желілік принтерді өшіру үшін қажет:
-
Басылым диспетчерін қосу және Принтер/ Отключить принтер сети менюін таңдау.
-
Принтерлер тізімінен сөндіру қажет принтерін таңдап, ОК басу.
-
Хабарламалармен алмасу.
Егер сіздің компьютеріңізде желі дұрыс орнатылса, онда компьютерлер арасында хабарламалар мен алмасуға болады. Алмасуды бастамас бұрын екі компьютерде де WinРорuр бағдарламасын жіберу қажет және кейбір баптауларды жасау қажет.
Сообщения/Параметры меню пунктін таңдау
Сіздің компьтеріңізге хабарлама түскен кезде дыбыстық сигнал шығу үшін Дыбыстық сигнал пунктін орнату, Үнемі алда – егер осы флаг орнатылса, онда жаңадан келген хабарламалар хабарламалар тізімінде бірінші болып орналасады (әйтпесе соңғы болады), Шығару – экранда келген хабарламалардың терезеде көріну , көрінбеуін анықтайды.
ОК басу және бағдарлама терезесін жабу. Экранның астында басқа терезелердің үстінде болатын бағдарлама жұлдызшасы көрінеді. Енді хабарламалар мен екі жақты алмасу мүмкін.
Хабарламаны жіберу үшін қажет:
1 Winрорuр жұлдызшасын ашу жәнеСообщения/Параметры менюін таңдау.
2 Пайда болған терезеде компьютер-алушының желілік адресін көрсету (қара "Работа с сетевыми дисками")
3 Сообщение терезесіне жөнелтетін мәтінді енгізіп, ОК басу
Егер жөнелту сәтсіз аяқталса, онда сіз қате туралы хабарлама аласыз
Егер қате туралы хабарлама алынбаса, онда хабарлама жөнелті деген сөз.
4 Хабарламаны жөнелту аяқталғаннан кейін терезені жабыңыз.
Тапсырма:
-
Жоғарыда келтірілген теорияны оқыңыз
-
Жүйеге желілік принтерді қосу
-
Сосын көрші компьютерге атқарылған жұмыс туралы хабарлама жіберу.
ӘДЕБИЕТ
Негізгі:
-
Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 672с.: ил.
-
Microsoft Corporation. Компьютерные сети: Учебный курс. / Пер. с англ. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Издательский отдел «Русская Редакция» ТОО «Channel Trading Ltd.», 1998. – 696 с.: ил.
-
Закер К. Компьютерные сети. Модернизация и поиск неисправностей: Пер. с англ.-СПб.: БХВ – Петербург, 2001. - 1008с.:ил.
-
Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия. – СПб: Издательство «Питер», 2000г. – 575с.: ил.
Қосымша:
-
Фролов А.В., Фролов Г.В. Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-Mail, FTP, WWW и HTML, программирование для Windows Sockets – М.: Диалог-МИФИ, 1996. – 288 с.: ил. – (Библиотека системного программиста. Т. 23)
-
Создание intranet. Официальное руководство Microsoft / Пер. с англ. – СПб.: BHV-Санкт-Петербург, 1998. – 672 с.: ил.
Достарыңызбен бөлісу: |