Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата09.06.2016
өлшемі193.62 Kb.
#124017

Әдістемелік нұсқау

Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.2/07



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика жєне өнер факультеті

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Павлодар 2009




Пәнді оқыту бойынша

әдістемелік нұсқаудың

бекіту парағы Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.2/11
БЕКІТЕМІН

ФЖиӨ факультетінің деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2009 жыл

Құрастырушы: аға оқытушы Кәріпжанова А.О.

Қазақ филологиясы кафедрасы


ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау «___»_________ 2009 жылы бекіген жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды

Қазақ филологиясы кафедрасының « » 2009 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «___» ________ 2009 ж.

Филология, журналистика және өнер факультетінің 2009 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №


ӘК төрайымы:________________ Жұманқұлова Е.Н.

Пәнді оқу барысында қарастырылатын тақырыптар


  1. Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері.

- Тарихи-салыстырмалы әдіс;

-Ретроспективтік әдіс;

- Типологиялық салыстыру әдісі;

- Синхрондық сипаттау әдісі;

- Типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдістері туралы теориялық мәліметтер, оларды қолданудың негізгі мақсаттары, қазақ тілінің грамматикалық құрылысының даму тарихын зерттеп, түсіндірудегі көрсетілген әдістердің қолданылуы туралы тұжырымдар талқыланады.
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Қазақ тілі тарихын кезеңдерге бөлу.

Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты екендігі; түркі тілдерінің қазіргі түркологияда қолданып жүрген көзқарас бойынша бес дәуірді басты кешіргені туралы көзқарастарды жүйелеу.

-Алтай дәуірі (б.з.д. ІІІ ғасыр);

- Хун дәуірі (б.з.д. ІІІ ғасырдан-б.з.Ү ғасыр);

- Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар);

- Орта түркі дәуірі (Х-ХҮ ғасырлар);

- Жаңа түркі дәуірі (ХҮ-ХХ ғасырлар).


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны.

Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) тұрғыдан топтастыру – классификациялау, әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан басталатыны туралы тұжырымдау. Түркі тілдерін А.Н.Самойловичтің 6 топқа бөліп қарастыруы:

  1. Бұлғар немесе чуваш тобы;

  2. Ұйғыр немесе Солтүстік шығыс тобы;

  3. Тау тобы, қыпшақ немесе солтүстік-батыс тобы;

  4. Тағылық тобы, шағатай, оңтүстік-шығыс тобы;

  5. Тағлы тобы, қыпшақ-түрікмен немесе орта топ;

  6. Ол тобы, түрікмен немесе оңтүстік-батыс тобы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

    2. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

    3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Тарихи лексикологияның зерттеу нысандары.

Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы. Тарихи лексикология салалары. Семасиология мен этимология. Сөздің лексикалық жүйесіндегі орны. Сөздің лексикалық жүйесіндегі орны. Лексикалық мағына. Сөздің пайда болу болуы, қалыптасуы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс. Сөз мәні. Халық дүниетанымының сөздегі көрінісі туралы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

  3. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –А., 1966.

  4. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Сөз мағынасының өзгеру жолдары.

Сөз мағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері туралы. Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық, семантикалық, грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Олардың мағыналарын, ішкі семантикалық құрылымы мен этимологиясын пайымдау. Көне түркілік мұралар мен М.Қашқаридың «Дивани луғат-ит түрк», Ж.Баласағунидың «Құтты білік» және «Кодекс Куманикус» т.б. тарихи ескерткіштер деректеріне сүйене отырып, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен құрамының баю, толығу сипаты мен жаңа сөз жасалуына мән беру. Қазақ тіліндегі жалпы түркі тілдеріне тән ортақ лексикалық қабат.

Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантикасы туралы. Көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік құбылыстардың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. Омонимнің пайда болу жолы мен тарихи. Тарихи омонимдер туралы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Историческое развитие лексики тюркских языков. –М. 1961.




  1. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

  2. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –А., 1966.

  3. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

  4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Тұрақты тікестердің тарихи дамуы.

Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимологиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы. Лексикалану процесі. Сөздің тарихи жасалу жолы мен жүйесі – номинация теориясы аспектісінде. М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, Қ.Жалаири, Э.Бахадур еңбектеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасу жолының ізі, сипаты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Историческое развитие лексики тюркских языков. –М. 1961.

  3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

  4. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

  5. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  6. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Синонимдік, антонимдік сөздердің қалыптасуындағы заңдылықтар.

Синонимдердің қалыптасуы. Антонимдердің қалыптасуы. Көне түркі тіліндегі бір буынды сөздердің көпмағыналылығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Этнолингвистика мәселелері.

Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Қазақ танымының әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрінің тілдегі көрінісі болып саналатын атаулардың тарихи мәні.

Орта ғасыр ескерткіштеріндегі араб-парсы сөздері. Монғол тілінен енген кірме сөздер. Орыс тілінен енген кірме сөздер мен олардың кезеңдік сипаты, зерттелуі. Орыс тіліндегі түркі сөздері. Кірме сөздердің мағыналық дамуы мен тілді байытудағы рөлі, кіру қажеттілігі.

Диалекті сөздердің тарихи сипаты, лексикалық ерекшеліктердің сөз мағынасының дамуын көрсетуі.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі толық мағыналы сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздер арасындағы сабақтастық қолданылу сипаты.

Қазіргі лексикографияның тарихы. «Дивани луғат-ит түрк», «Кодекс Куманикус», т.б. сөздіктерінің мәні мен маңызы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Шыға бастаған глоссарийлер мен сөздіктер. Г.Ю.Клапрот, Е.Бунин, Т.Бокин, И.Ильминский, И.Лаптев, Ж.Кушербаев, т.б. сөздіктері туралы. Жасалу мақсаты, практикалық мәні, құрлысы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Историческое развитие лексики тюркских языков. –М. 1961.

  4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (хрестоматия). – А., 2006.

  5. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –А., 1966.

  6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері.- А., 1988.

  7. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Тарихи фонетика, оның объектілері, зерттеу әдістері.

Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты, міндеті. Түркітануда, қазақ тіл білімінде дыбыстардың зерттелу тарихы. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің негізгі ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Қазақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктері.

Дыбыс, әріп, фонема. Фонеманың мәні мен тарихи жіктелуі. Аллофондардың тарихи дамуы мен фонемалық түрге дейін даму сатысы. Силлабофонемалық туралы ұғым. Дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы. Дауысты, дауыссыз фонемаларды топтастырудың тарихи принциптері. Дауысты, дауыссыз фонемаларға тән сипат. Көне түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар, олардың зерттелуі. (Баскаков Н.А., Щербак А.М., Аралбаев Ж., Томанов М. және т.б.). Ең көне дауысты дыбыстар: а, у, ы. Олардың жіктелу процесі мен даму сатылары. Көне түркі ескерткіштерінде дауыстылардың белгіленуі. Жеке дауыстылардың дамуы.

Дифтонгтар. Қазақ тіліндегі дауыстылар жүйесі, оның көне және орта түркілік мұралар тіліндегі дауыстылар жүйесіне қатысы мен өзіндік ерекшелігі. «Ә» дыбысының қалыптасуы жөніндегі пікірлер. Қызметі мен фонемалық сипаты.

Диалектілерде кездесетін дауысты дыбыстар сәйкестігінің тарихи себептілігі, негізділігі. Дауысты дыбыстар сәйкестілігінің шығу себебі мен мотиві: а-е, а-ә, ы-і, ұ-ү, ұ-ы, ү-і, о-ү, т.б.

Дауысты дыбыстардың сәйкес дыбыстарға ұласу эволюциясы. Түбір құрамындағы тіл алды дауыстыларының тіл арты дауыстыларына сәйкес келуі. Сингармониялық параллельдер мен варианттар туғызудағы дауысты.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Дауыстылар жүйесі дамуының ерекшеліктері.

Дауысты дыбыстар жүйесі, дамуы. Ол туралы түркологиядағы пікірлер. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі мен олардың қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы, дауыссыз дыбыстардың әуелгі қалпы туралы ғылыми көзқарастар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Дауыссыз дыбыстар жүйесі.

Аффрикат дауыссыздар – тсш; дж; дз; тһ; дһ; ди; ти; т.б. Аффрикат дыбыстардың қалыптасу кезеңі мен жеке фонемаларға жіктелі сипаты. Зерттелу тарихы. Аллофондық даму нәтижесінде жасалған фонемалар, генезистік ерекшелігі мен сипаты.

Жеке дауыссыздардың қалыптасуындағы ерекшеліктер. Қазақ тіліндегіанлаут позициядағы – ж дыбысы қыпшақ тобындағы тілдерге тән негізгі ерекшелік екендігі.

-Ч аффрикатының көнелігі, қазіргі қазақ диалектілерінде кездесуі – реликтілік құбылыс. Көне түркілік –г,-ғ дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністері. Дауыссыз дыбыстардың сапалық сипаты. Басқа түркі тілдерімен салыстыруда танылатын қазақ тіліне тән өзгешеліктер. Инлаут пен анлаутта кездесетін және кездеспейтін дауыссыз дыбыстар. Сөз соңындағы н-ң ауысуы, не ң-н ауысуы. Протоалтайлық Р дыбысының дамуы, қазақ тіліндегі көрінісі. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздардан басталатын сөздердің молдығы – тілдің көнелілігінің кепілі. Қатаң дауыссыздардың ұяңдау процесі, кезеңі, қазіргі тілдегі көрінісі.

Инлауттағы дауыссыз дыбыстардың дыбыстардың келу сипаты, басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі. Интервокал позицияда қатаң дауыссыздардың ұяңдануы. «Қазақы», «қалмақы», т.б. сөздердегі ұяңдалудың басты тарихи себебі – сөз мағынасын жасаудағы қызметімен байланыстылығы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


13. Сингормонизм, екпін.

Сингармонизм заңы. Буындар мен дыбыстардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік тілдің ішкі даму заңдылығынан туындайды. Сингармонизм, түрлері, зерттелуі. Көне түркі тіліндегі үндестік заңының деңгейі. Ерін үндестігі мен тіл үндестігі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі мен мағына жасаушылық қызметі. Ықпалдың түрлері, тарихи себебі. Фузиядағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы, үндесуі. Аккомодация құбылысының тарихи сипаты. –П фонемасының у-ға айналу сыры.

Ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың үйлесуі, тарихи даму көрінісі. Ассимиляциялық даму нәтижесі мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері. Диссимиляция. Тілдегі әртүрлі фонетикалық құбылыстар. Олардың тарихи пайда болу себебі. Протезалық, эпентезалық дыбыстардың тіл дамуының бастапқы кезеңінде сөз мағынасын өзгертушілік қызметі.дыбыстардың конвергенциясы мен дивергенциясы.

Буын. Буынның жасалуы, дыбыстық құрамы, өзгеру жүйесі. Ежелгі бір буынды тұлғалардың сипаты туралы ғылыми пікірлер. Сингармониялық варианттар мен параллельдер, зерттелу жайы.

Екпін. Екпін түрлері, орны, сипаты. Сөз мағынасын өзгертуге әсерінің бар, жоғы туралы ғылыми пікірлер.

Орфография мен графика. Графика туралы тсінік. Көне түркі жазуы. Жазу – мәдениет көрсеткіші. Арамей жазуы мен көне түркілік жазу арасындағы сабақтастық. Қазақ жазуының тарихы туралы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Фонетикалық сөзжасам.

Дыбыстық сәйкестіктер нәтижесінде пайда болатын номинативті атаулардың тарихи қалыптасу жайы. Сөз мағынасындағы өзгерістер. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкестігі нәтижесінде пайда болған сөзжасамдық қалыптар.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Семантикалық сөзжасам.

Тұлғалық өзгеріске ұшырамай-ақ, жаңа мағына иеленген туынды сөздер туралы. Функционалдық мағынаның даму жолдары. Конверсия және тарихи синкретизм. Семантикалық сөзжасамның нәтижесінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық дамуындағы ерекшеліктер. Транспозиция құбылысы туралы, түрлері мен мағыналық құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском языке –А., 1986.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Синтетикалық сөзжасам.

Синтетикалық сөзжасам тәсілінің ерекшелігі. Сөзжасам жұрнақтарының мағыналық сипаты. Синтагматикалық және парадигматикалық қатыстылығы. Сөзжасам жұрнақтарының әуелгі лексикалық мағынасы мен грамматикалану тарихы. Сөзжасамдық мағына туғызудағы негіз бен жаңа сөз туғызушы жұрнақтың рөлі. Синтетикалық сөзжасамның сөздік құрамды дамытудағы рөлі, маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском языке –А., 1986.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Аналитикалық сөзжасам.

Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылуы, бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің ерекшелігі. Лексикалану процесі туралы. Аналитикалық сөзжасам. Екі сөздің қосылуы, бірігуі, тіркесуі арқылы жасалған туынды сөздердің өзіндік ерекшелігі. Тұрақты тіркестердің, күрделі сөздердің номинативтік мағынасы. Олардың шығуының еркін тіркестермен байланысы. Еркін тіркес пен күрделі сөздің байланысы мен ерекшелігі туралы қазақ ғалымдарының ғылыми пікірлері. Аналитикалық сөзжасамны ерекшелігі. Термин жасаудағы мәні.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском языке –А., 1986.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.
18. Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи даму ерекшеліктері.

Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты, мәні. Зерттеу тарихы. Сөз-лингвистикалық зерттеудің негізгі нысаны. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның тарихи қарым-қатынасы, даму сипаты, қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, дамуы. Тіл дамуындағы заңдылықтардың, сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері.

Морфологиялық құрылыстың дамуында ұшырасатын тілдік процестер, олардың сөздің морфологиялық құрамына әсері.

Байырғы түркі сөздерінің бір буындылығы жайлы мәселе, ол туралы пікірлер. Алғашқы түбірдің сипаты туралы мәселе. «Жайылыңқы түбірлер» сөздің буын соңының ұзарып, күрделенуі түркі тілдерінң құрылымдық ерекшелігі. Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Синкретизм – қазіргі тілдегі омонимдес түбірлердің едәуір бөлігінің қалыптасуын тарихи тұрғыдан түсіндірудің негізі. Дмитриев түбірлердің грамматикалық дамуының үш кезеңі туралы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка –А. 1997.

  2. Жұбанов Х.Исследования по казахскому языку. – А., 1966.

  3. Қайдаров А.Структура односложных корней и основ в казхском языке –А., 1986.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.
19. Зат есім. Зат есім жасаудағы тұлғалық, функциялық ерекшеліктер.

Зат есім. Жалпы есімдердің жасалуының қалыптасқан түрлері. Ономастикалық, топонимикалық атаулар – тілдің басынан өткен тарихи жағдайлар.

Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі, ол дәуірлерлегі түркі тілінде септіктердің сан жағынан молдығы. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер. А) бірнеше тұлғаға тән грамматикалық мәндердің бір тұлғаға шоғырлануы, ә) септік тұлғалары варианттарының азаюы, б) септік жалғауының әрқайсысының грамматикалық мәні мен қызметінң саралануы. Септеудің екі түрі (тәуелді, жай септеу).

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


20. Сын есім.

Сын, сапаны білдірудің лексикалық, грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы. Аффиксация. Негізгі сын есімдер.сын есім жасайтын аффикстер. Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер. Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер. Сын есімдердің дамуындағы адъективация мен трансформация. Шырай формалары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Сан есім.

Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан әр түрлі екендігі. Сан есімдердің қалыптасу тарихы. Түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Есімдіктер.

Есімдіктердің генезистік бірлігі. Жіктеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. өздік есімдігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.

23. Етістік категорияларының дамуы.

Етістіктің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы. Түбір етістіктің тұлғалық және мағыналық дамуы. Зат есім мен етістіктің генетикалық тектестігі. Көне түркі тілдеріндегі етістік жүйесі мен ерекшелігі. М.Қашқари еңбегіндегі бір буынды түбірлер мен негіздердің көрінісі., грамматикалық құрылымы. Қазіргі қазақ тілімен салыстыру. Күрделі етістік. Тарихы, номинативтілігі. Салт және сабақты етістіктер. Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі.

Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары. Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі. Есімше мен көсемше тарихы. Рай тұлғаларының тарихы. Шақ тұлғаларының тарихы. Етіс тұлғаларының грамматикалық және мағыналық құрылысы. М.Қашқари етіс туралы. Етістіктің қызметі.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


24. Үстеу.

Үстеу. Негізгі белгілері, сипаты, ерекшелігі. Үстеудің сөз табы ретіндегі қалыптасу жолы. Үстеу-екіншілік атау. Негізгі үстеу мен туынды үстеу. Үстеудің арғы негізі туралы ғылыми пікірлер.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


25. Еліктеуіш сөздер.

Еліктеуіш сөздердің семантикалық және грамматикалық сипаты. Еліктеу теориясы туралы ілім. Еліктеуіш сөздердің семантикалық және грамматикалық сипаты. Еліктеу теориясы туралы ілім. Еліктеуіш сөздердің түрлері. Көне түркі тілдеріндегі еліктеуіш сөздердің түрлері.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Көмекші сөздер.

Көмекші сөздердің пайда болу, қалыптасу жолы. Десемантизация және грамматикалану процестері. Зерттелуі, түрлері. Шылаудың пайда болу жолдары, грамматикалық мағынасы.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  2. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Тарихи синтаксистің зерттеу нысаны.

Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына

әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс тәсілдерінң дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Сөз тіркесі.

Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліндегі есімді тіркестердің қалыптасқан түрлері және құрамы, тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімдер тіркестер аумағының ұлғаюы. Изафеттік тіркестер. Олардың үш түрінің түркі тілдері дамуының үш кезеңіне тәндігі.

Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихи себептері. Баяндауыш – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалыптасуы.

Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Жай сөйлемнің дамуы.

Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы.

Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.




  1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық және семантикалық сипаты.

Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы. Құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болды деген пікір. Құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, оның құрмалас сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінң қалыптасуы туралы пікірлер.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. – А., 1965.

  2. Қашқари М. Түркі сөздігі. – А., 1998.

  3. . Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. – А., 1966.

  4. Салқынбай.А.Б. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (практикалық курс). - А., 2005.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет