Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#124641
  1   2   3   4

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География және туризм кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Гидрология



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Б. А. Чашина_______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Гидрология пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___» ________20 ж. Хаттама № _______
ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая

1. Оқу пәнінің паспорты
Гидрология

Пән таңдау компонент



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 60 сағат

Дәріс - 30 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 30 сағат

СӨЖ – 120 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 30 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 180 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер: жалпы жертану, ландшафттану, метеорология және климатология
Постреквизиттер: геоэкология, құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, ТМД елдерінің физикалық географиясы

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Чашина Бибігүл Асқарқызы


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – географ-студенттерге гидрологияның алғашқы негіздерін, гидросферадағы, сонымен қатар су нысандарының және олардың қоршаған ортамен өзара байланысындағы болып жатқан гидрологиялық үрдістердің қалыптасуындағы жалпы заңдылықтар туралы, білімдерін тереңдету және кеңейту.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • гидрологиялық құблыстар мен су объектілердегі үрдістердің географиялық ортамен тығыз байланыстылығымен таныстыру;

  • табиғат суларының географиялық ландшафпен өзара тығыз байланыстылығымен таныстыру және оның ажырамайтын бөлшегі ретінде қарастыра білуге үйрету;

  • гидрометрия негіздерімен таныстыру.


3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • гидрологияның міндеттерін және оның халық шаруашылығындағы рөлін;

  • су нысандарының жалпы ерекшеліктерін және олардың жер шары бойынша таралуын;

  • географиялық ортаның гидросферадағы үрдістердің даму заңдылықтарына әсер етуін.



Студент істей білу керек:

  • су алаптарының негізгі морфометриялық сипаттамаларын және олардың географиялық ерекшеліктерін анықтай білуі;

берілген гидрометриялық өлшеулерге алғашқы өңдеулер жүргізе білуі.
5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе

2

2

10

2

2

Гидросфера және сулардың жер шарында таралуы

2

3

10

3

3

Өзендердің пайда болуы, өзендер жүйесі

3

3

12

3

4

Өзендердің қоректену түрлері

3

3

12

3

5

Өзен ағынының механизмі және арнадағы сулардың қозғалыс түрлері

3

3

12

3

6

Көлдер, жалпы түсініктер, көл қазан шұңқырларының пайда болуы, көлдердің типтері

3

3

12

3

7

Батпақтардың пайда болуы және типтері

3

3

12

3

8

Мұздықтар, қар сызықтары туралы түсінік

3

3

12

3

9

Жер асты суларының гидрологиясы

3

3

13

3

10

Дүние жүзілік мұхит

5

4

15

4




БАРЛЫҒЫ:

30

30

120

30




Пән бойынша барлығы

180


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе



Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Гидрологияның зерттеу әдістері.

3.Гидрологияның басты салалары мен пәндері.



Гидрология — су туралы ілім. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылыгын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор.

Гидрология(гидро... және грек. logos – ілім) – табиғи суларды, оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларыныңфизика-химия қасиеттері жатады. Жалпы Гидрология мұхиттар Гидрологиясына (мұхиттану) және құрлық Гидрологиясына жіктеледі. Құрлық Гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер Гидрологиясы; көлдер мен бөгендер Гидрологиясы (лимнология); батпақтар Гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының Гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар Гидрологиясы (гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы Гидрология, гидрография, гидрометрия, инженер Гидрология және Гидрологиялық болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар Гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану, теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді. Республика аумағындағы 85 мың өзен мен маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер, үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен тоғандар, т.б. су объектілерінің Гидрологиялық жағдайы олардың география орнына, жер бедеріне және климатқа тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизикаахуалы, т.б. факторлар мен деректер әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда жарияланып отырады. 

Гидрология — табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикаменгеографиямен (көбіне физикалық географияның бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары бойынша Гидрология құрлық гидрологиясы және мұхитзерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса бастады.

Әдебиеттер тізімі: (1)
2 тақырып. Гидросфера және сулардың жер шарында таралуы

Жоспар

1. Гидросфера қабығы мен оның ерекшеліктері

2. Гидросфераның құрылымы мен нысандары

3. Гидросфераның экологиялық қызметтері.

4. Жер бетінде сулардың таралу заңдылықтары

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера менлитосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).

Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер асты сулары (шекаралық сулар). Олар жер қыртысында орналаскан. Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд. км3. Оның көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит сулары, ал жер асты суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы да табиғи ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде минералданған сулар түрінде кездеседі. Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе 3,5%) болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын, аралығындағы динамикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.

Құрлық суларының көпшілігі атмосфералық сулар есебінен құралады. Олардың құрамында минералдық тұздар өте аз кездеседі. Материктік сулар мен мұхиттық суларда кездесетін тұздардың химиялық құрамы өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын иондардың мөлшері бір-біріне кері пропорционал: мұхит суында — Nа+>М£2+>Са2+; С1->SО4-2>НСО3-; материк суында-— М£2+

Барлық сулар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, табиғи жағдайда үлкен айналымға бірдей қатысады. Күн энергиясы әсерінен сулар буланып бұлттар түзіледі. Олар жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, атмосфералық сулар түрінде жер бетіне қайтып оралады. Олардың кейбір бөлігі қайтадан буланып ауа қаба-тына ұшып кетеді де, ал көпшілігі өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға барып қосылады. Жаңбыр мен қар суларының белгілі бір мөлшері жердің топырақ қабатына сіңіп жер асты суларымен араласады. Кейінірек, әр түрлі бұлақтар түрінде жер бетіне шығып жатады. Олар ағын суларға қосылып, өзен суларын молайтады немесе буланып ауаға ұшып кетеді. Сонымен, табиғи айналым әрекеттеріне қарай гидросфераны құрайтын барлық сулар бір жүйеге бірігіп, атмосфера, жер кыртысы және биосфера қабаттарымен тығыз байланыста болады. Әр түрлі химиялық реакцияларға араласады, Сондықтан да гидросфера жер бетінде жүріп жатқан геологиялық әрекеттердің орталыгы және жасампаз күші болып саналады.



Әдебиеттер тізімі: (1,2)
3 Тақырып. Өзендердің пайда болуы, өзендер жүйесі

Жоспар

  1. Өзендердің пайда болуы мен ерекшеліктері.

  2. Өзендердің жіктемесі.

  3. Өзен режимі

  4. Өзен жүйесінің құрылымдық элементтері

Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлгетеңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптанөзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: АмазонкаНіл,МиссисипиЯнцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (ЕртісСырдарияЖайықЕсіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (БұқтырмаӨскемен), Іле (Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын

Әдебиеттер тізімі: (1, 2)

4 Тақырып. Өзендердің қоректену түрлері



Жоспар:

  1. Жаңбырпен қоректену түрі.

  2. Еріген қармен қоректену түрі.

  3. Мұздықпен қоректену түрі

  4. Жер асты суларымен қоректену түрі

  5. Аралас қоректенудің ерекшеліктері

Өзендердің қоректенуі — ғаламшардағы өзендердің негізгі атмосфералық жауын-шашындар арқылы қоректенуі. Жаңбыр және көктемгі қар суының бір бөлігі буланса, ал екінші бөлігі алаптың бетімен өзен жүйесіне жиналады. Біраз бөлігі топырақ пен грунтқа сіңеді, жер асты суларының қорын молайтады. Сонымен қатар өзеннің аңғарын су шаюы процесі де арнаны тереңдете түсіп, жер асты су қабатын қоректендіреді. Биік таулы және полярлық аудандарда өзендер жоғарыда көрсетілген қоректену көздерімен қоса мұздықтар мен мәңгі қарлардың суымен де қоректенеді, яғни қаржаңбыржер асты сулары мен мұздықтар өзеннің қоректену көздері болып табылады. Кейбір жағдайларда қоректену көздерінің жеке түрлерінің рөлін айкындау қиын, ондай жағдайда «аралас қоректену» терминін қолданады. Мұздық қоректену көзі бар өзеннің сулылығы жазда ұлғаяды. Мысалы, Орталық Азия мен Үлкен Кавказ таулы өзендерінің жоғары ағыстарында мұздық қоректену көзі басым келеді. Аралас қоректену көзі өзендерде ең көп тараған. Қоректену көздерінің ара қатынасы әр түрлі аудандарда бірдей емес. Олар бір өзеннің өзінде маусым сайын құбылып отырады. Бұл өзгешеліктер негізінен климаттық жағдайларға, жауын-шашын режіміне және жыл бойындағы ауаның температурасына тәуелді.

Өзендердің мұздықпен қоректенуі. Өзендердің мұздықпен қоректенуі - өзендердің мұздықтардан ағып келетін сумен қоректенуі. Гляциологияда өзендердің мұздықпен қоректенуіне мұздықтағы көп жылдық мұздың, қардың, қиыршық мұздың және абляция атырабындағы маусымдық қардың еруі де жатады.

Өзеннің қызылсу мұзының суымен қоректенуі. Өзеннің қызылсу мұзының суымен қоректенуі – қызылсу мұзының еруі және оның су таскындарымен бұзылуының нәтижесінде еріген қызылсу мұзы суларының беткі ағынды суларға келіп қосылуы.

Өзендердің қоректенуі мен режимі. Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен қоректенеді. Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.

Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері - ЕсілТобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір - мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген қардай, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар өспе суымен қоректенеді. Негізінен қар суынан қоректенетін өзендердің агыны түгелге жуық көктеме келеді (жылдық агынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — НұраЖайықСағызЖемТорғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уақытта ағып өтеді.

Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.

Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және муздыцтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған СырдарияІле,Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады.



Тянь-ШаньЖетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қарлық еруі көктемде төменгі белдеулен басталып, одан орта, жоғары биіктет қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20- 30%-ға дейін жоғарылайды.

Қазақстанның жазықтағы өзендері суының аз және ағысы баяу болуынан қыс түсісімен тез қатып қалады да, оларды қарашаның аяғында тұрақты мұз басады. Мұздың қалыңдығы 70-90 см-ге жетелі. Аязды қыста мұздық қалыңдығы республиканың солтүстігінде - 190 ем, оңтүстік өзен- дерінде 110 ем болады. Өзен мұзы 2-4 ай бойы қатып жатады. Сәуірдің басында оңтүстіктің екінші жартысында солтүстік өзендерінің мұзы ери бастайды.

Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен қоректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады.

Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіл отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-үсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөліғіндеғі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 ғ/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып өкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері - Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында - 900 г/м3, Сырдария- да - 1200 г/м3



Әдебиеттер тізімі: (1, 3)

5 Тақырып. Өзен ағынының механизмі және арнадағы сулардың қозғалыс түрлері



Жоспар:

  1. Өзен ағынының құрылымдық бөліктері.

  2. Өзен арнасындағы қозғалыс түрлері мен күштері.

  3. Өзен ағынының өзеннің басқа сипаттамаларына тигізетін әсері.

Ағын – табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны болып екіге бөлінеді:

Беткі ағын өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. Ағын мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне, ауа температурасыжер бедерігеологиялық құрылысы, топырақ пен өсімдіксипатына байланысты қалыптасады.



Ағынның келесі екі мағысы бар:

  • өзендегі немесе өзге де су арналарындағы сумассасының көлденең кеңістікті түгел қамтитын қозғалысы;

- жалпы қозғалысты бейнелейтін түсінік (мысалы, су ағыны, ауа ағыны, т.б.)

Ағын аймақтың климат жағдайына тәуелді. Ағынның жалпы шамасы – су шығымы, ағын модулі, ағын коэффициенті және ағын су қабатының қалыңдығы деп аталатын элементтер арқылы анықталады.



Су шығымы. Белгілі бір уақыт ішінде арнамен ағып өтетін ағын мөлшері (м3/с не л/с-пен өлшенеді).

Ағын модулі. Cу жиналатын алаптың 1 км2 жерінен 1 с-та жиналатын ағын көлеміне .

Ағын модулі (лат. тосіиіиз - өлшем) - су жиналу аудан бірлігінен уақыт бірлігі ішінде өтетін ағынның келемі. Су шығынын су жиналу ауданына болу арқылы есептеледі; әдетте л/с кмг немесе м/с кмг-мен өлшенеді. Ағын модулі кез келген кезең үшін: 1)өзен ағынының жалпы жиынтығына; 2) беткі ағынға; 3) жер асты ағынына; 4) ең аз немесе ең көп ағынға қатысты есептеледі.

Ағын коэффициенті. Жалпы жауын-шашынның ағынға айналған бөлігін көрсететін проценттік шама.

Ағын су қабатының қалыңдығы. Ағын коэффициентінің мм-мен не см-мен өлшенген қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, өзіндік Ағынның көлемі 59 км3.

Ағын нормасы. Көп жылдық кезендегі ағын шамасының орташа мәні. Ағынның жылдық, айлық шамаларының орташа арифметикалық мәні(жылдық, айлық ағын нормасы) ретінде есептеледі.

Ағын су. 1) анық көрінетін екі бірдей жаға арасындағы арнамен (өзеннің, өзеншенің) немесе ойпаң жермен еңіс бағытта тұрақты және уақытша ағып өтетін табиғи су ағыны; 2) табиғи және жасанды ағын сулардың жалпы аталуы.

Ағынды пайдаланудың коэффициенті. Су қоймадан тұтынушыларға жеткізілетін жылдық орташа су көлемінің (Ж) өзеннің қалыпты ағынының көлеміне (V) катынасы: у = IV/ У0

Ағынның жыл бойғы бөлінісі. Ағынның жыл бөліктері (маусымдар, айлар, онкүндіктер) бойынша бөлінуі; әдетте, ол жылдық ағын мөлшерінен үлес немесе пайыз есебімен анықталады.

Ағынның көп жылдық тербелістері. Көп жылдық кезең ішінде өзен сулылығының көп жылдық, орташа шамасынан едәуір ауытқуына сәйкес өзгеруі. Олар өзеннің көп сулы және аз сулы циклдерінің ауысымы түрінде байқалады.

Ағынсыз алаң. Өзен мен көлдің су жинау алабындағы беткі ағын суы жок аумақ.

Ағынсыз алап. Ағынсыз атыраптарда тараған өзен мен көл алаптары (мысалы, Арал—Каспий ағынсыз атырабында орналасқан ЕділЖайық,Әмудария мен Сырдария өзендерінің алаптары).

Ағынсыз атырап. Өзен жүйелері арқылы мұхитпен байланысы жоқ материктік ішкі ағынсыз атырап. Мұнда өзендер мұхиттармен байланыспайтын теңіздер мен көлдерге құяды немесе қуаң зоналардағы құмдарға келіп жоғалады. Ағынсыз атыраптың аумағы жағынан ең ірісі — ЕділЖайықӘмудария мен Сырдария өзендері құятын Каспий—Арал атырабы.

Ағынсыз көлдер. Дала мен шөлейт зоналардың (Қазақстанның) және мәңгі тоңды аймақтардың (Батыс Сібір мен Саха Республикасының) ағынсыз атыраптарында тараған немесе жер асты суы көрші су жиналу атырабына етпейтін көлдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет