Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#124641
1   2   3   4

Әдебиеттер тізімі: (1, 5 )

9 Тақырып. Жер асты суларының гидрологиясы



Жоспар:

  1. Жер асты суларының қалыптасуы

  2. Жер асты суларының жіктемесі

  3. Жер асты суларының гидрологиялық сипаттамасы

  4. Жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.

Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипсдоломитәктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма сугрунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы»деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жазайларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құмқұмтасәктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзенкөлтеңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.

Әдебиеттер тізімі: (1, 3, 6)
10 Тақырып. Дүние жүзілік мұхит

Жоспар:

  1. Дүние жүзілік мұхит ұғымы мен құрылымы.

  2. Дүние мұхиттың бөліктері

  3. Дүниежүзілік мұхит гидрологиясы

  4. Дүниежүзілік мұхиттың табиғи ресурстары

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: ТынықАтлантҮнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.



Жалпы мәлімет

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттықжоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3,



Мұхит түбі бедері және геологиялық құрылысы

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасапконтиненттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар(тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальттіжәне оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.



Гидрологиясы. Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына температуратұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

Температурасы. Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экваторбойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0ӘС-тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұз астында).

Тұздылығы. Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялықгеохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен,атмосферамен 1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрліалмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5 газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Мұхит суының химиялық құрамы. Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, басқа қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S – 35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да кездеседі: азот, оттек, көмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің дамуында атмосферадан өтетін және балдырлардың фотосинтезі кезінде түзілетін оттектің маңызы өте зор. Терең қабаттарда оттек мөлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең болады.

Су айналымы. Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы Мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим,Куросио ағыстары). Антарктикада беткі судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).

Географиялық белдемділігі. Температураның, тұздылықтың, химиялық элементтердің, органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

Түпкі шөгінділер. Мұхит түбінде терригендібиогендіхемогендіжанартаутекті және эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликаттысынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоникалық өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған.[1]

Минералды ресурстары. Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр түрлі қаттысұйықгаз тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдарқалайы,алтыналмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау қайраңында 184 млрд. ) деп болжанады. АҚШжағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс АзияБаренцБеринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтынплатинаалмаскасситеритцирконмонациттитанильменитрутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. ИндонезияТаиландМалайзияжағалауларында қалайы, Аляска және солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка(Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар АвстралияҮндістанБразилияжағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдары – құмқиыршықтас,маржанды әктасмоллюскаларбақалшақтар өндіріледі.

Әдебиеттер тізімі: (1, 5)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет