Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#124641
1   2   3   4

Әдебиеттер тізімі: (1, 4, 5, 6 )

6 Тақырып. Көлдер, жалпы түсініктер, көл қазан шұңқырларының пайда болуы, көлдердің типтері



Жоспар:

  1. Көлдердің морфографиялық және морфометриялық сипаттамалары

  2. Көлдердің жіктемесі

  3. Көлдердің батпақтануы

  4. Көлдердің экологиялық ерекшеліктері

Көл (түркі тілді басқа халықтарда кельгелькуль) - тікелей теңізбенқосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий,Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі –Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Көлдердің түрлері. Қалыптасуына қарай. Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелгенойысты және аралас болып жіктеледі.

Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.

Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.

Режіміне қарай. Ағынды – өзен ағып шығатын көлдер. Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды

Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.

Тұздылығы. Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.

Тұзды көлдерде ас тұзыныңкалий тұздарының, содайодбром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.

Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.

Әдебиеттер тізімі: (1, 3, 4, 6)
7 Тақырып. Батпақтардың пайда болуы және типтері

Жоспар:


  1. Батпақ ұғымы мен олардың пайда болуы.

  2. Батпақтардың таралуы заңдылықтары

  3. Батпақтардың таралу аумақтары

  4. Батпақтардың түрлері

  5. Батпақтардың гидрологиялық сипаттамалары

Батпақ — ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстардашұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттардаіркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады. Қазақстан жерінде ауқымды Батпақтар жоқ, өйткені республика жері, негізінен, құрғақ — сулану аз да, булану мол. Дегенмен, жергілікті табиғи-климаттық жағдайларға, тіпті кей алқаптарда адамның тікелей әрекетіне байланысты Қазақстанда Батпақтың өзен-көл жағалауындағы Батпақ, сор Батпақ,тақырлық Батпақ, саздық Батпақ, техногендік Батпақ, т.б. түрлері кездеседі. Өзен-көл жағалауларындағы Батпақ тұщы су әрі күн сәулесі жеткілікті аймақтарда орын алатындықтан, мұндай жерлерде қамыс, қоға қалың өседі. Сор Батпақ — республиканың оңтүстігіндегі шөл және шөлейт белдемдердің ойпаң жерлерінде, көлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол көлдердің табандарында да кездеседі. Мұнда кейбір сораң шөптерден басқа өсімдік өспейді. Тақырлық Батпақ — шөлді аймақтардың ойпаттау жерлеріндегі тақырда кездеседі. Саздық Батпақ — Қазақстанның оңтүстік мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтар етегіндегі бұлақтар төңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ — кең ауқымды су құрылыстары жүргізілген аймақтарда (бөген салу, канал қазу, күріш суару алқаптары, т.б.) пайда болады. Мысалы, Қапшағай бөгені салынғаннан кейін, оның жағалауындағы жер асты суының деңгейі көтеріліп, 200 мың га жер батпаққа айналды, сөйтіп ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалды.

Батпақ - жер бетінің шамадан тыс ылғалданған бөлігі. Олардың беткі қабаттарында құраған өсімдіктердің толық ыдырамаған, кейін шымтезекке айналатын қалдықтары жиналады. Б. үстінде мол ылғал мен ағыссыз жағдайға бейімделғен өсімдіктер ғана өседі. Қалындығы 0,3 м-ден кем болмайтын, минералды таужыныстардың бетіне шөккен, ылғалға қанық органикалық материалдардан (шымтезек) тұрады. Ылғал шымтезек қабаттың калындығы 30 см болса — батпақ, ал 30 смден аз болса — батпактанған жер деп аталады. Қоректену сипатына, жер бедеріне байланысты, орналасу жағдайына және негізгі өсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш экологиялык түрге бөлінеді: эвтрофты (ойпаңдық), олиготрофты (беткейлік) жәнемезотрофты (өтпелі). Б. негізінен көлдердің шарасын өсімдік басу немесе құрлықтың батпақтануы (орман, шабындық өртендері) жолымен қалыптасады. Өсімдіктердің басымдылығына қарай — орманды, бұталы, шөптесін, мүкті Б.; микробедерге байланысты — төбешікті, жайпақ, шығыңқы (дөңбек) және т.б. Б.; макробедеріне қарай — аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктык Б. болып жіктеледі. Қазақстанда батпактар көбінесе солтүстіктеБатыс Сібір ойпатында кеңінен тараған. Әлемдегі батпақтардың жалпы көлемі 2682 мың шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр



Батпақ (Болото) — құрлықтың (орманды, шалғынды жерлердің, кесілген және өртенген орман орындарының) батпақтануы немесе суқоймаларды шоп басуынан пайда болған, жылдың көп бөлігінде ылғалдылығы тоқыраған, мол немесе баяу азаятын құрлық бөлігі. Сулық-минералдық қоректену жағдайларына байланысты ойпаңдық — евтрофтык батпақ, өтпелі — мезотрофтық батпаққалқыма — олиготрофтық батпақ деп бөлінеді. Љсімдіктерінің басым типтері бойынша: орманды, бұталы, шымтезекті, мүкті; макробедері бойынша: төбелі, жайпақ, ойпаң және тағы да басқалары; макробедері бойынша: аңғарлық, жайылмалық, беткейлік, суайрыктық деп ажыратады. Батпақтануға су өткізбейтін қабатгың болуы әсер етеді.

Батпақтану. 1) суқоймаларды батпақты өсімдіктердің басып кетуі; 2) грунт суларының көтерілуі, ағынның тоқырауы, су іріккіш тау жыныстарының жер бетіне жақын жатуы салдарынан, сондай-ақ булану режімінің өзгеруі (мысалы, орманда өрт болуының) нәтижесінде топырақ пен грунттың суға шылқуы. Батпақтану көбіне батпақтанған және батпақты топырақтардың түзілуіне, оның бетінде шірімеген органикалық заттар мен шымтезектің жиналуына себепші болады.

Батпақтар гидрологиясы. Батпақтағы ылғал қозғалыстарының физикалық процестерін және батпақ пен қоршаған ортаның ылғал алмасу процестерін зерттеумен айналысатын құрлық гидрологиясының бөлігі.

Батпақтық су торабы. Батпақты атыраптарда тараған жылғалардың, өзеншелердің, көлдердің және ми батпақтардың жиынтығы.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 5)
8 Тақырып Мұздықтар, қар сызықтары туралы түсінік

Жоспар:

  1. Қар сызығы туралы ұғым.

  2. Мұздықтардың пайда болуы.

  3. Мұздықтардың түрлері.

  4. Мұздықтардың аккумуляциясы мен абляциясы

Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды. Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.

Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.



Мұздықтардың жылжуы

Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi тұрғындарының жылнамасында алғаш көрсетiлдi, ал, жүз жылдан соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О. Соссюраның XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар жылжуының өзгеше мәнiн ашып бердi.

Саяхатшының мұздықтар бетiне қалдырған баспалдақтары сол 1788 жылғы сапардан кейiн араға 44 жыл салып қайта келгенде Черная Игла тауының Мер-де-Глас мұздығының төменгi беткейiнен орын теуiптi. Осы жылдар iшiнде төрт шақырым қозғалысқа енген. Мұздықтардың қозғалысын бағамдамау салдары қиын жағдайларға әкелiп соғады. Оның бiр мысалы, 1894 жылы француз ғалымы М. Жанссан Монблана шыңына обсерватория салады.

Осы аталмыш ғимараттың ерекшелiгi де шығар, жалпы салмағы 187 тонна да, аумағы 50 шаршы метр жердi алып жатты. Ғалымның топшылауы бойынша ол барлық төтенше жағдайларға шыдас беретiн берiктiгi мен бiр орнынан жылжымайтынына көңiлi тола iске кiрiстi. Әйтсе де арада төрт жыл өткенде қозғалыс әсерi iргетастан қатты байқалды. Өйткенi, обсерваторияның иiлiп еңкiш тартуы оның құлап қалу қаупiн тудырды.

Ақ бас мұзды шыңдар кейде тосыннан қозғалысқа енедi. Мұндай маусымда өзгеше жылдамдық алады да мұздық тiлдерi төменге сусыған күйi ұласа түседi. Мұздықтардың беймәлiм мiнез танытуының негiзгi сыры климат өзгеруiнен екенi белгiлi. Эпталь Альпiсiндегi Фернагтфернер мұздығы соңғы төрт ғасырда төрт рет қозғалысқа енген. Әр қозғалған сайын Рофон өзенiн бөгеп отырды, бөгелген өзен суы жиналып көлге айналады да лықсып толып, артынша сарқырап ағып төмен құлаған. Мұның өзi апатты су тасқындарына әкелiп соқты.

Аляскада 1966 жылы 12 мұздық, оның iшiнде Солтүстiк Америкадағы ең алып Беринг мұздығы көштi. Оның қозғалыс енi 42 шақырым шамасында едi, төрт жыл iшiнде 1200 метрге жылжығаны байқалған. Ал, 1918 жылдан бақылауға алынған Уолш мұздығы ұзақ зерттеу нәтижесiнде ғалымдар қозғалысқа енбейдi деген тұжырымға келген. Дегенмен Уолш мұздығы 60-жылдардың аяғында мiнез танытты, төрт жылда орталық бөлiгi 10 шақырымға жылжып кеттi.

Сонымен бiрге ара салмақтық мөлшерiнде елеулi өзгерiс болған, төбесiндегi мұз қабаты 150 метрге шөктi. Қарақорымда Гасанабад мұздығы 1904-1905 жылдары екi жарым айдың өзiнде 10 шақырымға жылжыған. Ал, бiр тәулiкте жазық даланың 130 метр жерiн биiк мұздық бауырына алған. Памир тауындағы мұздықтар мiнезi де тым қызық, 1963 жылы Вахч жазығының бойымен Медвежий мұздығы 2 шақырымға төмен жылжыды. Он жылды артқа тастап тағы да 1750 метрге қозғалды.

Тұйықсу мұздығы. Тұйықсу мұздығы Тянь-Шаньның солтүстiк жоталарының бiрi. Iле Алатауында ұзындығы 5,1 шақырым, жалпы көлемi 3,8 шаршы шақырым жердi алып жатыр. Мұздықтың төменгi бөлiгiне қарасаңыз, сусыған қиыршық тас пен үлкен-үлкен қой тастар биiкке өрiле түседi. Өзгеше әспетiмен ерекшеленген iргетас секiлденiп жатқан тас жамылғы бiр шақырым ұзындыққа созылып, теңiз деңгейiнен 3100 метр биiктiкте альпi белдеуiне ұласады.

Тұйықсу жазық мұздықтарға жатады.

Тұйықсу ғылымда 1902 жылдан белгiлi. Оның пiшiн-болмысы жайында алғаш хабарлаған С. Дмитриев едi. Жазды күнгi қысқа мерзiмдi сапары дәйектi зерттеуге мүмкiндiк бермейдi. Көрген-бiлгенi нәтижесiнде анықтағандарын жалпылама түсiндiредi. Ал, ғылымға керегi мәлiметке толы нақты деректер. Сол себептi де барлық жайт белгiсiз қалпында қала бердi.

Кейiннен екiншi рет Тұйықсуға өзге бiр өлкетанушы В.Городецкийдiң жолы түседi. Осы сапардың қорытындысында ол Тұйықсу мұздығының жай-жапсары жөнiнде хабарламалық мақала жазды.

Араға алты жыл салып, 1922-1923 жылдары Тұйықсу Н.Пальговтың назарын аударды. Сонан соң барып 13 жыл мерзiм өткенде мұздық құпиясына қызыққан қазақ гидрометеорологиялық қызмет басқармасының мамандары болды.

Тұйықсу мұздығына жүргiзген көптеген бақылау нәтижесi ауа райына байланысты маңызды деген сауалдарға жауап алуға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар оның өткенiне барлау жасап, өзгеге тосын жұмбақ жайттардың сырына қаныға түсуге жетеледi. Бұның бәрiне бағыт сiлтегендей болған Алматының ауа райын 1879 жылдан бақылауға алынғандығын айғақтайтын деректер едi.

Осыған байланысты Мыңжылқы стансасында мұздықтардың жаз айларында температураның өзгеруiне сай келетiн жайларды жүйелi зерттеу жүргiзiлдi. 1937 мен 1964 жылдар аралығындағы мәлiметтердi салыстыра келе ауа райы температурасының, мұздық режимiнiң өзара байланысы 1879 жылдан бергi Тұйықсудың тiршiлiк тынысын тануға жол ашты.

Мұздықтың кербез кейпi көз арбайды. Ұшар басы аспан тепкен мұзарт шыңдар шығар күннiң жалқын сәулесiне шомылған қалпы биiктеген дерсiң. Олардың ең биiгi 4410 метрлiк Орджоникидзе шыңы. Сүйiр қалпындағы мұз таудың күнге шағылысқан кескiнiн жолақ болып бөлiп жатқан қарлы белдеу мұздықтағы сызат-жарықты аңғартады екен. Оңтүстiк шығыста Тұйықсу тiзбектерiнiң таулы алқабы бастау алады. Шығуы қиын саналатын оның биiктiгi - 4150 метр. Одан батысқа қарай қарлы аңғардың қарсы беткейiнде Тұйықсу шыңы.

Барлық шыңның жартасты беткейi терең сайға ұласады, одан бәкене мұздықтар өрiлiп тұрады. Сол жақ беткейден Космедемьянская мен Молодежный мұздығы сырбаз кейiпте мен мұндалайды. Алдыңғысы Тұйықсу мұздығымен астасып жатыр да, екiншiсi жанамалап қосылады. Оң жақта Тұйықсу тiзбегi. Мұздық пен тiзбектi бөлiп жатқан моренаның төменгi бөлiгi. Тұйықсу тiзбегiнен солтүстiкке қарай Партизан, Орджоникидзе, Маяковский, Мәметова мұздықтары жалғасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет